Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін
дамыту жолдары
Орындаған:
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І. Адамгершілік тәрбие ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1. Адамгершілік ұғымының теориялық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 7
2. Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық
әдебиеттерде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың адмгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін
дамыту жолдары
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-рухани тәрбие
беру ... ..16
2.2. Балалардың адамгершілік және ұлтжандылық қасиеттерін дамытудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін
дамытуға арналған этнопедагогикаға негізделген
жоба ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...29
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Егемендi елiмiздiң болашағы жас
жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы
бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды.
Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге
белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын
жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып
Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп
тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап
баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-
адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен
басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік
құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік
таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Рухани-адамгершілік тәрбие беру - екі жақты процесс.Бір жағынан ол
үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын,
екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықта-рынан,
сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен тәрбиешідардың басты міндеті. Адамгер-
шілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-
халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан
бойына сіңіреді.
ІІІ мыңжылдықта білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа арнаға бет
бұрғаны баршамызға белгілі. Қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,
бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан, мәдениетті, дені сау азамат өсіру
– отбасының, балабақшаның, жалпы қоғамның қасиетті борышы.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің
алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған
жөн. – деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақша тәрбие мен
білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Балалардың жас
ерекшелігіне қарай танымдық қасиеттерін дамыту, шығармашылығын
қалыптастыру, естіп, көру, үйрене білу дағдыларымен қатар тіл байлығын
молайту мақсатында мен театр түрлерін қолдандым. Өйткені, осы жанр арқылы
балаға қоршаған ортаны тұтастай қабылдауға, түрлі нысандар мен құбылыстар
арасындағы байланысты саналы түсінуге, бір затты әр қырынан тануды үйретуге
болады деп ойлаймын.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі Қатынас білім беру саласының Көркем
әдебиет оқу іс-әрекетін Ақжүніс әжемнің қоржыны деген тақырыппен алдым.
Тақырыптың бұлай қойылу себебі, қазақ халқында иыққа асатын жол қалта
болған. Осындай жол қалталарын қоржын деп атайды. Оны керекті заттарға
толтырып, өзімен бірге иыққа салып, жолға алып жүруге болады. Бұл қоржын
бірге тігілген екі дорбадан тұрады. Сол қоржынның екі қалтасына ертегі
кейіпкерлерін саламыз. Әр қойылымда бұл қоржынды балаларға Ақжүніс әже
әкеліп отырады да, балалар дайындаған жұмыспен толықтырып алып кетеді. Бұл
саланы Шығармашылық білім беру саласымен байланыстырдым. Өйткені, балалар
сахналау, декорация жасау, кейіпкерлерді бейнелеуді Жапсыру, Мүсіндеу,
Сурет, Музыка оқу іс-әрекеттері арқылы дайындайды.
Ұлтының рухани қорына үлес қосып, тәрбиенің тіршілігіне жетелейтін
ғажап дүниенің түйінін айтқан Б.Момышұлы: ...дәстүрді сыйлай алмайтын
баланың өсуінен қорқамын, өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап,
дәстүрді, дәстүр әуендерін бойына сіңіріп өспегеннің көкірек көзі көр бола
ма деп қорқамын – деп бүгінгі күнгі тәрбие мәселесіне орынды
алаңдаушылық білдірген. Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды,
оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Ертегіні сомдай
отырып дәстүрдің түп мағынасын түсінуге бір қадам жақын келеді.
Әдетте, адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады
екен. Сондықтан да, баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр
нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті,
тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға боп
тәрбиеленуіне, әсіресе тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы
жетілдіруге болады. Ал театрлан-дырылған ойынды балалар қызықтап ойнайды.
Сондықтан баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын
жан-жақты дамытуға болады. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген
құштарлықты оятуға болады.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң,
ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола
алады.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік
және ұлтжандылық қасиеттері
Зерттеу пәні: педагогика
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершiлiк
және ұлтжандылық қасиеттерін дамытудың тиімді жолдарын іздестіру.
Зерттеудің міндеттері:
✓ Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру
жолдарын қарастыру;
✓ Балалардың адамгершілік және ұлтжандылық қасиеттерін
дамытудың әдіс- тәсілдерін зерттеу;
✓ Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік, ұлтжандылық
қасиеттерін дамытуға арналған этнопедагогикаға негізделген жоба
дайындау.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте мектеп жасына
дейінгі балалардың адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту жолдары
теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала
талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Мектеп жасына дейінгі балалардың
адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту жолдарын анықтайтын
әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге,
оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
Педагогикалық бақылау.
Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары
(заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға
міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады,
әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан
да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың
табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған катего-
рияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайым-
дылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы
басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категория-
ларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк -
адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен
дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа
қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне
субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгер-шiлiк қасиеттерi
отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, , адамдардың iс-әрекетiнiң
барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын
өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк
мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн
жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата-
анамен, бала мен тәрбиешідың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу,
қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi.
Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта
жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi
Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс,
дұшпаныңа әдiл бол. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң
жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы
сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы,
осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi тәрбиешідар аз емес.
Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше
қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы,
Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек
ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге
абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен
мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып,
қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп
қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын
көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады”
деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп
сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы
екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ,
оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ
елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-
әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк
қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен
адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп
сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны
қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне
әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу,
қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды
ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық
рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата
дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу.
“Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк,
кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше
қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам
баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай
болса балаларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз
қажет.
Қайырымдылық.
Қазақтардың – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын
зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: (1799-1879) – басқа Азия халықтарына
қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы
аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең
мағыналы ұғым екенiн балаға түсiндiруiмiз қажет.
2. Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық-психологиялық
әдебиеттерде зерттелуі
Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм-
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi- деп Әл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының
бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани
өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және
өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi.
Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат
тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев: Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты
емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы- деп
адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң
өзi сияқты күрделi де көп қырлы.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк
тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi-
адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы
аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық
тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары
қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк
ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты
факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес
ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие
адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап
ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді,олардытиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да
болды.Д.Локк (1632-1704). Тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік
қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады - деп
сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан
таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың
қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.Революционер-демократ В. Г. Белинский
(1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі
болу керек- деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам
дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі
дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы
адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген
жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика
таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы
дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын
табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Балабақша мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың (баспа-сөз, радио,
теледидар) көмегімен балаларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің
саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал
ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп,
тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын
қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-
әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті
материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын
жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи
тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы
қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы
қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның
жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
3 Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп
жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай
болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін
білу қажет.
Балабақшатегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық
(10-15-ке дейін), орта балабақша балалары (15-18-ге дейін) болып үшке
бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі,
өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты
болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған
күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды
акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік:
балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы
биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез
жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда.
Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай
тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да,
өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта
қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің
борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы
мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
4 Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі. Адам
белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік
дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау
мұғалімнің басты міндеті.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Балабақша жасына дейінгі балалар
ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды
атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара
қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды
атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнынтүсінеді.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты
тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Балалардың жас
ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен,
яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма
балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей
наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан
педагог әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай,
тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім
білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші
қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады.
Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы
орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың ісінде
жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудың қажет екенін
сезінеді.
Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсеткен белсенділігіне
қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау педагогтің басты
міндеті.
5 Бала туралы синтездік, комплекстік ғылым болып табылатын педогогика
ғылымының басты "айыбы"- балалар мәселелері мен әр типті балабақшатердегі
шәкірттердің жан жүйесін зерттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс
пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы түрліше болып,
әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары,
біреуде төмен болады," - деген тұжырымдарды жалған деп есептелуі.Педагогика
бала туралы ғылымдарды: психология, педагогика, физология, психотехника,
т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты
мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмұхамедұлының
педогогика саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік
тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп жерге
түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық
құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік
жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға
шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы
себеп болған.
6 Жас ерекшеліктері туралы ұғым.
Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері
деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас
ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің
және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын
атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі
кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің
ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне
байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып,
ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас
ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің
бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп
түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен
тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін
іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие,
қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың
бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді,
олай болса, оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға
жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін
педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер
Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау,
ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы
жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде
қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан
елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады
және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын
құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір
педагог-маман орта балабақша балаларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге
сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі
шарт.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Педагогтің
баламен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына
көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе
- баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк
заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз
болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн
ұғым.
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектепке дейінгі
мекемелерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа
тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Халықтық
дүние-танымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан
таратылады. Адам еңбек етуде жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес.
Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер ететін мынадай факторлар
бар: жыныстық қатынастарды реттеу, қандастарды өлтіруге тыйым салу,
әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар
арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтардың
қалыптасуы үшін жүйелілік және тұлғалық мүшелерінің ара салмағын дұрыс
айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеуметтік қатынастардың жемісі деп
қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады. Адамгершілік құндылықтарын
қастерлеу шарттарының біріне жатады. Оның басты әдептік баптары
төмендегідей:
- барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;
- азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне,
сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей
өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті
болып табылады.
Сонымен қатар, адамгершілік құндылықтар қандай сапада болмасын немесе
басқа құбылыстарды тек бейнелеп қана емес, сонымен қатар өнегелі баға-
лайды, оларды мақұлдайды немесе салыс-тырады, жүзеге асыруды немесе жоюды
талап етеді, және өз мінез-құлқының мөлшерін көрсетіп, қоғамдық сана
формасы түрінде қарастырылады. Қоғамдық құндылық тұрақты болуға тиісті,
оған ұжымдық жағдайда қарсы хабардар болуы, қоғам мүшелерінің мінез-құлық
стилі таңдауында басқа адамдармен өзара қатынас құруда сенімсіздік туады.
Қазіргі қоғам жағдайында тұрақсыз құндылықтардан тіршілік бағдарын
жоғалтқан оның мүшелерін көреміз.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi
фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы
жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара
қарым- қатынаста болатынын, қайсысы және қашан жетекшi болып шығатыны
туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Адамгершiлiкке
тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек.
Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет
қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы
қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк
мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру
тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады.
Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты
мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп
түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау,
бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға
негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды
саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң
толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра
отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы,
формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола
алады.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль
элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың: Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет
ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер дей келе, ұлттық
адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық
дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты
тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң
халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және
тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып Тәрбие көзi-
халықтық педагогика деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде
жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап
көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика
классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой,
Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан:
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.
Ә.Фараби: Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның
басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының
арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы
ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа
кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны
ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады.
Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогикаға
аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып
үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу
керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы
ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер
етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау
сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.
Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi
мәселесiн қарастыра келiп, балабақша жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң
өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң
жетекшi құралы деп түсiндiрдi.
Педагогтар қызметi мен оқу іс-әрекеттерден тыс уақытта өзара байланыс
жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий,
А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп
бердi.
Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру
мынадай мiндеттердi белгiлейдi:
-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды
қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.
- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке
үйретудi балабақша жасына дейінгі балалардан бастау.
-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй
жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.
“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi
М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.
Балның адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген
емес. Бүгiн де балалардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды
мәселе ретiнде саналады.
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi –
азаматтың, балалардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы.
Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң- деп
жазды философ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz