Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі
Тақырыбы:
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім:
І. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Дене тәрбиесінің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің
міндеттері ... ... ... .14
1.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ІІ. Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері және баланы қалыптастырудағы ролі
2.1. Әр түрлі топтардағы дене тәрбиесінің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... 24
2.2. Баланы жалпы дамыту мен дене тәрбиесінің әдіс-тәсілі ретінде қимыл
қозғалыс ойындарына сипаттама және өткізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..40
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты
жұмыс – бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық, ақыл-
парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен,
дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге
келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-
сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау. Дене тәрбиесін, жаңа
технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құнды-лық
қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған
педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі
жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның
жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы
әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі
өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-
құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде.
Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани
құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызмет-тері туралы
жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті
мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін
айқындай түседі. Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене
тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене
тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте
жоғары екендігі айқындалды. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық
құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының
негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің
қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың
дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке
дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс
денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі
білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалар-дың денсаулықтарын
нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене
мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда. Мектепке дейінгі
балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру
мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А.
Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т.
Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б. Ж.К. Оңалбектің, О.А.
Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаев-тың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері
дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған. Дене тәрбиесі мектепке дейінгі
балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан
сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Дене тәрбиесін жүзеге асыру –
денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге
арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі
балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене
мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне
сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі
дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Мектепке дейінгі балалардың
денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру
жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне
тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби
дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мектепке дейінгі
балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың
қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми -
әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы
уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны
байқалады.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер
Зерттеудің мақсаты: дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін анықтау
Зерттеудің міндеттері:
✓ Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі пәнінің қолдану аясын
анықтау;
✓ Мектепке дейінгі жастағы балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің ерекшелігін айқындау;
✓ Дене тәрбиесі әдіс- тәсілдерінің мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте дене
тәрбиесінің әдіс- тәсілдері теориялық тұрғыдан тұтастық принципін
басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Дене тәрбиесі әдіс- тәсілдерін
анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі дене тәрбиесі туралы ғылыми деректерді
кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты
негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика ғалымдарының еңбектері мен жалпыға міндетті
білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - қоғамның
болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы
ғылым.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен
мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас
кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын
арнайы зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес
тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы
заңдылықтарын танып-біледі.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекше-
ліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып
талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғүрлым
тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін
ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.
Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, оны
айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және
одан кейінгі жылдардағы белсенді творчестволық қызметке қабілетті, дені
сау, шымыр, шыныққан, шат-шадыман, ынталы баланы қалыптастыру - жан-жақты
даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын мақызды
міндет болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби
жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық-физиоло-гиялық
ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда
болатын ынта мен қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекі-лік-
бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің
өзіндік ерекшелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбие-
сінің теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын
құруға және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдай-ларын жасауға
бағыт береді.
1.2. Дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері
Дене тәрбиесі теориясы-адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы
заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады.
Сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол
ашуға, адамның күш қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдітер арқылы
жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс.
Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері адамның жан-
жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның
жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Біздің
елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, отанды қорғау болып табылады.
Бұл мақсат дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін
бірдей болады.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмен-дегідей
міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту,
организмді шынықтыру, совет адамдарының творчестволық ұзақ өмірін
қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалып-
тастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік
т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілет-терді
бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: коммунизм құрылысының моральдық кодексі
принциптері рухында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек трбиесіне
ықпал ету.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты –
олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне,
дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Халықтық және ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып
табылады. Дене тәрбиесі процесінде дене тәрбиесімен айналы-сушыларда
дүниетаным қалыптасады, адамгершілік қасиеттер тәрбеленеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің халықтығы – оның мақсатының халықтың өмірі
талабына сәйкестігінде. Біздің еліміз тұрғындарының денсаулықты нығай-
тудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары жалпы еңбек өнімді-лігінің
өсуіне, сондықтан да бүкіл халық игілігінің артуына бағытталады.
Біздің еліміздің барлық халқы дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі
түрде айналысуға тартылады. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалады:
стадиондар, бассейндер салынады, гимнастикалық залдар жабдықталады, спорт
жабдықтары, киімдері, аяқ киімдері және т.б. шығарылады.
Ұлтына, біліміне, атқаратын қызметіне қарамастан барлық совет
азаматтарының денені жаттықтырумен және спортпен айналысу правосы бірдей.
Ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің сипатты белгісі болып табылады.
Зерттеулер негізінде бірегей мемлекеттік программалар, оқулықтар, оқу
құралдары жасалады және жетілдіріледі, физкультуралық құрал-жабдықтарға
қойылатын талаптар анықталады, әрбәр жас кезеңіне қарай және дамуының, дене
әзірлігінің нормативтік көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және семьялардың практикасына ендіріледі.
Дене тәрбиесі мәселелерін негіздеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуге
жұмылдырылатын ғылыми-педагогика кадрларын даярлау жөнінде үлкен істер
жүргізіледі.
3. Дене тәрбиесінің қызметі, негізгі ұғымдары.
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы,
дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі
білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. әр үрлі
құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр
дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның
және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп,
нақтыланып келеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы курсын оқып үйренуге кірсуге
мүмкіндік болмайтын негізгі ұғымдар ғана қарастырылады, басқа ұғымдардың
анықтамасы тиісті тақырыптарды әңгімелеу кезіндеберіледі.
Дене дамуы – адам организмі формалары мен қызметінің индувидуалды өмір
барысындағы өзгеру процесі. Дененің дамуы термині организмнің дамуы
деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің
ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің
тіршіліктік сиымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене
тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін
өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші,
тұла ой күші, бастың көлемі т.б. антропометриялық және биометриялық
көрсеткіштермен анықталады.
Дене дамуы терминін кең түсінікте қолданғанда оған дене қасиеттері де
(шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік
сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді.
Дене әзірлігі – бұл қозғалыс дағдыларының, іскерліктің дене
қасиеттерінің даму деңгейі.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі
түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына
қойылатын талаптар (балабақшадағы тәрбие программасы) талдап жасалған.
Дене жетілуі – бұл дене дамуының тарихи шартты деңгейі және денсау-
лықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайынды-ғының
жоғары дәрежелігі.
Дене жетілуі ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіліктер -
өндіріс қажеттіліктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықласы әсерінен
өзгеріп отырады. әр тарихи дәуір үшін дене жәтілуінің өзіндік өзгеруі тән.
Құлдық пен қанаушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше
жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады.
Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни
денсаулықтың, дене дамуының және дара әзірлігінің жоғары деңгейіне
жетілуіне бағытталған.
Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекше-лігін
көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой
еңбек тәрбиелерімен байланысты.
Дене тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке
немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы. Дене машықтығы
нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшелігіне байланысты дене
жатығуларын жасаудың міндеттердің өзіндік ерекшеліктерімен, құралдары мен
методикасымен сипатталады. Жалпы дене дайындығы термині дене тәрбиесінің
әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін ағытталған
процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік және спорттық қызметке
арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары – бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде
іріктеліп алыған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ
қозғалыстық қарекеттердің күрделі түрлері. Қозғалыстық қарекет деп адамның
қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын
әрекеттің бірін айтады.
Жаттығу термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілеу
үшін де қолданылады.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар,
спорт залдары, бассейндер және т.б.) құрал жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім
және т.б.кіреді. рухани игілігі болып табылытындар: ғылым, өнер шығармалары
(әдебиет, скульптура, кескіндеме, графика, музыка т.б.) жатады. Дене
тәрбиесі мәдениеті дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең
кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесінің жүйесі тәрбиенің бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі болып
табылады және дене тәрбиесін жүзеге асырушы және бақылаушы ұйымдар
тұтастығының кепілі.
Дене тәрбиесінің біртұтас жүйесін жасау үшін халық талабына сай жағдай
жасалды. Мұның өзінде біздің елімізде және шетелде жасалған прогрестік
нәрсенің бәрі ескерілді.
Дене тәрбиесі теориясында теориялық талдау және талдап қорыту,
педагогикалық зерттеу және эксперимент әдістері пайдаланылады.
Теориялық талдау және қорыту әдістері. Кез келген зерттеу әдеби
мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші
библиографиямен танысады және өзі талдап шығу тиіс әдеби түпнұсқаларды
іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша жүйелейді, содан соң әр
мәселе ішінде материалдарды әр түрге (ағымдағы, шолу жасайтын,
қорытындылық) бөледі.
Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба
жұмыстар жүргізу және оларды талдау методикасын ойластыру керек.
Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ
эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс
бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен, нақты тарихи
жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша
дамығандығын аңғаруға болады. Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай
мәселелер зерттеліп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде
баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап
ететіндігін анықтау керек.
Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке
дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әр түрлі документтерді (мысалы,
балаларға арналған дене жаттығуларын бір жылға таратып бөлу графигі, бір
апталық жұмыстың календарлық жоспары, дене тәрбиесі сабақтарының,
таңертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-
конспектілері, тәрбиешінің күнделігі, педагогикалық мәжілістердің
протоколдары, денсаулық жағдайын, дененің дамуын дене әзірлігін т.б. есепке
алу журналдары) талдау кезінде табуға болады. Осындай документтерді талдау
нәтижесінде табылған мәліметтерді жұмыс жорамалы ретінде (эксперименттік
зерттеулерден күтілетін нәтижелер) пайдаланыла алады.
Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдын ала
жасалған жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде қойы-лып,
татамды жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші бала-дан: Дұрыс
тұра білесің бе? Қалай тұру керектігін көрсетші. Ал енді қалай-ша дұрыс
тұруға болатынын айтшы, - деп сұрайды.
Педагогикалық талдап қорыту әдістері. Әдістердің бұл тобына
педагогикалық бақылау енеді. Күнделікті бақылаудан мұның айырмашылығы – ол
арнайы ұйымдастырылады, айқын тұжырымдалған міндеті, анық белгі-ленген
бақылау заты, сондай-ақ бақылау фактілерін түйіндеу жүйесі болады. Мұның
өзінде зерттеуші педагогикалық процесс барысына араласпайды. Ол фактілерді
жинау, оларды түйіндеу жүйесінің бірізділігі көрсетілетін (жазба жұмысты
жүргізудегі шартты белгілер т.б.) бақылау өткізу және өңдеу жоспарын алдын
ала жасайды. Бақылау тапқыр, нақты (мысалы, түсіндіру сипаты, дене
жаттықтыруды орындау сапасы т.б.) болуы керек.
Педагогикалық бақылаудың артықшылығы – ол объектілерді табиғи жағдайда
зерттеуге мүмкіндік береді.
Эксперименттік әдістер. Эксперименттің мәні мынада: зерттеуші арнайы
жағдай туғызып, жанама құбылыстарды жояды, қажетті материалды жинақ-тауда
кездейсоқтықтар мен кідірістерге жол берілмейді. Бұған қоса ол құбы-лыстар
арасындағы себептік байланыстарды дәлірек анықтау үшін экспери-мент
шарттарын түрлендіре алады. Қажетті жағдайда, мәселен, фактілер жеткіліксіз
болған кезде, эксперимент қайталанады. Зерттелініп жатқан мәсе-леге тікелей
қатысы жоқ жанама факторлар әсерін жою үшін эксперимент көбіне әдеттегіден
басқаша жағдайда жүргізіледі.
Әдеттегі жағдайдың өзгеруіне қарай эксперимент табиғи және лабора-
ториялық болып бөлінеді.
Табиғи эксперимент кезінде сабақтар кәдуілгі дене жаттықтыру сабақ-
тары жағдайынан алшақ кету болмайтын күйде өткізіледі; алшақтаулар
болғанның өзінде олар шамалы ғана болады.
Зертханалық эксперимент жасанды жағдай туғызудан және жанама әсерлерді
жоюдан тұрады. Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың
тәуелділіктерін (абсолютті эксперимент) анықтау мақсатында жүргізіледі.
Кейбір эксперименттер қайсыбір көрсеткіштерді (оқыту құралдарының,
методикаларының тиімділігі және т.б.) салыстыруға бағытталады. Мұндай
эксперимент – салыстырмалы эксперимент деп аталады. Эксперимент жүргі-зер
алдында міндеттерді анықтау және зерттеулердің жоспарын жасау, жұмыс
жорамалын қалыптастыру, эксперименттік сабақтардың методикасын, фактілерді
тізімге алу және оларды өңдеу методикасын талдап жасау қажет.
Математикалық әдістер. Дене тәрбиесі теориясы жөніндегі зерттеулерде
сыннан өтушінің әр түрлі көрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады.
Зерттеушінің міндеті – алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті
анықтаудын тұрады. Осы мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты
екенін, оларды ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын
анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық өңдеу әдісі
пайдаланылады.
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әр түрлі
әдістерінің біршама өзіндік ерекшеліктері бар. Дене тәрбиесі процесін бір
зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты
зерттеудің әр түрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір
әдіс екінші әдісті толықтырып отырады.
Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкін-
дік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектеседі.
1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат — өмірге, еңбекке,
Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене
тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас
ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және
тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және
денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табыла-ды.
Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай
жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің
даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлде-қайда нақты түрде
анықталады: дұрыс және уақтылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің
қалыптасуына, табан үзеңгілігінің дамуына, байланыс-бу-ындық аппараттың
нығаюына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста (про-порция)
дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болу; бұлшық
еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ,
табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық
еттерін дамыту, нашар дамыған иіп-жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл
бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің
және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу;
тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыш тығын дамыту,
тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үнемді жүм сауға, тыныс ырғағының
тұрақталуына, өкпенің ауа сыиым дылығын арттыруға себепші болу, мұрын
арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың (ас қорыту, тер, зәр шығару
және т. б.) дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні заңымданудаи сақтау
және оның дұрыс қызмет етуіне (жылуды реттеу және қорғаныс) жәрдемдесу;
қозу және тежелу процес-терінің қалыптылығына, олардың қозғалмалығына,
активті тежеліе тің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың
сезім мүшелерінің (көру, есту т. б.) жетілуіне себепші болу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім
беру міндеттерін шешудің де мақызы аз емес: қимыл-қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру, денені түзу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене
тәрбиесі туралы білімді игеру.
Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл қозғалыс
дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін
(еңбектеу, жүру, жүгіру, шақгы тебу, велосипед теуіп ойнау т. б.) балалар
күнделікті өмірде пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта
тұрып жаттығу, жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қозғалыстар –жүру,
жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, дақтыру,
секіру) спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу)
орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балалрды спорттық элементтері
бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (тенис, бадминтон, городки,
волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.) жас мөлшеріне қарай бөлінген
топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағды-ларының көлемі
Балабақшадағы тәрбие программасында берілген.
Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы
күндерден бастап дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік,
тепе-теңділікті сақтау т.б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға
мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлеледейді. Мысалы, күштің,
шапшаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру
алыстығы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай
жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге
тигізу, секірген кезде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар
сақтау-балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді.
Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да
орындай, қимыл-қозғалысты тікелей іс-әрекеттің алуан түрлерін жетілдіре
алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала
отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге
тәрбиелеудің мақызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм
жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның
дұрыстығы — дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды.
Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға
сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет
сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, физкультуралық құрал-
дарды, бөлмені таза ұстау т.б.) үлкен маңызы бар. Балалардың денсаулығы
көбіне осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қара-пайым
білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білімбалаларға неғұрлым саналы түрде
айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым
толық өз етіменпайдалануға (гигиеналық жағдайды, табиғаттың жаратылыстық
факторларын, қол еңбегін) тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс тезникасы, қимыл-
қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағлұматты, сондай-ақ жеке және
қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді.
Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын (жоғары, төмен,
алға, артқа, оңға, солға, артқа бұрылу т. б.), физкультура жабдықтарының
аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту ережелерін, киімді,
аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбие-сіне қатысты
білімдер балалар ескен сайын кеңейе түседі.
Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің
мақызы үлкен. Балаларда күн саиын дене жаттық тырумен айналысуға деген
қажеттілікті әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде және үйде осы
жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым
жаттығуларды өз құрдастарымен және біршама кіші жастағы баламен бірге
өткізу қажет.
Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне,
спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек. Дене
тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика және еңбек тәр-биесін
жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады.
Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және
адамгершілік қасиеттерді (әділеттілік, адалдық жолдастық сезім, өзара
көмек, коллективпен жұмыс істей білу, физкультура жабдықтарын күтіп ұстау
т. б.) тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің (батылдың,
тәуекел-шілдік, табандылық, ұстамдылық т. б.) көрініс беруі үшін жақсы
жағдайлар жасалады.
Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі
нерв жүйесінің және басқа барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі
үшін мейлінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте
сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне қатысты
ғана емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен (мысалы жануарлардың, құстардың,
жәндіктердің мінез-құлықтары, табиғат және қоғам өмірі құбылыстары жайлы)
алған білім де бекемдене түседі. Балалар-дың барлық психикалық процестері
(қабылдау, көңіл аудару, елестету, ойлану, сөйлеу, ес, қиялдау т.б.) сондай-
ақ ойлау процестері (бақылау, салыстыру, талдау, синтездеу, жинақтау т.б.)
дамиды.
Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік,
зейінділік, ептілік, тапқырлық көрсете отырып, қимыл-қозғалыс ір-
әрекеттерінде творчестволықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдары кеңілді қамтамасыз ете
отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз психикалық кеңіл
күйді тез жеңе білуді дамыту ете мақызды. Бұл жағымды эмоциялардың барлық
органдар мен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ете-тіндігімен, қимыл-
қозғалыс дағдылары қалыптасуының шап-шақдығы мен беріктігін қамтамасыз
ететіндігінен де қажет.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды.
Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының
сұлулығын, әсемдігін, мәнерлілігін, костюмдердің, физкультура жабықтарының,
айнала ңоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және
дұрыс бағалау ңабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты
мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сездердегі, ңылықтардағы
дерекілікке тезбеушілікті тәрбиелеу орынды.
1.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру
қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында
қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында
ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық
арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін
жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды
орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық
жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды
пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай
отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге
үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен
жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп
отыруы үшін ойын керек деді.
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор
оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты
себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан
жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен
мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі,
сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына
үлкен әсерін тигізеді.Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді:
Адам неғұрлым жас болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір
минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді.
Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер
етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы
нашарлайды және кешігеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек
әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі
баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.
Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор,
деп жазады Ж.Д. Демеуов бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтанда мектеп
жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс
жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға,
саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді.
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет
қозғалыс белсенділігі төмендейді.
Келесі ғалым А.Б. Нурлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру
сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және
ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен
дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін
(аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.
Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп
қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі
маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады.
Осы белгілерді негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарын балалар
арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық
пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары
сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде тексеруден өтеді.
Ұлттық ойындардың кейбір түрлері жаңа мазмұнға ие болып әрі қарай дамиды,
ал кейбіреулері тіпті жоғалып кетеді.
Қазақ халқы баланы туған күннен бастап денесін қимыл-іс әрекетке
тартып өсуіне мән берген. Баланың өсуіне қарай ұлттық дәстүрді енгізу
мақсатында мынадай жағдайды ескеру керек. Әр бала жеке тұлға екендігі, оның
қабілеті де әр-түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz