Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру»

Орындаған: Сәбит С. Ж.

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортамен танысу ерекшелігі

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру . . . 5

1. 2. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ақыл ойын дамытумен оған деген қамқорлығы . . . 11

1. 3. Балаларды қоршаған ортамен таныстыруда қолданылатын әдіс-тәсілдері . . . 16

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін және қамқорлықтарын арттыру жолдары

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қамқорлауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері . . . 18

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу жолдары

2. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру . . . 22

2. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру . . . 23

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

3. 1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Күз келді. «Күз» өлеңін мәнерлеп оқыту. Дидактикалық ойын: «Бақта ма, бақшада ма?» . . . 28

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көз-қарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезеңі болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра оты-рып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса бала да соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қала-ды. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Балалармен жүмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Балаларды есімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелеу керек. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи материалдармен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Балаларды табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу барысында оларды қамқорлап қана қоймай, сол қармқорлық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру жолдарын қарастыру

Жұмыстың міндеті:

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру жолдарын қарастыру;
  • Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балалардың ақыл ойын дамытумен оған деген қамқорлығын зерттеу;
  • Балаларды қоршаған ортамен таныстыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерін айқындау;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру жолдарын ісздестіру.

Жұмыстың болжамы: Қоршаған ортамен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады және осылар арқылы балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтары арта түседі.

Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.

Жұмыстың практикалық мәні: Осы курстық жұмысымның тақырыбының болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар.

Зерттеу пәні: табиғаттану

Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттырудың әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыруда пайдаланатын әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғым-дарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.

Зерттеу көздері: педагогика, психология ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортамен танысу ерекшелігі

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру

Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар.

Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.

Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Қоршаған ортамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, т. с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.

Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз.

Қоршаған ортамен таныстыруда мына ұғымдарды қалыптастырамыз: Мен - адаммын түсінігі және өзі, өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейтеміз. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтауға, дене мүшелері (қол, аяқ, бас және т. б. ), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажеттігін білуге, мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т. б. ), өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызуға, өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйретуге, құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйретеміз.

Адам - тіршілік иесі. Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі туралы ақпарат беру.

Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді) . Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т. б. ) атауға ынталандыру.

Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету. Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.

Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.

Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т. б. ) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.

Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.

Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.

Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.

Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.

Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларын меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету. Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру. Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т. б. Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту. Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету. Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру. Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру. Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі. Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың тілі дамиды. Қоршаған ортаны таныстыру бойынша балалар өздерінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілер мен топтағы балалардың аты -жөнін тани бастайды.

Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т. б. айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасалғаны, қайда? кімде? қандай? кім не істейді? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.

Балалар, әсіресе ұл балалар жағының қызығы көлік түрлері, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машиналардың түрлі көлік түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады.

Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан - жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс-әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну.

Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа-райы жағдайын бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.

Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.

Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір - біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:

Сәлеметсіз бе балақайлар!, Қайырлы таң, балалар!, Бүгін күн қандай тамаша!

деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл-күйін бір сергітіп тастайды.

Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізеді. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейді.

Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт-құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.

Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айту қажет. Ауа таза болмаса ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез -келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтылып, ескеріп отырылады. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсету қажет. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды.

Заттарды қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың тағайындалуын түсінуге қалыптастыру. Заттардың құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және есте сақтауға үйрету: киім, ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар, құстар. Қоршаған ортадағы құбылыстар, заттар мен нысандарды зерттеуде, ойыншықтарды жуу және жинаумен айналысқанды баланың өзіндік тілегін қолдау қажет.

Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну - танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

Табиғат дегенiмiз - бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние.

Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады.

Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.

Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:

а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;

ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.

Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz