Ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ісмерлік жұмыс барысында балалардың әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы
қол моторикасын дамыту
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қол моторикасын дамыту
1.1. Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының
жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ұсақ қол моторикасын дамытудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы
дамыту ... ... ... ... ... ... .16
1.4. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ісмерлік жұмыстары барысында әртүрлі
материалдарды пайдалану арқылы қол моторикасын дамыту жолдары
2.1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды ісмерлік жұмыстардың бір түрі
ретінде құрақ көрпе дайындауға үйретудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлері арқылы қол моторикасын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3.Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы қол моторикасын

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі
мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине,
баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің
үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз,
танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ
моторикасының әсері зор.
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да
ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға
тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар
балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен
жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.
Л.В. Анткова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскилердің зерттеу
нәтижесінде интеллектуалдық дамуы мен моторика дамуының байланысы
дәлелденеді.
Соңғы кездері біз қол моторикасы ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ
саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ
бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның
орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына
басты ықпал етеді.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың қол моторикасын дамыту −
бастаулардың бастауы. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан
бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.Баланың
саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың
және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.Ұсақ және жалпы моториканы
дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.
Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын
дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.
Зерттеу объектісі: №42 Гүлдер бөбекжайы, ересектер тобы
Зерттеу пәні: бейнелеу өнері және технологияны оқыту әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: Ісмерлік жұмыс барысында балалардың әртүрлі
материалдарды пайдалану арқылы қол моторикасын дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының
жүйесін зерттеу;
- Ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдарын қарастыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудың
маңызын айқындау;
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды ісмерлік жұмыстардың бір түрі
ретінде құрақ көрпе дайындауға үйретудің жолдарын зерттеу;
- Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлері арқылы қол моторикасын
дамытуды зерделеу.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекеттегі ісмерлік
жұмыс барысында балалардың әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы қол
моторикасын дамыту ерекшеліктері теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы
тұтастығы басшылыққа алынды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Ісмерлік жұмыс барысында балалардың
әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы қол моторикасын дамыту
ерекшеліктері әдістемелік зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Курстық
жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамытудың
маңыздылығы жанжақты қарастырылған және ұсақ саусақ моторикасын дамытуға
арналған саусақ ойындары мен жаттығулары ұсынылған.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі қолөнер мен эстетикалық тәрбие туралы
ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен
пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-
диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері,жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік
стандарттары, оқу бағдарламалары.
Зерттеу жұмысының болжамы: Бұл курстық жұмыс мектеп жасына дейінгі бала
тәрбиелеу үрдісінде әр ата-анаға, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен
инклюзивті білім беру мамандарына қажетті көмекші құрал болады деп
ойлаймын.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Балалардың қабілеттері мен дарындылығы-олардың саусақтарының ұшында.
Бейнелеп айтқанда, саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындатып
аса нәзік жылғалар бастау алады (В.А Сухомлинский).
Ұсақ қол қимылдарын дамыту деңгейі (қолдардың білезіктерімен және
саусақтармен ұсақ және дәл қимылдарды орындаған кезде балада үйлесімді іс-
әрекеттер дағдыларын дамытудың деңгейі) – мектепке дейінгі жастағы баланың
жалпы зияткерлік дамуының көрсеткіштерінің бірі.
Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда
өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен
қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш
ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің
бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын,
жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстау
алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын
балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар
шашылған конструкторларды жинау, пазлмен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және
мозаикамен ойнау өте қиын.
Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс
жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін
нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін–өзі бағалауға
кері әсерін тигізеді. Әрине, мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы,
өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ
қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.
Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да
соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау
қабілеті мен назары, сондай–ақ, сөздік қоры да дами түседі. Ұсақ қол
моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру
дегенді білдіреді.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ
қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ
моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге
жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ
моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда
және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға
қойған мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына
үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да
ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының
құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара
білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Кішкентай
ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни,
бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең
бола түспек.
Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін
шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен
бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту
әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Жас жарымдағы баламен саусақ
ойындарын бастауға болады. Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара
байланысы Бас миының қабығы әрқайсысы бірдеңеге жауапты бірнеше бөліктен
тұрады.
Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы
қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты
және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан
егерде баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне
әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық
аппарат сияқты сөйлеу органы деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу
органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байла-нысты
саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды,
сергіту сәттерін, ойын–ертегілер пайдалануды ұсынады. Т.А. Ткаченко сергіту
сәтіне жаттығу 38 енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді,
ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. Ұсақ
қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар
жасатудың әсері мол. Осындай жаттығу нәтиже-сінде баланың қызығушылығы
артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған
балалар саусақ қозғалысының көмегі-мен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын
және бейнелер арқылы сахналады.
Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан
тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып
табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала
ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызығушылықпен орындайды, ал бұл
саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну
дағдысын дамытады. Осыған сәйкес бөлмеде саусақ жаттығуларына арнайы бұрыш
ұйымдастырылды. М. Монтессори әдістемесі бойынша баулар, түрлі-түсті
прищепкалар, күріш, жарма, алтын моншақтар, түрлі түсті моншақтар т. б.
материалдар қойылды, ал В. Воскобовичтің тәсілі бойынша геоконт жасалды.
Онда балар түрлі –түсті резеңкелерді шегеге тарта кигізіп әртүрлі
пішіндер, әріптер, сөздер жазады. құрастырады сосын соны әңгімелейді. Түрлі-
түсті моншақтар сымға кигізе отырып санау дағдылары жетіліп, есептер
шығаруға үйренді. Ал сауат ашу сабағында жаңа әріп өткенде оны бірінші
ыдыстағы маннаға саусақтарымен жазады. Сергіту сәтін жасаған кезде
саусақтарына қалпақтар киіп жаттығулар жасайды. Ұсақ қол моторикасын
дамытуда сондай-ақ әртүрлі жұмсақ конструкторларды құрастырады, мозайкамен
көп жұмыс істейді. Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр
қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-
постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрланды-рылған қойылым шығармашылық
потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға
көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында
кеңістік және санау түсінігіне үйре-неді. Саусақ театрына арнап ертегілер
кейіпкерлері бойынша қуыршақтар әзірледік: Қоян мен түлкі, Бауырсақ
және т.б. Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы
қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың
сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда
жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу
қабыршығы-нан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет
ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара
қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын жән келісілген сенсомотори-каны
дамытады.
Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға
әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына,
сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде
жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ
қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі. Сондай –ақ,
балаларды ойындар мен инсцениравкада қолданған қағаздан ұсақ – түйектер
жасауға үйреттім. Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес
түрлерін пайдаланамыз: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен
қолдан жасалған мөр және т.б. Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бояу
қозғалыс үйлесімін дағдылан-дыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен
нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қам-тыды. Қол
қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін дамыту бойынша нақты бағытта
параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым. 39 Баланың графикалық
дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер жеткілікті: нүктелер
бойынша суретті бір – біріне қосу. Балаларды құрастыру ойыны өте
қызықтырады. Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды.
Коонструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының
кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды.
Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады.
Сондай - ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және
т.б.) қолдандым. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау
арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау.
Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша жасалған жүйелі, кешенді жұмыстың
нәтижесі оң әсер еткенін көрсетті. Ата – аналармен жұмыс жасау жұмыстағы ең
маңызды бағыттың бірі. Ата – аналармен жұмыстың бастапқы кезеңдегі негізгі
міндеті – ата – ананың балалар қызметіне белсенді арала-суын қалыптастыру.
Саусақтық гимнастика, Жазудың бірінші қадамы тақырыптарда көрнекілік –
папка әзірледік. Қорытынды Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін
саусақтың нәзік қозғалысын қалыпта-стыру бойынша түрлі әдіс–тәсілдер мен
қабылдаулар міндетті түрде пайдаланылуы қажет. Жұмысымның нәтижесі ретінде
түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым.
Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: Жұмыс жасамас бұрын баланы үйреудің
амалын табу, қайталама жаттығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп
айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік
жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері
немесе ойы – өте анық және күшті екенін естен шығармау керек деп жазған
бола-тын. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр
жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретеміз.
1.2. Ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары
Қазіргі кезде ұсақ моторика деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ
моторика дегеніміз не? Фихиологиялық тұрғыдан айтқанда, ол қолдың ұсақ
бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар, қол мен көздің тепе-теңдігін де
ұмытпауымыз керек, себебі, қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге
асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып білу барысыеда
қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білшіміз әртүрлі
бағытта қозғалу арқылы қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру
әлі де қиынға соғады. Сондықтан, қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан
төмен барлық жері қозғалады. Яғни, қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп
энергиясын кетіреді.
Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? Адамның миының
сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағын өте жақын
орналасқан. Яғни, ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің
белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуына
да алатын орны ерекше.
В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының
ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса,
ойлауы, сөйлеуі соншалықты дамиды. Яғни, бала қолымен көбірек жұмыс істесе,
ақылы да сонша өседі. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден
бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы
ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. Балалардың ұсақ
моторикасын тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше.
Мысалы, Қуырмаш, Санамақ, Бала,бала,балақан т.б. ойындарды ойнатудың
баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою,
есте сақтау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.Мектеп жасына дейінгі
балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының
жүйесі Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен интеллектуалды артықшылықтар
емес, ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз.
Джордано Бруно Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым
жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды
пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын
қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту,
бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы
қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады.
Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке
бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған
болып есептеледі. Олар шашылған конструк-торларды жинау, пазаламен жұмыс
жасау, есептегіш таяқша және мозаика-мен ойнау өте қиын. Олар басқа
балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді.
Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл
жағдай баланың эмоция-сын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.
Әрине, мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет
көрсету және жазуға дайын-дық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын
дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.

қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі. Осылар-ды
ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі
балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол
қызметін үйлестіру.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғылысын үйлестіру және
нақтылығын жақсарту;
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдау-
ларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы
жағдай жасау;
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты
түрде пайдаландым:
- тәлімгердің балалармен бірлескен қызметі;
- балалармен жекелей жұмыстар;
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасы дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі
қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:
• саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру
жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және
май шам және т.б.
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
• - Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
• - Қимыл қозғалысы артады;
• - Икемділігі артады;
• - Логикалық ойлауы дамиды;
• - Танымдық деңгейі артады;
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын
үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде?
Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар
өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып,
көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

қойған мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиын-дыққа кездессе
мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап
қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас
миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын
басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың
мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен
тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың
ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын,
ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы
дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
Жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Бас миы мен
ұсақ қол моторикасының өзара байланысы Бас миының қабығы әрқайсысы
бірдеңеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық
сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол
мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір –
біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егере баланың саусағы нашар дамыған
болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байлансты ғалымдар
қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты сөйлеу органы деп те
атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол
моторикасын да дамыту қажет. Сухомлинский айтқандай: Қабілет бастауы мен
балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары
пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен
тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық
анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығар-
машылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді. Көптеген жаңа-шыл
зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ мотто-рикасын
дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін,
ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу
енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу
тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған.
В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен
сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді. Жеке
жұмыс тәжірибесін сипаттау Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек,
қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым.
Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін
дүниені танудың бір тәсілі.
Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен
соншалықты терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі орта буын
балаларының (4-5 жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика
жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым: -
доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты бір
қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу) - қарындашпен
ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау) - саусақпен жеке
қимыл жасау. Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту,
өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату,
баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді
орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым.
Тәлімгер мен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және
басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге
асыратын мақсат қойдым. Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызмет-тің түрлі
нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдас-тыруға да міндет
қойдым.
Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым –
қатынасын негізге алған микроклимат жасалды. Балалардың еркін өзіндік
қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар
баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне
саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын
массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр
саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж -
пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады.
Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет
жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи
материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б.
Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы
тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының
көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады.
Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайда-ландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ –
сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады,
қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен
айналысады, орындайтын қозға-лысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ
қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын
дамытады.
Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым:
Саусақтық жаттығұлар, Жолшықпен жүру, Физминуткалар. бірлескен және
өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір
мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді.
Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және
оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір
жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді.
Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша қуыршақтар
әзірледім: Қоян мен түлкі, Бауырсақ және т.б. Жапсыру ісімен айналысу
қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор.
Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын
дамытуға қажетті.
Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан
және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп
қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың
өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын жән келісілген сенсомоториканы

жасауға үйреттім.
Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін
пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан
жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері,
шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары
тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады. Басты назар суреттерді бояуға
бөлінді. Бұған бояу альбомы мен дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс
үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен нығайтуды
қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қамтыды. Қол

параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым.
Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер
жеткі-лікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элементарлы
математи-калық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық
үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған
суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің
осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну
қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айт-тым деген
бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылды.
Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау арқылы затты
анықтау, сипау арқылы заттарды санау. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға
байланысты дидактикалық ойындар ойластырдым: Санайық ойыны (бау арқылы
заттар санының қатыстылығы мен саны), Сиқырлы моншақ ойыны (түрлі
нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу, баудың түсі;
заңдылықты сақтай отырыпы, жазық бойынша фигураны орналастыру). Өткізілген
жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұластырдым. Әрине, жұмыс жасау
барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше
ескердім. Жыл аяғында ұсақ қол мен буын моторикасын дамытудың қорытынды
диагностикасын жасап отырдым. Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша жасалған
жүйелі, кешенді жұмыстың нәтижесі оң әсер еткенін көрсетті.
Ата – аналармен жұмыс жасау жұмыстағы ең маңызды бағыттың бірі. Ата –
аналармен жұмыстың бастапқы кезеңдегі негізгі міндеті – ата – ананың
балалар қызметіне белсенді араласуын қалыптастыру. Саусақтық гимнастика,
Жазудың бірінші қадамы тақырыптарда көрнекілік – папка әзірледім.
Педагогтер мен ата – аналарға МҰ-да және үйде баланың ұсақ қол моторикасын
дамытудағы көкейкесті мәселесін көрсететін конкультация өтікізілді.
Қорытынды Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік
қозағлысын қалыптасыру бойыншатүрлі – әдіс –тәсілдер мен қабылдаулар
міндетті түрде пайдаланылуы қажет.
Жұмысымның нетижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар
қызығушылығының артқанын байқадым. Көрнекті ғалым - Мария Монтессори:
Жұмыс жасамас бұрын баланы үйреудің амалын табу, қайталама жатығулар
арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман
қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой
алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және
күшті екенін естен шығармау керек деп жазған болатын.
Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр
жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан
әрі де түрлі қызметке деген қызығушлықты қалыптастыратын ұсақ қол және
жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар
іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.
1.3. Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту

шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша
және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады,
осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы
қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын
мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.

көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын
дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз
саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей
байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен
назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына
дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және
қол қызметін үйлестіру.

- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және

-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;

- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту
қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі

май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы
дамыту ойындарының маңызды-лығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа
хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған
мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете
отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы
керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымы-
ның даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу
туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Жасжарымдағы баламен саусақ
ойындарын бастауға болады.
Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы
әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында
қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір
бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу
зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы
нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған
байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты
сөйлеу органы деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана
емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Сухомлинский айтқандай: Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ
ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының
қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса,
қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анық-тық қабілетінің
өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашы-лық қабілет болса,
бала соншалықты ақылды келеді.
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланыс-ты

сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко
сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын
белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым
жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар
мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Жеке жұмыс тәжірибесін сипаттау
Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек, қандай материалдар
қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар
енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі.
Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты
терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының (4-5
жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым.
Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым:
- доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты
бір қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу)
- қарындашпен ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау)
- саусақпен жеке қимыл жасау.
Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне –өзі
қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың
жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін
жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым. Тәлімгер мен балалардың бірлескен
қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын
жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойдым.
Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді
дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойдым. Балаларды жеке
тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым – қатынасын негізге
алған микроклимат жасалды.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне
сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді.
Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және
жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін
сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде
жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады.
Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау
қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи

ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл

дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека
құрастырдым: Саусақтық жаттығулар, Жолшықпен жүру, Физминуткалар.
Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым.
Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік
береді. Театрландырылған қойылым шығар-машылық потеницалды ғана емес
сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ
театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау
түсінігіне үйренеді. Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша
қуыршақтар әзірледім: Қоян мен түлкі, Бауырсақ және т.б.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол
моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы
және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмы-сымда жапсыру
ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан
жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты
жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс
үйлесімділігін, анықтылығын және келісілген сенсо-моториканы дамытады.
Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер
етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызық-тырады, қиялдарының дамуына, сындарлы
ойлауына септігін тигізеді. Қағаз-бен жұмыстың бірі ретінде жыртылған
қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын
басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.
Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсценировкада қолданған қағаздан
ұсақ–түйектерді жасауға үйреттім.

тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бұған бояу альбомы мен
дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол
моторикасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызық-тарының
бірнеше түрлерін қамтыды. Қол қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін
дамыту бойынша нақты бағытта параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да
қолдандым.

жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элемен-тарлы
математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық

қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген

Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады.(ЛЕГО базасындағы
конструкторлар). Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды.
Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші
бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды.

арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау. Баланың ұсақ қол
моторикасын дамытуға байланысты дидактикалық ойындар ойластырдым: Санайық
ойыны (бау арқылы заттар санының қатыстылығы мен саны), Сиқырлы моншақ
ойыны (түрлі нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу,
баудың түсі; заңдылықты сақтай отырып, жазық бойынша фигураны орналастыру).
Өткізілген жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұлас-тырдым.
Әрине, жұмыс жасау барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен
психофизиологиялық дамуын ерекше ескердім. Жыл аяғында ұсақ қол мен буын
моторикасын дамытудың қорытынды диагностикасын жасап отырдым. Ұсақ қол
моторикасын дамыту бойынша жасалған жүйелі, кешенді жұмыс-тың нәтижесі оң
әсер еткенін көрсетті. Ата – аналармен жұмыс жасау жұмыстағы ең маңызды
бағыттың бірі. Ата – аналармен жұмыстың бастапқы кезеңдегі негізгі міндеті
– ата – ананың балалар қызметіне белсенді арала-суын қалыптастыру.

папка әзірледім. Педагогтар мен ата – аналарға балабақшада және үйде
баланың ұсақ қол моторикасын дамытудағы көкейкесті мәселесін көрсететін
консультация өткізілді.
Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік қозға-лысын
қалыптасыру бойынша түрлі – әдіс –тәсілдер мен қабылдаулар міндетті түрде
пайдаланылуы қажет. Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару
барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым. Көрнекті ғалым - Мария
Монтессори: Жұмыс жасамас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz