Балалардың адамгершілік санасын қалыптастыру әдістерін көрсету


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері»
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І. Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
1. 1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты . . . 5
1. 2. Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс - тәсiлдері . . . 9
1. 3. Адамгершілік - сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру бірлігі . . . 17
ІІ. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдіс- тәсілдері
2. 1. Сана қалыптастыру əдістері . . . 23
2. 2. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері . . . 27
2. 3. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік санасын қалыптастырудың әдіс- тәсілдері . . . 30
ІІІ. Практикалық бөлім
3. 1 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі . . . 37
Қорытынды . . . 46
Қолданылған әдебиеттер . . . 48
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданы-лып жүрген тәрбие әдістерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістер-ді тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.
Ғалым- педагогтар Н. И. Болдырев, Н. Г. Гончарев, Р. Р. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау
да қарастырады.
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайсы-бірін алсақ та, олар негізінен жеке тұлғаның қалыптасуындағы оның мәні мен іс-әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлелдейді. Сол себептен де тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат-міндеттері мен мазмұнына байланысты анықталады.
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірбиесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбие-сінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, отбасында әртүрлі іс- әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың даму ерекшелігін, жеке ерекшелі-гін ескерген жөн. Тапсырма беру кезінде бала темпераменті ескеріледі, мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайды, сондықтан үнемі бақылап, тапсырманы толық
орындауға үйрету, жаттықтыру қажет. Бұл әдістер оларды жауап-тылыққа, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның II-III даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру, т. б. әдістер қолданылады. Балаларды арасында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен, түрлі жағымсыз әрекет бола-ды. Мұңдай педагогикалық жағдаяттарда этикалық тақырыптарға әңгі-мелесу әдістері қолданылады. Тәрбие әдістерінің көмегімен балалар-дың әртүрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, адамгершілік келбеті айқын-далып, дүниетанымы, көзқарасы, қалыптасады. Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін, дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмір-ге, еңбекке баулиды.
Тәжірбиеде тәрбие жұмысының формасы, әдісімен қатар тәрбие құралдары қолданылады. Оған: оқу еңбегі, қоғамдық пайдалы еңбек, қоғамдық жұмыс, ойын, үйірме, сыныптан тыс жұмыс, спортпен айналысу, көркем- өнерпаздар үйірмесі жатады. Баланың әртүрлі даму сатысында олар өзгеріп отырады. Мысалы: мектепке дейінгі кезең-де баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, мектеп кезіңде бірінші орын оқу еңбегіне беріледі. Оқу еңбегімен қатар, қоғамдық пайдалы еңбек, үйірме, спорт, т. б. іс-әрекеттер маңызды орын алады. Бұл іс-әрекеттер-дің қай-қайсы да жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Тәрбие теориясы мен тәжірбиесінде тәрбие тәсілі деген де ұғым қолданылады. Тәрбие тәсілі- тәрбие әдісінің құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәрбие процесінде сендіру әдісінің маңызы зор және ол төмендегідей тәсілдер арқылы іске асырылады: сендіру, көзін жеткі-зу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау, т. б
Зерттеу пәні: педагогика
Зерттеу объектісі: Бөкей ордасы ауданы, Т. Масин атындағы ОЖББМ- нің 2- сыныбы
Зерттеудің мақсаты: халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеуді қалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру, адамгершілік сананы қалыптастырудың әдістерін қарастыру;
Зерттеудің міндеттері:
- Балалардың адамгершілік санасын қалыптастыру әдістерін көрсету;
- Оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастырудың әдіс- тәсілдерінің критерийлері мен мүмкіндіктерін анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте адамгер-шілік сананы қалыптастыру әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұр-ғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Оқушыларда адамгершілік сананы қалыптастырудың әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерт-теулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі адамгершілік сана туралы ғылыми дерек-терді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
- Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыс-тыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған катего-рияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайым-дылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категория-ларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм - тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптас-тыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, бала мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момыш-ұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк- халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi - бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан - от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық - адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк - бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, иманды-лық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру - барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау - халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық - халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жарал-ған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса балаларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық - “Қазақтардың” - деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А. И. Левшин: “(1799-1879) - басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі - айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық - кең мағыналы ұғым екенiн балаларға түсiндiруiмiз қажет”.
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адам-заттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В. Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгер-шiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк - қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым .
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде балабақшаларда жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең - мiнез орасың, мiнез ексең - тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез-құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А. С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен.
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т. б. ) .
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар балалардың бiлiм алуына және балаларды практикалық қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында бала жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер бала өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Баланың пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып балаларының адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi- мұғалiмнiң балаларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады. Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi А. Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет”.
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында.
Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады.
Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат - бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қаты-насқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау.
Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.
Совет психологы С. А. Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т. б) көрiнедi.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар) . Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн Балалардың қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда Балалардың дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан Балалардың адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi».
Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгер-шiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрып-тай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л. Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғым-дарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәде-ниетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.
1. 2. Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс - тәсiлдері
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарас-тардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне бер-ген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықта-масы бойынша - бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әреке-тінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыпта-суына әдістің тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленуші-лердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде балалардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықта-ма ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика педаогпен мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттерінінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz