Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Спорттық ойындар түрлері, өткізу ерекшеліктері»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Спорттық ойындар бала денесін жаттықтырудың құралы ретінде

1. 1. Спорттық ойындардың түрлері және оларға сипаттама . . . 6

1. 2. Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру . . . 13

ІІ. Мектепке дейінгі мекемелердегі спорттық ойындардың маңызы мен міндеттері

2. 1. Мектепке дейінгі мекемелердегі спорттық ойындар дене тәрбиесін ұйымдастыру формасы ретінде . . . 17

2. 2. Дене тәрбиесіндегі спорттық ойындардың маңызы мен міндеттері . . . 20

ІІІ. Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды өткізу ерекшеліктері

3. 1. Спорттық ойындарды өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі . . . 24

3. 2. Доп беру техникасын үйрету . . . 31

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Спорт - аса жоғары нәтижелерге жетуге, жарыстарға қатысуға бағытталған жүйелі түрде айналысуды қарастырады. Спорт адамның дене және рухани күштеріне деген жоғары талаптар қояды, сондықтан оған жас шамалық дамудың белгілі кезеңіне жеткенде ғана және тиісті әзірлігі болған жағдайда қол жетеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі спорттық жаттығуларды ғана (шаңғы, коньки, шана, велосипед, жүзу т. б. ) пайдаланады. Осындай әлдеқайда жеңіл спорттық жаттығулар техникасының негізін қалыптастыра отырып, балалар дене тәрбиесінің олардың жас ерекшеліктері ескерілетін басты міндеттерін шешеді.

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е. Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.

Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты - бала организмін шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.

Дене тәрбиесінің елеулі міндеті - балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.

Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына, балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.

«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»

Спорттық ойын дегеніміз - ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Спорттық ойындар элементтері бар ойындар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда жинақылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, балаларға айқын, қолайлы қимыл техникасын, ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етеді.

Зерттеу объектісі: №42 «Гүлдер» бөбекжайы, ересектер тобы

Зерттеу пәні: дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі

Зерттеудің мақсаты: спорттық ойындар түрлері және өткізілуі туралы түсінік беру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Спорттық ойындардың түрлері және оларға сипаттама беру;
  • Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру жолдарын қарастыру;
  • Спорттық ойындарды өткізу ерекшеліктері мен әдістемесін анықтау;
  • Доп беру техникасын үйрету жолдарын қарастыру;
  • Дене тәрбиесіндегі спорттық ойындардың маңызы мен міндеттерін айқындау.

Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекеттегі мектепке дейінгі мекемелердегі спорттық ойындарды қткізу ерекшеліктері теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығы басшылыққа алынды;

Зерттеудің әдістемелік маңызы: спорттық ойындардың түрлері мен өткізу ерекшеліктері әдістемелікі зерттеулер жүргізу негізінде талданды.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттер, талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


І. Спорттық ойындар бала денесін жаттықтырудың құралы ретінде

1. 1. Спорттық ойындардың түрлері және оларға сипаттама

Біздің елімізде спортты дамытуға зор көңіл бөлінеді. Совет спортшыларының жоғары жетістіктері совет адамдарының дене шынықтыру жаттығуларының әр түрлі салаларына қатысуының бұқаралық сипатының нәтижесі. Ғылыми негізделген медотика бойынша жүргізілетін мұндай жұмыстар процесінде спорттық нәтижелер ғана өсіп қоймайды, сонымен бірге денсаулық сақтауда, біздің қоғамымыз үшін маңызды адамгершілік қасиеттерін, дене мен ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жоғары көрсеткіштерге жетеді.

Мектепке дейінгі жаста техниканы дұрыс игеру негізі, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдық-ерік қалыптасуы игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға мүмкіндік береді.

«Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» шаңғы, коньки, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, аткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу және басқа да спорттық жаттығулар көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, нерв системаларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Табиғи жағдайда жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал балалар шаршағанын сезбей жаттығуларды ұзақ уақыт орындайды. Коллективті түрде айналысу, әсіресе балабақша территориясынан тыс жерде серуендеу саналы тәртіптілікке, жолдастық өзара көмекке және т. б. тәрбиелеуге көмектеседі.

Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгеннен кенін ұйымдастырылады. Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде, шағын топта және жеке жүргізіледі. Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің көмегі мен сақтандыруы қажет болмай қалған кезде өз бетінше велосипед, шана, әткеншек және т. б. тебуіне рұқсат етіледі.

2. Үстел тенисі, бадментон, баскетбол, хокей, футбол ойындарының мазмұны және сипаттамасы.

3. Спорт ойындары үшін қажетті құралдар, өткізілетін орны, жасалынатын жағдайлар.

Конькимен жүгіру-бұл дене жаттығуының түрі, бұл жаттығуды адам мұз бетінде арнайы дайындалған құралда, аяқ киімге бекітілген конькимен сырғиды. Белсенді демалу, денсаулықты күшейту мақсатындағы аздаған жылдамдықпен конькимен жүгіру ойын-сауығы жәй сырғанау деп аталады. Жәй сырғанаудың ішіне- жеке, жұптық және топтық жылжу, сонымен қатар мұз үстіндегі ойындар кіреді. Сонымен конькидің әр түрлі үлгілері қолданылады. Жәй сырғанау ереже бойынша конькимен спорттық жаттығудың барлық түрлерінің мамандандырылған сабақтарының алдында тұрады: конькимен жаттығулар, шапшаң сырғанау, мәнерлеп сырғанау (жеке және жүппен), мұз үстіндегі спорттық би, хоккей, шайба және доппен ойындар. Сол себеп бойынша оны конькимен косымша жаттығуларға жатқызады. Конькимен шапшаң сырғанау (Коньки спорты) - бұл спорттық жаттығудың түрі, бұл жаттығуды орындағанда коньки тебуші жарыс шартында барынша мүмкіндігі бар өз жылдамдығымен ереже бойынша регламенттелген ара-қашықтықты жеңіп алуға тырысады. Шапшаң сырғанауда жәй және арнайы конькилер қолданылады.

Шаңғы жарысы-Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі.

Көпшілікке әйгілі болып жүрген спорт түрінің бірі әр түрлі ара қашықтықтағы шаңғы жарысы болып табылады. Спорттың осы түрімен айналысу дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады, қозғалыс әрекеттегі бірінші орын алады.

Еліміздің көптеген аймақтарында, қыс мерзімі ұзақ және қарлы жерлерінде, шаңғымен айналысу дене тәрбиесінің кең тараған түрі. Шаңғымен айналысу кезіндегі дене тәрбиелік жүктеме көлемі және қарқындылығы бойынша өте жеңіл бөлінеді. Бұл шаңғыны әр жас шамасындағы әйелдер мен ер адамдар үшін дене тәрбиесі құралы ретінде, денсаулықтың қалпың және дене тәрбиесі дайындығын жарнама етуге мүмкіндік туғызады.

Бірыңғай бұлшық ет қимылдарымен жұмыс жасау, төмен температураларда және таза аяз ауада, ағзаның әр түрлі ауруларға шалдығуына қарсылық жасауын көтереді және жұмыс жасауға жаратымды көмегін тигізеді. Шаңғымен әдемі ормандарда және беткей бойынша әр түрлі өңірлерде серуендеу, сырғу жүйкелік жүйеге, ми және тәннің еңбекке қабілеттілігіне жаратымды ықпалын тигізеді.

Мәнерлеп сырғанау-спорттың қысқы түрі, спортшылар конькимен мұз үстінде қосымша элементтер жасайды, әсіресе музыкамен бірге. Ресми жарыстарда ереже бойынша медальдардың төрт топтамасы ойнатылады: әйелдердің дара сырғанауы, ерлердің дара сырғанауы, жұппен сырғанау және сонымен қатар мұздағы спорттық би. Мәнерлеп сырғанау Қысқы Олимпиядалық Ойындарының бағдарламасына енгізілген.

Сырғанаушылар әр-түрлі шоуларға жие қатысады, олардың шеберліктерін төрешілер емес, көрермендер бағалайды.

Құзға өрмелеу- Бұл жылуды ұнататын спорттың бір түрі, ол жерде қар да мұз да жоқ. Сонымен қатар өзіңмен бірге үлкен, ауыр арқа қоржынды тасу қажет емес. Құзға өрмелеу-спорттың дербес түрі, альпинизмнен шығып кеткен және ұзақ уақыттары онымен айырылмас байланысты болды. 1947 жыл спорттық құзға өрмелеудің туған жылы болып есептеледі.

Қазіргі кезде құзға өрмелеу спорты кәсіби айналысатын немесе кейін шанайы құздарға шығып, халықаралық жарыстарға қатысатын экстремалды спорт түрі ғана емес. Осының арқасында құзға өрмелеу спорты Қазақстанда әйгілі болып жатыр. Бұл ғажап емес: Шет елдерде, мысалы Франция және Италияда спорттың бұл түрі мектеп бағдарламасына міндетті түрде енгізілген және құзға өрмелеу спорт түрімен ол жақтарда демалыс күндері бойынша әр отбасы бірге айналысады.

Құзға өрмелеу-бұл спорттың түрі және белсенділік демалыстың тәсілі, оның мәні-табиғи құздар бойынша немесе жасанды бедерде өрмелеу болып табылады. Құзға өрмелеу спортын жие альпенизммен шатастырады, бырақ бұл мүлде екі түрлі спорт түрлері. Альпенизмге қарағанда құзға өрмелеумен айналысқанда құзға өрмелеуді ұйғарады, оның биіктігінің аңықталған маңызы жоқ. Осы себептер бойынша құзға өрмелеу спортымен айналысу үшін тауларға шығу міндетті емес, жақын жердегі скалодромға да бару жеткілікті.

Скалодром-бұл құздың бедеріне еліктейтін, биіктігі 5 тен 15 м-ге дейінгі жарлары бар және құзға өрмелеу сабақтары үшін арнайы жасалған жабық жай. Скалодромның негізгі элементтері-жарға бекітілген тікшіл немесе әр түрлі түсті ілгектерімен теріс енкейтілген тақта болып табылады. Әр скалодром өз келушілеріне қиындықтардың дәрежесі бойынша бөлінетін, өрлеудің әр түрлі бағдарын ұсынады.

Құз бойынша өрмелеумен салыстырғанда скалодром жаттығу үшін аса ыңғайлі орын болып табылады.

Спорттық бағдарлау-бұл қатысушылар карта және компас көмегімен өңірлерде орналасқан бақылау пунктінің (қысқаша-БП) берілген саның өту керек болатын спорттың бір түрі, ал қортындылар арақашықтық өтетін уақыт (аңықталған жағдайларда айыптық уақыт есебі) бойынша немесе алған баллдарының саны бойынша аңықталады.

Спорттық бағдарлаудағы аса көп таралған жарыстың бірі тапсырылған бағытта бақылау пунктің (БП) іздеу болып табылады. Қатысушылар картада белгіленген, аңықталған жүйелілікпен БК арқылы жүгіреді.

Сөреде спортшыға БП-нің өңірде нақты орналасқан карта беріледі, сол карта бойынша спортшылар өз еркіндерімен ақпарат негізінде жолдарын тандайды. Олардың тапсырмалары-аз уақытта барлық БП тауып алу. Спорттық бағдарлаудың көп түрлері бар екені сөзсіз (Таңбаланған тас жолында бағдарлау, таңдау бойынша бағдарлау, паркттық бағдарлау, қолжалғау, шаңғы бағдарлау, велосипедпен бағдарлау және т. б. ) . Брақ спорттық бағдарлау бойынша жарыстың көп таралған түрі осы берілген бағыттама болып табылады.

Спорттық туризм (СТ) - негізінде бағдарлармен жарыс өтетін, табиғат ортасындағы және арақашықтықтарда, жасанды беткейде (асулар, биіктіктер, табалдырықтар, арна және үнгүрлер т. б) . деген сияқты дәрежеленген кедергілерді жену тапсырмасы бар спорттың түрі.

Жарыстар тәртіптің екі топтамасы бойынша өткізіледі: «бағдар» және «арақашықтық»

Қол күрестіру-жекпе-жектік спорттың түрі. Олимпийадалық спорт түріне жатпайды. Спорт түрі жарақатты: шынтақ, иық буындарына, байламдарына және сүйектеріне жүктеме түсіреді.

Жекпе-жекте келесі фазаларды тауып алуға болады: сөрелік ұстаным, артықшылыққа жету, артықшылықты орындау. Қол күрестіру спорты негізінде-техникалық ауыр және байыпты спорт түрі. Алғашқы басып алу кезінде, спортшылардың қолдары арнайы белдікпен байланады. Сол кезде тек қана жеңу немесе жеңілу ғана қалады.

Гір тасын көтеру спорты- адамның негізгі тән сапасын, күшін және күштілік шыдамдылығын дамытуға бағыттайтын спорт түрі, және сонымен қатар бұл спорт түрі адам ағзасының функционалдық мүмкіндіктері мен жұмысқа қаблеттілік денгейін көтеруге мүмкіндік береді. Классикалық ауыр атлетикамен салыстырғанда гір тасын көтеру спорты цикылды қозғалысқа жатады, үлкен жұмыспен және барын көп қуаттылықпен сиппаталады, осы спорт түрінде жетістіктер сандық межелермен бағаланады. Гірдің қайта-қайта өрлеуі, техниканың дұрыс есебімен жаттығуды орындау спортшыдан өзінің тән және қызметтік мүмкіндіктерін үнемділікпен және нәтижелі жұмсауды талап етеді.

Сомдалу (ағылшын тілінен powerlifting: power-күш, және lift-көтеру) - күш беретін спорттың түрі, бұл спорт түрінің мәні-ауыр үлкен ауырлықтың салмағын аңықтау болып табылады. Сомдалу сондай ақ күш беретін үшсайыс деп та аталады. Себебі жарыстық тәртіп сапасында оған үш жаттығу кіреді: штанганы йыққа салып отыру, жатық орындықта штангімен жатып сығымдау және штанганы көтеру- осы жерде спортшының біліктілігін аңықтайды. Сомдалуда бодибилдингке қарағанда дененің сәні емес, күштік көрсеткіштердің маңызы зор.

Шорт-трек (ағылшын тілінде. Short track speed skating, орыс. Қысқа соқпақта конькимен жылдамдық жүгіріс) -коньки тебу спортының формасы. Жарыстарды бірнеше спортшылар (ереже бойынша 4-8: арақашықтық үлкен болған сайын, жүгірісте көп спортшылар болады) ұзындығы 111, 12 м сөпақ мұз соқпақ бойынша бірмезгілде сырғиды. Шорт-трек (ағыл. Short track-қысқа соқпақ), хоккей алаңы ішінде жарыстық арақашықтықты тез иелену үшін конькимен жылдам жүгірудің түрі. (мұздың шеңбері-111, 12 м) . Шорт-трек Канадада 20 ғасырда пайда болды.

Ауыр атлетика-күш бертін спорттың түрі, бұл спорт түрі штанганы бастан жоғары көтеру бойынша жаттығуларды орындау болып табылады. Бүгінгі кездегі ауыр атлетика бойынша жарыстарға екі жаттығу кіреді-жұлқыну және итеру.

Ғылыми негізделген әдістемесі бойынша жүргізілетін мұндай жұмыстар процесінде спорттық нәтижелер ғана өсіп қоймайды, сонымен бірге денсаулық сақтауда, біздің қоғамымыз үшін маңызды адамгершілік қасиеттерін, дене мен ақыл ой қабілеттерін дамытуға жоғары көрсеткіштерге жетеді.

Мектепке дейінгі жаста техниканы дұрыс игеру негізі, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдық-ерік қалыптасуы игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға мүмкіндік береді.

«Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» шаңғы, коньки, шана, вилосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу және басқа да спорттық жаттығулар көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, нерв системаларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Табиғи жағдайда жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал балалар шаршағанын сезбей жаттығуларды ұзақ уақыт орындайды.

Коллективті түрде айналысу, әсіресе балабақша территориясынан тыс жерде серуендеу саналы тәртіптілікке, жолдастық өзара көмекке және т. б. тәрбиелеуге көмектеседі.

Паркте, орманда, өзенде айналысу табиғат сұлулығын балалардың жақыннан көруіне мүмкіндік жасайды, эстетикалық сезімін оятады.

Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстау балаларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді, еңбек сүйгіштікке қалыптастырады.

Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгеннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде, шағын топта және жеке жүргізіледі. Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің көмегі мен сақтандыруы қажет болмай қалған кезде өз бетінше велосипед, шана, әткеншек және т. б. тебуіне рұқсат етіледі.

Спорттық гимнастика - дене шынықтыру қүралдары- нық бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененіқ

қалыптасуы мен спорттық шеберліктіқ жоғары дәреже- сіне жетуге бағытталған адамнық икемділігін жетілдіру болып табылады.

Оқу жүмысында спорттық гимнастиканық жүйелік бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде гимнастика- лық жарыстар өткізіледі.

Акробатика қимыл-қозғалыс пен моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға кө- мектеседі, өз денесін ширақ меқгере білуге, үшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, . Ак- робатикалық жаттығулар - алдыға айналып түсу, артқа айналып түсу, көпірше жасау, пирамида жасау, тік түру. Акробатикалық жаттығулар жеке, екі адам, топпен де орындалады. Жаттығулар түрлері снарядсыз және сна- рядтарда орындалады.

Акробатикалық жаттығулар жүйелі бағдарлама бойынша орындалады, жарыстар өткізіледі.

Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканық негізгі жаттығулары - қимыл-қозғалыстық жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меқгертеді. Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика сияқты спорттық бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады.

1. 2. Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру

Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене жаттығуы, баланың жан- жақты жетілуі
Мектептегі бұхаралық дене шынықтыру спорттық шаралар
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі
Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытуда ұлттық ойындарды дұрыс, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz