Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және психология
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Ойын - оқыту әдісі
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:
І. Бастауыш сыныптардағы оқыту әдісі ретінде - ойын технологиясы
1.1.Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
1.2.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3.Ойын- оқыту әдісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер және олардың маңызы
2.1.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ...21
2.2.Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі ... ... ... ... 25
2.3.Ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану тиімділігі ... ... ... ... ... ... . 30
ІІІ. Әдістемелік эксперимент нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Ойын - бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты. Yenлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі. Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Қазіргі заман оқушыдан әр сабақта бұрынғы біліміне жаңа білім қосып қана қоймай, оны өзі игеріп, жан- жақты ізденіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды, яғни жас жеткіншектің салауатты, саналы, білікті, білімді болуын талап етеді.Ендеше, әлеуметтік ортаға бейімделген өзін-өзі дамыта алатын тұлғаны қалыптастыру және оны одан әрі дамыту мұғалімнің негізгі міндеті десек, бұл талап оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруды басқа көзқараспен қарауды талап етеді.
Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында деген сөзіне сүйенсек әр мұғалім, әр тәрбиеші барынша өздігінен білім алып, өзін жетілдіріп отыру қажет. Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу-үздіксіз бөлінбейтін процесс. Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта біріншіден, тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін ойындар арқылы жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
Ойын - оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі ретінде қарастыру;
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының қолданудың тиімділігін зерделеу;
Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтерін айқындау;
Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу нысаны: ойын оқыту әдісі
Зерттеу пәні:
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте ойын - оқыту әдісі ретінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Бастауыш сыныпта ойын оқыту әдісі ретінде әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі ойын туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1.Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама
Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. Ойын ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттарда қолданылады:
Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту;
Оқыту мақсаты (дидактика) - бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі.
Чех педагогы Ян Амос Коменский ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.
Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жорыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде байқатады. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын - балалар іс-әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын үстінде өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады, түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстіде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.
Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
А.С.Макаренконың айтуынша ойында баланың физикалық, психоло-гиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді.
Танымдық ойындардың кез келген түрі оқушылар үшін пайдалы, олар ойын арқылы өз күшін, қабілетін тексере алады. Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады.
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
тәрбиелік мақсаты;
қолданылатын көрнекіліктер;
уақытты үнемдеу;
ойын қызықты бола ма?
оқушылардың белсенділігін бақылау.
Ойын барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады. Оқу мақсатына қарай ойын лексика-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Лексика-фонетикалық ойындардың мақсаты - оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау. Бұл ойын түрін сабақтың бастапқы сатысында қолданылуға болады. Ал сабақтың соңғы сатысында ойды жүйелі жеткізуге үйрету үшін грамматикалық ойындар қолданылады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
ойын-сауық;
коммуникативті немесе қарым-қатынастық;
диагностикалық;
коррекциялық;
әлеуметтендіру.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Ойын - күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Философиялық еңбектерде ойын әр түрлі көзқараста, пікірде түсіндіріледі. Мысалы, сонау ерте замаңғы грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Грек философы Гиппократ ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын Мәңгілік - шахмат ойнап отырған бала. Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын - әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Осының негізінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
Ойын - мәңгілікке ұштасатын құбылыс.
Ойын - артық күштен арылу жолы.
Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды.
Функционалды тенденция теориясы.
Психологтар ойынның мынадайтізбесін дәлелдеген: қажеттілік мотив мақсат ойын әрекеті нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қарастырады;
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу: еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теория-лық тұрғыдан алып қарағанда, педагогиялық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып-үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі; педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми-қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге педагогикалық технологияларды оқытудың теориясы мен әдістемесі зерттеледі.
Технология - латынның техне-өнер, шеберлік, қолөнер және логос-ғылым деген сөзінен шыққан. 60-70- жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісі (С.Сполдинг);
- педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер-оның құрамды бөлігі ғана (В.Беспалько);
- педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті (М.В.Кларин);
- педагогикалық технология-оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал (Б.Т.Лихачев);
- педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығарма-шылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б.
Сонымен педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құрумен, оқу-тәрбие процесін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын, қайта жаңғыртылатын оқу-тәрбие процесін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымы мыналар болып табылады: а) тұжырымдамалық негізі; ә) мазмұндық бөлімі (мақсаты, мазмұны); б) әрекеттілік (процессуальдық) бөлімі-технологиялық процесс (оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің әдістері мен формалары; мұғалімнің оқу-тәрбие процесін басқару әдістері мен формалары; оқу-тәрбие процесінің диагностикасы).
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық және материалдық шарттарға байланысты. Педагогикалық технологияның табысты болуын анықтайтын педагогикалық шарттарға, ең алдымен педагогтың дербес ерекшеліктерін - тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығушылықтарын т.с.с. жатқызуға болады. Сонымен бірге оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі де ерекше мәнге ие болады.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Оқыту білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Солардың бірі - педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруды, білімді еңбекпен ұштастырып, іс- әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы - оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педогогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалынған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады.
Педагогикалық технология - оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының оқу - тәрбие процесін жаңашылдық тұрғысынан ұйымдастыру және оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік беретін әр түрлі жаңа технологиялар бойынша жүргізуді қажет етеді. Соның бірі бастауыш сынып оқушылары-ның математика пәніне деген қызығушылығын арттыратын, олардың таным-дық іс - әрекетін белсендіріп, қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптас-тыратын ойын технологиялары болып табылады.
Ойын технологиялары - педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Ойын технологиялары - оқу - тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Ойын технологиялары мәнді өмір жағдаяттарын жобалау және оның шешуін іздестіруге құрылады, жетекші әдісі - ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: рольдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және дидактикалық ойындар, іскерлік ойындар.
Ойын технологияларының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Мазмұны: білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік.
Әдістері: пәндік, сюжеттік, рольдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік
Тұжырымдамалық ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамына сүйенеді
Ойын технологияларының мүмкіндіктері: тәрбиелік, дамытушы, эвристикалық. Олар бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруге игі әсерін тигізеді және оқушылардың танымдық іс - әрекетін белсендіріп, білімді саналы менгеруін қамтамасыз етеді.
Ойын технологиялары белсенді тұлғааралық қарым - қатынас пен өзін өзі анықтау үшін өте қажет. Әрбір пәнді оқыту барысында ойындарды пайдалану болашақ мұғалімдерге өздерінің іскерлік сапалары мен тұлғалық қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Ойын технологияларын оқыту процесінде қолдану. Ойынды оқыту процесінде белсендіру және жетілдіру құралы ретінде мына жағдайларда қолданылады:
оқу пәнінің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімдерін меңгеру үшін дербес технология ретінде;
жалпы технологияның бір бөлігі ретінде;
сабақ және оның бір бөлігі ретінде;
аудиторядан тыс жұмыстар үшін дербес технология ретінде.
Ойын технологияларының бағыттары:
- оқу - танымдық іс - әрекет ойын ережесіне бағынады;
- дидактикалық мақсат оқушылар ойын арқылы, оны шешу арқылы қамтиды;
- оқушының оқу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылып, оқу әрекетіндегі дидактикалық мақсатты ойынмен алмастырып, ойын арқылы жүзеге асырылатын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі ;
- дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен көрінеді.
Ойынды пайдаланудың педагогикалық технологиясы ұғымы педагогикалық процесті дидактикалық ойындар түрінде ұйымдастыру әдістері мен амалдарын қамтиды.
Педагогикалық технология мәселелері бойынша бірқатар авторлардың (В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, Ф.Янушкевич) еңбектеріне жасалған талдау ойын технологиясын суреттеуге қажет болатын элементтерді - белгілерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
1.2.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементгері кездесуде.
Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, те-ория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды.
Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсеңді-лігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оку процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің қүрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттыру-дың ең жақсы жолының бірі -- сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету -- адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.
Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде - адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойын- ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылық жасау дегеніміз - олардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық - кеңістігі.
Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру мұғалім - оқушы өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: мұғалім - топ - оқушы, бұдан келесі өрнек туындайды: оқушы - оқушы. Оқушы - оқушы жүйесінде топ-оқушы, оқушы - топ өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдай-да, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.
Ойын сабақтары тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Мұғалімнің ең басты мақсаты - сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырма-шылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.
Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Дегенмен физика және информатика пәніне ең жақсы ойынды ойлап табуды, класта немесе мектепте окушылар арасында конкурс жүргізуге болады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.
Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр кластың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.
Ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі - бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.
1.3.Ойын- оқыту әдісі ретінде
Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа ой туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың Оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдері бүгінгі әдістеріміздің ата-анасы дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ендеше дәстүрлі әдістер мен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету-әрбір оқытушының міндеті.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынадай қызметтерді орындайды:
көңіл көтеруіші (бұл ойынның негізгі қызметі - шаттану, ләззәт алу, қызығушылық ояту);
- комуникативті - қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;
- өзіндік жүзеге асыру;
- ойынды терапевтикалық - өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әртүрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;
- диагностикалық - өзін-өзі тану ойын үрдісі (ережеге сай мінез құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы);
- коррекция қызметі - тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
- ұлтаралық коммуникация қызметі - барлық адамға ортақ әлеуметтеу-мәдени құндылықтарды меңгеру;
- әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту.
Ойындардың мынадай төрт басты қырлары болады:
еркін дамуыш іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік нәтижесінен процесінің қамы үшін ғана емес, тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);
шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық жолы);
эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, бәсекелестік, аттрактaция және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі эмоциялық кернеулік);
түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат - шығармашылық-ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік.
Ойындар технологиясының, соның ішінде рөлдік ойынның мақсаты - бір жағынан, оқушының болашақ таңдап алған мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, екінші жағынан, жауапкершілігін арттыру.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.
Оқушының қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойын ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады.
Бала белгілі бір рөлді ойнағанда ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды,өзін-өзі байытып, ой өрісін кеңейтеді, тереңдетеді, мамандыққа деген сүйіспеншілігі және жауапкершілігі артады.
Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
Ойынға қойылатын талаптар мыналар:
Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек.
Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек.
Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы керек.
Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:
- Мақсаткерлік;
- Жоспарлау;
- Мақсатты іске асыру;
- Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.
Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.
Үдеріс ретінде ойын құрылымына:
- Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;
- Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
- Нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;
- Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
- Сюжет (мазмұн) - ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
-елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы);
- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс (эмоцио-налдық қуат);
- ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі.
Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.
Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтық.
Ойында бала адамзат тәжірибесі аясында өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметі - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетіледі.
Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Педагогикалық ойындар:
Мақсатына қарай;
Ұйымдастырылу құрылымына қарай;
Олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай.
Мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.
Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей классификацияға жіктейді:
- Әрекет саласына қарай:
- Дене;
- Интеллектуалдық;
- Еңбек;
- Әлеуметтік;
- Психологиялық.
Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:
- білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;
- танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
- қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық, психотехникалық деп;
Ойын әдістемесіне қарай:
- пәндік;
- сюжеттік;
- рөлдік;
- іскерлік
- иммитациялық;
- драмалық;
Пәндік саласына қарай:
- математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;
- музыкалық, театрлық, әдеби;
- еңбек, техникалық, өндірістік;
- дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;
- қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық деп.
Ойнау ортасына қарай:
- нәрселік-нәрсесіз;
- үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;
- компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;
- техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар деп жіктеледі.
Осы ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі - бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.
Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлы-лығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге бола-тынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бір-неше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама - топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырыл-ған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.
Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардың ерекшелігі - қатысушы-ларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжіри-бесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүше-лері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.
- сергіту сәті (драмалық фазасы)
- психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)
- кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.
Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топ-тың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, катарсис - жан дүние-сінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдықты қабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.
Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшы-лықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоцианалдық қою алжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.
Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.
Бастауыш сынып балаларын ойын технологиялары арқылы дамыту оқушыларға білім беру және тәрбиелеумен тығыз ұласуда. Тұлға педагоги-калық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірі-летін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі .
Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшыны-сын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді Анықтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да сабақ үстінде ойындарды көп пайдалануды қажет етеді. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығар-машылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келді. Сол технологиялардың бірі - ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалану.
Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың таным-дық қызығушылық сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қимыл қозғалыс ойындары: Ақ серек, көк серек, Ұшты-ұшты, Аңшылар, Сиқырлы таяқ, Мысық пен торғайлар, Бақташы мен қозылар, Соқыр теке, Мысық пен тышқан.
Дидактикалық ойындар: орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
Құрылыс ойындары: лото, констукторларды пайдалану.
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Ойын технологиясын қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушы-лығын, тілін, зейінін де дамытудың құралы болып табылады.
Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
қисынды ой-қабілетін дамытады;
өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
сөздік қоры баиды, тілі дамиды;
зейіні қалыптасады;
байқампаздығы артады;
өзара сыйластыққа үйренеді;
ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
сабаққа қызығушылығы артады;
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тереңдетіп, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
Жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқыту-дың ойын технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипат-тағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабі-летін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сю-жеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәде-ниетіне тәрбиелейді, - деп атап көрсетілген.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын, зейін, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz