Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар облысының білім беру басқармасы
Павлодар инновациялық көп профильді колледжі

Курстық жұмыс

Пән бойынша: Педагогика
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары

Мамандығы:
Бастауыш білім беру 0105000
Топ: Б-42
Орындаған: Кастретова Д.Н
Тексерген: Рахимжанова Г.Н

Павлодар қаласы
2018-2019 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру тиімділіктері ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасырдың жеткіншегіне дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуын тәрбиелеуге міндеттіміз. Оған Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына жолдауы негіз болады.
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүріп баланың қалай дамып келе жатқанын, оның түрлі қылықтарына түрткі болған себептерді ұдайы талдап отырады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргізгенде олардың бәрін ескерген жөн. Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Қазақ халқының өмірінде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсінілген. Жас ұрпақ ел-тірегі, ертеңіміздің кепілі. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін - ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру, халықтық педагогиканы нәрлі қайнармен сусындату үшін ұстаздар қауымы ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: балаларының табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында, Менің қамқоршы гүлім атты экологиялық жоба өткізу.
Зерттеу жұмысының міндетті: Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны: 3 сыныптың оқушыларына экологиялық тәрбие мен білім беру.
Зерттеу жұмысының әдістері: әңгімелесу, репродуктивтік, түсіндіру, иллюстрация, мадақтау.
Зерттеу болжамы: Балаларға берілетін табиғат туралы ұғымдарын беру арқылы, балалардың дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білімді
қалыптастыру және тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін Естественная история происхождения атты ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель (1968) кітабында экология ойкос деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді. Э. Геккелдің айтуы бойынша экология зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды, мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді. Экология ғылымы жеке пәндер түрінде биология, дүниетану, жаратылыстану ішінде пайда болды. Экологияны жасаған эволюция туралы оқуды негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша тіршілік үшін күресу ұғымы өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негіздейді. Экология тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Қазіргі уақытта "экология" деген ұғым үлкен теориялық және практикалық маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған саласына айналды.
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным - арқылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі-өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді.
Экологиялық қарым-қатынас баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат, табиғат-қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болды.
Экологиялық сезім - табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи-философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама, табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етті.1

1.Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова, Педагогика, 3 басылым, Астана: Фолиант, 2014. 119 бет
1.2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ

Тәрбиенің мақсаты:
Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
Экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
Өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
Мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттерінің бірі-оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, себебі өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негізіндерін, топырақ эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білім белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүниетану көзқарасын қалыптастырады.2

2.Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова, Педагогика, 3 басылым, Астана: Фолиант, 2014. 120 бет
Қазіргі таңда адамзат ауасын жутып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да балаларды айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлық тәрбиелеу қазіргі мектептерде тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қазақ халқының даналығының бастауы да, осы көшпенді өмірден негіз алады. Табиғатты қорғауға байланысты қазақ халқының дәстүрлері алуан түрлі. Қазақ халқы ежелден өз туған жерін, табиғатын сүйе, сыйлай, қадірлей білген. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрі, оның жұмыс жағдайымен, салт-санасымен ырымына байланысты болған. Мысалы: өзін сыйлайтын адам тұрған қонысын, өлке табиғатын былғамайды, ластамайды, бүлдірмейді.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласы мен аялы алақаның, жүрек жылуын сөз еткен данышпан бабаларымыздың өситеттері бүгінгі ұрпаққа баға жетпес тәрбие құралы болып саналады және ол қастерлі ұғым ретінде жалғасын таба бермек.3

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы: Санат 2001 ж.

1.3 ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б жасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасын оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1.Ауыл мектептерінің оқу тәжірибе алаңын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2.Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көше материалын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу (дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ т.б жемістерді жинау;пайдалы жануарларды қорғау және есебін толтыру)
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4.Химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5.Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың-табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.4

4.Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова, Педагогика, 3 басылым, Астана: Фолиант, 2014. 120-121 бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ

Мұғалім оқыту барысында өзінің әр сабағында мынадай тәрбие түрлерін оқушыларға беріп отыруы тиіс: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, санитарлы-гигиеналық, адамгершілік, еңбек тәрбиесін, т.б.
Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өміріне де игі әсерін тигізеді, табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады, оны табиғатқа қатыгездік әрекеттерден сақтандырады, бастауыш мектеп жасындағы балаларға экологиялық тәрбиені меңгертудің маңызы орасан зор.
Бастауыш мектеп жасындағы бала табиғатқа деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыра бастайды және балада әрекет жасау компоненті маңызды бола бастайды. Ата-анасынан үйге жан-жануар алып беруін өтінуімен қатар, өз сүйіспеншілігін оларға жағдай жасау арқылы көрсету, осы кезеңдегі баланың табиғатқа деген қатыстығының қалыптаса бастайтындығы көрінеді. Дүниетану пәнінің әр сабағында экологиялық тәрбие беріліп отырылуы тиіс.
Дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие берудің мақсаты - "адам-қоғам-табиғат" жүйесінде үйлесімділік орнату, табиғи байлықтарды сақтау, молайту және тиімді пайдалануда жауапкершілік сезімін тұғызу.
Оқушылар қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжай білу, табиғат пен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау т.с.с. құрамды бөліктерді білуі қажет. Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады. Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.
Табиғат әлемі - адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясының алтыншы бабы жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 89-шы бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.5

5.М.К.Естұрсынова, Ш.С.Набидолина Жаратылстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі Астана, 2007. 18-20 бет.
2.1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екенлігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
-табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер;
-мектеп алаңында тіршілік обьектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу іс-әрекеті;
-табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау,
-тәжірибе жасау-бакылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
-табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағытүсініктерін айқындау;
-бақылау-өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
-табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке орай, кейбір адамдардың сана-сезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарастары бұрмаланып, олар табиғатқа байлық көзі немесе табыс көзі ретінде қарайды. Осындай ойдан бүгінгі жастар қорытынды жасаулары керек. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Табиғат заңдылығы деген не?. Ол- жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфера, оның жоғарғы қабатын құрайтын-атмосфера. Осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера-тіршілік қабаты. Осылар бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана, жер тозып, ауа ластанбайды.
Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүімізде бар. Бұл- ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған жердің табиғатын қастерлеуге негізделген білім. Көк шөпті баспа, суға түкірме, көкті жұлма, қамысты сындарма-деп, тиым салып отырған. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлауға, қыстауға көшіп-қонып жүрсе де, көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі-табиғатпен байланысып өскеннің арқасы, және оған деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың белгісі.6

6. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық білім беру бағдарламасы. Қазақстан мектебі, №8 1993
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ТИІМДІЛІКТЕРІ

Экологиялық білім стратегиясы - экологиялық білім аймағындағы мемлекеттік саясат негізін құрайтын, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайтын экологиялық мәдениетті қалыптастыру, яғни адам-табиғат, қоғам-табиғат қарым-қатынас саласындағы қоғамдық ой-сана ғана емес, оның терең қажеттілігінің өзгерісін түсінетін ұстанымдар, мақсаттар, ойлар басымдығының жүйесі.
Экологиялық тәрбие беруде оқушылардың табиғатқа эмоциялық қатынасын қалыптастыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім экологиялық тәрбие экологиялық сана
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Пәндер