Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытуға арналған аппликация
түрлері
Орындаған:
3а КДО тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім:
І. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық
зерттеулері
1.1.Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың
өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау процесі дамуының
негізгі
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3. Аппликация
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытуға арналған аппликация
түрлерімен өткізу ерекшеліктері
2.1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Балалардың ойлауын дамытуға арналған аппликация түрлері мен өткізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.3. Әдістемелік
ұсынымдар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..37
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты
міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз
ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын
жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс
әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қата-
рына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл
міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды
дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың
жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығу-шылық, ойлау әрекетінің
дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашы-лық белсенділік мәселесі
қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объекті-сіне айналып отыр. Ойлау
процесінің жалпы даму принципі мен баланың даралық даму принципін
ұштастыру, оны оқыту процесінде неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты
біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелердің оқыту жүйесінде түрлі
альтернативті бағдарламалар енгізіліп жатыр. Сондықтан, мұндай
жаңалықтардың енгізуі ғылыми негізделген және жан-жақты қамтылған жүйенің
болуын қажет етеді. Біз өзіміздің зерттеу тақы-рыбын таңдауда, осы
себептерді негізге алдық.
Зерттеу объектісі болып мектеп жасына дейінгі балалардың психика-лық
даму процесі табылады.
Зерттеу пәні:
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы кезеңіндегі балалар-дың
оқу процесіндегі ойлауының дамуының неғұрлым ұтымды жолдарын іздестіру және
құралы ретінде аппликацияны қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдар жүйе-сіндегі
педагогикалық үрдіс ғылыми негізделген бағытта дұрыс ұйымдас-тырылса, онда
мектеп жасына дейінгі балалардың қажетті интеллектуалды қабілеттерінің
деңгейі жоғарлайды.
Зерттеудің көкейкестілігі: оқыту тәжірибесінде тәрбиешілердің балалар
әрекетін ұйымдастыру келесі үлгі бойынша жүзеге асырылады: тәрбиешілер
оқушыларға көп жағдайда ойлаудың маңызы төмен,еліктеуге негізделген
қайталау жаттығуларын ұсынады. Бұндай жағдайларда ойлаудың тереңдігі,
сындарлығы, икемділігі сияқты, оның өзінділігінің маңызды қырлары болып
табылатын қасиеттер жеткілікті түрде дамымайды.
Зерттеу міндеттері:
1.Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық
зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдарды қарастыру
2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың
өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыру
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі
критерийлерін анықтау
4.Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту
жолдарын жүргізу
5. Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу
арқылы зерттеу
6. Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар) жүргізу
Жетекші идея: мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытудың
психологиялық негіздерін қалыптастыру міндетті түрде өзінің жалғасын табуы
керек.Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының жетекші құралы
болып саналады. Және оны дамытуда аппликацияны қолдану қажет етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін философтардың,
психологтар мен педагогта рдың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің
рөлі туралы білімнің мәнін, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының
дамуын қалыптастыру проблемасын зерттеудегі тұлғалық-әрекеттік көзқарасын
ашып көрсететін тұжырымдамалар құрайды.
Зерттеудің көздері: Ғалымдардың зерттеу проблемасына сай еңбектері; ҚР
ресми материалдары (заңдар, Конституция, қаулылар), ҚР Білім министрлігінің
мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жөніндегі құжаттары (конституция,
стандарт, реформалар, бағдарламалар); этнопедагогикалық еңбектер.
Зерттеудің әдістері:
1. Педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау;
2. Педагогикалық белгілеу экспериментін жүргізу;
3. Бақылау, талдау, әңгіме, анкета.
4. Жиналған материалдарды өңдеу.
5. Тәрбиешілердің құжаттарымен танысу болып табылады.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
✓ Өзара байланысының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде
ашылды;
✓ Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру
механизмі жасалды;
✓ Мектепке дейінгі балалардың ойлауының дамуының психологиялық
жіктемесі негізделді және олардың психологиялық ойлауын
қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды;
✓ Мектеп жасына дейінгі балалардың қалыптастырудың моделі жасалды
және оны жүзеге асырудың психологиялық шарттары айқындалды.
Зерттеудің базасы. Тәжірибелі- эксперимент жұмысы
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

өзіндік ерекшеліктері
Мектеп өмірінің мектепке дейінгі жастағы балалардың кезеңі қазіргі
уақытта 3-4 жастан 5-6 жасқа дейінгі жас ерекшелік диапазонын қамтиды. Бұл
кезеңде баланың жүйелі оқуын қамтамасыз ететін физикалық және
психофизикалық дамуы жүріп жатады. Ең алдымен, жүйке жүйесі, бас миының
жұмысы жетіле түседі. Физиологтардың айтуынша, 6 жасқа қарай үлкен жарты
шар қыртысы едәуір жетіледі. Бірақ қыртыстың реттеуші функциясының
жетімсіздігі бұл жастағы балалардың әрекетінен, эмоциясы-ның
ұйымдастырылуынан байқалады: мектеп жасына дейінгі балалардың ұзақ уақыт
зейінін тоқтата алмайды, өте қозғыш, эмоционалды. Мектеп жасына дейінгі
кезеңінде түрлі балаларда психофизиологиялық дамудың бірдей еместігі
байқалады. Сондай-ақ ұл балалар мен қыз балалардың дамуында қарқынды
өзгерістер болады.Көп жағдайда қыз балалар ұл балаларға қарағанда неғұрлым
алдыда. Бұл туралы кейбір психологтар (келесі қорытындыға келеді)
негізінде мектеп жасына дейінгі кезеңінде бір партада әр түрлі жастағы
балалар отырады деп қорытынды жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқудың
басталуы баланың дамуындағы әлеуметтің жағдайының түпкілікті өзгеруіне
әкеледі. Ендігі уақытта ол қоғамдық субъект бола бастайды және әлеуметтік
мәні бар, орындалу нәтижесіне қоғамдық баға берілетін міндеттерді мойнына
ала бастайды.
Мектепке жасына дейінгі кезеңінде негізгі әрекет ойын әрекеті болып
табылады. Ойын әрекеті осы кезеңдегі балалардың психикалық дамуының негізгі
өзгерістерін анықтайтын болады. Ойын әрекетінің негізінде балалар-дың
дамуындағы маңызды жетістіктермен белгіленетін психологиялық жаңа
құрылымдар қалыптасады. Ал жаңа құрылымдар келесі жас кезеңінің қалыпты
дамуын қамтамасыз ететін іргетас болып есептеледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар кезеңінде қоршаған орта адамда-рымен
қарым-қатынастың жаңа типі қалыптаса бастайды. Үлкендердің шартсыз беделі
төмендей түседі де, бала үшін оның құрбыларымен қарым-қатынасы жаңа маңызға
ие болады.
Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балалардың орталық жаңа құры-
лымдары келесі факторларды құрайды:
- іс-әрекет және әрекетті шартты түрде бағыттаудың дамуының сапалы
жаңа кезеңі;
- рефлексия, анализ (сараптау), әрекетті іштей жоспарлау;
- сыртқы орта заттары мен құбылыстарына жаңа танымдық қатынастың
дамуы;
- құрбы-құрдас топтарына ориентация.
Э.Эриксонның концепциясы бойынша, 2-5 жас аралығы балаға еңбек
сүйгіштікке бағытталған еңбек өміріне тартуды қамтамасыз ететін жүйелі
білім мен дағдыны беру кезеңі болып табылады.
Маңызды жаңа құрылымдар психикалық дамудың барлық сфераларында көріне
бастайды: интеллект, жеке тұлға, әлеуметтік қатынас жаңа өзгеріс-терге
ұшырайды. Бұл процестегі ойын әрекетінің негізгі ролі мектеп жасына дейінгі
балалардың басқа да іс-әрекетке қатысатындығын жоққа шығармай-ды. Барлық
таным процестерінің түрлі іс-әрекетпен айналысуы-ның нәтиже-сінде жалпы
ерекшеліктері олардың (таным процестерінің) шарттылығы, өнімділігі және
тұрақтылығымен анықталуы тиіс.
Л.С.Выготскийдің пікірінше, мектеп жасына дейінгі балалардың жасы-ның
ерекшелігі болып олардың іс-әрекет мақсаттары көбінесе үлкендер тарапынан
қойылатындығында. Баланың нені істеуге болады, нені істеуге болмайтындығын,
қандай тапсырманы орындау керек, қандай ережеге бағыну керектігін
тәрбиешілер және ата-аналар анықтайды. (9,68) Бұл типтегі жағдаяттардың
бірі – баланың белгілі бір нұсқауды немесе тапсыр-маларды орындауы.
Берілген тапсырманың негізін, маңызын, меңгерме-гендіктен тіпті үлкеннің
тапсырмасын орындауға құлшыныспен кіріскен баланың өзі тапсырманы орындай
алмайды, бастапқы қызығушылығын жоғалтады немесе оны мезгілінде орындауды
ұмытып кетеді. Балаларға тапсырма беруде белгілі ережелерді орындаған
жағдайда ғана бұндай қиыншылықтардан айналып өтуге болады.
Я.Л.Коломинскийдің есептеуінше, егер баллада 4-5 жасқа қарай өз
қатарластарының бірімен достық қарым-қатынас орнайтын болса, онда бала
құрбысымен әлеуметтік қатынас орната алады, орнатылған қатынасты ұзақ уақыт
жалғастырады және қарым-қатынас ол үшін керек әрі қызықты 4 пен 5 жас
аралығында бала дос деп, өзіне көмектесетін, өтінішін орындайтын-дарды
санайды. Баланың біртіндеп мектепке дейінгі ұйымдағы шындығын меңгере
бастауына қарай, онда қатарласындағы өзіндік қатынастардың жүйесі
қалыптаса бастайды. Бұл жүйенің негізін эмоционалды қатынастар құрайтын
болады.
Көптеген отандық психологтардың зерттеулерінде үлкендердің баладағы өз
әрекет қылығын өзбетімен басқара алу қабілетін қалыптастырудың маңызды
шарттарын айқындайды. Ол шарттарды келесідегілер көрсетеді:
1) балада жеткілікті түрде күшті және ұзақ жасалатын әрекет-қылық
мотивінің болуы;
2) шектеулі мақсаттың енуі;
3) меңгерілетін әрекеттің күрделі формаларының өз беттілігін және
үлкен емес әрекеттерге бөлінуі;
4) әрекет қылықты меңгеруде тірек болатын сыртқы құралдардың болуы.
Ал баланың шартты әрекет қылығының дамуының негізгі болып үлкендердің
араласуы, олардың дұрыс бағыт беруі табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін меңгеруіне қарай оның
психикасының жаңа әрі маңызды қасиеттері қалыптасады.
Тәрбиешілердің жетекшілігімен жұмыс істеу, ұжымдағы өмір, өзінің әрекет-
қылығын арнайы талаптарға бағындыру қажеттілігі психикалық процестердің
ерекше қасиеті болып табылатын шарттылықтың дамуына әсерін тигізеді. Оқу
міндеттерін шешу барысында, мектепке дейінгі жастағы баланың алдында өз
әрекетінің нәтижесін аңғару, олардың тәртібін жоспар-лау, мақсатқа жетудегі
түрлі құралдарды көздеу қажеттілігі туындайды.
Бұл тек қана әрекетті іштей жоспарлау мен орындай алу қабілетінің
дамуында ғана мүмкін болады.
Әрі қарай оқу барысында үнемі әрекетін сараптау, бағалау дағдысының
болуы керек. Әрекет нәтижелі болды ма, міндетті шешуде олардың көме-гімен
болды ма деген мұқтаждарға жауап іздеу дағдысының болуы әсіресе мектепке
дейінгі жастағы бала үшін өте маңызды. Бұндай дағды өзіне-өзі сұрақ қою
рефлексияның негізінде жатыр. Өзіне-өзі сұрақ қою рефлексия-сының
теориялық ойлаудың болуы мүмкін емес.
Шарттылықтың, әрекетті іштей жоспарлау және рефлексия сияқты
психологтардың айтатын мектеп жасына дейінгілердің жаңа құрылымдары негізгі
психикалық процестер: оның қабылдауы, қиялы, есі, ойлауын жаңа сәулемен
нұрландырғандай болады. Бұл психикалық процестердің дамуы олардың
шарттылығының, басқарылатындығының, саналылығының өсу белгісімен жүзеге
асып жатады. Мектепке дейінгі ұйымдағы жүйелі оқыту-дың басталуымен балаға
берілетін ақпарат ағымы және оны өңдеу қажеттілігі өрши түседі.
Білімді меңгеру мүмкіншілігі жүйке жүйесінің дамуына сүйенеді. Баланың
психикасының саулық ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Білуге деген
құштарлық қоршаған дүниені тануға бағытталады. Ойнай отырып себеп-салдарлық
байланыс пен тәуелділікті орналықси иеледі. Не нәрсенің суға бататынын,
ненің батпайтынын ол өзі біле алады. Қоршаған орта туралы онда сансыз
сұрақтар туады. Ойлауы жағынан бала неғұрлым белсенді болса, соғұрлым
сұрақтарды да көп қояды.
Балада білуге деген талпыныс білімді меңгеру неге?, қалай?, нелік-
тен? деген сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол түрлі жағдаяттарды елестейт,
сұрақтарға жауапты мүмкін болатын жол арқылы табуға тырысады. Мектеп жасына
дейінгі бала кейбір міндеттерді шешуде, өзіне шақтап, дәлдеп шешу-ге
тырысады. Ол өзіне шындықтағы жағдаятты елестетіп, өз қиялында әре-кет
еткендей болады. Бұндай ойлау – көрнекі - бейнелі ойлау деп аталады.
Бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының негізгі түрі
болып саналады. Әрине, ол жеке жағдайларда логикалық түрде ойлайды. Бірақ
бұл жас кезеңі көрнекілікке сүйенетін оқытуда сензитивті кезеңі. Ғылыми
білімді меңгерудегі сөз-логикалық ойлау, танымдық процестердің барлығын
қайта жасайды: бұл жаста ес талқылаушы, ал қабылдау – ойлаушы бола
бастайды (Мурчаковский Н.И. Типы неуспеваемости школьников Советская
педагогика, 1955 № 7). Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы
эгоцентризммен ерекшеленеді. Бұл түрлі проблемалы жағдаяттарды шешуде
қажет білімнің жоқтығымен шарттас ерекше ойлау позициясы болып табылады.
Бала өз бетімен, өз тәжірибесі арқылы заттардың ұзындық, көлем, салмақ
сияқты қасиеттерінің сақталуын аша алмайды. Жүйелі білімнің жоқтығы,
ұғымның қалыпты деңгейде дамымауы, бала ойлауына қабылдау логикасының
басымшыл-дығына әкеледі. Сондықтан, балаға судың, құмның, пластелиннің
бірдей мөлшерін бағалау қиындық туғызады. Бала заттардың өзгеру сәтіндегі
нені көріп тұрғандығына тәуелді болып қалады. Л.С.Выготский бойынша, оқудың
басталуымен ойлау баланың психикалық дамуының орталығына ауысады және басқа
психикалық функциялар жүйесінде анықтаушы процеске айналады. Баланың ойлауы
осы кезде дамудың ерекше этапында болады.
Баланың қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсен-ділігі,
оның зейінінің зерттеленінуші объектіге қызығушылығы біткенше ұзаққа
ұйымдастырады. Егер ол оған деген өте маңызды ойынмен айналы-сатын болса,
онда ол екі немесе үш сағатқа дейін ойнай алады. Сондай-ақ, зейінінің
тұрақтылығы өнімді іс әрекеттерде (бейнелеу, құрастыру және тағы басқа)
байқалуы мүмкін. Ал егер, оны қызықтырмайтын іс-әрекеттерде оған зейінін
тұрақтатуға тура келсе ол шаршап, жалығып, өзін тіпті бақытсыз сезінуі де
мүмкін.
Зейінін ұйымдастыруда балаға үлкендер тарапынан көмек көрсетілуі тиіс.
Зейінді ұйымдастыруда үлкендер сөздік нұсқаулардың көмегін пайда-лануға
болады. Оған берілген әрекетті орындау керектігін оларға айта оты-рып,
оларға әрекет нұсқаулары беріледі (Мысалы, Балалар! Альбомдарыңды ашыңдар.
Қызыл түсті қарындашты алып, сол жақ жоғары бұрышқа – мына жерге дөңгелек
саламыз...). Мектеп жасына дейінгі баланың өз әрекетін өзі де жоспарлай
алады және жұмысты орындауда не істеу керектігін қалай істеу керектігін
және сөзбен айта отырады. Жоспарлау, баланың зейінін ұйымдастырудың бірден-
бір құралы болып табылады. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі бала өз әрекет-
қылығын ырықты түрде реттей алғанымен, ырықсыз зейін басым болады. Балаға
бір қалыптағы, тартымдылығы төмен іс-әрекетке зейінін тұрақтата алу өте
қиын. Зейіннің бұндай ерекшелігі ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет
формаларының жиі өзгертілуін талап етеді. Әрине, олар зейіннін
интеллектуалды сұрақтарды шешуде тұрақтай алады, бірақ зейін өте тез
сарқылып қалу мүмкін. 4 тен 6 жасқа дейін зейіннің дамуында айтарлықтай
алдына жылжу байқалады. Мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің бірінші
айларында оқудың оқу процесінің өзіне емес, оған байланысты нәрселерге
қызығудан басталып, бірте-бірте мектепке дейінгі ұйымдарда оқытылатын
салаларға (біреуіне-аз мөлшерде, ал біреуі– көп мөлшерде) қызығушылықтары
ұлғайып, тартыла бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің
механизмі әлі де әлсіз болады. Сондықтан бұл жастағы оқушыларға зейінін
ұзақ уақыт шоғырландыру қиынға түседі.
Бірақ 5-6 жасқа қарай ырықсыз зейін балада үлкендердегідей бола
бастайды. Ендеше, мектеп жасына дейінгі кезеңде, бұны мүмкін ететін айтар-
лықтай өзгерістердің жинақталып жатқандығы. Бұл өзгерістердің себебі неде,
механизмі қандай? Бұл себептер, электрофизиологиялық зерттеулердің
қорытындысына бойынша, үлкен жарты шар қыртысының жетілуімен және оның
сыртқы әсерге реактивтілігімен байланысты қыртыс-қыртыс асты өзара
байланыстың өзгеруінде жатыр. Ырықсыз зейін баланың қоршаған ортамен
байланысқа түсуі үшін өте маңызды. Ырықсыз зейін баланың ең бастысы
қызығушылығына тәуелді.
Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің бірінші күнінен бастап ол
оған тікелей қызығушылық туғызбайтын ырықты зейінді талап ететін істермен
айналысады. Ал бұл кезді, сырттан келетін ақпараттың күрт өсу жағдайында
қабылдаудың қалыпты деңгейде дамуы үшін өте қажет. Зейіннің бұл түрінің
қалыптасуы үшін бала әрекетін ұйымдастыру, оған бағыт беру, талап қоюдың
маңызы өте зор. Ес процесіне келсек, Е.Е.Данилованың пікірінше, мектеп
жасына дейінгілердің кезеңінде басқа психикалық процестер сияқты ес процесі
де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістердің мағынасы балада ес
біртіндеп саналы түрде реттеуге болатындай ерікті бола бастауында.
Баланың есте сақтай алмауы оның ойын әрекетіне, түптеп келгенде мектепке
дейінгі ұйымда оқуға деген қатынасына теріс әсерін тигізеді. Мектеп жасына
дейінгі баладан көлемі жағынан шағын материалды қайта жаңғырту талап
етіледі, жай есте сақтау тәсілі оқу материалын алып кетуге мүмкіндік
береді. Бірақ, өкінішке орай көп жағдайда бұл тәсіл мектепке дейінгі ұйымда
оқудың бүкіл кезеңінде жалғыз болып қалады. Бұл баланың мектепке дейінгі
жасында мағыналық есте сақтаудың тәсілдерін меңгермегендіктен, логикалық ес
қалыпты деңгей де қалыптаспауымен байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі
балаларда логикалық естің дамыту процесі арнайы түрде ұйымдастырылған болуы
қажет. Өйткені, көп жағдайда балалар өз бетімен материалды мағыналы түрде
талдау тәсілдерін қабылданбайды, керісінше есте сақтау мақсатында
қалыптасып қалған қайталау тәсілін пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі жағдаяттарды өздері туғызады
және бұл жағдаяттарда олар өзінің ең тамаша қасиеттерін байқата алады. Ойын
кезінде қиял қалыптаса отырып, с-әрекеттің басқа түрлеріне айналады.
Әсіресе бұндай құбылыс бейнелеуде, баланың тақпақ, ертегі құрастыру-ларында
ерекше байқалады. Балалардың шығармашалығында келесі жағдай-ларды байқауға
болады: бір балалар қайта жасауға бейімді болса, басқалары – фантастикалық
бейнелер мен жағдаяттарды жасауға бейім болады. Егер балада сөйлеуі мен
қиялы жақсы дамыған болса, түрлі сюжеттерді ойлап тауып, оны
әңгімелеуге, тіпті импровизация жасауға, қызығушылықпен, өз ісіне рахат
сезіммен кіріседі. Үлкендер өміріне қарағанда қиял бала өмірінде үлкен роль
атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі – бұл оқушы тұлғасы мен
санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан
мектепке дейінгі ұйымдағы білім-үздіксіз білім берудің алғашқы, басқышы,
қиын да жауапты жұмыс. Балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,
яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәде-ниетіне үйретеді. Дамыта
оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-
жақты дамыту.
Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамыту,
жаңа рухани күш беру білімінің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау
мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі
болады.
Бейімділік-оянып келе жатқан қабілетіттің алғашқы белгісі. Баланың
шығармашылық қабілетін дамытуда мектепке дейінгі мекеме ғана мақсаты түрде
ықпал ете алады. Балалардың шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығарма-шылық
қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-
тәсілдер қолдануға болады.
1. Тақырыптың мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру.
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар берілген тапсырмаларды шешу.
4. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольге бөліп ойнау.
5. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жұмыс түрлері.
1. орталық мұражайға апару
2. әр түрлі кездесулер өткізу.
3. әр түрлі тақырыптарда сайыс өткізіп алынған әсерлері бойынша ауызша
айту
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды шығармашылыққа баулуға,
бала бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын дамытуға, өз
бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу-баланың
шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады. Мысалы, қазақ
тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге,
әңгіме айтуға, шағырма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы баланы бір жағынан
ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушы-лығын оятып шығармашылық
қабілетін арттыруға белсенділікке ынталан-дырады.
Мысалы:
1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз
шығатын сөздерді теріп жаз.
Қарын Қала Дархан
Мұз Бұлақ Есек
Қысым Сүт Киім
2. Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір әріп бір сөзде екі рет
қайталанбауы тиіс.
1. асық 5. Мал
2. ұзақ 6. Мұз
3. бас 7. Бұлақ
4. бақ 8. лақ т.б.
Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар балалардың шығармашылық
қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі
кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың
негізінде қалыптасады,ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді
меңгеруге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған бұл жастағы балалардың жалпы
және таным процестерінің қарқында дамуы бұл кезеңнің жоғары
сензитивтілігін көрсетеді және баланың жан-жақты дамуының потенциалды
мүмкіндіктерін анықтайды.
Үлкендердің мектепке дейінгі бала жасындағы балалармен жұмыс кезіндегі
негізгі міндеті - әр баланың жекелігін (индивидуалдылығын) ескере отырып,
олардың мүмкіндіктерін ашудың және жүзеге асырудың оптималды шарттарын
жасап беру.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекетінің өзгеруі, сондай-ақ
оның анатомиялық-физиологиялық даму ерекшелігіне байланысты олардың
психикалық дамуында да көптеген өзгерістер болады. Осы кезеңдегі таным
процестерінің: түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, қиял, сонымен қатар
зейіннің өзара байланысы ерекше. Бұл туралы өзінің зерттеу жұмыстарын
қорытындылай келе, Л.С.Выготский былай дейді: ...оқудың басталуымен ойлау
баланың психикалық дамуының орталығына ауысады және басқа психикалық
процестер жүйесінде анықтаушы процеске айналады. Баланың ойлауы осы
кезеңде дамудың ерекше этапында болып, басқа таным процестерінің дамуымен
өзара тығыз байланыста болады.

негізгі критерийлері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау ерекшеліктері, қалыптасу
механизміне тоқталмас бұрын таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік
ерекшеліктерін қарастырып өтуді дұрыс деп ойлаймыз.
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп ақпарат арқылы тек сыртқы дүние
көріністерін нақтылап қоймай, қабылданған заттардың өздері жоқ болса да,
олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай
болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр-ой қанатын ерттеп, әлем мен
мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адам-зат
мүмкіндігі. Қоршаған орта шексіз, осыған сәйкес дүниені танып білу де
шексіз. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы. Ендеше, ойлау –
болмыстық, құбылыстық байланыс қатынастырының мида жалпылай және жанама
түрде бейнелеуі.
Сонымен, тікелей танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау арқылы
білеміз. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың
басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдегі тануға бағытталған
ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес,
сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді, бірақ қатынастар тек ойлаумен
ғана көрініп қоймайды.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан
кездейсоқтардың болуымен ойлау жалпыдан жалқыға келеді. Кеңістік пен уақыт
аймағында шектелген жеке дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған
байланыстар жалпылық сипатқа ие болады, ал әр қандай мән кездейсоқ
жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметі осы
мәнді байланыстырды ашумен, оларды қорытындылап, жалпы-лау; ойлау, осыдан
жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану
жолындағы психикалық әрекет желісі. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар
мен қатынастарға негізделген объективті шын-дықтың қорытындысы. Ойлаудың
табиғи негізін түсіндіре келіп А.В.Бруш-линский былай дейді: Мышление
можно определить, как неразрывно связанный психический процесс
самостоятельного искания и открывания существенно нового, то есть
опосредованного обобщенного отражения деятельности в ходе ее анализа и
синтеза, возникающий на основе практи-ческой деятельности из чувственного
познания и далеко выходящий за ее пределы.Бұнда айтылған таным әрекеті
ретінде ойлаудың ықпалды қимылмен тығыз байланысы,оның мектеп жасына
дейінгілердің даму ерекшеліктеріне алдыда толық тоқталамыз.
Ойлаудың физиологиялық негізі болып мидың анализдік – синтездік
қызметі және бұл екі сигнал жүйесінің қатар жұмыс атқаруы арқылы жүзеге
асады.
Ойлау әрдайым белгілі бір мазмұнға ие. Оның мазмұнды компоненттері
болып бейнелер, елестетулер, теориялық және эмпирикалық (тұрмыстық)
ұғымдар, символдар, сызбалар және т.б. болып табылады. Бейнеде бір
мезгілде негізгі перцетивті категориялардың (кеңістік, қозғалыс, форма
және т.б.) қатысуымен болатын шындық біртұтастығы бейнеленеді.
Қиялдың көрініс беруі немесе естегі қайта жаңғыртудың негізінде
туындайтын заттың немесе құбылыстың бейнесі. Ойлаудың операциялық
компоненттері болып ойлау операцияларының қызметтерінің жүйесі кіреді.
Олар: анализ (талдау), синтез (топтастыру), салыстыру, абстракциялау
(дерексіздендіру) жалпылау және нақтылау тәсілдері. Бұл қызметтердің
әрқайсысы таным процесінде белгілі бір нақты функцияны орындап, өзара тығыз
байланыста болады. Бұлардың жалпы операциялары ақыл-ой қызметіндегі
біріккен тәсілде біріктірілуі мүмкін. Тәсіл дегеніміз белгілі бір міндетті
шешуде ұйымдастырылған анализ, синтез, абстракция, жалпылау қызметтерінің
жүйесі.
Оқу тәжірибесінің алдында ойлау қызметінің тәсілдері меңгерту міндеті
қойылады.Тәсілдерді меңгеруі бірінші, мектеп жасына дейінгілердің онымен
талысуы арқылы екіншіден, түрлі материалдарда сәйкес тәсілдерді қолдану
жаттығулары арқылы, үшіншіден жаңа міндеттерді шешуде тәсілдерді ауыстыру
арқылы жүзеге асады. Осылайша, ой тәсілдерінің қалыптасуы шамамен келесідей
тәсілдігі мазмұынын меңгеру, тәсілдерді өз бетімен қолданылуы, жаңа
жағдаятқа көшірілуі. Психологияда ойлау былайша түрде классификациялау
(топтастыру) қабылданған.
- Ойлаудың мазмұнына қарай:
- практикалық іс-әрекеттегі затты-әрекеттік ойлау;
- қабылдау және елестету байнелеріне сүйенетін көрнекі-бейнелі ойлау;
- ұғым мен сараптауға сүйенетін сөзді- логикалық ойлау түрлері бар.
Шешілетін міндеттің сипатына қарай практикалық іс-әрекетті шешуде
туындайтын міндеттерді шешуге бағытталған практикалық ойлау, теориялық
міндеттерді шешуге бағытталған теориялық ойлау түрлері бар.
Жаңашылдық және қайталанбастығына оригиналдығына қарай: репродуктивті
немесе шаблонды (қайта жасаушы ойлау) шығармашыл (өнімді) ойлау түрі, бұнда
жаңа идеяларды туындатуға бағытталады және оның нәтижесінде қандай да
мәселе, проблеманың қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің
жетілген әдісі жүзеге асады.
Біз ойлау түрлерінің ішіндегі мектеп жасына дейінгі балаларға тән нақты-
әрекеттің ойлау, көрнекі-бейнелі және сөз-логикалық ойлау түрлері-нің даму
ерекшеліктерін қарастырамыз.
Ойлаудың бұл түрлерінің дамуына қарастыруда тұлғаның дербестік-терін
ескеруіміз қажет. Олар:
1. ойлаудың белсенділігі – кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз
бетінше ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра
алумен байланысты;
2. ойлаудың ауқымдылығы – қойылған проблеманы тұтастай көре біліп,
оған байланысты болмыс сырларын көптеп қамтып, өткенді, қазіргі мен
болашақ жағдайларды ұштастыра алу қабілетімен байланысты;
3. ойлаудың сындарлылығы (критичность) – терең сын талдауында
көрінетін оң не қарсы тараптарын таразылауда байқалады;
4. ойлаудың икемділігі - әрқандай субъектінің қандай да мәселе бойын-
ша қатып қалған көрсетпелер (шаблон) мен бұрыннан қалыптасқан әдістер-дің
құрсауында қалып қоймай, жағдайлар өзгерісіне қарай жылдам да жаңа
шешімдерге иеле алудан көрінеді.
Бұл жерде ойлаудың түрлері, қызметтері және жеке дара ерекшелік-терін
айта отырып, келесі жайтты естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзі
емес, адам, біртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам
деңгейінде қалып жатқанының куәсіміз, сондықтан әр қандай ұшқыр ойдың
белсенді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз ой қызметін пайдалы, өнімді
әрекетке жұмсағаны дұрыс, - дейді өз еңбектерінде Сәбет Балтаұлы Бап-
Баба.
Ойлау – сыртқы орта заттары мен құбылыстарын бейнелеудің күрделі
формасы
Ойлау – жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген объективті
шындықтың қорытындысы
Ойлаудың физиологиялық негізі – мидың анализдік – синтездік қызметі
және бұл екі сигнал жүйесінің қатар жұмыс атқаруы арқылы жүзеге асады.
Ойлаудың түрлері, формалар және ойлау операцияларының даму ерекшелігі
жеке тұлғаның дамуымен тікелей шарттас.
1.3. Аппликация түсінігі
Аппликация – жапсыру бейнелеу өнерінің декорациялық түрі: Аппликация
(латынща applicatio –салу)дегеніміз кез-келген материалдан кесіліп алынған
әр түрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып
тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі. Аппликацияға неше
түрлі материалдар пайдаланылады: былғары, киіз, шұға, ағаштың қабығы, тері,
мата, ши, қағаз. Біздің көп ұлтты еліміздің әр түрлі халықтары аппликацияны
ұлттық костюмдерді, тұрмыс және үй заттарын безендіруге қолданады. Қағаздан
аппликация жасау 16 ғасрда пайда болады да, келесі жүз жылдықта бұл өнер
оннан әрмен қарай дами түст, 17 ғасырдың басында Францияда қағаздан
жасалған силуэт модаға айналды да, аз уақыттың ішінде ол Еуропаның барлық
елдеріне және Россияға кеңінен жайылды. Үй қабырғалары шағын силуэттік
портреттермен, тұрмыстық көріністермен безендіріле бастады. Силуэт деген
сөз 17 ғасырдағы Француз чиновнигі Этьен Силуэттің фамилиясынан келіп
шыққан. Ол модаға еліктей отырып, қағаздан өрнек оюмен айналысқан еді. Ол
туралы неше түрлі оқиғалар айтылып та жүрді, бір күні тіпті оған бір
суретші тәріздендіріп карикатура салды. Бұл бейнелеу әдісі силуэт деп
аталып кетті. Силуэт өнері Альбрехт Дюрер, Петер Пауль Рубенс сияқты
көптеген маман суретшілерді де қызықтырды. Бұл өнерге атақты ертекші Ганс
Христиан Андерсен де еліктеді. 19 ғасырда Россияда Ф.И.Толстойдың
силуэттері кеңінен жайылды, ол әр түрлі мазмұнды көп фигуралы
композициялар жасады. Силуэт өнері 20 ғасырдың суретшілері
М.В.Добужинскийді, К.А.Сомовты да қызықтырды. Г.И.Нарбут, Н.В.Ильин
Е.С.Кругликов сияқты суретшілер бұл өнердің аса ірі шеберлері болып
саналады. Көптеген графикші-суретшілер қазіргі уақытта да силуэтті
экслибристер, плакаттар жасауда, кітаптарды безендіруде көркемдеуші құрал
ретінде табыспен пайдалануда. Аппликация –мектепке дейінгі жастағы балалар
іс-әрекетінің бір түрі. Апплкация –бейнелеу іс-әрекетінің балалар сүйетін
бір түрі:балаларды қағаздың ашық түсі, фигуралардың сәттілікпен үйлесімді
орналасуы қуантады, қию мен жапсырудың техникасы оларда үлкен қызығущылық
тудырды. Балалар аппликациялық жұмыстарды орындай отырып, жаңа нәтижелерді
игереді, басқа сабақтарда алған ұғымдарын қалыптастырады. Бейнелеу іс-
әрекетінің барлық түрлері, соның ішіне аппликация да кіреді, балаларда
белгілі бір білімнің қалыптасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке
бастың тәрбие ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы білімді
меңгеруге мүмкіндік береді.Қиылған формаларды әрлі- берлі жылжытуға, бір
форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстыруға аппликацияның мүмкіндігі
мол. Бұл композициялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмектеседі, ол
тек сюжетті немесе декорациялық аппликацияны жасау үшін ғана емес, сондай-
ақ сурет салу үшін де маңызды. Формамен таныстыруды шеңбер мен квадраттан
бастаған дұрыс,өйткені олар, әсіресе шеңбербалалардан қағаз бетінде күрделі
кеңістік бағдар жасауды қажет етпейді: шеңберді қалай салсаң да, бәрібір
дұрыс жатады. Қағаз түстерін меңгеру үшін балаларға өте қарама-қайшылық
түстерді беру керек: қызыл- жасыл, сары-көк. Балаларға жолаққа, квадратқа,
шеңберге қарапайым өрнек жасауды ұстана отырып, басына бір түсті, соңынан
бір түсті, формасы мен көлемі әр қилы түрлі фигуралдарды берген жөн.
Балаларға заттық бейнелеуді құрастыруды үйретуді екі-үш бөліктен тұратын
қарапайым заттардан бастап, біртіндеп күрделендіре беру керек. Оюлы және
заттық аппликацияны жасай отырып, балалар кеңістіктегі фигуралардың әр
түрлі қозғалысын білдіретін сөздерді біртіндеп меңгерулері және ол
білімдерін іс-әрекетте пайдалануы керек. Заттық аппликацияның қарапайым
болғаны дұрыс. Балалар заттық бейнелеуді, жапсыруды шеңбер, квадратты
пайдалана отырып, үйренеді; жолмен дөңгелеп бара жатқан шариктер, ауа
шарлары, түрлі- түсті жалаушала, жіпте ілулі тұрған орамалдар. Балалармен
аса күрделі емес декорациялық аппликация жолақты, төртбұрышты және шеңберді
пайдалану негізінде жүргізіледі.

2.1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауының дамуы оның жеке
тұлғалық, әсіресе танымдық сфералық маңызды бір қыры болып табылады.
Адамның ойлауына түрлі құбылыстар арасындағы қатынас пен байланысты
белсенді іздестіру, оның негізгі сипаты екендігін жоғарыда айтылып өткен-
дей тура танып білуге болмайтын байланыс қатынастарды өңдеу ойлауды
түйсік және қабылдаудан ерекшелендіреді. Байланыс пен қатынастарды бөліп
алып қарауда әр түрлі әрекет жасауға болады, бір жағдайда заттар арасындағы
қатынастарды анықтауда, оларды реалды түрде өзгерту басқа бейнеге енгізу
керек. Келесі жағдайда заттардың өзін өзгертпей, оларды ойша елестету
арқылы бейнесін өзгерту керек. Ал кейбір жағдайларда заттар арасындағы
қатынасты ойша өзгерту немесе практикалық өзгертуге бармай-ақ, ой
қорытындысы және пайымдау жасы анықталады. Осылайша, көрсетіл-ген үш
жағдайда, адам заттар арасындағы көрінбейтін қатынастарды анық-тайды, яғни
түрлі құралдарды, түрлі тәсілдерді қолдана отырып ойлайды. Бірінші жағдайда
көрнекі-әрекеттін ойлау жүзеге асырылды, өйткені адам қатынасты анықтауда
заттармен әрекетке түседі, практикалық түрде олардың құрамы қасиеттерін
өзгертеді. Екінші жағдайда, көрнекі-бейнелі ойлау жүзеге асады, өйткені,
заттардың өзі емес, заттардың бейнесі арқылы қатынастар анықталады. Үшінші
жағдайда, сөздік-логикалық ойлаудың көрінісін бақылаймыз, яғни заттар
арасындағы қатынастарды анықтауда (заттардың өзі де, бейнесі де емес),
заттардың ұғымын білдіретін сөздерді қолданады. Бұл сөздер арқылы жалпыдан
жалқыға қарай жүретін белгілі логикалық ережелерге сүйенетін пайымдау
жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауы кіші мектеп оқушылары-ның
ойлау ерекшеліктеріне алшақ жатыр және мектепте оқудың алғашқы үш-төрт жылы
балаларда ақыл-ой дамуына үлкен әсерін тигізеді. Егер мектеп жасына
дейінгі балаға, ойлау міндеттерін орындауда ырықсыздық, толық
басқарылмайтындығы басым болып, оларды өздерін қызықтыратын нәрселер туралы
ойлауы тез әрі оңай болса, кіші мектеп оқушылары сияқты талаптар қойылатын
мектепте оқудың нәтижесінде берілген тапсырманы уақытында орындау өзінің
ойлауын басқаруға, керек кезінде ойлауға дағдыланады. Көп жағдайда ырықты
басқаруға келетін ойлаудың қалыптасуына сабақ үстіндегі тірбиешінің дұрыс
берілген нұсқауларының әсері үлкен. Мектепке дейінгі жастағы балалардың
кезіндегі құрбыларымен қарым-қатынастың нәтижесін-де балаларда саналы
түрдегі сындарлы ойлаулары қалыптасады. Нақтырақ айтқанда, сындарлы ойлау
топтағы түрлі міндеттерді шешу жолдарын, олар-дың түрлі нұсқауларын
талқылауда және сол талқылау кезіндегі тәрбиешінің балаларға қоятын
негіздеу, әңгімелеу, дәлелдеу сияқты талаптарының әсерімен жүзеге асады. Өз
әрекеттерін жоспарлау мектепке дейінгі жастағы балаларда оқу процесі
кезінде белсенді түрде қалыптасады. Белгілі бір міндетті шешу балада оқу
бастапқыда міндетті шешу жоспарын жасауға, содан кейін барып оның
практикалы түрде шешуіне әсерін тигізеді. Мектепке дейінгі жастағы баланы
оған талқылау, түрлі пікірлерді салыстыруда, белгілі ой қорытындысын
жасауда міндетті түрде және әр уақытта белгілі бір жүйеге енеді. Сондықтан
да, мектепке дейінгі жастағы балаларда сөздік-логикалық ойлау мектеп
жасындағылардан кейінгілерге тән көрнекі әрекеттік, және көрнекі бейнелі
ойлауына қарағанда қарқынды дамиды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың топтағы сабақтарда балаларда оқу
міндеттерін шешуде логикалық ойлаудың салыстыру, заттардың түрлі қасиеттері
мен жалпылау белгілеріне қарай сөздік белгілерді көрсету сияқ-ты
тәсілдері қалыптасады. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу барысында балалық
ойлауы неғұрлым ырықты, неғұрлым бағдарлы, неғұрлым саналы, неғұрлым
жоспарлы бола бастайды, яғни ойлауда сөздік-логикалық сипат басым бола
бастайды. Әрине бұл кезеңде басқа түрлері де жалғасымды даму үстінде
болады, бірақ негізгі бағыт талқылау, ой қорытындысын жасау тәсілдерін
қалыптастыруда байқалады. Жас мөлшері бірдей балалардың ойлауы әр түрлі
екендігі белгілі, бірқатар балалар практикалық сипаттағы міндеттерді оңай
шеше алады, яғни көрнекі-әрекетті ойлау тәсілдерін қиындықсыз қолдана
алады. Ал кейбіреулеріне белгілі құбылысты елестету, қиялдарды қажет ететін
тапсырмаларды орындау жеңіл тиеді, біреулеріне сөз арқылы ойлау, ой
қорытындыларын жасауға бейім болады. Және бұл әсіресе жалпы ережелерді
шығару, оны нақты жағдайларда қолдануда, түрлі матема-тикалық мысалдарды
шешуде қолданылады. Ойлаудың бұл түрін қолдана алу, мектеп жасына дейінгі
балаларды үш деңгейде қарастырылады. Егер сөздік-логикалық ойлауға сәйкес
күрделі және қарапайым міндеттерді сәтті шешіп, басқа балаларға жеңіл
түрдегі міндеттерді шешуде көмек көрсететін болса, жіберілген қателіктердің
себебін түсіндіре ала және жеңіл мысалдарды ойлап таба алатын болса, онда
ол үшінші деңгей, яғни мектепке дейінгі жастағы баланың ойлауының жоғары
деңгейіне кіреді.
Егер бала жеңіл түрдегі мысалдарды сәтті шешіп, неғұрлым күрделі
мысалдарды шешуде оның шешімін бір тұтас елестетуде қынжылатын болса, онда
ол екінші деңгейге кіреді, яғни балада жоспарлау дағдысы жеткілікті емес.
Егер мысалдарды шешуде оның шарттарын нашар талдайтын болса және оны
шешімін іздеуде шатасатын болса, онда ол ойлаудың бұл түрінің бірінші
деңгейінде. Мектепке дейінгі жастағы кезеңіндегі балалардың ойла-уының
қалыпты деңгейде дамуында сөзден логикалық ойлау басымдылық көрсеткішімен,
толыққанды даму ойлаудың аталған үш түрін де пайдалану дағдысы болғанда
ғана жүзеге асады. Өйткені ойлаудың үш түрінің әрқайсысы ақыл-ойдың сәйкес
қасиеттерінің дамуына көмегін тигізеді.
Көрнекі – бейнелі ойлаудың көмегімен түрлі міндеттерді шешу мектеп
жасына дейінгі балалардың өз әрекеттерін басқара алу, міндетті шешуде кез-
келген емес мақсатқа бағытталған талпыныстарды жүзеге асыру дағдылары
қалыптасады. Ойлаудың бұл түрінің ерекшелігі заттарды қолға алып көруге
болатын, олардың құрамы мен тұруын өзгертуге болатын, кеңістікте түрліше
орналастыруға болатын міндеттерді шешу нәтижесінде туындайды. Затпен жұмыс
істеу кезінде балаға өз әрекетін бағдарлау жеңіл тиген жағдайда, оған өз
әрекетін басқару керек жағдайда практикалық талпыныстарды тоқтату немесе
істі аяғына дейін белгілі нәтижеге жеткенге дейін өз талпынуға мәжбүр ету
соғұрлым оңай болады. Сонымен, көрнекі-әрекеттін ойлаудың көмегімен, ақыл-
ойдың маңызды бір қасиеті болып табылатын мақсатқа бағытталған әрекет жасай
алу, саналы түрде әрекетін басқара алу қабілет-терін дамытуға болады. Ал
бұл қасиеттер мектепке дейінгі жастағы баланың оқу әрекетін қалыптасыруда
ең маңызды қасиет екендігін педагогтар қайымы мойындайды. Көрнекі-бейнелі
ойлаудың өзіндік ерекшелігін келесі мәселе-лерде байқауға болады: көрнекі-
бейнелі ойлаудың көмегі арқылы адам бейнелер мен елестерді реалды түрде
өзгерту мүмкіндігі болмайды. Ал бұл мақсатқа кетуде түрлі жоспарларды
жасақтауға, ойша бұл жоспарларды салыстыруға және керектісін табуға әсерін
тигізеді. Түрлі міндеттерді шешуде көрнекі-бейнелі ойлауда адам нақты
заттардың болмауына орай, заттардың тек бейнесімен ойлау тәсілдерін
қолданады. Бұндай жағдайда мектепке дейінгі жастағы балаға өз әрекетін
басқаруы, тексеруі қиындайды. Сондықтан көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту
жұмыстарының ең басты мақсаты, оның көмегімен әрекетті басқаруда
қалыптастыру болмайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көрнекі-бейнелі
ойлауын коррекция-лаудың басты мақсаты оның көмегімен түрлі жолдарды,
түрлі жоспарларды, мақсатқа жетудегі түрлі варианттарды, түрлі тәсілдерді
қаратыру дағды-ларын қалыптастыру болып табылады. Заттармен ойша әрекет
жасауда мүмкін болатын түрлі варианттардың өзгеруін елестетуде, сол
варианттар-дың әрқайсысын орындауға қарағанда шешімді тез, әрі оңай тауып
алуға болады. Оның үстіне реалды жағдаяттарды бірнеше мәрте өзгертуге
мүмкін-шілік әрдайым бола бермейді.
Сөздік-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі, бұнда адам заттардың
бейнесі немесе өзімен әрекет жасамайды, ал олардың сөз немесе белгілермен
көркемделген ұғымдар арқылы жүзеге асады. Бұл кезде адам заттардың көрнекі
ерекшеліктері мен олардың бейнесінен ауытқып белгілі ережелер арқылы әрекет
етеді. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларда сөздік логикалық
ойлауды дамыту жұмыстарының басты мақсаты, оның көмегімен балаларда
пайымдау, бастапқы ойлардан қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жастағы балаларда көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейне-
лік, сөздік-логикалық ойлаудың өзара байналысы туралы Е.Шаламонның
зерттеулерінен анық байқаймыз. Е.Шаламон мектеп жасына дейінгі балаларға
балалар конструкторы детальдарының көмегімен фотографияда бейнеленген арба
мен машинаны жинақтау ұсынылады. Машина мен арбаны жинақтау келесі
сатылар (этаптар) арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші этап алдын-ала іздестіру әрекеті немесе арба мен машинаны
жасауға арналған конструктордың бөліктері анализдік зерттеу сипатына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz