Дене жаттығуларының техникасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Пәні: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Дене жаттығуларына сипаттама»

Орындаған:

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Дене жаттығуларына сипаттама және бала дамуына әсері

1. 1. Дене жаттығуларына жалпы сипаттама . . . 6

1. 2. Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы . . . 14

1. 3. Бала ағзасының дене даму заңдылықтарына дене жаттығуларының әсері . . . 23

ІІ. Мектепке жасына дейінгі балаларға дене жаттығуларын үйрету әдістемесі

2. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама және оның жіктелуі . . . 30

2. 2. Балаларды дене жаттығуларына үйрету кезеңдері . . . 32

2. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларға жетілдіру және сапқа тұру жаттығуларын үйрету әдістемесі . . . 36

Қорытынды . . . 41

Қолданылған әдебиеттер . . . 43

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс - бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.

Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.

Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.

Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М. Таникеев, Т. А. Ботағариев, А. Б. Нұрлыбекова, Б. А. Тойлыбаев, Ж. К. Оңалбек, А. Қарақов, Қ. Т. Жанабаев, Б. М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов және т. б.

Ж. К. Оңалбектің, О. А. Аяшевтің, Т. Ж. Бекбатчаевтың, С. И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.

Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен ұйымдастру формалары бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.

Зерттеу пәні: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Зерттеу объектісі: Дене жаттығулары

Зерттеудің мақсаты: мектепеке дейінгі ұйымдардағы дене жаттығу-ларына сипаттама беру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Дене жаттығуларына жалпы сипаттама беру;
  • Дене жаттығуларының мазмұны мен формасын анықтау;
  • Бала ағзасының дене даму заңдылықтарына дене жаттығуларының әсерін зерттеу;
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйрету әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама беру және жіктеу;
  • Балаларды дене жаттығуларына үйрету кезеңдерін анықтау;
  • Мектеп жасына дейінгі балаларға жетілдіру және сапқа тұру жаттығуларын үйрету әдістемесін анықтау.

Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте дене жаттығуларына сипаттама беру теориялық тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Мектепке дейінгі мекемелердегі дене жаттығуларына сипаттама зерттеулер жүргізу негізінде талданды;

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі дене жаттығуларына сипаттама туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.

Зерттеу көздері: педагогика ғалымдарының еңбектері мен жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Дене жаттығуларына сипаттама және бала дамуына әсері

1. 1. Дене жаттығуларына жалпы сипаттама

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Балаларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, балалардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары балаларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді. Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.

Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалың үрдіс.

а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;

ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;

б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;

д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.

Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін тигізеді, денсау лығын нығайтады.

Мектепке дейінгі балалардың дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.

Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.

Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.

Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта 240 рет) .

Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.

Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см жетеді.

Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде, еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты лақтыра білу, т. б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан қалыптастыру дене шынық-тырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып табылады.

Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.

Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін, ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.

Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттық-тырушысынан дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін шешеді.

Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т. б. ) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.

Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.

Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.

Күш-қуат - ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда болуына себепші жаттығуларға - көрмеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т. б. жатады. Дененің сапалық қасиеті - күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т. б. ), созылмалы заттар, резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.

Жылдамдық - бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыс-тардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары, т. б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері бар ойындар, т. б. қолданылады.

Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу, сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады. Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру және т. б. жаттығулар жатады.

Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау үшін қолданылады.

Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып бөлінеді.

Жалпы шыдамдылық - ол адамның бүлшық еттері топтарының жұмыс жасап тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жүмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті (мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу) .

Арнаулы шыдамдылық - ол адамның (спортшының) өр түрлі жағдайда жөне жүмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру

қабілеті. Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде жүгіру жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық (мысалы, ңысқа қашыңтықңа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз - күш- қуат шыдамдылық ңасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-түру жаттығуы, затты көтеру, т. б. ) .

Шыдамдылық қасиетін дамытудың қүралы - үдемелі салмақ түсірудегі уақыт сәйкестігі бар өр түрлі жатты- ғулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру, жүгіру шаң- ғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секі- ру, қимыл-қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.

Икемділік - ол адамның қажетті тербеліс шегінде қи- мыл жасау қабілеті, бүлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен сипатталады.

Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткі- шінің бірі болып табылады.

Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен тербелісі кең аумақты жаттыгуларды орындау болып табылады. Бүл жаттығулар қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға, артқа, жан- жаққа түру.

Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағдысымен тығыз байланыста, сондай- ақ, ерік- жігер қасиеттері: жылдамдық, күш- қуат, ептілік, шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батыл- дық, үстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.

Дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі - адамның бойында дененің сапалық қасиеттерін төрбиелеу.

Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жүмысын дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары көңіл- күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.

Біздің еліміздің спортшылары дене шыныңтыру және спорттың дамуын өздерінің жоғары жетістіктері нөтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі - жоғары спорт жетістіктері нөтижесін көру, спорттың тех- никаны оқып-үйрену, меңгеру жөне іске асыру.

Дене шыныңтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетика және политехникалың оқу еңбек төрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.

Ақыл-ой және дене шынықтыру өзара тығыз байланыста. Дене жаттығуларымен жөне дене төрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулыңты нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлың жүйелерінің ңалыпты ңызметі үшін ңолайлы жағдай туғыза- ды, мүның өзі қабылдауға жөне есте саңтауға көмекте- седі, сондай-аң нөтижелі аңыл-ой іс-әрекеті тууына жағдай жасайды. Дене шынықтыруды ақыл- ой іс-әрекеті- мен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.

Дене шынықтыру мен ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен шүғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары, жаратылыстың табиғи күштері, еңбек, тұрмыс гигиенасы) әр түрлілігін, есте сақтау қабілетінің жан-жақты дамуын қалыптастырады.

Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.

Жүйелі үйымдастырылған дене төрбиесі адамгершілік тәрбиесін қалыптастырады. Топпен үйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысу-шылар арасындағы өзара дүрыс қарым-қатынас, үжымның нөтижелі бір мақсатқа жетуіне, жеке басының қызығушылығын қоғамдық қызығу-шылыққа айналдыруға көмектеседі. Мүндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын үйымдастыру, спорттық құралдарды реттеу, дайындау, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау сияқты жұмыстар жатады.

Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстағы, жұмыс орнындағы тәртіп көрсеткіші бекемдене түседі. Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін тәрбиелеуде спорттық жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдамдылық, ережені, спорттық этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.

Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жүмыстарды үйымдастыру жене дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттық сезімін тербиелейді.

Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сүлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі, дене шынықтыру жабдықтарын, айнала- да қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дүрыс бағалау қабілеті дамиды. Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, сенімді болады.

Мерекелерде дене шынықтыру шерулерінде, көпшілік би жаттығулары мен гимнастикалық қойылымдар эстетикалық сезімге бөлейді. Бүл жаттығулар көркем гимнастика, коньки тебу арқылы әр түрлі фигуралар жасау болып табылады. Аталған жаттығулар эстетикалық тәрбиенің негізгі талаптарының орындалуына сөйкес келеді.

Дене шынықтыру құралдарын еңбек процесінде пайдалану денсаулықты жақсарту, дененің сапалық қасиеттері күш- қуат, ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, т. б. қасиеттерге тербиелейді.

Дененің дамуына, политехникалық оқытуға дене тәрбиесіне қажетті құрал-жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткізетін орынды әзірлеу жатады.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балаларға қажетті еңбек дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік, күш-қуат, төзімділік қасиеттерімен бірге денесінің дамуына әсерін тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін ауыс- тыра алмайды. Себебі еңбектің қай түрі болмасын дене жаттығулары сияқты бүкіл ағзаға әсер етуі мүмкін емес. Еңбек ету барысында өр түрлі дене жаттығуларын (дененің үзіліс жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет, ал дене шынықтыру барысында күш жұмсалатын жаттығуларды орындау қажет (ұжымдық түрде сабаққа құрал-жабдық дайындау, спорттық қүралдарды реттеу, жөндеуден өткізу) . Осындай үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау міндеттерін шешеді.

1. 2. Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің жаттығуларын талдау
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене жаттығуларына сипаттама
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Дене жатығуларына сипаттама
Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері
Коньки спортын үйретудегі қауіпсіздік
Балуандардың күш қабілеттерін дамыту
Конькимен сырғанау - мұз айдынында конькимен сырғанау және мұз айдындарында мәнерлеп сырғанау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz