Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың өсімдіктер және жануарлар әлімімен таныстыра отырып, оларды күтіп баптаудың жолдарын және аялай білуге тәрбиелеуге үйрету
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
І. I. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамане таныстыру
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыра отырып, оларды күтіп баптаудың жолдарын және аялай білуге тәрбиелеуге үйрету
2.1.Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2.Мектепке дейінгі мекемелерде жануарлармен таныстыруда пайдаланылатын әдістемелік ақпараттар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және күтіп баптауға тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұлпроблемалар президент Н.А.Назарбаевұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр. Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде балалардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен.Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру кажет.Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқан бағдарламадағы Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Экология - бұл әлеуметтік проблема. Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Табиғатпен таныс-тыру барысында балаларға Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Сондықтан да кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі жастағы балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылып келеді.
Зерттеу мақсаты: Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың өсімдіктер және жануарлар әлімімен таныстыра отырып, оларды күтіп баптаудың жолдарын және аялай білуге тәрбиелеуге үйрету
Зерттеу міндеті:
+ Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және күтіп баптауға тәрбиелеудің маңызы
+ Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу
+ Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі.
Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу болжамы:
+ Балалардың жалпы қоршаған орта туралы түсініктерінің кеңеюі;
+ Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерінің оянуы;
+ Қоршаған ортаның дамуына деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамане таныстыру
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзекті мәселе.
Экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып - түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым - педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық , адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның Балабақшадағы табиғат бұрышы, Веретникованың Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым - қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң - құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстырубарысында адамгершілік, еңбек, деен және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғатты қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді. Қазақстан баспасынан шыққан С. Ысқақовтың Табиғат және адам, С. Қаженбаев пен С. Мажмухатовтың авторлығымен шыққан Табиғат қорғау кітабы, Қайнар баспасынан профессор Е. Мәмбетқазиев пен Қ. Сыбанбековтың бірлесіп шығарған Табиғат қорғау кітабы құнды еңбек болып отыр.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді.Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы азаматтық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.
Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып "...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз - дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынасындағы адам" - дейді. Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі.
Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:
+ балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
+ табиғат тазалығын сақтау дағдыларының қалыптаспауы;
+ табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
+ табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы.
Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқыту-дың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді.
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел, мектеп жасына дейінгі педагогикаға көз жібертетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген педа-гогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетеді.
Табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдерінің ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е.И.Водовозова, Н.К.Крупская, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің педагогикалық еңбектері болған. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптас-тыру оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық психо-логиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды. Л.С.Выготский балабақша бағдарла-масының жаңа талап бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасы-мен сабақтас болуы керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байлланысы болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының болуы нәтижелі болатындығы көрсеткен. Сондай ақ аса көрнекі педагог В.А.Сухомлинский де өз тәжірибесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, Балаға жүрек жылуы атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білім әлеміне ендіріп, ашық аспан ай астында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі, бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті баламен жүргізетін барлық педаго-гикалық процестер, ақыл-ойын, тіл дамытуда пайдаланатын ойындар, жұмбақ мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойында-ған.
Бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А.П.Усова, А.В.Запорожец, Н.Н.Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеу-лерінде көтереді.
Сондай ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі - С.А.Веретен-никова, Н.Ф.Виноградовалар болды. А.П.Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады:
1. Қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс- әрекеттерінде бақылу арқылы жүргізіледі.
2. Балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйыдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен жүргізлуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
Умственное воспитание детей процесс ознакомления с природой атты еңбегінде Н.Ф.Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген.
ҚР-да мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ, Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым бару мәселесі түбегейлі зерттелмеген.Дегенмен, педагогика және психология ғылымдары мәселелерімен шұғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын, табиғатқа көңіл аудармай қойған емес.Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік оқу құралдары, бағдарлама болған жоқ. Ш.Ахметов пен Қ.Шоназаровтың 1959жылы жарық көрген Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы сол кезде қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстаруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, йын негіздері енгізілген.
Сондай-ақ, сол кезде балаларды табиғатпен таныстарудың негізгі құралдарының бірі Жыл он екі ай кітабы болды. Бұл кітап 1965жылдан бастап, алғаш М.Гумеров, А.Асылбеков және т.б. авторлардың құрастыруы-мен жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбе.
Республика көлемінде мектеп жасыне дейінгі балаларды дамыту мәслелеріне арналған Б.Баймұратова,Ә.Әмірова, Т.Левченко, М.Сәтімбекова,
т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.
Мысалы Б.Баймұратованың 70жылдардағы қазақ балабақшаларында жаппай қолданылып келген қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары Біздің кітап деген атпен шыққан хрестоматиялық құралы болды. Бұл туындыға енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық, оларды еңбекке баулу, қоғам құбылысымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен таныстыру мақсатында берілген.
1970-80жылдардан бастап, ТМД ғалымждары мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында жүйелі білім беру ісіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жан-жақты зерттеу бастады. К.В.Назаренко, Л.И.Мыщик, И.С.Фридкина, Т.В.Зеленцова балаларға өлі табиғат жайында ұғым беру мәселесін зерттесе, К.Э.Фабри, С.Н.Николаев, П.Г.Саморукова тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісімен шұғылданады. Бұл жұмыстарды барлығы мектепке дейінгі балаларды дамыту жолын қарастыратын, оқытудың тиімді әдістерін, бағыттарын көрсеткен зерттеулер.
С.Н.Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын былайша топтастырған:
+ белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында білім жүйесін қалыптастыру
+ осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен негізгі қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір сүретін ортамен сабақтастығын ұғындыру.
+ Жыл мезгілдері ауысуының өсімдіктер және жануарлар дүниесіне тигізетін әсерін ұғындыру.
Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ.Аймағанбетова болды.
Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған Айналадағы дүниемен таныстыру, Табиғат танудың оқыту және бала тәрбиесі және т.б.еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Мұнда табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды түрлі әдіс-тәсілдерді әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынады.
Қазақстан Республикасында табиғатқа деген сүйіспеншілік, оның тазалығы, әсемдігі мен байлығын сақтау үшін күрестің ертеден келе жатқан тарихи бастамасы бар. Ол табиғат қорғаудың халықтық дәстүрлерімен басталып, заң жүзінде "Қазақ ССС-індегі қоршаған ортаны қорғау туралы" заңымен (18 маусым, 1991 жыл) бекітілген.
Сенімді табиғат қорғаушыларды дайындау ең алдымен педагогика ғылымы мен халыққа білім беру жүйесінің міндеті болып табылады.
Осы мәселе бопынша ҚР экология және биоресурстар Министрлігі: ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудін, ұлттық стратегиясының жобасын ұсынды.
XXI ғасырдың күн тәртібіне ұсыныстар енгізу негізінде ортаны қорғау мен даму бойынша Тбилисидегі үкіметаралық конференцияның нүсқаулары жатыр (1977). Олар үш негізгі бағытты қамтиды:
1. Білім беру жүйесін тұрақты даму мәселелеріне бағыттау;
2. Халықтың ақпараттармен қамтамассыз етілуін кеңейту;
3. Кәсіптік дайындауға көмек көрссту.
Құжатта ғаламдық білім беру мсн экологиялық білімдердің приоритетіне баса назар аударылған. ҚР экологиялық тәрбие беруді дамытудың Ұлттық стратегиясыныц жалпы мақсаты -қоршаған ортаны қорғау мен даму саласындағы сауатсыздықты жою, этикалық ережелерді білім беру арқылы қалыптастыру. Ортаны қорғау мен дамыту саласындағы білім беру ғылыми және жалпыға бірдей элементарлық білім беру қажет.

маңыздылығы
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі - бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:
+ саяхат;
+ мұражайларға бару;
+ мақсаттық серуендеу;
+ телебағдарламалар, бейнефильмдер;
+ табиғат туралы көркем әдебиеттер;
+ суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;
+ музыка тыңдау;
+ дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;
+ "Экознайка" қалалық жарысына қатысу.
Ересек және даярлық жастағы балалар "тірі" және "өлі" табиғат деген түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен "Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы"тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:
-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді... Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.
Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.
Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.
Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:
+ балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;
+ өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні,сондай-ақ олардың
адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
+ мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
+ сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні - жұмбак.
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.
Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:
+ балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;
+ әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;
+ тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьек-тілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, аспан денелері түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал табиғат құбылыстары тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.
Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.
Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетіндегі "теңіздер көлеңкесін", таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесінің - орақ тәріздес жарты ай және толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле жүргізген ынғайлы. Таныстыру жұмыстарын "Жеті қарақшы" жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн. Балалар "жеті қарақшыны" оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін "Темірқазық" және "Кіші жетіқарақшы" жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.
Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес беріледі.
Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығу-шылығын арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге көріп-білгендері жөнінде әңгіме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады!
Мысалы: өткен заманда көшпелі тірлік кешкен ата-бабаларымыздың "қазыкты" - қазық деп атап, жеті қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын қазықты "қойлар" айналып шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты.
Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру - балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсініктерін қамтамасыз етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін артыратын мұндай тәсілдердің бірі- салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектің элементтері, құрылысын, түсін т.б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыс-тырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мысалы: ұлттық киімдер, кілемдер т.б.
Іс-әрекет барысында ойын әдісін пайдалану балаларды жағымды эмоциялық сезім мен көңіл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдісінің тиімділігін арттырады. Ойын тәсілімен жүргізілген қайталау және жаттығу жұмыстары бірсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейді. Ойын әдісін пайдалану кезінде әр балаға "шебер", "ыдыс бояушы", "тігінші", "зергер" т. с. с. рөлдері бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты болмақ.
Балалардың өз бетімен қорытынды шығара білуі үшін кез-келген заттың материалын және өрнек-әшекейлерін өзгертуді ұсыну тәсілін қолдану қажет (ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киіз үй жаса, ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т.б.).
Сәндік әшекей, ою-өрнек жасау әрекеті үрдісінде балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту үшін, жоғарыда аталған әдістермен қатар арнайы түсірілген слайдтар, диафильмдер мен кинофилъмдерді ұжымдық көруді ұйымдастыруға болады. Мектепке дейінгі жаста балаларды табиғат заттары мен құбылыстарының элементтері туралы түсінік беруге негізделген сәндік-ою-өрнек жасау үрдісіне қатыстыру, тарту - олардың сезім мәдениетінің жетілуіне едәуір ықпалын тигізеді. Сондай-ақ анализаторлардың жетіле түсуі, сезімдік тәжірибенің қорлануы, балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тілін ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі тәсілдер арқылы балалардың көркемдік тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға мүмкіндік туары кәміл.
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.
Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес күз, қыс, көктем, жаз күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. Күз дегенде жапырақтар сарғайып түседі -- деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр, түлкі, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері болады. Мысалы: кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат түсетін болса жапырақтар, жидектер т.б. сонымен қоректенеді- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкін. Мысалы, аю бармағын жалайды, аю жылыну үшін ағаштың діңіне тығылады. Шындығында аюдың, кірпі, борсық т.б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар. Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.
Бес - алты жасар балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшелене-тінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы т.б, арқылы салыс-тырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады: кірпінің терісі инелер, мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің ерекшелігін толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес , Өсімдіктер әлемі тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп өткен жөн.
Мысалы, 5-6 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп, қураған сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзіл-мейтінін айтып түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға салып қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.
Бала өсімдікке қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды тәрбиешінің өсімдіктерге су құйып, жануарларды тамақтандыру т.б.
Бұл орайда осы жастағы баланың еңбекке деген қабілеті басқа қасиеттерінен басым болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн. Сондықтан, оларға жұмыс тапсырма бергенде аяғына дейін тиянақты орын-далуын қадағалап, мақсатын дұрыс ұғындыруы қажет. Осындай жағдай-лардан кейін бала шын көңілімен, ынтамен орындауға кіріседі. Мысалы, өсімдікті суаруда, оған су өте қажет, өйткені ол сусыз өмір сүре алмайды және әр мезгілде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды көп қажет етеді, себебі: күн ыстық, қыста керісінше және өсімдіктің жаңадан шығып келе жатқан жапырақтарына зияны болмауы үшін қуарған жапырақтарын алып тастауы керек т.б. ақиқатты баланың есіне салып өту артық емес.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген. Себебі әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін ұштап, жетілдіріп, сыры мен мәнісін сезінуге жетелеуі қажет. Табиғаттың мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын білгісі келген мақсатта балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады. Мәселен, неге құстар күз мезгілінде ұшып кетеді?, Қар неге ериді? Мұз неден пайда болады? т.б. Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің, сөз қорының дамуына мүмкіндік береді.
Балабақшада тәрбиеленетін бала жыл мезгілдерін бір-бірінен толық ажыратып, әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше атап беру қабілетіне ие болуы тиіс. Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық маусымда болуы мүмкін, оны балаларға қалай түсіндіруге болады, соған тоқталсак, мысалы, жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бірақ әр мезгілдің жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар, жаздағы жаңбыр ірі, тез жауып өтеді, жылы; күздегі суық, ұзақ жауады; көктемдегі -- найзағайлы, суық, ұзақ жауады, кейде соңынан кемпірқосақ көрінеді. Бағдарлама бойынша бес- алты жасар баланың табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық іс-әрекетке байланысты, соның барысында іске асады.
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғи ортаның өзгеруіне толық көз жеткізу үшін ғалымдарымыз мынадай әдіс-тәсіл қолданған.
Төрт мезгілде де балаларды бір табиғи ортаға өзен жағасына алып барған. Бұдан балалардың осы ортаның әр мезгілде қандай өзгерісте болатынына көздері жеткен. Тәжірибе бойынша балаларға әр мезгілді 3-ке бөліп басы, ортасы, соңы түсіндіру немесе саяхатта мақсатты серуендер арқылы көз жеткізу оларға үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын тәрбиешінің жоспары болуы тиіс. Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелік мәні, қандай сұрақтар қойылуы тиіс, қандай әңгіме-жұмбақ айтуға болады, бұның алдындағы саяхаттан қандай ерекшелігі бар, осыларды мейлінше қамту қажет бала жасының өсуіне байланысты тәрбие жұмысының мазмұны да күрделене беруі тиіс. Табиғатқа серуен кезінде, түрлі дидактикалық қимылды ойындар ойнату, бірігіп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгімелер айтып беру, балалардың әңгімесін тындай білу -- осының бәрі тәрбиешінің жеке басының шеберлігіне байланысты.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты -- табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалып-тастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енеле-рінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурс-тар ұйымдастырылып экология проблемалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz