Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы»
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І. Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұралары
1. 1. А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми- педагогикалық негіздері . . . 5
1. 2. А. Байтұрсынов және оның мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық идеялары мен әдістемелік мұрасы . . . 10
1. 3. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері . . . 14
ІІ. А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы
2. 1. А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастарының әдістемелік маңызы . . . 20
2. 2. А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы мен тіл біліміне қосқан үлесі . . . 22
2. 3. А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын заманауи оқыту жүйесіне енгізу . . . 27
Қорытынды . . . 35
Қолданылған әдебиеттер . . . 36
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырым-дамасында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналды-руға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс", деп өте орынды айтылған.
Бұл істе қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін, ақыл-парасатын аямай жұмсаған Алаш қайраткер-лері: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Әуезов сынды ойшыл-оқымысты кайраткерлердің қызметі мен мәдени мұраларын орынды пайдалану аса қажет.
Сондай ғалымдардың бірі - А. Байтұрсынов еді. "Ахмет Байтұрсынов - ұлттың тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға", - деп Ә. Кекілбаев атап көрсеткеңдей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расыңда да ешкіммен салыстыруға болмайды. "Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар". Ол ашқан "Қазақ" газеті мен қазақ мектептері, Қазақ мұғалімдер қурсы, ол жасаған қазақ термиңдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу-ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшан теңіз.
Ал ғалымның педагогикалық көзқарастары мер әдістемелік мұрасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеу жұмыстары А. Кыдыршаевтың "А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары" атты ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытудағы орнының ерекше екендігі талданған. Қазіргі кезде педагогика ғылымы бойынша көптеген жеке тұлғалардың педагогикалық мұраларын зерттеу жұмыстары Т. Тәжібаев, Ә. Сыдықов, А. Көбесов, А. Ильясова, Р. Көшенова, А. Құдиярова, З. Көккөзова, С. Баймұратова, А. Тұрсынова т. б. ғалымдар еңбектерінен көрініс тапқан.
Бүгінгі танда А. Байтұрсынов еңбектерінің әр салада зерттелу жайы біршама жолға қойылған. Мәселен, тарих ғылымы бойынша М. Қойгелдиев, Ө. Айтбаев, Т. Омарбеков, Ә. Тәкенов, К. Нүрпейісов, т. б., филология саласы бойынша Т. Кәкішев, Р. Сыздықова, Р. Нұрғали, К. Құсайынов, А. Мектепов,
А. Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеп педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық жене практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығар- машыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Зерттеу пәні:
Зерттеу объектісі: А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы
Зерттеудің мақсаты : А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастарының әдістемелік маңызын айқындау;
- А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы мен тіл біліміне қосқан үлесін зерттеу;
- А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын заманауи оқыту жүйесіне енгізу жолдарын қарастыру.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын зерттеудің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары зерттеулер жүргізу негізінде талданды. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Р. Дүйсенбаев, Шахзаман Зиятов, Н. Әміржанова, Әбілова З, Ильина Т, т. б. зерттеулерi курстық жұмысында кең пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұраларына салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұралары
1. 1. А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми- педагогикалық негіздері
А. Байтұрсынов - халқының болашағы жарқын болуына бар ғұмырын арнаған ұлтжанды азамат еді. Оның бойындағы ұлтжандылық қасиет отбасында қалыптасты. Отбасының сол замандағы зұлматтың қасіретіне ұшырауы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай оның болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етті дей аламыз. Себебі, ғалымның балалық шағы Ресей империясының отарлау саясатымен тұстас келді.
А. Байтұрсыновтың немересі С. Көкішев "Ахаң туралы ақиқат" атты ғүмырнамасында оның балалық шағынан бастап, саяси қоғам қайраткері болғанға дейінгі өмірін жан-жақты сөз ете келе, былай дейді: "Ахмет - Торғай уезінің Тосын болысына қарайтын Ақкөл деген көлдің жанында Сарытүбек деген жерде Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне қосылған құйылысында 1872 жылы дүниеге келді. Ахаңның тұқымында өр кеуделі, ер мінезді адамдар көп болған. Байтұрсынның әкесі Шошақ күшті, мінезі салмақты, ақылды, шындықты бетке айтатын турашылдығымен ел жұртына беделді, шаруа кісі екен. Сол қиын- қыстау күндерінде халқының мәдениетін, мұңын жоқтап сырттан болған әр түрлі шабуылдан қорғап, талай шайқасқа түссе керек. Содан Шошақтың батырлығы, ерлігі, ақылдылығы туралы әңгімелер ел арасынан кең тарап кеткен». Ал, Ахметтің әкесі Торғай уезінің начальнигі Яковлевті көрсеткен озбырлығы үшін сабап басын жарғандықтан Сібірге айдалды. Осы оқиға Ахметке бала кезінде- ақ қоғамдағы әлуметтік теңсіздік туралы ой түсіріп, өшпес із қалдырғанын оның «Анама хат» өлеңіндегі:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, -деген жолдарынан аңғарамыз. Ол 1895 жылы Орынбордағы учительский школаны бітіріп, әуелі Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы А. Қопсықбақовтың ауылнай школында, одан соң Қостанай уезі Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс- қазақ школында мұғалім болды.
1886 жылы Ахмет Омбыға барып А. Е. Алекторовпен танысады. Осы жерде А. Е. Алекторовпен араласа келе, оның ішкі саяатын айқын аңғарады да, оны Н. И. Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді. Ахмет 1886 жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс- қазақ школында, одан кейін қалалық училищенің оқытушысы қызметін атқарады. Осындай ағарту ісімен айналысып жүрген кезінде -ақ, оның дүниеге деген саяси көзқарастарының қалыптасуы басталады, әрі осы жылдары өзінің «Қырық мысал» атты еңбегін жазады.
Ал, 1909 жылы жазықсыз жаламен Семей түрмесінде 9 айдай отырып шығуы А. Байтұрсыновтың өміріне қатты әсер етіп, қоғамдық- саяси күреске ертерек араласуына тура келді. Ол туралы белгілі ғалым К. Нүрпейіс: «ХХ ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық- саяси қозға-лыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық- демократиялық мақсат- міндеттерді қойды. Бұл істің басы- қасына екі ғасыр тоғысында қалыптасқан зиялылар жүрді Олардың Ә. Бөкейханов басқарған көпшілігі қазақ халқының жалпы ұлттық мүдделерін білдіретін қоғамдық -саяси ұйымдар құрып, солар арқылы өлкедегі буржуазиялық -демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға талпынды. Солардың қатарында А. Байтұрсынов та болды»-, дейді.
А. Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық көзқарасының қалыпта -сып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913-1918жылдар аралығында "Қазақ" газетінде редакторлық қызмет атқаруы. Бұл қызметті атқару барысында А. Байтұрсынов қоғамдық және саяси - әлеуметтік жағдай- ларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оған ұлттық кітап -хананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған сол "Қазақ" газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, А. Байтұрсынов осы газет бетіңде 1913 жылы "5 мың десятина жер", "Жауап хат", "Қазақтың бас ақыны", "Алаш азаматтарына" (М. Дулатовпен бірге), 1914 жылы "Бастауыш мектеп", "Мектеп керектері", 1916 жылы "Қазаққа ашық хат", "Сібір депутат- тарының мәжілісінде ", "Қазақ жұртына" (Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірге), "Торғай һөм Ырғыз уезінің халқына" (М. Дулатов, Тұнғаншин, Кәдірбаевпен бірге), 1917 жылы "Шорай Ислам"(Ә. Бөкейхановпен бірге) және т. б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту, білімін көтеру, сауатсыздықпен күрес, ұлттық баспасөз ісінжандандыру мәселелерін көтерді. А. Байтұрсынов "Революция және қырғыздар"атты мақаласында: "М. Тыньшбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді большевиктік анархия- дан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бұл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уакытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А. В. Колчак үкіметі және т. б. ) байланы -сына және Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады". Мұндай мақала- лар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланды. Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір мақалаларды бүркеншік атпен де беріп отырады. Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер- білімге, оқуға шақырған бірден-бір үгітші- насихатшы болды.
А. Байтұрсынов: «газета- халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай крек болса, халыққа газет сондай крек . . . Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», -деп газеттің қазақ халқы- на тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізгі болатын 1911 жылы шыққан «Айқап» журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан «Қазақстан» және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің беттерінде қазақтың қоғамдық, саяси- әлеуметтік жағдайлары туралы мақала лар үздіксіз жарияланып отырды. «Қазақ» газеті де дүниежүзіндегі және ішкі жағдайларда болып жатқан уақиғаларды жан- жақты түсіндіріп отырды. Яғни, «Қазақстанның Россия империясы жүйесіндегі орны мен ролі; қоғамның даму жолдары мен түрлерін таңдау; миграция мәселелеріне, бірінші кезекте патша үкіметінің қоныс аудару саясатына көзқарас, ұлттық мәдениетті дамыту шаралары мен қазақ- орыс мәдени қатынас мәселелері; дін мәселесі мен рухани қазыналарды бағалау мен дамыту мәселелері, т. с. с. «Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құрауға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді».
Сондай-ақ, А. Байтұрсынов газетті аптасына екі рет шығару үшін генерал-губернатордың атына жазған арыз-өұтінішінде газет бағдарламасының он бес бөлімнен тұратындығын және алғашқы үш бөлімінің алдына қойған міндет- терін төмендегідей көрсеткен:
"1) қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен зандарын жариялау;
2) мемлекеттік дума мен мемлекеттік совет жұмысын жариялау;
3) ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т. б". Осындай мәліметтер арқылы Ахметтің Ыбырай ісін жалғастырушы екеніне тағы да көз жеткіземіз.
XX ғасырдың басы Қазақстанды Ресей империясы отарына айналды-руды түгелдей аяқтап, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленіскен шағы еді.
Тура осы кезеңде отарлап отырған Ресей империясының өзінде де көптеген тартыстар, саяси - қозғалыстар өрбіді, халықтың жаппай толқулары болды, оның ұшқыны қазақ еліне де әсер етпей қоймады. Осындай белең алған саяси толқуларға қазақтың зиялы қауымы белсене араласты. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандық ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын М. Қозыбаев өзінің «Ахмет Байтұрсынов- ХХ ғасырдың ұлы реформаторы» атты мақаласында Ресейдегі ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде Ресейлік жаңа реформаторлық буынның бір тармағы есебінде бой көтерді.
Ұлт-азаттық қозғалыстың бірден- бір көсемі болып Әлихан Бөкейханов шықты. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конститутциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гумманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенімен қабыстырды. Ата-баба аруағын аттама- ды, атой салып, жауға шапқан заманына даттамады, жаңа демократиялық күрес жолын сыннан өткізді. Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің бірі болды. Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларынан ұлттың өзін-өзі билеуіне қарсылығын көрді, қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүргізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын көрген Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті. Алаш зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты сарын отаршылдыққа қарсылық еді. Ал, бұл сарын барша халықтың мұңынан шыққанды», - десе, С. Сейфуллин 1923 жылы 30- қаңтарда «Ахмет Байтұрсынов елеуге толды» деген мақаласында: «Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады», - деп әділ көрсетті. «Бұл бүкіл ұлттың, бүкіл отарлы елге айналған Шығыстың азаттық майданы еді. Ахаңның өз тілімен айтсақ, Алаштың зиялылары жұртым деп халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғады. Ол жалпы ұлттың зор- отаршылдар тартып алған нулы, сулы ата қонысы, ана тілі, ұлттық ділі, ислам діні еді", -дейді ғалым М. Қозыбаев. Ал, белгілі саяси қайраткер М. Шоқай 1917 жылғы Бүкілқазақтық съездің Орынбор қаласында өту себебін: " . . . темір жол үстінде жатқан Орынбор ең қолайлы жер. Бұған қоса ғүлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, дарынды жазушы А. Байтұрсынов пен М. Дулатов Орынборда тұратын. Бұл екі қоғам қайраткерлерінің қуатты қаламының арқасыңда қалың елді аузына қаратқан "Қазақ" газеті де осында шығарылып, таратылатын. Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалысының орталығына айналып, мұнда Бірінші бүкілқазақ құрылтайы шақырылуының басты себебі осында еді", - деп А. Байтұрсынов тұлғасы мен оның "Қазақ" газетінің саяси салмағын әділ бағалаған. Демек, А. Байтұрсыновтың энциклопедист-ғалым, ағартушы ғана емес, қоғам қайраткері, білгір саясаткер екенін байқаймыз. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы 12 -26 шілдеде Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақтық съезде құрылған "Алаш" партиясының негізін салуға, Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Бүкілқазақтық екінші съезде "Алаш" партиясының бағдарламасын талқылауға белсене ат салысып, өзіндік үлес қосқанына осы деректер арқылы көз жеткізуге болады.
А. Байтұрсынов халық ағарту комиссары болған тұста қазіргі ұлттық педагогиканың асыл мұрасына айналған көптеген төл оқулықтар дүниеге келді. Атап айтсақ, Ж. Аймауытовтың " Ана тілін қалай оқыту керек?", М. Дулатовтың "Есеп құралы", А. Байтұрсыновтың "Оқу құралы", "Баян-шы"және бұрынғы кезде басылған қырғыз қиссалары, татар тіліндегі оқу-лықтар, географиялық карталар, саяси кітапшалар барлығы 473028 дана Қазан баспасынан жарық көрді. Кейінірек, М. Дулатовтың "Қирағат" кітабы, Абай өлеңдері жинағы, А. Байтұрсыновтың "Қырық мысал" аудармасы, "Маса" жинағы, С. Торайғыровтың өлеңдері, қырғыз кеспе әліппесі, Т. Шонанұлының "Жаңа әліппесі", "Орысша қазақ тілін үйретуші", " Кеспе әліпбиі", Қ. Кемеңгерұлының "Европалықтар үшін екі жылдық оқу құралы", "Әліппесі", Н. Төреқұлұлының "Үлкендер үшін жана әліппесі", Ж. Аймауы-тұлының " Комплекспен оқыту жолдары"' атты еңбектері жарық көрді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде сауат ашқызу, оқулықтар шығаруға қамқоршы ретіңде ғана емес, әлеуметтік-саяси мәні бар жазу (алфавит) мәсе-лесінің шын жанашыры болып, ұрпақ пен ұрпақтың рухани қазынасының ара жігі ажырап қалмау қамын ойлаған ұлттық мүдденің жоқтаушысы, күрескері ретінде де танылды.
А. Байтұрсыновтың араб графикасынан латынға көшуге үзілді-кесілді қарсы болып: "Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес, -деп бір алфавиттен екінші алфавитке көшуді Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік және экономикалық жағдай көтермейтінін: - "Латын әрпін бірден алып, бірден соған түсіп кетуге, одан да көп қаржы мен қайрат керек. Ондай бірден табыла қоятын мол қаржы мен қайрат түркі жұртында тағы жоқ. Бірден мұғалімдердің бәрін латынша үйретіп, бірден баспаханалардағы әріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, оқу кітаптарын латынша бастырып, арабша сауаттыларды латынша сауаттандырып жіберу адамның керек қылуын былай қоя тұрғаңда да, оншақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес", -деп дәлелдейді, араб әрпі мен латын алфавитінің тиімділігін төмеңдегідей салыстыра таразылайды: "Араб әрпінің артықтығы жалғыз баспада ғана емес жазбада да артық болып тұрады. Өйткені, араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздің арасында айырма аз болады, онда оңай айырма аз болады, оқылса мұнда да оңай болады" сондықтан, жазу барысында тиімдісі адамның қолына күш түсірмейтіні, ал латын алфавитінде қолдың бұлшық еттеріне елеулі күш түсетінін де дәлелдеп береді. Хат мәдениетін әлемдік өркениетті дамудың негізі деп түсініп, оны жетілдіруге зиялы қауым өзіндік үлесін қосуға міндетті деп санады, ол мақсатты жүзеге асыру үшін қажырлы да табанды күрес жүргізді.
А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерей тойына М. Әуезов: «Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды", - деп атап көрсеткендей бар ғұмырын қазақ ұлтының егемен ел болуына арнаған ағартушының мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасьш, жастар тәрбиелеу ісінде өзіндік үлесін қосуда.
Сондай-ақ, А. Байтұрсыновтың бар өмірін сарп еткен ағартушылық еңбегімен саяси қайраткер ретінде танытатын лауазымды қызметтері қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар әсерінен туындады. Оның педагогикалық ой- пікірлерінің қалыптасуына сол кезеңдегі саяси хал-ахуал мен үкімет саясатының тікелей ықпалы болды.
Сонымен қатар, А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің Шоқан, Абай, Ыбырай сынды ойшылдарымыздың артына қалдырған мол мұраларынан нәр алғаны аңғарылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық педагогиканың дамуына белгілі тұлғалар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев жене т. б. зор үлес қосты. Олар қазақ халқының жарқын болашағы - тек оқумен, біліммен ғана келмек екенін жастардың санасына құюға тырысты. Жас ұрпақты білімге, мәдениетке, өнерге, адамгершілікке шақырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz