Қазақ облыстарының автономиясы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Ш. Х. Құрманалинаның іс-тәжірибесінің маңызы»
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2018
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І. Ш. Құрманалинаның педагогика ғылымына қосқан үлесі
1. 1. Ш. Х. Құрманалинаның өмір жолынан . . . 5
1. 2. Алаш құндылықтары негізінде ұлттық сананы қалыптастыру мақала-сының маңызы . . . 8
1. 3. Білім берудегі жаңаша әдіс-тәсілдердің тиімділігі . . . 12
ІІ. Ш. Х. Құрманалинаның іс-тәжірибесінен және олардың маңызы
2. 1. Педагогикалық кадрларды дайындаудың мәселелері . . . 15
2. 2. Педагогтің кәсіби білігі мен құзыреттілігін дамыту жолдары . . . 20
2. 3. Педагог кадрлардың инновациялық моделін дайындау . . . 36
Қорытынды . . . 30
Қолданылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Педагогикалық іс-тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Осы барлық деңгейлердің ұшар шыңына жеткен, «Ұстаздардың-ұстазы» атауына лайық - Шалқымы Хайроллақызы Құрманалина. Шалқыма Хайроллақызы 4 монография, 26 ғылыми еңбектің, 50 басылым, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Бұл курстық жұмысымда Шалқыма Хайроллаевнаның өмірлік іс-тәжірибесін зерттеп, болашақ мамандарға таныту мақсатында бәрнеше мысалдар келтіре отырып, ұстазымыздың педагогикалық жолындағы озат тәжірибелерін ортаға салмақпын.
Зерттеу пәні: педагогика
Зерттеу объектісі: Ш. Х. Құрманалинаның іс-тәжірибесі
Зерттеудің мақсаты: Ш. Ө. Құрманалинаның іс-тәжірибесінің маңызын зерттеу, ашу, тарату.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте Ш. Х. Құрманалинаның іс-тәжірибесінің маңызы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Ш. Х. Құрманалинаның іс-тәжірибесінің маңызы ғылыми-әдістемелік түрғыда зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Ғалым-педагогтың еңбектеріне әдістемелік жүйеде зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу әдістері: Ш. Х. Құрманалинаның еңбектеріне салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелер қолданылды.
Зерттеу көздері: Ш. Х. Құрманалинаның еңбектері, әріптестері мен журналистердің зерттеулері мен мақалалары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Ш. Құрманалинаның педагогика ғылымына қосқан үлесі
1. 1. Ш. Х. Құрманалинаның өмір жолынан
«Адам - өз өмірінің сәулетшісі» деп жатады. Сол рас болар. Ұзақ жыл ұстаздық қызмет етіп, өзінің мақсатының биігіне жеткен Шалқыма Құрманалина бүгінде педагогикалық ғылым академиясының академигі. Оның жас кезінен жақсылыққа ұмтылған жүрегі ұстаздықты қалады.
Сонау сұрапыл соғыстан кейінгі жеңістің жарқын жылдарында Жұрын станциясында дүниеге келген оның есімінің өзі сол уақыттағы халықтың жақсы көңіл күйімен сабақтас қойылғандай.
Ауыл қызы алға ұмтылып өсті. Облыстық мектеп-интернатты алтын медальмен аяқтап, қатарының алдында жүрген оның қай жоғары оқу орнына барамын десе де, алдынан білім ордасының есігі ашылып тұрғандай сәт еді. Бастапқыда Қазақ политехникалық институтына түсіп, тым жақсы оқи бастағанымен, оның мұғалім болуға ынтызарлығы ауа береді. Сөйтіп, үшінші курстан бастап оқуын Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетінде жалғастырады. Қолына диплом тигеннен кейін алғашқы еңбек жолын сол шаһардағы педагогикалық училищеде бастайды.
Кадрларға талаптың қатты кезі, өзіңді танытып, сыннан өтуің керек. Сол ретпен ол лаборант болып қызметке орналасады.
Жылдар желісімен бірге Шалқыма да тәжірибе жинақтап, өз мамандығына сай шәкірттерге білім беруге бейімделеді. Қатардағы оқытушы, директордың орынбасары бола жүріп, өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіріп, заманауи талаптарға сай оқу орнының материалдық-техникалық ахуалын жақсартуға үлес қосады. Кейінгі жиырма екі жылда Шалқыма Хайроллақызы - педагогикалық колледждің директоры.
Ж. Домұхамедов атындағы педагогикалық колледжде Шалқыма Құрманалинаның басшылығымен жұмыс істейтін ғылым мектебі бар. Педагогикалық, филологиялық, жаратылыстану пәндерінен электрондық-әдістемелік жүйе жасақталған, оның жетекшілігімен бірнеше оқытушы кандидаттық диссертацияларын қорғады. Бұдан басқа бірнеше ізденушілер магистрлық диссертация қорғап, педагогика, техника ғылымдарының магистрі атақтарын алды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі делегациясының құрамында шетелдердегі іссапарда болып, «Сингапурдағы орта білім жүйесін зерттеу», «Швеция мен Данияның орта кәсіптік білім жүйесін практикалық енгізілуін зерттеу» тақырыптарында ізденіс жүргізіп, Орта Азия елдеріне арналған InWEnt gGmbH жобасы шеңберінде Германияның Кобленц қаласында «Орта кәсіптік оқу орындарындағы менеджмент және басқару» тақырыбында білім жетілдіру курсына қатысты.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен оның «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі» авторлық бағдарламасы, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент», «Интерактивтік оқыту әдістері» оқу құралдары бекітіліп, республика шеңберінде таратылуда.
Шалқыма Хайруллақызының шығармашылық жұмысы мен табанды-лығының нәтижесінде педагогикалық колледж «Үздік әдістемелік қызмет», «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының үздігі» респу-бликалық байқауларының жүлдегері атанды.
2013 жылы Қазақстанда алғашқы жасақталған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім», «Дене тәрбиесі және спорт», «Кәсіптік оқыту» кәсіптік қызмет салалары бойынша кәсіптік стандарттарының, кәсіптік стандарт негізінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен пәндері бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларын жасақтау әдіснамасының авторы атанған ұстаз ұлағаты бүгінде кейінгі буынға бағдар іспетті.
Колледжде ақпараттық оқыту ортасын құру бағытында ерекше бетбұрыс жасады, 1999 жылы алғашқы электрондық оқу залын ашып, интернет класс, мобильді жылжымалы компьютер класы, лингафон кабинеттері, Promethean фирмасының жабдықтарымен жабдықталған интерактивтік кабинеттердің жүйелі жұмыс жасауына ықпал жасады, оқу үрдісінің мониторингісі және оқу кабинеттерін электрондық басқаруды жүзеге асыруда.
Шалқыма Хайроллақызы қоғамдық жұмыстармен де белсене айналы-сады, ол - Қазақстан Республикасы Іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі, Орал қалалық мәслихатының депутаты, Батыс Қазақстан облысы техника-лық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасы білім қызметкерлерінің бірнеше съездерінің делегаты, колледждегі «Ажар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
Ол бірнеше рет «Қанатты әйел» атты идеялар мен тауарлар ұлттық жәрмеңкесіне қатысып, сертификатқа ие болды. 2014 жылы «G-Global форматында ауыспалы кезеңде тәуекелді басқару» VII Астана экономикалық форумына және оның шеңберінде өткен «G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдің ролі» халықаралық әйелдер форумына барды.
Шалқыма Хайроллақызы - Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, бірнеше мерекелік және Ы. Алтынсарин медалінің иегері. Оның білім беру саласындағы, кадрлар даярлаудағы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, 2014 жылы «Құрмет» орденін кеудесіне тақты.
Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Шалқыма Хайроллақызын жерлестері мақтан тұтады. Ол өзінің туған жері - Жұрын ауылына жиі ат басын бұрып тұрады. Ғұмырдың жетпісінші белесіне қол созып, кемелді кезеңге көтерілгенмен балалықтың бал дәурені өткен мекен жанына ыстық.
Мағыналы өмірінің, шуақты шаңырағының алтын діңгегі Жетібай аға екеуі жарты ғасырдан астам уақыт қол ұстасып бақытты ғұмыр кешуінің белгісі - құлпырып өскен төрт қызы мен олардан тараған бұтақтары емес пе?! Балаларының бәрі де мектепті алтын белгімен, үздік аттестатпен бітірді. Жаннасы қазір философия ғылымдарының кандидаты, «Қазстройсервис» фирмасының басшысы, Гүлнары медицина академиясының аспирантурасын тәмамдады, Ләззаты Орал қаласында жауапты қызметте, Салтанаты Қазақ менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірді. Бәрі де әке тәрбиесі, ана тәлімін бойларына сіңірген қалыптарымен өз қатарларының алды болып жүр.
…Шалқыманың ұлы атасы Нұртай заманында Уфадағы Ғалия медресесін бітірген, Жұрында мешіт ұстап, балаларды оқытқан. 1914 жылы Тәшкент қаласында өткен Орта Азия мұсылмандарының құрылтайына қатысқан.
Осындай ұлағатты адамның ұрпағы Шалқыманың ізгілікті ісінің бірі - елге келіп, сол бабасының есімімен аталатын мешіт үйінің салынуына себі тигені де бүгінде оған деген ел құрметін туғызып отыр.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина педагогикалық еңбек жолын лаборанттық қызметтен бастап, оқытушы, директордың орынбасары, колледж дирек-торына дейін көтерілген. Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық кол-ледж ұжымын білікті маман дайындауда нәтижеге бағытталған білім мен тәрбиелеу жолдарын жоғары деңгейде ұйымдастырған, республика көлеміне танымал ғалым-әдіскер, қоғам қайраткері.
Шалқыма Хайроллақызының бастамасымен колледжде ғылыми-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде бастауыш сыныпқа арналған алғашқы қазақстандық математика оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жасақталып, жаңа мамандықтар ашылды.
Ш. Қ. Құрманалина Ақтөбе облысына қарасты Октябрь ауданының Жұрын ауылында өмірге келген. Кішкентай кезінен ата-әжесінің қызы болып өскен. Атасы Нұртай Құрманәлин мешіт ұстаған молда, әрі сол кездегі ауқатты, бай адам болыпты. 1937 жылы атасын бай деп ұстап алып кеткен. Кейіннен ақталып шықты. Ол кісінің артында әжесімен бірге Хайролла деген ұлы мен Шалқия деген қызы қалған. Шалқыма Хайроллақызы сол атасының жалғыз тұяғы Хайролланың үлкен қызы. Жанұяда төрт қыз, үш ұл өскен. Әжесі Ажар «майор кемпір» атанған ақылды, қайратты адам болған. Ауылдағы ұрыс-керіс, дау-дамайларды шешіп, бүгінгінің әкімдері сықылды, ылғи ел ортасында жүретін. Ауылдың адамдары әжесіні төбесіне көтеріп, сыйлайтын еді. Шалқыма Хайроллақызыынң Орал өңірі газетіне берген сұхбатына назар аударайық:
- Бала болып ойнап көрмеппін. Ылғи жерге жатып, ақ қағазды шимайлап жаза беретінмін. Әкем теміржолда қызмет жасайтын. Үйге көп газет алып келетін. Сол газеттің алғашқы бетіндегі «Правда», «Гудок» деген сөздерді ақ қағазға өзім жазып үйрендім. Сонда өзімнің не жазып жатқанымды да білмеймін. Әріптерді үйреніп жүрген түрім ғой. Әжем мені «Осы қызым оқымысты болады» дейтін. Тағы бір есімнен кетпейтіні, мектепке барғым келуші еді. Мен үшін мектепке баратын балалар бір ғажап ертегі әлеміне барып жүргендей көрінетін. Содан жылап қоймағасын, әжем мені бес жасқа толар-толмастан мектепке алып келді. Сол жылы қабылдамай қойды. Еңіреп жылап, үйге қайттым. Алақандай ауылдағы шағын мектепке келесі жылы бүкіл әріптерді танып, 100-ге дейін санауды біліп, әжеммен тағы бардым. Алғашқы мұғалімім Мұхамбетжан ағай маған сұрақтар қойды, мен тақылдап жауап бердім. Әрі сол жылы бірінші сыныпқа келетін ешкім жоқ. Бары екі-ақ оқушымыз. Оның бірі - ауылдағы бір апамыздың жыл сайын мектепке бармаймын деп жылайтын сегіз жасар қызы. Ол «оқымаймын» деп жылайды, ал мен «оқимын» деп еңіреп тұрмын. Осы бір сәт ұмытылмастай көз алдымда, жадымда жатталып қалыпты. Бірінші сыныпта екі оқушы, шағын жинақталған мектепте барлығы 12 оқушы болдық. Кейіннен шағын мектептің проблемасы туралы көп зерттедім. Ауылдағы бастауыш мектепті бітірген соң, мен әкемнің апасы Шалқияның қолында оқыдым. Ол кісі қазақ тілі мен әдебиетінен, оның жұбайы физикадан сабақ беретін. Әжем де менің жанымда болды. Бұл үйдегі аура бөлек еді. Үй толған кітап. Мен шетінен алып, кітап оқи беретінмін. Олар менің екінші әке-шешемдей болып кетті. Шалқия апамның өз баласы болмағасын, мен сол үйдің қызы болып есептелдім. Апам үйге толтырып 9-10 сыныптың мазмұндама дәптерлерін әкеліп, түнімен тексереді. Мен қызығамын. Дәптер тексергім келеді. Өзі жоқта жайлап тексеріп, іштей қателерін шығарып қоямын. Бір күні апама дәптер тексергім келетінін айттым. Ол алғашында тексерткісі келмеді. Сосын «қателерін шығарып бере ғой» деп рұқсат берді. Кейіннен менің сауатты тексеретінімді білген соң, апам маған осы жұмысты сеніп тапсыратын болды. Мұғалім болсам деген арман осы кезден басталды. Сондай-ақ апам бізді жұмсап өсірді. Бірақ мен жұмсауды күтпей-ақ, үй тірлігін өзім жасай беретінмін. От жағып, су тасып, үлкен кілемдерді мықшыңдап сыртқа шығарып, қағып-сілкіп, керім шаруа жасайтынмын. Өзім кіп-кішкентай болып сол кілемдерді қалай көтердім екен деп қазір ойлап қоямын…
1. 2. Алаш құндылықтары негізінде ұлттық сананы қалыптастыру мақаласының маңызы
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саясатында ұлттық мемлекеттілікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру. Ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды. Тәуелсіз елде Алаш даналарын тарихи сахнаға қайтарып, ұмытылмас тарихи тұлғалар тағылымына тағзым етуді жастар саясатының бір бағытына айналдыру өте орынды болмақ. «Кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері сынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым. алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманға шындыққа бейімдеу еді».
Егемендік алып, еркіндікке, тәуелсіздікке колымыз жеткенде, "Алаш" үғымы көк байрағымыздың желбіреуімен сабақтасып, әлемге өткір үнімен естіліп, қуанышымыздың символ-ұраны болып жаңғырды. XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. «Олар өз кызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалылығын сақтау, сонымен бірге, оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шындау деп санаған», - деп көрсетеді Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.
Олар, ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов. Ә. Ермеков, X. Ғаббасов, А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов. Ж. Досмұхамедов, т. б қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі, ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Қазақ халқының көшбасшысы болған зиялылар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, жаңа жағдайдағы саяси күрес жолына шықты.
1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында Орал облысы қазақтарының I съезі өтті. Съезге 800-ден астам делегат қатысты.
Ж. Досмұхамедов басшылық еткен бұл өкілетті жиын қазақ жұрты көптеп тұратын алқапты басқарудың жүйесін анықтады, қазақ зиялылары ескі мемлекеттік аппараттың жергілікті органдарын түгел жоюды белгілеп, ауылды, болысты, уезді және уалаятты басқарудың тиісті өкімет және атқарушы органдары туралы 100 баптан тұратын уақытша Ереже қабылдады. Таң қалдыратыны жергілікті өкімет пен басқару органдарының барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін жан-жақты анықтап, теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да шешуге мүмкіндіктерінің жеткілікті екендігін көрсетті. Мысалы, күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді: Бүкілроссиялық мемлекет құрылысы; Қазақ облыстарының автономиясы; Жер мәселесі; Милиция құру; Земство; Халык ағарту ісі; Сот туралы; Дін жөнінде; Әйел теңдігі. Бүкіроссиялық құрылтайға әзірлік халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу жоспарланды. Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік /ремеслендік/ мектептің үйіне орналастыру белгіленді (қазіргі облыстық өлкетану мұражайының ғимараты), Қазақ тілінде газет, кітапшалар шығару шаралары жүзеге асырылуы туралы айтылды. Қорыта айтқанда, «Орал облыстық қазақ съезі шешімдері» арқылы Ж. Досмұхамедов басқарған Уалаяттық Қазақ Комитеті 1918-1919 жылдары ұлттық мемлекеттік-саяси құрылым ретінде дүниеге келген Ойыл уалаятының қызмет жүйесінің негізін қалады. Кезінде Жаһанша:«Біздің максатымыз - ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады десе, қазір Президент партияның Саяси кеңесіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» еліміздің барлық халқының мүддесін қорғайтын шын мәніндегі көшбасшы партияға айналып отырғанын атап көрсетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz