Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін
қалыптастыру

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім:
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың
теориялық негіздер
1.1 Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып баланы жан-жақты тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық мәдениетке оқыта отырып
тәрбиелеу
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .9
ІІ. Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
2.1.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Мектепке дейінгі кіші топ балаларының табиғатпен қарым-қатынасы
арқылы экономикалық мәдениетті
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3.Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін
тәрбиелеу ... ... ..18
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
3.1. Кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2.Ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен
табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып
отыр.Табиғат –біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзат-
тың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі
уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап
етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек
деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада
рөльдерін бөліп , табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
–қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәр-
биелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Бала-ның
сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу –осы мәселе-лердің
шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйым-дардағы
экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті-балалардың таби-ғаттың әсемдігін
көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйре-ту және
экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары
шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдала-нып қана
қоймай ,оған қамқор болуға,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғат-қа
саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу. Экология-лық
мәдениетті қалыптастыру – адам сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы
қалыптастырудан шығады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру көп
сатылы үрдіс. Н.С.Дежникова экологиялық мәдениетті қалыптастыру
балалардың рухани дамуына дамуына әсер ететін, олардың экологиялық
көзқараста-рын қалыптатыратын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның
ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейін кіші топ балаларының
қоршаған орта-ға деген құнды көзқарастары туралы қалыптасқан білім
жүйелері-мен анық-талады. Кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін
қалып-тастыру отбасы мен балабақшадан нәр алып, дамуы керек.
Зерттеудің мақсаты:
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі
– кіші топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабі-
летін дамыту. Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыру барысында экологияның қай дәрежеде тиянақты-лығын
бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру жөнінде білім деңгейін көтеру;
- Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық білімін дамыту
және шоғырландыру;
- Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың зерттеу әдістемелерін пайдалану;
- Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдение-тінің
қалыптасу деңгейін бағалау;
Зерттеудің әдісі:
-Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетін
дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психоло-гиялық-
педагогикалық әдістемелерді талдау.
-Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетінің
қалыптасу деңгейін анықтауда қазіргі қолданылып жүрген педагогикалық оқу
құралдары мен педагогтар тәжірибесін зерттеу;
-Зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің
жауаптарын талдау пайдалынады.
Теориялық қолданылымы:
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың тиімді үлгілерін табуды және ұйымдатыруды жалпы мектеп
жасына дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетін қалып-тастыру
әрекетін анықтауды жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы: Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына
дейінгі кіші топ балалардың экологиялық мәдениетін қалып-тастыруды
бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту
жолдарына мүмкіндік жасау.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы курстық жұмысымның тақыры-бының
болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар.
Зерттеу пәні: табиғаттану
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте мектеп жасына
дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыру-дың әдіс-
тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принци-пін
басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Мектеп жасына дейінгі балалардың
қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын арттыруда пайдаланатын әдіс-
тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде
талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі мектеп жасына дейінгі балалардың қорша-ған
ортаға деген қамқорлықтарын арттыру туралы ғылыми деректерді кешен-ді
жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі
ұғым-дарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология ғылымдарының классиктерінің
еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу
бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың
теориялық негіздер

1.1 Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып баланы жан-жақты тәрбиелеу
жолдары
Мектепке дейінгі кіші топ балаларына адам мен табиғат арасындағы
қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты
мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төменгі
міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
- педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде
білім деңгейін көтеру;
- балалаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-
аналарына насихаттау;
- әртүлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын
қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгенннен кейін алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу
мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп
алу-ға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте
байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы
осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі адамгершілігі бар,
шығармашылық пен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес.
Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра
отырып, баланың белсенді түрде шығармашылық пен жұмыс істеуі мен
денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну
үшін сұлулықты өз көзі мен көріп, оны қабылдай білу керек.
Бала тәрбие арқылы, кішітердің өнегесі арқылы дүниені таниды,
көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге
неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғұрлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның
болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде
қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елес-
тете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі
міндеттерінің бірі – Балаларды айнала мен таныстыра отырып, оларға
экологиялық тәрбе беру болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда
баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны
қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, таби-
ғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз.
Біздің балабақшамызда тірі табиғаттың кішкентай бейнелі
көрінісін елестеате аласыз. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей
жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып,
табиғат-тың сұлулығын бірге қарсы аламыз.
Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан
жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу
өнерінің сұлулықтарына көшеміз.
Балалармен жұмыс істеу баррыснда сабақ өтілетін бөлме ғана
емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек.
Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның
өмірімен байланывсын сезжіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екен-
дігіне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында
оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұсулық жолында еңбектене
білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолданып отырып экологиялық
тәрбие мәселелерін шешеміз.
Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқы-
лы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай
білуге үйретеміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі
организм-мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды
үйре-неді.
Барлық жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жән-
діктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсім-діктер
мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи
материал мен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер
көп еңбек етуде.
Біздің балабақшада Табиғатты аялай біл атты қалалық семинар,
Табиғат және біз, Күзгі орманға саяхат, тақырыбы бойынша ХХІ
ғасыр көшбасшысы мүшайрасы болып өтті.
Балларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар
жинақталған Табиғат әлемі мұражайының ашылуы, сонымен қатар жаңа
жазғы Көгілдір театр, Қысқы бақтың ашылуы - балалар үшін зор
қуаныш болды.
Экологиялық тәрбие қазақ тілі және ағылшын тілі, дене шынық-
тыру және валеология сияқты тағы басқада сабақтар кезінде де өз
жалғасын табады.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат-баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер
бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады.
Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу
өнерін бірге дамытады.
Бақшаның жұмысына өлкелік мұражайлармен экологиялық орталық-тар
да жәрдем беруде. Табиғатты танып, білу – мектепке дейінгі жаста-ғы
баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жааудың базасын
құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай,
аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениетті алғашқы
түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие
берудің алғы шарттарын құру;
2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын
жұмыстарға көгалдандырылған зоналарқұру және ұйымдастыру;
3. Тірі обьектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде
құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық
құралдарды, ойындарды, ойышшықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін
жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог маманның білім деңгейі мен олардың біліктілігін арт-
тыру. Тәрбиеші – педагогикалық үрдістің ең бастысы тұлғасы жіне эколо-
гиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экология-
лық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болу
тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білу
керек.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық мәдениетке оқыта отырып
тәрбиелеу негізі
Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесі және
табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-шараны
жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен
атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттердің бас қосып, күш
біріктіріп, жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.
Табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз – бұларды мүлдем пайдалан-бау
емес, керісінше, оларды ұқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдық-қа жол
бермеу болып табылады.
Қабылданған қаулы-қарарлар мен Білім туралы заңда да педаго-
гикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық білім-
мен тәрбие берудің жалпыға бірдей үздіксіз жүрудің қажеттігі баса
көр-сетіледі. Жас ұрпақты қоршаған табиғатқа оның байлықтарына
ұқыпты қарауға үйретіп, үнемі пайдаланудың маңызды мәселе екендігін
ұғын-дыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатыеас жасау жөніндегі қажетті
оймен қаруландырып, икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Әрбір азамат Отанымыздың табиғатын аялауға, оның байлықтарын
қорғауға мәдениетті деген талаптар барлық уақытта бірдей жүзеге
асы-рылып отырмағаны мәлім. Кеңестер Одағы кезіндегі жасалған ядролық
жарылыстар, тың игерудегі келеңсіздіктер, табиғат байлықтарын орынсыз
пайдалану, біріңғай экономикалық өндірістік мүдделер басшылыққа алы-
нып, экологиялық талаптар ескерілмегендіктен еліміздің табиғаты үлкен
зиян шекті. Адамдардың табиғатқа жасаған жыртқыштығы сыпайылап
айтқанда, табиғи ресурстарды жөнсіз пайдаланудан табиғаттың эколо-
гиялық тепе-теңдігі бұзылды. Қоғам – адам табиғат арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешіп, жолтабу, табиғат байлық-тарын тиімді пайдалану
және жас ұрпаққа экологиялық тәрби беру педагогика мен мектептердің
басты борышына айналуда. Бұл бағытта біздің елімізде ізденістер
бар-шылық. Соның бірі Білім мен тәрбие берудің экологияландыру,
оның ғылыми деңгейін артттыру болып табылады. Бұл салада ғалым-
педагог-тар жоғыры оқу орындарының студенттеріне және мектеп, балабақша
бала-ларына оқу тәрби процесінде экологиялық білім мен тәрбие берудің
жағ-дайларын, мүмкіндіктерін жазған болатын.
Белгілі ғалым- эколог И.Д.Зверев: Педагогикалық практиканың негізгі
жағдайын да барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият
ойланып істелген жұмыстар қажет деп пәндерді экологиялан-дыруға
басты назар аударды. Экологиялық тәрбиенің мақсаты – ғылыми білім
жүйелері, көзқарастар мен сенімдерді мораль нормаларына сәйкес,
қоршаған ортаның жағдайына адамзаттың белсенді қатысуын қамтамасыз ету
қажат, - деп атап көрсетеді. Ол тәрбиешідерге қоылатын үш талапты атап
көрсетті:
1. Тәрбиешінің табиғат үшін қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі
болуы тиіс;
2. Тәрбиешінің өзі күнделікті өмірі мен қызметінде табиғаттың
нағыз жанашыр қамқоршысы ретінде үлгі өнеге көрсетуі тиіс;
3. Әр тәрбиеші экологиялық біліммен қарулануы тиіс.
Әрбір тәрбиеші жоғарыдағы талаптарға сай болып, өз шәкірттерін
табиғатты қорғауға тәрбиелеп, қоғам алдында тұрған міндеттердің
шешілуіне үлес қосқан болар еді.
Ғалым М.Н.Сарыбеков табиғатты қорғау практикасы мен гигиенасының
Адам - табиғат арасында қарым-қатынас жасағанда міндетт мүрде
орындалуға тиіс заңдылықтарды бөледі. Олар:
1) Табиғаттың тазалығын сақтау заңы;
2) Табиғаттың мол қазынасын сақтау заңы;
3) Табиғаттың көркемділігін сақтау заңы.
Осы заңдарды басшылыққа ала отырып, біз табиғатпен қарым-
қытынас жасасақ, біздің бүгінгі күніміз де, жастарымыздың келешегі де
жарқын болатыны сөзсіз.
Қазыргі педагогикалық теория экологиялық білім мен тәрбие беру-
дің негізін, мақсаттарымен міндеттерін, принциптерін толық ашуға
ұмтылады. Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық мәдениетті қалып-
тастыру мақсаттары жөнінде үзілді кесілді айтылған алшақтық жоқ.
Мысалы ғалым-эколог И.Д.Зверевтің пікірінше, экологиялық білім
мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні қоршаған ортамен, табиғат пен
қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен
қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.
Ал, А.Н.Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты қоршаған
ортаға құқық нормалары мен моралдық ұстанымдарынан туындайтын
жауапкершіліктің негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға
болатындығын айтады.
Ә.А,Тұрдықұлов болса, экологиялық білім мен тәрбие беруде
оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін,
практикалық дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау және молайту
саласында белсенді көзқарастар қалыптастыруда қажет білімді
қалыптастыратын психологиялық - педагогикалық процесті айтамыз деп
атап көрсеткен.
Сонымен, экологиялық тәрбие ұғымына анықтама беріп, мәнін
ашуда педагогика ғалымдарының көзқарастарында ерекше айырмашы-лықтар
жоқ... Экологиялық тәрбиенің мәні жайлы айтқанда: Балалардың
табиғатқа қатынасын қалыптастыруда, оны қорғау, аялаудағы саналы
белсенділіктерін арттыру, соның негізінде адамгершілік қасиеттерін
дамытып, қоршаған ортаны қорғауға дайындау.
Біз, жоғарыдағы пікірлердің қай-қайсысының да орынды екендігін
мойындай отырып, дегенмен де И.Д.Зверевтің берген тұжырымдамасына
қосыламыз. Біздің ойымызша, экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға жауапты және іскерлік
қатынастарын қалыптастырумен сипатталады.
Кіші топ балаларына экологиялық біліммен тәрбие беруде олардың
бойында төмендегідей іскерліктер мен қағидаларды қалыптастыру қажет:
- басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну арқылы
адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес ықпал етуі;
- табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолдабалы дағдыларды
меңгеру, ортаның жағдайын бағалай білу, табиғатқа зиян
келтірмейтін, залал тигізбейтін нормаларды сапалы түрде
сақтау;
- табиғи және жасанда ортаны жақсарту қызметін жандандыру,
табиғи ортада тәртіп сақтау.
Аталған іскерліктерді қалыптастырғанда ғана адам экологиялық
білімді, тәрбиелі, көргенді болып табылады.

ІІ. Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың әдіснамалық негіздері

2.1.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан
қалыптастырып экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке
тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетін дамуын қарастыру қажет.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі
– кіші топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін
дамыту.
Экологиялық мәдениеттілік – адам сезімін тәрбиелеуден, эколо-гиялық
сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
көп сатылы үрдіс.
Н.С.Дежникова экологиялық мәдениетті балалардың рухани дам-уына
дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын қалып-
тастыратын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, эколо-
гиялық тәрбиенің деңгейін кіші топ балаларының қоршаған ортаға
деген құнды көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен
анықталады.
Кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру отбасы мен
балабақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата - бабаларымыз экология-лық
тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз
берген. Мысалы, Көк шыбықты сындырма, көктей соласың, Аққуды атпа
киесі ұрады, Бұлақ көрсең көзін аш деген сияқты тәрбиелік мәні
бар сөздерді жастаынан естіп өскен бала зиянкестікке бармайды.
Жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыру табиғатқа деген сыни
көзқарасын қалыптастыру арқылы ғана жүзеге асады Табиғатқа шықсақ
ішкен жеген тамағымыздың қалдығын сөмкемізге салып алап қайтамыз.
Барлық адамдарды осылай тәрбиелеу керек. Табиғатқа бардың ба, сол
орынды тазалап кет. Міне экологиялық мәдениеттің өзөі осыдан шыға-
ды. Ол үшін алдымен санамызды түзеуіміз керек. Балаға кішкен-тайы-
нан ағашты сындырма немесе бүлдірме десек, ол тәрбие санаға
сіңеді. Сөйтіп біз ол тәрбиені балабақшада дамытып, мектепте және
жоғары оқу оырдарында оқытып, ғылыммен байланыстырсақ, экология-лық
мәдениеті бар адамды тәрбиелей аламыз.
Кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыратын
дидактикалық ойындар.Мысалы:
Экологиялық пирамида
Дидактикалық мақсаты.
Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей
отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық
нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.
Ойын ережелері.
Экологиялық пирамида құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады.
Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншы-
сында – экологиялық пирамида деген жазу бар.
Ойын барысы.
Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген
беттерін көрсетеді.
Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.
Екінші беті – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.
Үшінші беті – күн, су, тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа
мен балық, кірпі.
Төртінші беті- күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.
Пирамида құрастырғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз
маңызы бар екенін айтады. Балалармен оқиғаларды ойын ретінде
жүргізе отырып, пирамиданың жекеленген сатыларын алып тастау кезінде,
табиғат нысанының кез келгенінің жойылуы табиғатты экология-лық
апатқа ұштастыратынына балалардың назарын аудару.
Экологиялық тізбек
Дидактикалық мақсаты. Қоректік тізбектің буындары туралы
түсініктемелер беру: тірі таби-ғат, өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш
аңдар. Табиғат заңымен таныс-тыру: табиғатта жануарлар да өсімдікткр де
өз бетінше тіршілік ете алмай-ды.
Ойын ережелері. Тыңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек
құрастыру.
Ойын барысы.
Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекеленген буындарын қояды.
Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточ-
каның теріс жағындағы цифрлаға қарап, тізбек дұрыс құрастырыл-ғанын
тексереді.
Мысалы:
Жапырақ – құрт – шымшық – ителгі.
Дәндер – тышқан – аққұлақ – жапалақ.
Ағаш – балаңқұрт – тоқылдақ – жапалақ.

2.2 Мектепке дейінгі кіші топ балаларының табиғатпен қарым-қатынасы
арқылы экономикалық мәдениетті дамыту
Табиғат адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын
өсімдіктермен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер,
кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат , бойына
күш, көңіліне шабыт береді. Кіші топ балаларын экологиялық білім
мен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, жалпы тұлғаның ой-өрісін
дамыту-дағы педагогикалық бағыттардың бірі болып саналады
Әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, тілі
болады. Халқымыздың әдет-ғұрыптарын, дәстүрін, тарихын қадірлеп,
болашағы-мыздың нәрлі қайнарына айналдыру ұстаз қауымының борышы.
Біздің тәрбиеміз сол салт-дәстүрлерден, ананың ақ сүтінен, әлдиінен,
ұлылар-дың ұлағатты сөздерінен бастау алады:
Әл Фараби: Тиянақты білім аламын десең, табиғаттың ұлы кітабын
оқы деген табиғаттың құдіреттілігін білдіретін сөзі бүгінгі күнге
дейін мәнін сақтап келеді.
Мектепке дейінгі кіші топ балаларының табиғат жайлы түсінік-
терін қалыптастырусабақ барысында жүргізудің маңызы өте үлкен.
Мысалы:
Табиғат дегеніміз не?
Мақсаты: табиғат және адам қолымен жасаған нысандарды ажырата
білуге үйрету; қоршаған ортаның тәжрибелік және эстетикалық құнды-
лығын көрсету, оны тануға деген қызығушылықтарын арттыру; өлі және
тірі табиғат туралы ұғым беру, экологияның тірі табиғат үшін
маңызын түсіндіру; адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап,
қорғауға тәр-биелеу.
Керекті құралдар: ағаштан, қағаздан, металдан жасалған заттар,
Табиғат қандай болады ? кестесі.
Сөздік жұмыс: эколог, тірі және өлі табиғат нысандарының атау-
лары.
Сабақ барысы
1. Айналаны бақылау.
- Біз айналамызда не көріп тұрмыз?
- Күннің қалай шыққанын көрген қандай қуаныш!
- Ал күннің шығуына не көмектеседі?
- Дұрыс, жаңа күн тау шыңынан шыққан алғашқы күн сәулелерімен
басталады. Ол бізге мейрімді күлкісімен : Қайырлы таң! - дейді.
Қане, біз де күнмен сәлемдесейік. Қайырлы таң ! -деп атайық.
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін,
Қуан бізді таңырқап,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Қане айтыңдаршы, таңертеңгі күннің сәулелері жарық па? Күнге
қолдарыңды созыңдар да айтыңдар. Оның сәулелері таңертең ыстық па?
Таңертеңгі аспанның түсі қандай? Онда бұлттар бар ма?
2. Қайырымды тастар дидактакалық ойыны.
-Біз қайда жүреміз? ( жерде ). Қане, жердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдары
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері.
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Пәндер