Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және психология

кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы сюжетті-ролді ойындардың ерекшеліктері»

Орындаған:

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері

1. 1. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық мәселелері . . . 6

1. 2. Мектепке дейінгі ұйымдарағы балаларға арналған сюжетті-ролді ойындарды қолдану жолдары . . . 14

ІІ. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолдануды қалыптастырудың әдістемесі мен ерекшеліктері

2. 1. Сюжетті-ролдік ойындарды қолдануды қалыптастыру әдістемесі . . . 18

2. 2. Сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың ерекшеліктері . . . 32

Қорытынды . . . 38

Қолданылған әдебиеттер . . . 40

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі . Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың сюжетті-ролдік ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады.

Осыған орай мектепке дейінгі білі беру мекемелерінде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір баланың жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Сонымен тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.

Отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерінде қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырғанын атап көрсетуге болады.

Көптеген философтар, педагогтар және психологтар ойынды білім беру үдерісінде пайдалану мәселелері көптеген еңбектерінде орын алып отыр. Ойынның педагогикалық дамытушы мүмкіншіліктерін И. Г. Пестолоцци, Р. Оуен, Ф. Фребель, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, Л. Н. Толстой, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко және т. б. жоғары бағалаған.

Ойынның теориясы мен практикасы мәселелерімен белгілі психологтар Л. С. Выготский, А. Н. Льеонтев, Д. Б. Эльконин, А. В. Запорожец, П. П. Блонский, т. б. ойынның бала дамуы мен оның тұлғасының қалыптасуында алатын орны туралы өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Баланың психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратын-дығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б. айтып кеткен.

Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.

Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде Е. А. Аркин, Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б еңбектерінде көрсетілген.

Ойынды қалыптастырудың негізгі бағыты - баланы қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, шығар-машылық қабілетінің қалыптастыру арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Елімізде балабақшадағы балалардың ойын әрекеті туралы және оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолда-рын Ф. Н. Блехер, Джафарлы, Г. И. Камаева, Г. А. Ляпина, Э. М. Мурта-зина, М. Мұхамедин, А. К. Никифорова, Н. Н. Страздас, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова, Т. Иманбеков зерттеуінде мектеп жасына дейінгі балалардың дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілет әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағын-дықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойында-рын сюжетті-ролдік ойындар арқылы мақсаттарын жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекеме жағдайында балалардың сюжетті-ролдік ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіздігі қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты « Мектепке дейінгі ұйымдардағы сюжетті-ролді ойындардың ерекшеліктері» атты тақырыбының өзектілігін дәлелдейді. Осыған орай зерттеудің негізгі мәселесі сюжетті-ролдік ойындардың ерекшелігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мекемелерде сюжетті-ролді ойындардың ерекшелігін теориялық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

- Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін айқындау.

- Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолдану негізгі мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі білім беру мекемедегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі білім беру мекемедегі ойын әрекетінде балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озық тәжірибелерді талдау, балалардың ойын әретінде шығармашылық қабілеттерінің дамуын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.

Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы :

- Балабақшадағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық тұрғыда талдау жасалынып, оның мәселелерінің мәні айқындалды;

  • сюжетті-ролдік ойындардың тәрбиелік жақтары таразыланып, қазақстандық педагогикалық ой-пікірлердің дамуына қосқан үлесі анықталды;
  • Сюжетті-ролдік ойындарды қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың мүмкіндіктері айқындалып, педагогикалық-әдістемелік ұсыныстар берілді;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара жас ерекшеліктеріне байланысты және даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі сюжетті-ролдік ойындардың қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасау барысында балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»; Елбасының жолдаулары; зерттеу мәселесі бойынша философтардың, әдебиеттану мен педагог, психологтардың еңбектер.

Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, білім беруді дамытуға арналған бағдарламалар, ҚР «Білім туралы» Заңы т. б.

Зерттеу базасы:

Курстық жұмыстың құрылымы: Белгілеулер мен қысқартулардан, анықтамалар мен нормативтік сілтемелерден, кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

І. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері

1. 1. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық мәселелері

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшадан бастап қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шың-дау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азама-ты деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойынды дұрыс колдану үшін тәрбиешіге ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын - еңбек, ойын - оқу, ойын - әлеуметтік қарым - қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан - жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Іс-әрекетте ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ал ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Ойын ұғымына анықтама берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде сюжетті-ролдік ойындардың орны ерекше.

Ойын - адамның іс-әрекетінің бір түрі. «Ойын», «ойнау» көпмағыналы ұғым. Мысалы, ертеде гректер ойынды тек балаларға тән іс-әрекеттер десе, еврейлерде қалжың мен күлкі мағынасында қолданылған, кейінірек келе, барлық европалық мемлекеттердің тілдерінде «ойын» бір жағынан ауыр еңбектен айырмашылығы бар адамдардың кең ауқымды әрекеттері ретінде, ал екінші жағынан адамдарды қуантатын, сауықтыратын және рақаттандыратын әрекеттері ретінде қолданылып келеді. Сонымен, бұл ұғым бала ойынынан бастап сахнада кейіпкерлерді сомдау әрекеттерінің барлығын қамтып отыр.

Ойын ғылыми зерттеулердің пәні ретінде қарастырыла бастағанға дейін, балаларды тәрбиелеудің бір құралы ретінде ғана қолданылып келген. Қазіргі кезде ойынды - адамның дүниетанымының алғашқы қадамы ретінде қарастырып отырмыз. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін толықтырып жетілдіреді.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.

Көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді С. А. Шмакова айтуға болады делінген:

- Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық ләззат) ;

- Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») ;

- Әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат») ;

- Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

2. Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық, әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

3. Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

4. Ойынның диагностикалық қызметі - педагогқа баланың әр қырынан: нтеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

5. Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.

6. Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

7. Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық - кеңістігі.

Соңғы жылдары сюжетті-ролдік ойындардың теориялық және практикалық мәселелері көптеген ғалымдармен зерттеліп зерделенген: А. П. Усова, Е. И. Радина, Ф. Н. Блехер, Б. И. Хачапуридзе, З. М. Богуславская, Е. Ф. Иваницкая, А. И. Сорокина, Е. И. Удальцова, В. Н. Аванесова, А. К. Бондаренко, Л. А. Венгер. Барлық зерттеулерде оқыту мен ойын арасындағы өзара байланыс, ойын үдерісінің құрылымы, дидактикалық мақсаттағы ойындарды басқарудың формалары мен әдістері анықталды.

Сюжетті-ролдік ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Сюжетті-ролдік ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Балабақшадағы балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш. А. Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш. А. Амонашвили өз балалармен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті және баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында сюжетті-ролдік ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың үй-тұрмысын, заманауи оқиғалардың және басқаларды (космостың ұшуы және т. б. ) бейнелеу арқылы ойлауын, қабілет-терін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Сюжетті-ролдік ойындарда міндетті түрде бірнеше бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін сюжетті-ролдік ойындар құрылған. Балаларға белгілі тақырыпта тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл сюжетті-ролдік ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр сюжетті-ролдік ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.

Ойын - тәрбиеші әрекеті тарапынан, бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.

Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста баланың жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, баланың өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Бала жарыста өз еңбегінің нәтижесін топтарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.

Ойын балабақшадағы білімнің жеке бағыт алу негізі болып табылады. Ойынның атқаратын міндеттері:

- психологиялық - эмоциялық дәрежесінің мүмкіндігін арттырады және шаршағанды басып, сергітеді.

- психотерапиялық - баланың өзіне және басқаларға деген қатынасы өзгереді, психологиялық көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге көмектеседі.

- технологиялық - тиімді ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға рұқсат ете отырып қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.

Бала ойнағанда өзін қауіпсіз, қолайлы және дамуына қажетті психологиялық еркіндікті сезінеді

Ойын технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде жалпы көрсеткіштерге бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді қатысуға деген бала ұмтылысы, әрекет субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас тұлға, өте сиректігін жете түсіну, оның әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін қабылдау

Ойын технологияларының белгілері:

  • ойын үлгісінің бар болуы;
  • ойын қойылымдары;
  • рольдікпозициялар;
  • альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері;
  • жобаланған нәтижелер;
  • бағалау критерилері;
  • сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы.

Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар. Олар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай; танымдық қызықты театрланған; рөлдік, имитациялық еліктеу және т. б. ойындар қолданылады.

Мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
  2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
  3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық
  4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т. б

Балаларды ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, балалар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл балалардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден бұл балалардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, балалардың арасында жарыс пайда болады, баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, балалар шығармашыл ойлауға дағдыланады.

Ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама - топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.
- сергіту сәті (драмалық фазасы),

-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы),
- кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» - жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдық қабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжетті - рөлді ойынды ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру форма – Ойын
«Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы»
Балалар театрының түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік қасиетін дамытудың мәні
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz