Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Еңбек тәрбиесі»

Орындаған:

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Еңбек тәрбиесінің негізі

1. 1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . 6

1. 2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері . . . 8

1. 3. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі . . . 9

1. 4. Еңбек тәрбиесін беру жолдары . . . 11

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларына еңбек тәрбиесін беру

2. 1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары . . . 13

2. 2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . 16

2. 3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары . . . 18

ІІІ. Эксперимент жұмысы . . . 22

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру сала-сында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерек-шелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланыст шешілуі керек екені айғақты. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың іс-әрекеті мен байланысты анықталады деп атап көрсеткен [1; 33] .

Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан, біз орындаған зерттеу жұмысымыздың тақырыбына орай, алдымен шығармашылық ұғымының мән мағынасына түсініктеме беріп кетуді жөн көрдік.

«Еңбек - ер атандырады» - дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Тәрбиенің әр саласында еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарады. Оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар да, психологтар да талмай зерттеуде. Жеке адамның белсенділігі, оның инициативалық мәні мен айқындалу жолдары, белсенділіктің қалыптасу заңдылықтарын табу, творчествалық қабілеттілік пен таланттың даму факторлары ежелден-ақ көптеген ұлы адамдардың, ғалымдардың назарын аударуда. Жалпы белсенділік, ерік және еңбек жайында философтар да, психологтар да, физиологтар да, әдебиет тарихы мен педагогиканы зерттеушілер де арнайы зерттеулер жүргізіп, құнды пікірлер ұсынды.

Ұлы ойшыл, философ Әл-Фараби тәрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту - оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер, еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар. Ал, ұлы гуманист Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді». Ұлы ақын Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, - деген. Кеңестік дәуір кезеңінде еңбекке тәрбиелеуді зерттеуге едәуір жұмыстар жүргізілгенмен, кеңес үкіметі тарағаннан кейінгі әлеуметтік, экономикалық және психологиялық өзгерістер мектеп оқушыларының психолгиялық ерекшеліктерін қайтадан зерттеуді талап етуде.

Мақсаты: жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегіне деген қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.

Міндеті:

- Сан қилы дене еңбегінің түрлерімен салыстыру;

- Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрену, оған дағдыландыру;

- Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету;

- Саналы да, сапалыда еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі;

- Еңбек ету іскерлігін дағдысын дамыту;

- Еңбегінің нәтижесіне, азда болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту;

- Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету;

- Еңбек белсенділік, бастамашылдық, ұйымшылдық, оны жоспарлай білушілік мүмкіндіктерін дамыту.

Зерттеу объектісі: оқушыға сабақты меңгеруде еңбекке баулу элементтерін пайдаланудың әдістерімен жолдарын белгіледі.

Жету жолдарындағы әдіс-тәсілдер:

а) Сабақта еңбектену арқылы еңбекке баулу әдістерін жеке қарастыру.

б) Оқушылардың еңбек арқылы еңбекке бейімділігін зерттеу.

в) Теориялық материалдарды салыстырмалы ретке келтіру.

г) Сабақта еңбек элементтерін пайдалану нәтижесінде туындайтын мәселелерді қорыта отырып, тұжырымдама жасау.

д) Оқу үрдісіндегі жұмыстардың нәтижесінде практикалық және теориялық оқу-тәрбие жұмыстарындағы орындарын анықтау.

Негізгі идея: (гипотеза) еңбектану еңбек әдістерін сабақта неғұрлым зерттесе, соғұрлым олардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.

Тақырыптың теориялық маңыздылығы: қазіргі замандағы бастауыш сыныптардағы негізгі және қажетті сабақтарда түрлі еңбек элементтерін пайдаланудан туындайды.

Курс жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі және теориялық бөлімдер, эксперимент жұмысы, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

І. Еңбек тәрбиесінің негізі

1. 1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол - өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының барша тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген.

Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.

Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі - гуманистік, демократиялық принциппен үндес келеді. Я. Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.

Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді.

Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоций дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол - еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.

Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К. Д. Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К. Д. Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. К. Д. Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.

Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.

Еңбек тәрбиесі - жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.

Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы, қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

18 ғасырдың ағартушылары (Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т. б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

1. 2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Еңбек тәрбиесінін мақсаты - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

- оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;

- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту; - тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;

- жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;

- оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Еңбекке тәрбиелеудің шарттары:

• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау. • Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.

• Мамандықты таңдауға дайындау.

Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді.

Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.

Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады. Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.

Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді.

Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.

Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.

1. 3. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымай, кері кетеді, азады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.

А. С. Макаренко өзінің лекцияларында, кеңестерінде; негізінен баланы бес жасқа шейін дұрыс тәрбиелеуге қатты көңіл аудару керек. Бес жасқа дейін дұрыс тәрбиелемесе, қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиелеу қиынырақ деп ескерткен болатын. Тамаша педагогтің бұл өсиетінен баланы тәрбиелеуді өте ерте бастау керек, тек сонда ғана көптеген қателік, адасулардан арылуға болар еді деген қорытынды шығаруға болады. Мектеп бітірген оқушылардың еңбектен қашу себебі неде? Кей оқушылардың тәртіпсіздігінің негізі қайда жатыр? Мұның, әрине, көптеген түрлі себептер бар. Бірақ, ең негізгі себеп балаларды жас күнінен бастап дұрыс тәрбиелемеуде, еңбекке ерте кезде баулымауда жатыр.

Тәрбиенің негізі-еңбек болу керек. Басқа тәрбиені сол еңбек айналасына құрып, жемісті шешуге болады. Еңбек ету үстінде бала басқалармен санаса біледі, коллективтік сезімі ұлғаяды, еңбек арқылы басқаға пайдасын тигізеді. Еңбек ету оның денесінің шынығуына да жақсы әсер етеді. Бастаған істі аяқтап, тиянақтап бітіріп, кездескен қиыншылықтарды жеңу арқылы өздерінің ерік, қайратын, тәртіптілігін шындайды. Еңбек үстінде бала көптеген дағды-әдетке үйренеді. Мұның кейін мектепке түскенде де үлкен мәні бар. Жасында еңбекке үйренген бала-мектепте де сабақты жақсы, үздік оқиды.

Міне, бұдан біз баланы жастайынан тәрбиелеудің, әсіресе, еңбекке тәрбиелеудің керектігін көріп отырмыз. Көптеген ата-аналар осы міндетті абыроймен атқаруда. Бірақ әлі де болса бұл мәселеге немқұрайды қарайтын, тәрбиеге жөнді көңіл бөлмейтін ата-аналар да жоқ емес.

Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, “ он саусағынан өнері тамған ” нақты кәсіп иесі болуын да көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы негізі көрсеткіш ретінде алынады.

Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушылардың халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.

Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған. Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т. б. бейнелері арқылы беріліп отырған. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған. Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген. Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.

1. 4. Еңбек тәрбиесін беру жолдары

А. С Макаренко мен В. А. Сухомлинскийдің көпжылдық практикалық жұмыстары оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторына айналдырады.

Макаренко еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбиесі деп түсіну мүмкін емес. Сондықтан тәрбие жұмысында еңбек ең негізгі элементерінің бірі болуы тиіс.

А. С. Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің практикалық әрекетіне балаларды және ауылшаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен жабдықталған өндірістік еңбекке араластырады.

Еңбек тәрбиесі мектепте, отбасында, оқу барысында, сыныптан тыс кезінде беріледі.

а) Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.

Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылармен іскерлікті игереді, кейбір мамандардың түрлерін меңгереді.

Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндірістік негізгі пәндері бойынша оқушылардың білімі байымды, тереңдейді және өнеркәсіп дағдыларына ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашалық қабілетін қалыптастыру
Қазақ бастауыш мектебінде оқушыны еңбекке баулу пәнін оқыту барысында баланың еңбек дағдыларын арттыру
Бастауыш сыныбында еңбекке баулуды оқыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz