Физикалық есептерді компютерде шығару әдістемесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Физикалық есептерді компютерде шығару әдістемесі

Орындаған: Анапия А.

Группа: 110-16а

Қабылдаған: Садық Б. Х.

Шымкент 2018ж

Жоспары:

1) Оқыту процесіндегі компьютердің алатын орны.

2) Физикадан есеп шығаруда компьютерді қолдану.

3) Физикалық есептердің бірнеше компьютерлік бағдарламаларда шығарылу үлгісі(мысалдар)

4) Қорытынды.

5) Пайдаланылған әдебиеттер.

Физикалық есептерді компютерде шығару әдістемесі

Оқыту процесіндегі компьютердің алатын орны.

Компьютерлік оқытудың бұл көрсетіліп отырған бағыттары бойынша компьютер зерттеу обьектісі ретінде көрінеді. Біздің елімізде жалпы білім беретін және де жоғары мектептерде де бұл міндеттерді тәжірибелік түрде жүзеге асыруға кірісті. "Информатика және есептеуіш техника негіздері" оқу пәнінің енгізілуі орта мектепті компьютерлендірудің және басқа да пәндерді оқытуға компьютерді қолдану арқылы компьютерді оқу құралы ретінде карастыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік оқытумен бүкіл әлемде оқу процесінің тиімділігін арттыру үміті ақталуда. Қоғамның өскелең ұрпаққа қойып отырған және мектептің береріне қойылған талаптар арасындағы алшақтықты кемітуге де үлесі зор.

Компьютердің оқытуда жемістігі қолданылуы жайлы сөз болғанда ол ең алдымен оның негізгі құрылғысы дисплей жайлы айтуға болады. Тек қана схема, графиктер мен сызбалар және де түрлі белгілер мен суреттер, жылжымалы бейнелер дыбыс арқылы, не өзара бірге берілуімен қатар түрлі түсімен, дыбысты болып келеді, оны оқушының өзі де қолдан жасай алады. Көбіне оқушының компьютермен маңызды сұхбаттасу мүмкіндігі бар, оқушы тек электронды педагогтың сұрақтарына ғана жауап бере алады. Компьютерді оқыту барысындағы жемісті қолданудың бір жағы -оны оқушының оқу әрекетін басқарудағы қолдану болып отыр. Дәл осы қасиетті оқытудың тиімділігін мәнді түрде арттырады. Мектеп компьютері оқушыға қазіргі есептеуіш техниканы қолданушы рөлімен де ерекше мүмкіндік береді. Бұл роль бүкілдей оқу процесін өзгертеді. Оқушы да конструктор сияқты жаңа обьектілерді жобалап және оларды талдай алады. Компьютердің көмегімен іздестіру есептерді шығарып және түрлі техникалық жүйедегі ахауларды жойып түрлі ақпарат алуға мүмкіндіктер ашады. Компьютер бұл ақпаратты білімге айналдырып, оны оқу мен еңбекте қолдануда оқушының іс-әрекет құралына айналады. Компьютерді оқу барысында тиімді қолдану арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады. Ең алдымен психологиялық - педагогикалық мәселелерді бірінші кезекте шешу қажет.

Жалпыға бірдей компьютерлік сауаттылықтың ғылыми - педагогикалық мақсаттары мен себептері ЭЕМ көмегімен кәсіби емес қолданушылардың да есеп шығаруға окытуға және оқушыларды да бағдарламалауға оқытудағы екі сала аумағындағы психологиялық - педагогикалық зерттеулердің нәтижесі болып келеді. Компьютер көмегімен міндетті шешу бір жағынан ойды Дамытуға қолдау болса, ал екінші жағынан компьютерлердің шектеуші мүмкіндіктерімен дәйектелінген қиындықтар туындатады, бағдарламалау тілі мынадайлар үшін қолайлы болуы қажет :

A) Есеп шартын талдауға және баяндауға;

B) Шешімді жоспарлауға;

C) Адамның есепті шешуімен қоса бағдарлама құруды да қамтуын жүзеге асыруы;

Д) Жалпы және жеке деңгейлер бойынша есептің дұрыс шешілгендігін бақылау

Сонымен қатар адамның компьютермен қатынасы мультимедиялық тұрғыда ыңғайлы болуы қажет. Бағдарламалау тілінің психологиялық табиғи болуы өзгеру обьектісінің тиімділігін тандауды оны оперант деп атайды және өзгеру операцияларын тандауды болжайды. Компьютерлердің дидактикалық мүмкіндіктерінің жалпы базасын беру оңай ғана емес, түрлі оқу жүйесінің мүмкіндіктері арасында да және потенциалдық, нақты мүмкіндіктері арасында да ауқымды алшақтық бар. Көбінесе компьютердің мынадай мықты жақтары белгіленеді:

- компьютермен жұмыс істеудің жаңашылдығы оқушылардың онымен жұмыс істеуіне ынтасын арттырады және оқудың басты себеп-салдарын күшейтеді;

- түсі, мультипликация, дыбысты сөйлеу, ақпаратты беру мүмкіндігін ұлғайтады;

- компьютер оқу үлгісінің негізінде оның оқу тарихын және есінің, сезімінің, ойлаудың жеке ерекшеліктерін құруына мүмкіндік береді;

- компьютер көмегімен жеке қалыптасуларының үлгісі жүзеге асырылады;

- компьютер оқушыларды оқу процесіне белсенді камтиды, олардың назарын оқытылып отырған материалдардың маңызды жағына аудартады, олардың шешімімен асықтырмайды;

- оқу есептерінің қолданылу жиынтығы барынша ұлғаяды;

компьютердің арқасында оқушылар бұрын қол жеткізе алмаған ақпараттардың үлкен ауқымын қолдану мүмкіндігі туындайды. Компьютерлердің кемшіліктері жайлы сөз қозғағанда көбінесе технологиялық - экономикалық факторын психологиялык -педагогикалық факторымен қатар қояды. Ең алдымен оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруді, қателіктер мен оның есебін танып білудің қатынастық тәсілдерімен байланысты. Бұл даусыз, өйткені бұл пікірді дұрыс деп қабылдауға да болмайды. Мұғалім мен оқушының барынша жеткілікті тиімді оқу материалдарын қүра алады

Физикадан есеп шығаруда компьютерді қолдану

Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техниқаға қатыстырудың әр түрлі тәсілін қолдануға болады. Олардың бірі - компьютердің көмегімен фи-зиқалық есептерді шығару.

Жалпыға бірдей білім беретін мектеп жүйесіндегі физика курсында есептерді шығару сабақтары оқу процесінде маңызды орын алады.

Есеп шығару - оқушылардын ой-өрісін дамытудың негізгі кұралы, алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолы. Олар физикалық кұбылыстар мен заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логиқалық ойлаудың дамуына, игерген білім негіздерін өзара байланыстырып қолдана білуге үйретеді. Есеп шығару барысында кейде физикалық жаңа ұғымдар мен формулаларды алғашқы рет енгізуге, оқушыларға оқып үйренілетін заңдылықтарды алдын-ала түсіндіруге, жана оқу материалының мазмұнымен күн ілгері таныстыруға болады.

Оқу процесінде, әдетте, физикалық есептер онша үлкен қиындықтар тудырмайды, ол жалпы алғанда логиқалық тұжырымның көмегі арқылы физиканын заңдары мен әдістері негізінде математиқалық есептеулер мен зксперименттің көмегімен шығарылады, Әйткенмен, мұндай сабақты, әдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс құру және еөкізу біршама күрделі.

Есептерді шығару көптеген мақсаттарды көздейді: физикалық құбылыстардың мазмұнын түсінуге, ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және оларға өз білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, оқушыларды тәрбиелеу, білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін қадағалау және есепке алу.

Осы маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін есептің шартын терең түсіну қажет, оған жетудің тиімді жолдарынын бірі - есеп шығаруда компьютерді пайдалану.

Оқыту барысында ЭЕМ физика мұғаліміне физикалық есептеу экспериментіне жиірек сүйенуге, қандай да бір физикалық шамалардың арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсетуге, оқытудың қолданбалы бағытталуын күшейтуге себептесетің физика-техниқалық мазмұндағы есептерді тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. Машиналы графиқаны пайдалана отырып, экранда суреті көрсетілген бағдарлама жазуға, сондай-ақ қозғалысқа келтіруге болады. ЭЕМ-нің бұл мүмкіндігі көзге байқалмайтын кейбір физикалық, процестерді демонс-трациялап көрсетуге пайдаланылады. Атап айтқанда, альфа-белшектердің шашырауы, тізбекті реакция және т. б.

ЭЕМ-мен жұмыс істеуге бағытталған есептердің оқу материалына, ең алдымен, белгілі бір психология-педагогиқалық және дидактиқалық талаптар қойылуы тиіс. Міндетті түрде оқушылардың осы кезеңге дейін меңгерген білімдеріне сүйену қажет (бірінші көзекте информатиқадан, математиқадан, физикадан) .

ЭЕМ-ді пайдаланып есеп шығарғанда физика теориясын, құбылыстардың және процестердің қолдану шеқарасын анықтап, оларды аналогтық амал арқылы жүзеге асыруға болады.

Жалпы алғанда ЭЕМ-ді мүмкіндігінше тек қажетті кезде ғана пайдалану керек. Физика есептерін шыгаруда 10-20%-не ғана ЭЕМ-ді тиімді пайдалануға болады. Ондай есептерге төмендегілер жатады:

а) Белгілі формулалар бойынша көп қайталап есеп-
теу жургізуді талап ететін есептер.

ә) Физикалық, процесті модельдегенде транс-цендентті немесе жоғары дәрежелі теңдеулермен өрнектелетін есептер.

Бұндай есептерде әр түрлі сандық әдістерді пайдалануға тура келеді. Әдетте, сандық әдістердің көбі бірнеше рет қайталап есептеуді талап етеді.

б) Физикалық, процестерді модельдегенде, кейбір
құбылыстарды сөзбен тусіндіру, көзбен көру қиын бола-
тын есептер.

Физикалық есептерді бірнеше компьютерлік бағдарламаларда шығарылу үлгісі(мысалдар)

Pascal программасын қолдана отырып, есептің нәтижесін алу және

компьютерлік моделін жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесі
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Компьютерде өтілетін сабақ
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері. Оқытудың компьютерлік технологиясы
Алгоритм және оның қасиеттері. Программаның көрінісі
Физикадан есептер шығару
Молекулалык физика пәні
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Компьютерлік сабақтардың түрлері
Компьютерде өткізілетін сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz