Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі

Педагогика және
психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Математика сабағында ойын технологиясын қолдану

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
І. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың әдіснамалық негіздері
1.1.Ойынның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Математика сабағында қолданылатын ұлттық ойындардың түрлері ... ...13
ІІ. Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
2.1. Математика сабағында ойын технологиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2.Математика сабағында ойын технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3.Математика сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл - күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Басқа да кез-келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпера-ментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құнды-лықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығу-шылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.
Тақырыпты тандау мәселем:
- оқушылардың математика пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.
- ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмаған-нан қарама-қайшылықтар туындайды.
- математика сағаттарының қысқаруы
Мақсаты: Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
-математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-математика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолда-нуына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Зерттеу пәні: математика
Зерттеу объектісі: математика сабағындағы ойын технологиясы
Зерттеу болжамы: Егер математика сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.
Гипотезасы:
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
-оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте бастауыш сыныпта математика сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Бастауыш сыныпта математика сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: педагогикалық ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі ойын технологиясы туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: ғалымдардың еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың әдіснамалық негіздері

1.1.Ойынның түрлері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек білім непзі бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды құралы бола отырып олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары боиынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, оилау зерде үрділерін дамытады Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп нерв жүйесін демалдырады Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады. Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бю жүйемен пайдалану қажеттіліпн дәлелдейді
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына оиын құрылымына сәйкес жіктемелері бар (Л.А.Венгер О.М.Дьяченко Т. К.Жикалкина т.б.)
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев), дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов), ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1.Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас Олар фактілер немесе оқиғаларды беинелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып керсетіледі, қарапаиым жұмбақ арқылы қиындық - оңай жолмен қажеттілер - қызық жолмен беріледі,
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың непзін заттар мен әрекет сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар Не болар еді...?, Мен не істер едім егер деген сұрақтарға негізделеді
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда үштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді
4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас оиын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке өзара әрекет жасауға, бірлесіп оилануға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекеті талап ететін ойындар
2. Қайта жаңғырту іс -әрекетін орындауға бағытталған ойындар
3. Қайта жасау іс әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
4. Оқушылардың іс әрекетін бақылауға бағытталған ойындар
5. Ізденіс іс -әрекетіне бағытталған ойындар
Құрылым бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді
1. Сюжеттік - рольдік ойындар
2. Жаттығу ойындар
3. Драммалық ойындар
4. Шығармашылық ойындар
5. Әдеби музыкалық ойындар
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өите қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсатымен мазмұнынан сәкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылары тәрбие мен білім беруде өте қажетті құралдың бірі болып табылады. Балаларды оқытып-үйрету барысында біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Тәрбие барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы қиын балалармен жұмыс жасағанда олардың зейіні мен белсенділігін тудыруға, қалыптастыруға болады.
Басында олар тек ойынға қызығады, ал кейін оқу материалына ауысады. Бара-бара балалардың сабаққа, деген қызығушылығы туады.
Сабақ үстінде жүргізілетін, тақырыпқа сай алынған дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздейді. Дидактикалық ойын балалардың сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі. Дидактикалық ойын арқылы ол өздігінен жұмыс істеуге үйрененді, ойлау қабілеті дамып қалыптасады.
Дидактикалық ойынды таңдау барысында негізгі естен шығармайтын нәрсе: ол баланың жас ерекшелігіне сай психикалық құндылықтары болу керек, олардың танымдық қабілеті, сөйлеуі, өз қатарларымен үлкендер арасында қарым-қатынас жасай білуі, салыстыру, абстрактілеу. Ойынды жүргізу процессінде баланың интеллектуалдық іс-әрекеті сыртқы орта заттарымен байланыста болуы керек.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың әр кезіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен әдістемесін мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процессіне балаларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Балаларда ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару - табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын әсерлері балалар мен мұғалім арасында қарым-қатынастық динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Дидактикалық ойындар бастауыш сыныпта қолданылуға болатын ойындарға дидактикалық сипат беріп, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мақсат көзделіп іріктеліп алынған.
Кез-келген сабақтың нәтижесі, баланың білім сапасымен өлшенеді. Балалардың алған білімін есте сақтап қалу үшін көбінесе дидактикалық ойын сабақтың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, білімге өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Дидактикалық ойын арқылы балалар арасындағы достық қарым-қатынасы нығая түседі, ұжымшылдықтары артады және сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды.
Дидактикалық ойынды пайдалану жилігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде үйрету әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білім және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Осындай дидактикалық ойындар баланың тапқырлығын, байқағыш-тығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік, сезім процестері де дамиды. Балалардың дидактикалық ойындарына басшылық ету, рөлдік, мазмұнды ойындарын қадағалау, білімділік мазмұнды ойындарын қадағалау, білімділік маңызы бар ойындар ұйымдастыру мұғалімнің негізгі міндетінің бірі.
Ойын балалардың негізгі іс -әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осындай әрбір адам ойнап өседі.Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сенімтал тұлға болмақ.
Әрине ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді. Кей бала ойынды шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жаса-уы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. дегенменде ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс -әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдарда әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп.
1. Сюжеттік ролдік ойындар: баланың өзі туралы білімін кеңейтіп анықтап, сынақтан өткізетін өздігінше белсенділік. Ойын балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың рөліне енуге, қтялындағы мүмкіндік-терін байқап көруге жағдай жасайды. Бұл ойынның негізгі ерекшелігі адамдардың қимылын, іс әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойын-да бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білім-дерін бейнелейді. Оларға өзінің қатынасын білдіреді.
2.Дидактикалық ойын: балалардың қызығушылықпен ойнайтындай дәрежеде мұғалімдер алдын - ала дайындап ұсынады. Оқыту міндеттері белгілі мақсатында жету. Бала өздігінен әрекет етсе де, оның белсенділігі мұғалім белгілеген шеңбер аясында болады. Бұл ойынның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
3. Қимыл-қозғалыс ойындары дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыруға баланың қозға-лысын үйлестіріп, ептілігін қалыптастырады.
4. Тетрландырылған ойын: оқылған ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге енуі образдарды құрастыру, сахналау.
5. Ережелі ойындар: үстел үсті ойындары, шахмат, дойбы, тоғыз-құмалақ т.б. ойындар жатады.
6. Құрастыру ойындарына: лего конструкторлар, мозайка т.б. ойындар жатады.
7. Ұлттық ойындар т.б.
Жоғарыда көрсетілген ойындардың барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптық оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға болады.
Ойын бастауыш сынып оқушыларына тәрбие мен білім беруде өте қажетті құралдың бірі болып табылады. Балаларды оқытып-үйрету барысында біртіндеп ойын іс -әрекетінен таным іс әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.

1.2. Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және оны басқаруды мұғалім іске асырады. Сонда қолданған әдістеме орынды, тиімді болса, балалар білімді ғана меңгермейді, оны қолдануға қатысты тәжірибе де жинақтайды.
Пәнді оқыту әдістемесін осындай деңгейде көтерудің тиімді жолда-рының бірі, біздің пікірімізше, дидактикалық ойынды үйлестіре пайдалану.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда ойындар маңызды орын алады, ең алдымен олар дидактикалық, яғни мазмұндары балаларды жеке ойлау операцияларының дамуына немесе есептеу тәсілдерін меңгеруіне, санау, тез есептеу дағдыларын қалыптастыруға, т.б. ықпал жасайтын ойындар. Оқу жұмысының белгілі бір түріне мақсатты жүзеге асыруға бағыттып енгізу балалардын осы жұмысқа деген қызығушылығын арттырады, оқытудың тиімділігін күшейтеді. Ойын жағдайында балалар ойнай отырып аса күш-жігер жібермей, белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болады.
Бастауыш сынып оқушыларына ойынның қажеттілігі әлі күшті болғандықтан, басқа да математикалық ойындармен қатар дидак-тикалық ойындарды енгізу керек. Себебі:
- Кейбір дидактикалық ойындарда математикадан оқу материалы, яғни жаңа білім, білік, дағды беретін танымдық мағлұматтар, сол сияқты математика сабактарында алған білім, білік, дағдыларды бекітуге, кеңейтуге, тереңдетуге, дамытуға бағытталған материал бар. Мысалы. Санамақ, Ондық ойындар тақырыбын оқыту барысында натурал сандар қатарының бастапқы сандарының қасиеттері мен таныстыру материалы ретінде пайдалану.
Дидактикалық ойындарды дамытушылық яғни балаларды бақылау, салыстыруды үйретуге ықпал жасайтын зейін, ой, ес, т.б. психикалық сапаларды. тапқырлық зеректік, т.б. математикалық қабілеттерін дамытатын материал бар. Мысалы. Сиқырлы квадрат ойынында үшінші ретті квадваттарды қарастырғанда, балалар олардың диагональдарының қиылысуында тұрған сан (немесе өрнек) Сиқырлы қосындының 13 (үштен біріне) тең екендігін байқау керек (оны дәлелдеу қажет).
- Дидактикалық ойындардың мазмұны мен жүргізу тәсілдері балалардың жас ерекшеліктерін ескеруге, олардың пәнге эмоционал-дық, танымдық қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді, білімдік-танымдық, тәрбиелік, жалпы дамытушылық функциялары бар.
Демек, дидактикалық ойындарды сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда пайдаланудын әдістемелік ерекшелігі:
- олардың мазмұнының, жүргізілу тәсілдерінің пәнді оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатында сәйкестігі деп тажырымдауға болады.
Сондықтан да дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалануға сәйкестендіре, әдістемелі құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймыз. Ол үшін математикалық мазмұнды дидактикалық ойындар ұйымдастыруда әлістеменің мынандай мәселелерін ескеру қажет:
1. Ойын мақсаты. Ойын процесінде оқушылар қандай математикалық білім дағдыларды меңгереді, ойынның қай кезеңінде ерекше назар ауда-ру керек. Ойынды жүргізгенде қандай басқа да тәрбиелік мақсаттар қойылады.
2. Ойыншылар саны. Әр ойында ойыншылардың белгілі бір ең аз немесе ең көп саны болады. Дидактикалық ойын ұйымдастырығанда оны ескеру қажет.
3. Ойын ұйымдастыруға қажет материалдар мен құралдар жиынын белгілеу.
4. Балаларды аз уақыт ішінде қалай ойын тәртібімен таныстыру.
5. Оқушыларды ойынға қайта оралу ықыласын есептей отырып, ойын қанша уақыт созылатындығын анықтау.
6. Ойынға балалардың барлығын дерлік қатынастыруды қамтамасыз ету.
7. Балалардың ойынға қызығушылығын анықтау үшін, бақылауды ұйымдастыру.
8. Ойынның соңында, қорытындыда балалар қанлай нәтижелер айту керек.
Сонда ойын сипаты бойынша, сапасы. мазмұны бойынша матема-тикалық ойын болалы, яғни ондай ойынлар дидактикалық ойындар болады.
Сондықтан дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі - математиканы оқытуда сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға болатындығы, - деп тұжырымдаймыз. Мысалы, Бәйге, Баспалдақ, Ақ сүйек, Жамбы ату, т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады.
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдегімен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.
Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлт ойындары: "Алтын сақа", "Бәйге", "Көкпар", "Сақина салмақ", "Бес тас", "Тоғыз құмалақ", "Күміс алу", Ақсүйек" тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ұлт ойындарының халық педагогикасының қүрамды бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған "жеті кереметтің" сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата бабаларының психологикалық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.
Бала бойындағы білімділікті, қабілетті дер кезінде танып, оның өз мүмкіндігіне сенімін арттыруда математика сабағындағы ойын есептерінің маңызы ерекше. Сондықтан да ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес. Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын есебінен көруге болады:
"Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнаққұлақ бес ешкі,
Төрт қозылы екі қой".(он жеті)
Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында

тынығады
Оқушы өмір танымын кеңейтеді
бірлеседі
ұжымшылдыққа үйренеді
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтң ұлттық ойындарын ұсынуға болады. Айгөлек, Арқан тарту, Белбеу тастау, Соқыр теке, Қойыңа қасқыр шапты, Ат қума, Жаяу көкпар, Түйе-түйе, Омпы, Жалау алу, Қасқыр мен ешкі, Алшы, Хан, Хан жақсы ма?, Күзетшілер, Ұшты-ұшты, Көрші-көрші, сақина жинау, т.б.
Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулап, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады: 1.Ойын өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару; 3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту.
Екінші әдіетемелік ерекшелігі:
а) Сабақта ұжымдық жұмыс ұйымдастыру тәсіліне сәйкестігі. Мысалы, Күн мен түн ойынын пайдаланып топпен жаппай жұмыс жүргізуге болады.
Мұғалім ақырын Түн дегенде, балалар көздерін жұмып, партаға бастарын қояды. Мұғалім ауызша тапсырма береді, мысалы, үлкен топта 7 ол 5 және..., балалар ойланады. Мұғалім күн дегенде, балалар оянып қолдарын көтереді. Солай жалғаса береді.
ә) Топтың жұмысын ұйымдастыру тәсіліне сәйкестігі. Мысалы, 1 сыныпта санды еселеп қосуға арналған Ханталапай ойынын өткізу.
Мазмұны. Ойын бір топ баламен жүргізіледі. Асықтарға бірдей сандар жазылады. Асықтардың арасында бір асықты хан етіп белгілейді. Ойын басқарушы барлық асықтарды: Ханталапай! - деп жерге шаша салғанда, отырған балалар бас салып бөліп алады. Өздері алған асықтарда бірдей сан болғандықтан, өз ұпайларын еселеп қосып шығады. Ал кімнің колында хан іліксе, сол баланың жинаған ұпайы күйіп кетеді. Ойын басқарушы асықты шашып тастағанда 2, 3 рет қайталаған соң, асыққа жазылған сандарды өзгертіп отырады. Балалар ойнай отырып, еселеп қосып жаттығалы.
Мысалы: 4+ 4+4+.. 3+3+3+...8
Ойынды түрлендіріп, күрделендіріп келесі сабақтарда қолдана беруге болады.
Мысалы: "Жамбы ату" ойыны.
Мақсаты. Балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру. Есеп-мысалдарды тез, дұрыс орындауға баулу есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар: Үлкен дөңгелек, карточкалар, кестелер, ойыншық жебе.
Мазмұны: Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді, дөңгелектің іші үш немесе төрт шеңберге бөлінеді. Әр шеңберде 1, 2, 3, 4 сандары жазылады. Бала қолына ойыншық жебені алып, көздеп тигізеді. Қандай сандар тисе, сондай номерлі карточканы алып ішіндегі тапсырманы орындайды. Әр тапсырма бір ұпай, карточкада 2 немесе 3 тапсырма болады.
Дидактикалық ойындарды оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері математиканы оқытудың:
1) танымдық-білімділік мақсатына сәйкестігі, яғни, балалардың математикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру құралына сәйкестігі деп ойлаймыз. Мысалы, санау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған саусақ санау ойындары балалардын нәрселерді дұрыс санай білулеріне.
2) дамытушылық мақсатына сәйкестігі, яғни. дамыту құралдарына сәйкестігі (логикалық ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз ету).
3) кез-келген дидактикалық ойынды құрал ретінде барлық топта кез-келген тақырыпта оқытуда пайдалана беруге болмайды.
Дидактикалық ойынның құндылығы: Олардың негізінде қызықты тапсырмалар дайындауға мүмкіндік беретіндігіне, олардың орындауы математиканы оқытудың тиімділігінің арттыруға ықпал ететін жаттығулар мен есептерді қолдануға мүмкіндік туғызатындығында. Бұл тапсырмалар оқытудың әр түрлі мақсаттарына қызмет етеді. Мысалы, олар жаңа тақырыпты оқытуда кіріспе ретінде, қандай да бір математикалық фактіні бейнелеп көрсету үшін, материалды терең меңгеру үшін, қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін, балаларды математикалық құштарлықтарын ояту және дамыту үшін, балаларды математикалық сипаттағы іс-әрекетке ізденушілікке және шығармашылыққа қатыстыру үшін, балалардың математикалық ойлауын дамыту үшін және т.б. пайдалануға болады.

1.3. Математика сабағында қолданылатын ұлттық ойындардың түрлері
Дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі - математиканы оқытуда сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға болатындығы, - деп тұжырымдаймыз. Мысалы, Бәйге, Баспалдақ, Ақ сүйек, Жамбы ату, т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады.
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылығын оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.
Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлттық ойындары: "Алтын сақа", "Бәйге", "Көкпар", "Сақина салмақ", "Бес тас", "Тоғыз құмалақ", "Күміс алу", "Ақсүйек" тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Ұлт ойындарының халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған "жеті кереметтің" сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата бабаларының психологикалық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткені мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.
Бала бойындағы білімділікті, қабілетті дер кезінде танып, оның өз мүмкіндігіне сенімін арттыруда математика сабағындағы ойын есептерінің маңызы ерекше. Сондықтан да ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес. Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын есебінен көруге болады:
"Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнаққұлақ бес ешкі,
Төрт қозылы екі қой".
(он жеті)
Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында тынығады. Оқушыөмір танымын кеңейтеді бірлеседі ұжымшылдыққа үйренеді.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады: Айгөлек, Арқан тарту, Белбеу тастау, Соқыр теке, Қойыңа қасқыр шапты, Ат қума, Жаяу көкпар, Түйе-түйе, Омпы, Жалау алу, Қасқыр мен ешкі, Алшы, Хан, Хан жақсы ма?, Күзетшілер, Ұшты-ұшты, Көрші-көрші, Сақина жинау, т.б.
Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулап, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады: 1. Ойын өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару; 3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту.
Балалардың танымдық қабілетін дамытатын жеке қызығушылығының негізгі бір жолы - дидактикалық ойындар. Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін, жаттығулар орындау, өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін пайдаланатын дидактикалық ойындардың мазмұндары, мысалы, Орамал тастау, Сақина салу, Жамбы ату, Ханталапай, Ақ сүйек, т.б. ойындар.
Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б. қасиеттерді сіңіру, қалыптастыру - басты нысаны. Сондықтан математика сабағында пайдалануға болатын дидактикалық ойындардың мазмұнын, шарттық көрнекі құралдарын, ойнау ережелерін, қарапайым тапсырмаларды оқушылар өздері орындауға шамасы жететіндейін сұрыптап үлгісін ұсынамын.
Дидактикалық ойындарға тапсырмалар өзегі табылады. Бұл ойындарды математика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта өткізуге болады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық қабілетін оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді. Дидактикалық ойындар баланың математикалық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу
бағдарламасына байланысты математика сабағында пайдалануға болады. мысалы, "Орамал тастау" (1-нұсқа) ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Балаларға сан құрамын толық меңгертуге және есеп құрап шығара білуге үйрету. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар: Әр топқа бір-бірден бет орамал таратылады. Үлкен етіп жазылған 13,15,16 сандары.
Мазмұны: Топ қатарға байланысты топқа бөлінеді. Әр қатар бір топ болып есептеледі. Ойын басқарушы бала бір қолына орамал алады, ал екінші қолына жазылған сан алады. Бала санды жоғары көтеріп, орамалды өзі қалаған балаға береді. Ол санның құрамын айтып, орамалды келесі балаға жалғастырып, бала бірден жауап береді. Қалған топтың балалары ойынды бақылап отырады.
13=7+613=9+4
13=8+513=11+2
13=10+313=14-1 т.с.с.
1-ші топ болған соң, 2-ші, 3-ші топтар жалғастырады. Ойын барысында әр топтың тұсына (тақтаға) қате жіберген жағдайда, белгі қойып отырады. Нәтижесі сол арқылы анықталады. Ойынды бір тақтаны (санды) санға ондықтан аттап қосу, ондықтан қосу, ондықтан аттап азайту, екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қосу және азайту т.с.с.
"Орамал тастау" (2-нұсқа).
Дидактикалық мақсаты: Теңдеуді шешуге, әріпті өрнектрдің мәнін табуға арналған (ең қарапайым жеңіл түрі алынады).
Керекті құрал: Топтағы оқушылар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе отырады (арасы 5-6 метр, 10 м болуы керек). Жүргізуші қолындағы орамалды 1-ші топтың шеткі ойыншысына береді. Ол ойыншы қарсыласына теңдеу немесе әріпті өрнек жасырады (жұмбақ жасыру ойыны сияқты): (х+8=12) Белгісіз қандай санға 8-ді қосқанда 12 саны шығады? Қарсы топтағы бала орамалды қосып алып, жауабын айтады. Егер жауабы дұрыс болмаса, өнер көрсетіп орнына отырады немесе ойыннан шығып кетеді де, бақылаушы болып отырады. Егер дұрыс жауап берсе, ойын әрі қарай жалғасады. х-4=7 қай санды 4-ке азайтқанда 7 саны қалады? (жауап береді), жауапты тек қана орамалды ұстаған, аты аталған бала ғана айтады. Күрделендіріп мұғалім өз қалауынша келесі сабақтарда қолдана беруіне болады.
"Шынжыр" ойыны.
Дидактикалық мақсаты: 20 көлемін ауызша және жазбаша есептеп дағдыландыру.
Қажетті материалдар: Цифрлар жазылып, қиып алынған карточкалар.
Мазмұны: Мұғалім 1-ден9-ғадейінгісандаржазылған карточкаларды балаларға таратып береді. Ойынның тәртібімен таныстырады. Бір балаға карточканы береді де, тақтаға шығарады. Бала қолындағы санды атайды. Мұғалім балаларға қарап, сол санды 9-ға дейін толықтыр дейді. Содан соң оны 14-ке, соңынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Пәндер