Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2016
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
І. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі формалары
1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Дене тәрбиесінің маңызы мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Мектепке дейінгі ұйымдардағы дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері және
ұйымдастыру формалары
2.1.Әр түрлі топтардағы дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері мен ұйымдастыру

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
мен

... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
2.3 Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралар дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары ретінде ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .33
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты
жұмыс – бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық , ақыл-
парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен,
дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге
келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-
сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге
асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі
тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі
айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты
жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен
дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау
болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев,
Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және
т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова,
Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына,
күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-
қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс
қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын
орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір
сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере
отырып дайындаудың қажеттігі мен ұйымдастру формалары бұл мәселенің ғылыми-
теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті
деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы
арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін
ұйымдастыру формалары
Зерттеудің мақсаты: мектепеке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін
ұйымдастыру формаларын анықтау;
Зерттеудің міндеттері:
✓ Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының
қолдану аясын анықтау;
✓ Мектепке дейінгі жастағы балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыруда дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының ерекшелігін
айқындау;
✓ Дене тәрбиесі әдіс- тәсілдерінің мүмкіндіктерін анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте дене тәрбиесін
ұйымдастыру формалары теориялық тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала
талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларын
анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі дене тәрбиесн ұйымдастыру формалары туралы
ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен
пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика ғалымдарының еңбектері мен жалпыға міндетті
білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік
қолданбалы және спорттық дайындық.Жалпы дене шынықтыру денсаулықты
нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген
арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықты- руға өр түрлі дене
төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лық-гигиеналық фактор лар
жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен
әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану
үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне
ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін
қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді.
Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға
қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету
жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына
тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене
шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі;
дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі
бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып,
баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін
қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға
арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл
шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру
қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене
шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін
қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу
балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге
көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен
айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен
салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру
жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл
сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына
байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас
ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық
тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол
денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі –
дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге,
яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне
жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,
эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің
елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын
педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының
барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған
ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың
жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді,
психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы
және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік
заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен
сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады.
Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің
мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын
талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік
қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің
жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір
бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және
оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып
біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір
қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып
табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға
сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі
проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан
саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау
процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан
информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс
ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және
алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып
табылады.
1.2.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал
етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті
қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің
қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар
жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки,
велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді
қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам
қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене
қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене
шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану,
үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін
тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына,
денсаулығын сақтауға көмектеседі. Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп
дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы
сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Балабақшада дене тәрбиесін мұғалім,
сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды
үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту,
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке
үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін балабақшада және балабақшадан тыс оқу орындарында
спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• баланың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір
балабақшадардің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына
дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш
әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу
мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және
емдік гимнастика.Ойын балаларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - балаларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және
қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - балалардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар:
күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.Табиғат факторларын балалардың
денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің
маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру
ісіне жұмылдыру. Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және
ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны
тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы
жөніндегі білімді хабарлау.
Тәртіп
Балаларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының
бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына
дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі
-таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының
ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана
қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді.
Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете
отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат
алмасуға көмектеседі, балалардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын
қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту
жаттығулары балаларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік
пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.

әсері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру
қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында
қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында
ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық
арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін
жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды
орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық
жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды
пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай
отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге
үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен
жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп
отыруы үшін ойын керек деді.
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор
оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты
себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан
жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс
бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін
қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: Адам неғұрлым жас
болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш отыра
алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді.
Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер
етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы
нашарлайды және кешігеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек
әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі
баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.
Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор,
деп жазады Ж.Д. Демеуов бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтанда мектеп
жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс
жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға,
саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді.
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет
қозғалыс белсенділігі төмендейді.
Келесі ғалым А.Б. Нурлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру
сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және
ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен
дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін
(аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.
Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп
қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі
маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады.
Осы белгілерді негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарын балалар
арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық
пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары
сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде тексеруден өтеді.
Ұлттық ойындардың кейбір түрлері жаңа мазмұнға ие болып әрі қарай дамиды,
ал кейбіреулері тіпті жоғалып кетеді.
Қазақ халқы баланы туған күннен бастап денесін қимыл-іс әрекетке
тартып өсуіне мән берген. Баланың өсуіне қарай ұлттық дәстүрді енгізу
мақсатында мынадай жағдайды ескеру керек. Әр бала жеке тұлға екендігі, оның
қабілеті де әр-түрлі болып келетіндігі. Сондықтан қимыл-қозғалысқа үйрету
барысында жасаған дене шынықтыру әрекетіне қарай белсенді қимылдайтын бала
және жай қозғалатын балаларды ескеріп сабақ өткізу тиімді.
Денсаулықты қалыптастырып орнықтыратын және шыңдайтын дене
жаттығуларын екі үлкен топқа бөліп қарастыруды Н. Мырзақанұлы ұсынады ол
жаттығуларды біртектес және әртектес деп топтастырады. Бір тектес дене
қозғалыстары түрлері үздіксіз бір текті және тұйықталған әрекеттерді
қайталайтын қимылдар жүйесінен тұрады бұған: жүру, жүгіру, велосипед тебу,
суға жүзу т.б. жатады. Әр текті дене жаттығулары айырмашылығы олар қимыл-
әрекеттерін орындау үстінде жаттығу түрлері үнемі өзгеріп отырады оларға:
гимнастикалық жаттығулар, күрес түрлері, спорттық ойындарын жатқызады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын
ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның
мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа
келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен
қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән
берілуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру,
жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті
сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл
дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға
талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді
талап етеді.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру
балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-
әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік
жасаудың маңызы зор.
Ғалымдар Д.А. Фарбер, В.И. Козлова балалардың ми қыртысындағы сезім
аймақтарының даму ерекшеліктерін зерттеп оның 14 жасқа дейін қалыптасатынын
анықтады. Бұған қоса баланың зейіні 3-4 жаста қалыптаса бастап, 6-7 жаста
зейін тұрақтанады да, 7-8 жаста ерікті зейін нашарлау болып, 9-10 жаста
сыртқы ортаның әсерін терең және жан-жақты талдау қабілеті күшейетіндігін
анықтаған.
Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп бірнеше
рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу артып, жүйке
жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс барысындағы
жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген қажеттілік артады. Дене
шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күй жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді.
Дене шынықтыру нәтижесінде бала өзінің іс әрекетіне және топтық тәртіпке
үйреніп, оның ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп
қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Бала өмірінде белсенді қозғалыстар аз болса гиподинамия белгілері
пайда болатындығы туралы К.А. Жаңабердиева т.б. авторлардың
Валеология,дене тәрбиесі және спорт атты еңбектерінде... Гиподинамия деп
бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады, бұл жағдай бала
аз қимылдағанда пайда болады. Ал қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден
асып кеткен жағдайда (ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылдану) -
гипердинамия пайда болады деп көрсетеді. Гипердинамия ағзаның қызметінің
қалыпты жағдайын бұзады себебі адамның жүйке-жүйесі, жүрек-қан, тыныс
жүйелерінің қызметі мөлшерсіз еңбек барысында қалпына келіп үлгермейді де
олардың зорығуы байқалады.
Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігі мөлшерін реттеп дұрыс
ұйымдастырған жөн. Балалардың бұлшық еттері даму жағдайында болғандықтан
олар қимылсыз отыра алмайды, оларды ұзақ уақыт қимылсыз бір қалыпта
отырғызуға немесе тұрғызуға болмайды.
Мектеп жасына дейінгі балаға дене мүсінінің дұрыс қалыптасуын яғни
денесін түзу, тіке ұстауды, бала отырғанда, тұрғанда, жүргенде денесін тік
ұстауды әдетке енгізу қажет.
Дұрыс мүсін адамның ішкі ағза құрылымының жетілуін жақсартады. Дене
мүсінінің дұрыс қалыптасуы сүйек-бұлшық ет құрылысының дұрыс дамуына
байланысты. Қозғалыс тірегін дұрыс қалыптастыруды бала шақтан дағдыға
айналдырған тиімді болып келеді.
Дене шынықтыру жаттығуларының өзіндік мазмұны мен белгілі бір құрылысы
болады. Мазмұнға дене шынықтыру жаттығуы барысындағы механикалық,
биологиялық, психологиялық үрдістер кіреді. Осылардың әсерімен қимыл-
қозғалысқа әрекеттену жүгіру, адымдау, секірудің т.б. қорытындысы ағзадағы
және денедегі өзгерістерге әкеледі.
Дене шынықтырудың сыртқы құрылымы көзге көрінетін бейнесі, ол қозғалыс
сәтіндегі кеңістік, уақыт және күш қатынастарын көрсетеді.
Мазмұн болмысқа қарағанда басты болып саналады. Мазмұнның өзгеруі
болмыстың өзгеруіне алып келеді. Мысалы: жылдамдықтың артуымен жүгірудің
техникалық орындалу жағдайы да өзгереді мысалы адымдау қашықтығы, денені
ұстау басқаша болады.

формалары
Төменгі топ балаларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік
ерекшеліктері
Балалар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар
оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі,
қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
1-топ балалары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, зейіні тұрақты
емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде
ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Төменгі топ балаларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи
қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру,
секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
3. Топ төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу
тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-
4 топ балаларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын
алса дұрыс болады.
5. Балаларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс
және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды
үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл
бөлген дұрыс.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау
әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана,
қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты
не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу,
допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 топтарда қимыл жиілігін дамыту
жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын
қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
Төменгі топ балаларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде
негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін
меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі
теориялық мағлұматтар беру.
Орта топ балалары дене тәрбиесінің міндеттері
Орта топ балалары балалардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы
ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен
салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық
ойындар, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
- дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды,
жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай
дамыту;
- жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі
жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі
бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
- таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен
күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін
тәрбиелеу;
- өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;
- тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;
- психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу
негіздеріне үйрету.
Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері
Орта топ жасындағы балалармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу
әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика,
спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету,
жетілдіруге бағытталған.
Орта топтарда балалардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың
дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері,
психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму
деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері
осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре,
тани білулері қажет. Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы
жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту
кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене
дайындығы жоғары және төмен балалармен жұмыс жүргізгенде жекелілік,
даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ
кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде
ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды
дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Жоғары топ балалары дене тәрбиесінің міндеттері
Жоғары топ балалардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі
жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты
нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін
қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының
қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика,
спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену,
жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті,
икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның
тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай
дамыту;
- дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт
түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
бекіту;
- өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу
қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне
сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
- тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай
дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты дене шынықтыру шаралары
дене тәрбиесін ұйымдастыру формасы ретінде қарастырсақ, мектепке дейінгі
балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат -
өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген
педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру,
дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру,
оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz