Барлық дауысты дыбыстарды анық айту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балаларға ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері

Орындаған:
Жетекші:

Орал – 2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:
І.Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсат-
міндеттері
1.1. Халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық
тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ІІ. Мектепке дейінгі балаларға ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері
2.1.Баланың есту қабілеті мен даусының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .19
2.2. Ән салу репертуарларына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3. Кіші, орта, ересек топтарды ән салуға үйретудің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 39

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни
адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың
атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу
iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып
отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек. Екі жастағы бала музыка мен
көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы
түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке
буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру
қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен
орындалатын қимылдар әртүрлі болады.Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық
сенсорно - интелектуалдық білімділік процесс және музыкалық шығарманы
бағалауы. Күрделі деген, әлі де не музыкатануда, не психологияда, не
педагогикада ортақ шешім жоқ деген сөз. Оны не интелектуалды қабылдауы,
музыкаға адамның сәулесі, музыканы меңгеру дейді т.с. Сондықтан, 4 пен
7 жас кезінде баланың музыкалық - қабылдау ойлауы бірлік пен қарым -
қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда
және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке
қабылдаушылығы. Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің
формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық
музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады. Музыкалық тіл
– бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық ақпаратты жеткізеді және
сақтайды. Музыкалық тіл – грамматикалық норма жүйесі, қолдану ережесі,
сөз-моделді қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс құрылысының байланыс
жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық әрекетінің
фундаменті және музыканы жүзеге асыру.
Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу
әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық
мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор
жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың
музыкада өз-өзінің әсерлігі.
Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды
түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка
ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның
музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі. Қазіргі
мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру
баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының дамуына бағытталған.
Балаларға ән айтуды үурету барысында музыкалық көңіл-күйінің, ой сезімінің,
көзқарасының үлкен маңызы бар.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды ән салуға үйретудің
әдіс-тәмілдері.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі музыканың
орны.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларға әнді дұрыс ырғақпен
айтуға үйрету және музыкалық қабылдау ерекшеліктерімен таныстыру және
теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
✓ Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың
тәрбиелік мәнін ашу;
✓ Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың
міндеттерін айқындау;
✓ Халық педагогикасы арқылы балаларға музыкалық тәрбие берудың
жолдарын зерттеу;
✓ Кіші, орта, ересек топтарды ән салуға үйретудің әдіс-
тәсілдерін қарастыру;
✓ Ән салу репертуарларына қойылатын талаптарды анықтау.
Зерттеу мәселесі –мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың музыкалық
білімдерін қалыптастыра отырып ән салуға үйрету.
Зерттеу пәні – мектепке дейінгі мекемелерде балаларды музыка және
оқыту пәні арқылы ән салуға үйрету.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу көздері – баларарды ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері
қарастырылған еңбектер мен зерттеулер, мақалалар, педагогикалық басылымдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Балалардың музыкалық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын
дамытуға теориялық сипаттама берілді;
2. Ән айту дағлыларымен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде
ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері
анықталды;
3. Бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық алғышарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың музкалық
білімдерінің қалыптасуына және оны күнделікті өмірде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық
бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсат-
міндеттері

1.1. Халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық
тәрбие беру
Халық зердесіне терең үңілер болсақ, ұрпақ тәрбиесі қай елдің, қай
кезеңнің болсын толғақты мәселесі болып отырғаны баршамызға мәлім. Бұл
көкейкесті мәселе ғасырлар бойы тек халықтың өткен тәжірибесіне сүйенгенде
ғана сәтті шешімін тауып отырғаны тағы белгілі. Ол –халықтың кәсібімен,
салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен біте қайнасып, дамып, жетіліп
ұрпақтан -ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Сондықтан да, бүгінгі
таңда егемен еліміздің болашағы,өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің
алғашқы сатысы -балабақшадағы оқу тәрбие үрдісін халықтық педагогика
негізінде ұйымдастырудың тәрбиелік те, білімділік те үлесі өте зор болып
отыр.
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып терген өте
мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек
ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған дана
халық.Осы ретте, мұнтаздай таза баланың жанына музыка арқылы сұлулық
инабаттылық мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, үлкенге құрмет кішіге
ізет көрсетуді көздеп, отансүгіш адамгершілігі мол, елім деп еміренген
тұлға қалыптастыру үшін музыканы таптырмас құрал деп есептеген. Баланы
бесікке бөлеуден–ақ бесік жырымен әлдилей отырып, әуенмен құлағына ұлттық
қасиет пен оған деген қадір –құрметті қалыптастыра білген жүрегі кең аналар
мен ақ жаулықты әжелердің балаға, оның тағдырына деген үлкен жауапкершілін
байқауға болады. Сондықтанда балабақшадағы музыкалық тәрбие беру үрдісін
халық қазынасына негіздеп алған өте тиімді болмақ. Осы ретте тыңдату
мәселесіне ерекше мән берген жөн. Себебі, бала қандай да болсын музыкалық
шығармамен таныс болғанға дейін оны міндетті түрде құлақ арқылы тыңдап
өзіндік әсер алады.
Музыканы қабылдау –барынша күрделі үрдіс болып табылады. Оған арқау
негіз болатын нәрселер-шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести
және толғана білу. Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары арқылы
әсер етеді. Ал бұл дегеніміз - тембр, қарқын, динамика, метроритм. Олар
шығармалардың сипатын,көңіл күйін жеткізеді. Әрине бұлардың барлығы да
жақсы әдістер. Балабақшада музыкалық тәрбиені ұйымдастыру барысындағы
алғашқы қадам-дыбыстармен таныстыру кезеңінде балалардың қиялшыл келетінін
ескере отырып, музыка дыбыстарымен таныстырғанда оларды еліктету үшін
жоғарғы дыбыстарды бұлбұлдың үніне, ал төменгі дыбыстарды таныстырғанда аю,
түйе т.б. сол секілді құс-жануарлардың дыбыстарымен салыстыруға болады, деп
алғанымыз қызығушылық туындатып отырады. Дегенімен, бұл жерде сақ болу да
қажет, себебі балалар музыка тыңдағанда оның мән–мағынасын түсінуге
ұмтылмай тек ұқсас дыбыстарды ғана естуге ұмтылып кетпеуі тиіс... Мысалы:
...Ертеде бір Науат атты бала болыпты. Оның үйінің жаныныда түрлі
ағаштар мен әдемі гүлдерге толы бау-бақша өсіп аулаға сән беріп тұрыпты.
Бір күні Науат бала үйінен сіріңкенің қорапшасын алып шығып, сіріңкенің
шырпысын шағып бақшаның ішіне сөндірмей тастап кетіпті. Ағаштар мен гүлдер
оған шырпыны сөндіріп кетуін сұрап жалынса да Науат бала естімей үйіне кете
беріпті. Кеш бата жел көтеріліп шырпыдан қалған шоқты үлкен от қылып үрлеп,
бақшада өсіп тұрған барлық ағаштар мен гүлдерді күйдіріп кетіпті. Таңертең
әдеттегідей Науат бала өзінің сүйікті бақшасына серуенге келсе ондағы әдемі
гүлдер мен ағаштар солып, қурап қалған екен. Науат бала көзіне жас алып:
- Гүлдерім, талдарым сендерге не болды? деп сұрақ қойса да жауап ала
алмапты. Сөйтіп, әрбір талға, әрбір гүлге қайта өсуін сұрап жалынса да
бақшадағы өсімдіктер оған тіл қатпапты. Мұны көрген бұлбұл құс күйіп кеткен
талдардың біріне қонып, әдемі дауысымен ән сала жөнеледі. Бұлбұл құстың
дауысына тамсанған талдар мен гүлдер қайта өсіп, гүлденіп бау-бақша жайнап
шыға келіпті. Науат бала қатты қуанып, бұлбұл құсқа үлкен рахметін айтқан
екен. Мұндай құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ Отансүйгіш, еліне
жеріне деген аса құрметпен қарайтын азамат болып өсері анық.
Балалар кішкене кезінен бастап отбасы – тұрмыстық және әдет –ғұрыптың
әндерініңортасында өседі. Бұл балаларға қайырымды, ілтипатты, қатынас
жасау, баланың адамгершілік сезімін ояту.Балабақшада мерекелер мен ойын –
сауықтарға қызығушылығымен оған қатысуға ынтасын арттыру арқылы елжандылық
пен азаматтық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдық өмірге араласуына
талпынысын тәрбиелейміз.Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға
белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге
қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге
талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Құлақтан кіріп бойды алар,
әсем ән мен тәтті күй , - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы
ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке
тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В.А.Сухомлинскийдің:
Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды
тәрбиелеу - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер,
тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен халық
шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы
болып саналады.
Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл- ойымен
қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды-
эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі мемлекеттік стандартқа сай,
Балбөбек бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп
өткізуге тырысады.
Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе
отырып, ән-күймен қатар, тақырыптық сауык кештерін, ертеңгілік сәттерді жиі
ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен шығып отыратынын
байқадық. Үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би
үйретумен жүзеге асады.
Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі. Баланың музыканы
тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту,
әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен
дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін,
әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің
шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.
Саздық қозғалыс білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін
қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін
қалыптастырады.
Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін,
шама- шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп
күрделендіре отырып жүзеге асырылады.
Ән айта білу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік
сырын, техникасын,тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін,
сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар
арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.Саз жетекшілері ән- күйдегі ауысып отыратын
іс-әрекетті тиімді қолдана отырып жұмыс жүргізеді.Ән-күй, саз жетекшілері
түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі таныстырып отырады.
Белгілі адамдарға арналған әдеби- музыкалық кештер, мерекелерге арналған
ертеңгіліктер, түрлі ойын- сауықтар, өткізіледі. Мысалы: Абай мен Пушкин,
Күй сүйемін!, Әнші балапан, Айтыс, Қыз маржаны, жігіт сұлтаны т.б.
Сазда өткізілетін барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік
ертеңгіліктерден көрініс алады.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен
тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны
мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып,
мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне
үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым
әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп
өткізудің мәні зор.
Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-
жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын
анықтау. Сазға икемділік диагностикасы- саз жетекшісінің ең маңызды және
жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық пәндер әр баланың
саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы –жеке баланың және
бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық
негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі -
бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының
табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс- әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс
тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі
ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен
жүзеге асады.Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің ең қиын пәннің өзі жеңіл
әрі қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен қатар, іс-әрекеттерді дәстүрден
тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саздың өзін түрлі басқамен іс-
әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және балалардың бойында саздық
кейіпкерлендіру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етеді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай
еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы өнер
негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру
қажет.Балабақшадағы саз жетекшісі қандай болса, балалардың жалпы
шығармашылық даму қарқыны, деңгейі де соған сәйкес болады.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік мәні
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық тәрбие берудің басты міндеті -
балалардың музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге
баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән айту дағдыларын жүйелі түрде жолға
қоя білумен тығыз байланысты. Ән салу дағдыларын жүйелі түрде жолға
айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау
арқылы есте қалдыруды көздейміз.
Ән салу – музыкадағы іс-әрекеттің бір түрі. Ән салуға үйретуде
балалардың музыкалық қабылдау дағдысы басты рөл атқарады.
Алдымен, әннің өзі не дегенге тоқталайық. Ән – музыка мен сөздің
бірлігі ғана емес, осылар арқылы орындаушының өз сезімін білдіруі. Өз
сезімін орындаушы ән арқылы бере алғанда ғана орындалған ән тындаушының
сезіміне әсер етіп, музыка мазмұнын түсінуге жол ашады. Балабақшада ән
салу – әрбір өз сезімін музыка арқылы бере білуі үйренуі, сол арқылы
музыканы тереңірек қабылдау процесі.Осы орындаушылық шеберлікті
меңгере отырып, баланың музыкалық–теориялық білімі артады. Бала музыканың
ішкі сырын қаныға отырып, кейбір нашар әдеттерден (қысылу, ұяңдық,
сылбырлық , т,б.) арылуға мүмкіндік алады. Әнді көпшілікке қосылып
орындау баланың өзіне деген сенімін оятады, оны жеке орындауға
психологиялық жағынан біртіндеп төселеді .
Баланың орындаушылық шеберлікке жеткізетін көрсеткіштің бірі - ән
репертуары. Ән репертуарына қызықса ғана баланың әнді жақсы орындауға
деген ықыласы артады.
Баланы ән сала білі шеберлігіне үйретуші басты тұлға – тәрбиеші. Ол
балалардың дамуын, жас ерекшелігін ескере отырып, соған сай репертуар
таңдап, жүйелі жұмыс жүргізсе, балалар әнді толғана сезініп, шығарма
мазмұнына үңіле отырып, сол мазмұнын өз даусы арқылы бере біліуге
жаттығады.
Әуенде дыбыс жасау дыбыс аппараттарының құрлысына байланысты.
Балалар даусының ересектер даусынан ерекшелігінің өзі де осында. Бала даусы
жоғары болғанымен, дипазоны шектеулі. Көмекейдің (дыбыс апараттарының)
жоғары орналасуы, қысқалығы мен майысқақ, жұмсақтығы дауыс сипатын
анықтайды.
Баланың әнді жай болса да орнықты, дыбысты толқытпай айтуы табиғи
жеңілдік пен дыбыс бояуын сақтауға көмегін тигізеді. Сонымен, балаларға ән
айтқызуда олардың даусының әлсіздігін, нерв жүйесінің тез шаршап, дауыс
апараттарының жетілмегендігін үнемі естен шығармаған жөн.
Әнді таза айта алмайтын балалармен жұмыс жасау. Мұндай балалардың
барлығы бірдей ән айтуға шамасы жетпейді немесе музыкалық есту қабілеті жоқ
деп қарауға болмайды. Олармен жұмыс жасауды әнді таза айта алмау себебін
анықтаудан бастаған жөн. Балалардың кейбірі әнді қысылып, ұялшақтықтан яғни
психологиялық дайындығының жоқтығынан айта алмаса, енді біреулер естіген
дыбыс биіктігін даусымен бере алмайды. Екінші біреулерінің вокальдық
дағдысының төмен болуы мүмкін. Алайда бұл екі топтағылар да дыбыс биіктігін
анық сезе алатын балалар болып келеді.
1.Әнді таза айта алмаушылардың дауыс регистрі төмен болып, көкірек
резонаторымен айтады да, бұлардың дауысы біртіндеп кіші октавада
қалыптасады. Естігенін жоғары немесе орташа регистрде сәйкестендіре
алмайды.
2.Таза айта алмаушылардың ішінде музыкалық есту қабілеті төмен балалар
кездеседі. Бұлардың дауысын,есіту қабілетін жетілдіру ұзақ уақытты қажет
етеді.
3..Әнді қатты, айқайлап айтқандықтан, дауысы жарықтанып шығатында
балалар кездеседі. Ал жай айту кезінде дауыста қосалқы шуыл пайда болады.
Балалар дауысындағы бұл кемшілік көбіне үйретушінің вокальдық білімінің
төмендігінен және баланы қоршаған ортаның әсерінен (теледидардан, радиодан
тыңдаған концерт), орындаушылардың немесе өз ата-аналарының ән айту
мәнеріне еліктеуден туындайды.
4. Балалардың кейбірінің ән айту қабілетінің төмен болуы музыкаға,
оның ішінде ән айтуға бөлінетін уақыттың шектеулі болуына да байланысты.
Тағы бір себеп-ән айтудың жалпылама хор түрінде жүргізілуінен.
Мұндай балалармен мынадай жұмыстар жүргізілуі тиіс:
1.Бір топта әнді таза айта білмейтін балалардың кімдер екенін анықтап,
музыкада олардың отыратын орнын белгілейді. Мұндай балалардың қасына әнді
таза айта білетін сенімді балалар отырғызылады.
2.Үйретілетін әннің орындауға қиын соғатын бөлігі вокальдық есітуі
нашар балаларға бөлек үйретіледі.
3.Алғашқы үйрену кезеңіндегі әндерді баланың іштей орындауы арқылы
есіту мен дыбыс жасау мүмкіндігі арасында бірлікті қалыптастыру, ішкі
сезімін жетілдіру.
4.Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындату балаға бірыңғай өз дауысын
бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс баланың дауысын жеке бақылау үшін
мұғалімге де тиімді.
5.Бұл топтағы балалардың үйретілген әнді игеру сапасын тексеру кезінде
әнді таза айтатын балалармен бірге сұрау оны қыслып, ұялудан арашалайды.
Ән айту қабілеті төмен балалармен үнемі үздіксіз жұмыс жүргізу баланың
вокальдық сезімінің біртіндеп дамуына жол ашады. Баланың ән айта алмауы
үйретушіге үнемі жауапкершілік жүктейді.
Ән айту жаттығулары негізінде мына төмендегі бағыттарда қолданылады:
а) жаттығулар жасап, дауысты ән айтуға дайындау;
б) балалардың назарын дайындық кезінде шешілуге тиісті көптеген
маңызды, әрі түйінді мәселелерге бағыттап, олардың ынтасын арттыру.
Төменгі топ балаларының дауыс аумағы (диапазоны) аса кең емес.
Сондықтан жаттығуларды да, репертуарды да балалардың дауыс мүмкіндіктерін
ескере отырып таңдаймыз. Оларды тамағына күш түсірмей, әнді айқайламай
айтуға дағдыландыру керек. Осыған байланысты жаттығулар дауыс еркін
жететін дыбыс аумағында (примарная зона) жүргізіледі. Бұл –бірінші
октаваның до- си ноталар аралығы.
Ән айту кезінде ең басты назар аударатын нәрсе – дұрыс тыныс ала білу.
Балаларды дұрыс тыныс алудың негізгі үш ережесімен таныстырамыз:
✓ Дем өте қысқа, әрі жылдам, жеңіл ғана алынады;
✓ Тыныс ала салысымен бір сәт тына қалып, демді айқындап, әнді
барлық бала бір мезетте бастауы керек;
✓ Ән айтқан кезде ауа легін асықпай біртіндеп, әрі бір келкі
шығарып отыру қажет.
Демнің ережеге сай өте жеңіл, қысқа болуын және дем алған кезде
иықтың көтерілуін қадағалаймыз. Ал ыңылдап жабық ауызбен айту үнінің
жинақы және нақтылы шығуына көмектеседі. Алайда бұл әдісті дұрыс орындай
білу қажет: ерінде бірі – біріне сәл ғана жанасып, ал астыңғы және
үстіңгі тістер мүлдем жақындаспай тұруы тиіс. Көмекей ашық (сәл
есінегендей), таңдай көтеріңкі келіп, ауызда кішкентай алма бар сияқты
әсер болуы керек. Сонда дыбыс еркін, әрі жарқындау шығады. Бұл жаттығулар
тамақты қысып айтатын жағымсыз әдеттен арылуға да септігін тигізеді.
Жаттықтыру бірінші октаваның до- ля ноталары аралығында жүргізіледі.
Балаларға үйретілетін келесі негізгі дағды- әнді дыбыс сарынын үзбей,
үнемі жалғастыра, ұластыра әдемі үнмен айта білу. Ол үшін ән өлеңде
кездесетін дауысты дыбыстарды дұрыс қалыптастыра білудің маңызы зор.
Мысалы: ә, е, и, і, а, я сияқты езулік ашық дауысты дыбыстарды
ерінді шеңберлей жинақылап, жабыңқы үнмен айту талап етіледі. Оларды
орындаған кезде еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсіп, таңдайдың жоғары
көтерілу мөлшері, көмекейдің ашылу кеңдігі барлық орындаушыларға бірдей
болып келуі – вокалды хор дикциясының басты шарты. Осы шартты орындағанда
ғана әншілердің үндері бірігіп, таза унисон болып шығады.
Әнде дауыстылармен қатар дауыссыз дыбыстарды да дұрыс айта білу талап
етіледі. Ол үшін дауыстау мүшелерінің жұмысын жақсартатын, атап айтқанда,
ерінге, тілдің ұшына және таңдайға әсер ететін жаттығулар пайдалы. Жылдам
екпінде орындалатын әндердің үзіндісін де осы мақсатта жаттығу ретінде
пайдалануға болады. Әсіресе тез айтылатын әндерді айту тиімді. Осылайша
жаттығулар айтқызу арқылы біртіндеп балалардың дауыс аумағын ұлғайтып, оның
икемділігі мен жүрдектілігін қалыптастырамыз. Балалар әнді бірде баяулатып,
бірде асқақтата шырқай, әр түрлі екпінде және жылдамдықта орындай алуы
тиіс. Әрине, репетиция кезінде ән айту дағдысы үйрету және балаларлардың
дауысын тәрбиелеу мақсатында пайдаланылатын жаттығулар сан алуан.
Ән айту дағдысын қалыптастырудан бұрын балалардың дауыс аппараттарының
кедергісіз, еркін жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылады. Ол үшін денені
дұрыс ұстап отырудың мәні зор: басты төмен салбыратпай немесе өте
шалқайтпай, еркін, түзу ұстау қажет, өйтпеген күнде көмекей қысылып,дауыс
еркін шықпайды.Дене салмағын екі аяққа тең түсіріп, нық тұру, отырғанда
аяққа салмақ салып, орындықтың шетіне ғана отыру,денені тік,еркін
ұстау,әнді отырып айтқанда қолды тізеге еркін қою қажет.Әншілердің бүкшиіп
отыруы тек дауысқа ғана емес, дене бітіміне де зиянды әсер етеді.
Балалардың омыртқасының майысуына әкеліп соғады, диафрагмаға салмақ
түсіреді.
Тынысты дұрыс алу-вокальдық – ән айту шеберлігін меңгерудің негізі.
Дыбыс жасаудың сапасы вокальдық ән айту шеберлігінің осы түріне
байланысты.Ән айту кезіндегі тыныс алу мен әдеттегі тыныс алудың арасында
үлкен айырмашылық бар.Ән айтуда дауысты дыбыстардың созылыңқы,ұзақ
айтылуына байланысты ауа көп шығындалады.Сол себепті балаларларды дұрыс
тыныс ала білуге үйретудің де маңызы зор.Жалпы, ән сөздерінің айтылу
ерекшеліктері шығарманың мазмұнына, жылдамдығы мен жанрына байланысты
болады. Марш екпініндегі героикалық немесе патриоттық мазмұнындағы
салтанатты әндерде дауысты дыбыстар іріленіп, қомақтыланып, ал дауыссыздар
нық айтылады;
Балалар ән әсерінен туған ішкі жан тебіренісін бет бейнесіне , дауыс
ырғағына, үн бояуына берсе, шығарманы сезіммен әсерлей орындауы тиіс.
1. Барлық дауысты дыбыстарды анық айту. Бұл - балалардың бір дыбысты
екіншісінен ажыратып анық сөйлемеуіне байланысты қойылатын талап.
2. Қосарланып келген екі- үш дауыссыз дыбыстардың барлығында анық,
түсінікті етіп айту. Дауыссыз дыбыстар қосарланып келген кезде буынды
ауырлатпасс үшін соңғы дауыссыз дыбыс бәсеңдетіп айтылады. Бұл дыбыстар
сонымен қатар бір- біріне барынша жақын, қысқа айтылуды талап етеді.
Мысалы: Б.Ғизатовтың Біз өмірдің гүліміз әнінің сөзін алайық;
Зеңгір көктем,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Бұл әндегі дауысты дыбыстардың барынша әндете созып, ал дауыссыз
дыбыстардың барынша қысқа орындалуына көңіл бөлінбесе, балалар әнді көбіне
тақпақ тәрізді айтып кетеді.
3. Сөзбен музыкадағы күшті үлестің бәріне бірдей екпін түсірмей,
логикалық екпін түсіру арқылы сөйлеу тұтастығын сақтау.
3. Балалардың ән айту сәтіндегі көңіл күйі: зейінінің шоғырлануы,
қызығушылық сезімінің сақталуы, ерекше күш түсіп, шаршамауы қарастырылады.
Бұған ән айтуға бөлінген уақыт ұзақтығы мен дұрыс жоспарлануы (ән салудың
іс- әрекеттің қай түрінен кейін қойылуы) ықпал етеді.
4. Ән салудағы үйретушінің басшылығы мен бақылауы: балалардың әуендік
және гармониялық есту қабілетін жүйелі түрде жетілдіріп отыру.
Музыка бірнеше іс- әрекеттің түрлерін қамтиды, соның бірі- нотамен ән
салу. Балаларға бұл іс- әрекеттің түрін меңгерту үшін музыканың алғашқа
күндерінен бастап-ақ дайындық жүргізіледі. Нота сауатын өтуді дайындықсыз
жүзеге асыру мүмкін емес. Ал, дыбыс биіктігін түсіне меңгеріп, нотаны
білмейінше әеді айтуды жақсы үйрету қиын. Балаларды біршама уақыт
дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын сезінуге дағдыландырған жөн. Ал, нотамен
ән айтудың уақытын сыныптағы балалардың музыкалық даму деңгейі, дайындығы
шешеді. Дайындық кезінде дыбыстың ұзақтығы мен биіктігі жөнінде мәлімет
түрлі көрнекіліктер, танымдық қимылдар немесе графикалық жазулар арқылы
беріледі.
Әннің дыбыс биіктігін, ырғақтық ерекшелігін оңай меңгере бастағанда
оларды нота аттарымен таныстыруға мүмкіндік туады.
Нота сауаты бойынша әрбір жаңа материал осы тақырыбына байланыстырылып
алынған музыкалық сүйене отырып өтіледі.Нотамен ән айтудың алғашқы
кезеңінде дауыс жаттығуына арналған бір қайырым әндер алынады. Бұл
әндердіің шағын көлемі баланың тезірек меңгеруіне, дыбыс биіктігі лад
басқыштарының тартылыс заңдылықтары жөніндегі түсінігін қалыптастыруға
қолайлы.
Балалар ән айтуға дауыс жаттығуы арқылы дайындалып, белгілі бір
вокальдық дағдыны меңгеруге бағытталады. Ғ. Қарамолдаева бұл жөнінде:
Жаттығуларды өз алдына оқшау нәрсе емес, күрделі де қиын, әншілік өнерге
баулудың негізгі құралы деп қараған жөн. Қандай жаттығу болмасын, вокальдық-
техникалық талаптарды жүзеге асырып қана қоймай, сезімталдықты баулуды
қанағаттандыруы тиіс - дейді. Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы
вокальдық жаттығулардың рөлі деген мақаласында ол қ дыбысынан басталған
жаттығулардың дауыс аппаратын активтендіретіні, ал г, к дыбыстары
таңдай дыбыстары болғандақтан дауыстың жоғары позицияда шығуын, у дыбысы
дауыс аппараттарын бастауға көмегін тигізетінін айтады. Дауыс жаттығуы
ретінде шағын әндерді, үйретілетін әндердің вокальдық орындау тұрғысынан
қыйындық тудыратын бөлігінен үзінді, бір дыбысқа құралған әуенмен
жаңылтпаштар алуға болатындығын мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетеді. (ле,
ля) байланысты орындату бастауыш сыныптың балаларын қызықтыра қгоймайды.
Сондықтанда вокальдық ән айту дағдыларын меңгеруге септігін тигізетін
дыбыстан басталатын түрлері өлеңнен алынған үзінділер арқылы орындатқан
тиімді.
Тыңдалатын шығарманың әуендік ерекшелігі мен сипатын аша алатындай
шағын бөлшектерді дауыс жаттығуы ретінде орындату музыкалық шығарманы
баланың тұтастай қабылдауын жеңілдетумен бірге оның сезіміне,көңіл күйіне
әсер етеді.
Музыкада жаңылтпаштар айтқызу баланың ән мақамын анық айтуына көмегін
тигізеді:
Көп көкек, Көкектеп ,
Көптен келді. Көкек кеп,
Көктен көк, Көктем келді.
Жаңылтпашты айтқызуға сөздің анықтығымен бірге біршама - өлеңдете
орындалуын мән берілгені жөн.
Ас аспай бас аспазшы,
Ас асты жас аспазшы.
Жаңылтпаштағы с, ш дыбыстары қысқа айтылуы керек .
Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуы сәйкес келмейді, яғни нота саны
мен буын саны дәл емес. Мұндай жағдайда әдеби тілімізде эпонтеза, протеза
деп аталатын фонетикалық заңдылықтарды пайдаланамыз: р, л, ш
дауыссыздарының алдына і немесе ы дауысты дыбыстарын қосып, буын мен
нота санын туралаймыз. Бұл ережелерді әсіресе жылдам айтылатын әндерде
бұлжытпай орындау қажет.

1.3. Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың
міндеттері
Музыкалық қабілет – баланың өзіндік тұлғалығының психологиялық
қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка
жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі
бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз
алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту сандық аспект емес,
сапалық аспектінің сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық
байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, музыкалық әуесқойлық, ерекше
қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан музыкаға әуесқой адамдар басым.
Музыкалық әуесқойлықты дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды
және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық
әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
Амузия деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті
жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және
дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс
бірізділігі).Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін
қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы
болмағандықтан.Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің
табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне
байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру
қиын).Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді. Бірақ та
осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның
құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы
психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не? Н.А.Римский-
Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту
сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі,
тональдықты сезінуі т.с.с.Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің
қабілеттілігі, ырғақ сезімі. Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да
болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын,
күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту
сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс
биіктігінің вариациясын сезінуі. Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық
қабілет - ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі
түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген
әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы Сондықтан,
музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылы-сының
ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психоло-гиялық функция мен
қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның
көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық
құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор),
музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде).
Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не
пианист пе? Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі
түрлері байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты
сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде
(композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы,
музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана
музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы
болады. Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсация-сының) 4 түрі бар
(дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны
оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық
механизмді құрайды);
- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу бала өзінің екпіні
арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы,
бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);
- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының
жылдамдығынан зейінін реттеуі);
- музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін
(бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал
басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте
қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене
қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық
қабылдауы. 2,5 – 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым
ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3
- 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден,
музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен
гармониясын нашар қабылдайды
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды
және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және
ырғақтық сурет – міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 – 7 жасар
балалар). Метр - 24, 44 және ¾ ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі –
дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам).
Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық
әрекетіндегі басты және тез алда дамуы – ол музыкамен музыкалық жүріс.
Музыкалық жүріс – бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің
дамуы, алда жүретіні – ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс – халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық
гимнастика мен аэробика т.б.
Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі балаларда қалыптасуы.
Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту
сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім
бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза
алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол
берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа
әуенді әндетеді.
Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза
алады.
Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен
қалыптасады.
Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза
орындайды.
Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды,
әуендерді жаңадан сезінуі.
Екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.

ІІ. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ән салуға
үйрету

2.1.Баланың есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері
Көптеген алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам
өміріндегі ролін жоғары бағалап келеді. Н. Г. Чернышевский әншілікті
жоғары, жетілген өнер қатарына жатқыза отырып, Ән айту сөйлеудің әуелгі
және елеулі негізі іспеттес деп атап айтқан. Ән тыңдаушыға жарасымды
музыка мен сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге
мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелерді де эмоциялық ұғу,
түсіну сезімдерін оятады. Оның балалардың қабылдауына айрықша оңай болатыны
да осыдан. Адам даусының әсерлі ырғақтары мен бет-бейнесінің тиісті жерде
құбылып отыруы бүлдіршіндерді елітіп әкетеді. Балалар бүлдіршін шағында-ақ,
әннің мазмұнын толық түсінбесе де онан әсер алады. Ойы мен сөйлеуінің
жетілуіне қарай жинақтаған жаңа ұғымдарының молаюына байланысты баланың
толғаныстары күрделіленеді, сөйтіп, ән айтуға талаптанғаны сияқты оның
айтылуына да ынтасы артады.
Ұжым болып ән айту кезіндегі қарым-қатынас айрықша қуаныш сезімін
туғызады. Мұны К. Д. Ушинокий: Әнде, әсіресе хормен айтылатын әнде, адамды
көңілдендіріп, сергітіп ала жөнелетін және сонымен қатар еңбекке
жұмылдыратын ұйымшыл әншілерді ортақ іске құштарландыратын бір ғажап нәрсе
бар... мектепке әнді енгізу керектігі де сондықтан; ол бірнеше сезімдерді
күшті бір сезімге, бірнеше жүректерді сезімі күшті бір жүрекке біріктіреді;
ал мұның өзі мектептегі оқудағы қиыншылықтарын жұмыла күш-жігер жұмсау
арқылы жоюда өте-мөте маңызды. Әнде мұнан басқа жан дүниені, әсіресе
сезімді тәрбиелейтін ғажап бір нәрсе бар, Осының бәрі ән арқылы өздерінің
көңіл күйін білдіруі тән мектеп жасына дейінгі балаларға да түгелдей
қатысты. Баланың бөлме ішінде жүріп, ыңылдап марш әуенін айтатынын, қыз
баланың қуыршақпен ойнай отырып, оны бесік жырын айтып ұйықтатуға әрекет
жасайтынын жиі көруге болады. Баланың даусы — оның нәресте кезінен
қалыптасқан табиғи құралы. Сондықтан да ән баланың өмірлік серігі, оның бос
уакытын толықтырушы, творчестволық, сюжеттік ойындар ұйымдастыруына
көмекші. Ән айту арқылы музыкалық қызметтің: би, хоровод, балалар музыкалық
аспаптарында ойнау сияқты түрлері де сирек орындалмайды.
Ән — төңіректегі шындықты терең түсінудің жарқын, бейнелі формасы. Ән
айту баланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын,
ықылас-ілтипатын туғызады, ал кейде оған басқа информациялардан гөрі өзгеше
қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, Ленин туралы, бақытты балалық шақ
туралы, Москва туралы әндер аса бір асқақтықпен орындалады.

Ән айтуға үйрету процесі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын
талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен салыстыруды,
фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың,
жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын
бағалауды үйренеді.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне,
тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.
Ән айтуға үйрету процесінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері:
эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезінуі айрықша
тез дамиды.
Хормен ән айтудың тағы бір ерекшелігі—оның бұқаралылығы мен оңайлығы.
Музыкалық өнердің бұл түріне балалар бақшасында, яслиде, мектепте, көптеген
үйірмелерде, студияларда, хорлар мен ансамбльдерде үйретіледі. Композитор
Д. Б. Кабалевский әнді, маршты және биді бейнелі сөзбен музыка мәдениетіне
тірек болып тұрған үш кит деп атады
Ән салу — дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты
үйлестіру, яғни ән айту интонациясы (дыбысты дәл шығару) мен есту, дене
тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте маңызды орын алады. Музыка үнін
есіне алғанда адамның жай толқып қана қоймай, сонымен қатар әрқашан да
сезім дүниесіне күш түсіріп, сол үнді іштей әндететінін атап керсете
отырып, орыс физиологы И. М. Сеченов бұған қоса баланың дыбысқа инстинкті
еліктегіш келетінін айтқан. Ол былай деген: Санаға айқын жатталған дыбыс
немесе дыбыстар тобы бала үшін өлшем сияқты қызмет етеді, ол өз үнін осы
өлшемге шамаластырады және онымен әбден ұқсастырғанға дейін тағат
таппайды.
Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді,
малдың, құстардың даусын айнытпай салуға тырысады. Мұндайда есту қабілеті
дыбыстың дұрыс, бұрыс еместігін аңғартады.
Есту мен дауыстың өзара байланыстылығын көптеген ғалымдар зерттеп
келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е. И. Алмазов дамыған
есту қабілетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айрықша маңыздылығын
атап көрсетеді. Балалардың ән салудағы кемшіліктерін талдай келіп, оның
себептерін (есту. мүкістігі, тамағы кесел, есту мен дауыс арасында
байланыстың, жоқтығы) атайды және бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде қарап
емдеуі қажет дейді.
Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қабілеті қалыпқа келеді. Балалар
бақшасындағы кіші топтарда балалардың назары әуенді дәл қайталауға: екі -үш
нота негізінде жазылған қарапайым, шағын қайырмалар мен әндер айтуға
аударылады. Тәрбиешінің әсерлі дұрыс орындаған әні мен дыбысы жүйеге
келтірілген аспап үні әрқашан да үлгі бола алады. Бала тыңдайды, сонан соң
жеке дауыстық интонацияға ілескендей болып, ересек адаммен бірге қосылып
ән айтады. Бірте-бірте есту қабілеті тиянақтанады да, соның нәтижесінде лад
— биіктігін есту қабілеті дамиды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалар әуендік естуді
дамытатын үздіксіз жаттығулардың барысында қалыптасатын кейбір алғашқы биік
дыбыс пен ырғақ жөніндегі түсініктермен танысады, әуеннің биіктеп —
төмендеуін анықтайды, биіктігі, ұзақтығы әр түрлі дыбыстарды салыстырады,
ннтервалдарды, шағын әндерді айтады. Баланың есту қабілетін үннің дұрыс
шығуын үнемі бақылайды.
Балалардың мектеп жасына дейінгі шағында олардың дыбыс аппараты әлі
қалыптасып бітпейді (желбезектері нәзік, таңдай қимылы шамалы, тынысы
әлсіз, үстірт) және организмнің жалпы нығаюы мен жеке дауыстық бұлшық ет
дейтіннің жетілуімен қатар нығаяды.
Дауыс желбезектері толық қабыспайтындықтан және олардың тек жиектері
ғана тербеліске түсетіндіктен ән үні ашық шықпай мүкіс естіледі де, мұқият
болуды қажет етеді.
Бала даусын қорғау ән айтуға үйретудің дұрыс жолға қойылуын қажет
етеді. Бұған балалардың жасына сай келетіндей музыкалық материалды, яғни
репертуарды ойластырып, іріктеп алудың көмегі көп.
Бала даусының естілу диапазонын зерттеу репертуардық дұрыс іріктелуіне
көмектеседі Ән айту диапазоны дегеніміз — дауыс жақсы естілетін ең төменгі
және ең биік дыбысқа дейінгі интервалмен (аралық) айқындалатын дыбыстар
көлемі.
Балалардың жасына байланысты ән айту диапазонының ерекшеліктерін
көптеген ғалымдар зерттеген. Н. Д. Орлова ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу
Есту қабілеті бұзылған балалардың ауызша сөйлеу барысында дыбыс шығару процестерін түзету жолдары
Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруда есту қабілеті зақымданған балаларға қазақ тіліне тән дыбыстарды қалыптастыру мүмкіндігі
Ақпараттар оқығандағы артикуляцияның және дикцияның қажеттілігі
Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Балалардың есту қабілетінің бұзылуына сипаттама беру
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Вокал сабағындағы қолданылатын әдіс- тәсілдер
Екінші сәбилер тобы
Сахна тілі туралы ілім
Пәндер