Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледж

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту жолдары

Орындаған: Жүніс Ж.

Тобы:

Жетекшісі: Әбиева Г.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-5б.

I. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту жолдары

1. 1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту . . . 6-8б.

1. 2. Оқушылардың бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері . . . 8-15б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

II. Мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары . . . 16-28б.

2. 1. Мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырулың бір жолы - жобалау әдісі . . . 28-36б.

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 37-44б.

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45-48б.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49б.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай - ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Елбасының халыққа жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.

Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, мектеп оқушылары төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:

- білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;

- оқу біліктері негізін меңгерген, өзінің іс - әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;

- мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын.

Жалпыға бірдей білім берудегі мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.

- оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;

- рухани - адамгершілік және эстетикалық тәрбие;

- білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;

- оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;

- оқушының даралығын сақтау және қолдау.

Мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Бұл жаңа оқу стандарттарының тағы да ерекше жақтары. Оқу үдерісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.

Б. В. Всесвятский жазғандай, зерттеулер оқушыны бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс - белсенді бала жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуін де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.

Зерттеу жұмысының объектісі: Мектеп ұйымдарында оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыру мақсатында жұмыс жүргізу

Зерттеу жұмысының мақсаты: : Мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу, іс - тәжірибеде жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» деген ұғымды сипаттау;

-зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

- мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдарын саралау;

-мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу деңгейінің диагностикасын жүргізу;

Зерттеу пәні: Педагогика

Зерттеу жұмысының әдістері: ғылыми әдебиеттерді саралау, байқау тағыда басқалары

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер, мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеліп, мектеп жасындағы оқушылар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері анықталса, сабақта бағытты - практикалық, мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары сараланса, онда оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейі жоғарылар еді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, тәжірибелік бөлім, әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

1. 1. Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту

«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық (өнімсіз) және (шығармашылық, зерттеушілік) өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет. Зерттеуші оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі - баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Зертеушілік оқыту баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып - білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты - оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілеті. Зерттеу алдын-ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол - белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл - адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Зерттеушілік еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс. [1]

Нәтижесі туралы сөз болғанда ескеретін жағдай, зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже - баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілетін; алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зеттеу нәтижесін басқалармен шатастыруға болмайды. Мұғалім үшін негізгі нәтиже - баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, оның өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі, жай орындаушы ғана емес, анық шығармашыл психикалық жаңа көзқарасы.

Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:

1. Оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;

2. Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;

3. Талқылау кезінде баға беруге асықпау;

4. Білім алу барысында балаларға көмектесу:

-өз бетінше проблеманы шығаруға;

-проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыруға;

-пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылауға;

-ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтауға;

-өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсынуға.

5. Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.

« Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» Питер Клайн. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы себептен де әр ұстаздың алдында оқушыға жаңаша білім беру үрдісін қалыптастыру міндеті тұр десек, сол міндеттің бірі оқушының өз бетімен білім алуға құлшынысын арттыру, әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы олардың ізденушілік қабілеттерін арттыру болып саналады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»- делінген.

1. 2. Мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері

Қазіргі кезде оқыту қоғамда үлкен қызығушылықты тудырады. Оқыту материалын нәтижелі меңгеру негізінде танымдық қызығушылық жатыр. Егер оқушылар тарапынан бақылау жасауға, тәжірибелер қоюға жағдайлар жасалып отырса, ол үнемі оқыту әрекетіне ілесіп отырады. Олардың негізінде төменгі сынып оқушылары өздерінің жеке ойлары мен қорытындыларын жасай алады. Мектеп оқушылары бойында зерттеу дағдыларын қалыптастыруда кең мүмкіндікке оқу үрдісі ие. В. С. Мухинаның пікіріне сүйенетін болсақ, оқушылардың бойындағы зерттеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту оқу - тәрбие үдерісінде келесі педагогикалық қағидаттардың жүзеге асырылуы меңзеледі:

1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарына бағытталған қағидаттар. Зерттеу - шығармашылық үдеріс, шығармашылықты тыс жүктеп қою мүмкін емес, ол тек қана ішкі қажеттілік негізінде ғана туындайды, аталған жағдайда қажеттілік танымдық қызығушылығында.

2. Таңдау еркіндігі қағидаты мен өзіңнің оқуына деген жауапершілік. Тек қана соларды жүзеге асыру шарттарында ғана білім беру жеке тұлғаның жеке мақсаттарына адекватты болуға қабілетті.

3. Білімді меңгеру мен оны алудың тәсілдерімен біріккен қағидат.

4. Өз бетімен ақпаратты іздеу дағдысын дамытуға сүйентін қағидаты.

5. Оқытудың продуктивті және репродуктивті әдістерінің үйлесімділік қағидаттары.

6. Білімнің жоғарылауы туралы көзқарастарды қалыптастыру қағидаты, себебі, зерттеушілік оқытудың мазмұны келесідегідей құрылу керек: адамзат тәжірибесі оқушылар алдында дәлелденбеген қағидаттар емес, мызғымас заңдар мен ережелер жинағы ретінде емес, үнемі дамып отыратын ағза ретінде көрсетілуі керек.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде атаған бағыттағы бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты - психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып мектеп оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. [2]

Танымдық үрдістерге қабылдау, зейін, есте сақтау, қиял мен елес және ойлау жатады. Мектеп оқушыларына тән көрінетін танымдық үрдістердің пайда болуына сипаттама берейік.

Қабылдау. Бұл танымдық психикалық үрдіс, заттар, оқиғалар, жағдаяттардың тұтас көрсеткіштерінен тұрады. Бұл феномен дүниені танудың негізінде жатыр. Мектеп оқушысының дүниетанымының негізі болып тікелей қоршаған ортаны қабылдау табылады. Оқу әрекеті үшін қабылдаудың барлық түрлері маңызды: заттардың формаларын, уақытты, кеңістікті қабылдау. Егер біз алынған ақпаратқа қарайтын болсақ, онда қабылдаудың екі түрін бөліп айтуға болады: сипатты және түсіндірмелі. Сипатты түрі дамыған балалар нақты деректі материалдарға бағытталған. Яғни, мұндай бала мәтінді түпнұсқаға жақын етіп мазмұндап бере алады, бірақ оның мағынасына соншалықты мән бермейді. Ал түсіндірмелі типтер керісінше шығарманың мағынасын іздеуде болады, бірақ оның мәнін есіне сақтауы мүмкін. Жеке тұлғаға тиісті жеке ерекшеліктер де қабылдауға әсер етуі мүмкін. Кейбір балалар қабылдаудың нақтылығына бағытталған, бірақ ол болжамдарға жүгінбейді, естігені мен оқығаны бойынша ойын өрбіткісі келмейді. Ал басқа жеке типтері, керісінше ақпаратты ой өрісінен өткізіп, оны өзінің жеке дара алдын ала пішілген пікірімен толықтырғысы келеді. Кіші мектеп оқушысының қабылдауы өздігінен болатын еріксіз мінезге ие. Оқушылар мектепке жеткілікті мөлшерде дамыған қабылдауымен келеді. Бірақ бұл қабылдаулар заттың формасы мен түр - түсін білумен ғана шектеледі. Осы орайда, затта балалар негізгісі мен маңыздысын емес, өзге заттардан ерекше қылып тұрған өзгешеліктерді көреді.

Ойлау. Мектеп оқушының ойлауы кейіпті - көрнекі түрінен тілдік - логикалыққа ауысады. Ол көрнекі бейнелер мен ұғымға сүйенеді. Мектеп оқушыларының ойлауы көбінде мектепке дейінгі оқушылардың ойлауын еске салады. Аталған танымдық үдерісті түсіну үшін мектеп оқушыларының ойлау операцияларының даму ерекшеліктерін анықтап алу керек. Олардың құрамына талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау және нақтылау сияқты компоненттері енеді. [3]

Талдау - бұл затты ойша бірнеше жеке бөліктерге бөлшектеу және оның қасиеттерін, сипаттарын және келбеттерін бөліп алу. Мектеп оқушысында негізінен әрекеттік және сезімталдық талдау басым болады. Оқушыларға нақты заттарды пайдалана отырып мәселені шешкен оңайырақ болады (таяқшалар, заттардың үлгілері, кубиктер және т. б. ) немесе оларға бақылау жасай отырып заттар бөліктерін табу. Бұл заттың макеті ретінде болуы мүмкін, сондай - ақ заттың өзі сонда болатын табиғи шарттар болуы мүмкін.

Синтез - бұл өзінің ақыл - ой тізбегін қарапайымнан күрделіге қарай логикалық тұрғыда құрай білу. Талдау мен синтез өзара тығыз байланысты. Оқушы неғұрлым талдауды терең меңгерген болса, синтез соғұрлым толық болады. Егер біз оқушыға сюжеттік суретті көрсетіп, бірақ оның атауын айтпасақ, онда бұл суреттің сипаттамасы жай салынған заттар сияқты болып көрінеді. Суреттің атауын хабарлау, талдау сапасын жоғарылатады, оқушыға тұтастай суреттің мағынасын түсінуге көмектеседі.

Салыстыру. Бұл заттар мен жаратылыстардың ортағы немесе айырмашылығын анықтау мақсатында салыстыру. Мектеп оқушылары көзге түсетін жарық сипаттары бойынша салыстырады. Ол заттың дөңгелек формасы немесе оның өте жарық бояуы болуы мүмкін. Кейбір оқушыларға заттарды салыстыра отырып көп белгілерін анықтау мүмкін болады, ал кейбіреулері кемірек анықтайды.

Жалпылау. Мектеп оқушылары ең алдымен заттың көзге түсетін айқын белгілерін айқындайды. Жалпылаудың көпшілігі нақты белгілерге қатысты. Егер оқушыларға әртүрлі топтарға жататын бірқатар заттарды ұсынып, оларды ортақ белгілері бойынша біріктіруге ұсыныс жасаса, біз мектеп оқушысына оны өздігінен жалпылау қиынға түсетінін көреміз. Ересектің көмегінсіз ол тапсырманы орындау барысында мағынасы жағынан әртүрлі сөздерді бір топқа жатқызып тастауы мүмкін

Ұғымдар - бұл заттар мен жаратылыстардың елеулі қасиеттері мен белгілерінің үйлесімділігі.

Нақтылау. Ақыл - ойдың бұл компоненті жалпылаумен тығыз байланысқан. Өмір бойына оқушыға ұғымдарды, ережелерді, заңдарды меңгеруді үйрену қажет. Оны жеке заттар мен бөліктерді, белгілерді, сызбаларды қарау негізінде жүзеге асыруға болады, ал ең бастысы олармен бірқатар операцияларды жасауға болады. Егер оқушы ортақ қасиеттердің тек қана бір бөлігін ғана білетін болса, онда оның нақтылауы да толық болмайды. [4]

Қиял. Бұл адамның өзінің тәжірибесінде бар бейнелерге сүйене отырып жаңа бейнелерді жасау. Кіші мектеп оқушысының қиялын дамытудағы негізгі бағыты - болмысты меңгеру кезінде алынған өмірлік тәжірибе мен білім негізінде ақиқаттың толыққанды және толық бейнесіне ауысу. Кіші мектеп оқушысына бастапқыда еске түсірілген бейнелер нақты нысанды тек қана болжалды түрде ғана сипаттайды, олар бөліктерге кедей болып келеді. Ары қарай қиял дами береді, оқушылар бейнелерді құрған кезде неғұрлым көбірек белгілер мен қасиеттерді қолдана бастайды.

Кіші мектеп оқушылары қиялының ерекшлігі олардың нақты бір затқа сүйенуі болып табылады. Біртіндеп нақты мысалдар сөзбен ауыстырылады, олар балаға жаңа бейнелерді жасауға көмектеседі. Бейнелерді жасау қаншалықты байыппен, әдейілеп жасалса, біз қиялды соншалықты ерікті және еріксіз деп екіге бөле аламыз. Дәл кіші мектеп оқушыларының бойында өздігінен қиялдану көрінеді. Оқушыларға бұрын жасалған, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен шартталған бейнелерге жәй қарау қиынға түседі. Бұл жаңа бейнелерді жасауға қиындықтарын туғызады. Кіші мектеп оқушылары қиялындағы жаңа бейнелер әлі толық саналы түрде біленбеген қажеттіліктердің әсерінен пайда болады. Еріксіз қиял басқаруға көнбеушілікке пара - пар келеді. Егер қандай да бір әдеби шығарма немесе эмоционалды боялған әңгіме оқушы бойында ерекше қиял туғызса, онда ол естігенін немесе оқығанын мазмұндау барысында өз еркінен тыс шығармада жоқ қандай да бөліктерін ойдан шығарып алады. Ал ерікті қиял - бұл қойылған мақсат пен бейнеге сәйкес болған қиял. Ол дамуды қажет етеді, сондықтан ересектерге оқушы қиялында тек қана біраз белгілері бар белгісіз, жайылмалы, «ұсақ» бейнелерден жалпыланған анық айқын бейне жасауға дейін ықпал ету керек.

Зейін. Зейін өздігінен таным үрдісі болып табылады. Ол жоғарыда айтылған барлық үрдістерге тән: қабылдау, ақыл - ой, ес.

Зейін - бұл қандай да бір үрдіс немесе жаратылысқа мән беру. Ол барлық психикалық үрдіске ілесе жүреді және кез келген әрекетті орындаудың қажеті шарты болып табылады.

Зейін де ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Кіші мектеп оқышысының бойында еріксіз зейін басым болып келеді. Еріксіз зейін жеткілікті жағдайда «өзекті» болып келеді және артық күш салуға бағынышты болмайды. Ерекше назар аударуды талап ететі нысандар әралуан болуы мүмкін. Бірақ барлығына жарқындық, жаңашылдық пен тосындық ортақ болады. Кіші мектеп оқушылары әлі өздерінің зейіндерімен басқарып үйренбеген, сондықтан барлық эмоционалды бояумен берілген заттар оларды жылтырауыққа әуес болған сауысқандай тартады. Бұл олардың ойлау әрекеттерінің көрнекі - бейнелік сипатымен түсіндіріледі. Мысалға алатын болсақ, егер оқушы ауырып қалып мектепте қандай да бір материалды меңгермей қалса, ол мектепке келген кезде мұғалімнің түсіндіргенін түсінбейді, өйткені олар алдыңғы айтылғандар негізінде құралады. Оқушы алаңдап, өзге нәрселерге айлана береді. Оған мұғалімнің түсіндіргені түсініксіз, айқын емес дүние болып саналады.

Ерікті зейін. Егер оқушы мақсат қойып, оны орындауға күш - жігерін салса, онда бұл ерікті зейін. Білім, білік, дағдыларын меңгеру кезінде оқушы бойында ерікті зейін дамиды. Ерікті зейінді дамыту бойынша жұмыс оқушы алдына ересектердің қойған мақсатынан бастау алады, оны кіші мектеп оқушысы өздігінен алдына қояды. Оған зейіннің мұқияттылығы, оның көлемі, тұрақтылығы, ауысу және іріктеу жатады.

Жинақталған зейін - бұл зейінді қандай да бір анық затта ұстап тұра алу қабілеті.

Осыдан шыға отырып, кіші мектептегі жас ерекшелігі зерттеушілік дағдыларды дамытуға келетін жас деп білеміз. Егер оқушылар білімді өздері көріп, естіп немесе қолмен ұстап байқаса, олар жаңа білімдерді жақсырақ меңгереді. Сонымен қатар осы уақытта оқушы ойында еріксіз зейіннің де неғұрлым дамығанын есепке алу керек, сондықтан оларға ұсынылатын зерттеулер неғұрлым жарқын және есте қаларлық болуы тиіс. Осы орайда, мұғалімнің міндеті сабақта зерттеу элементтерін пайдалана отырып кіші мектеп оқушысының бойына табиғатпен қаланған зерттеушілік дағдысын дұрыс арнаға қарай бұру.

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру үшін келесі шарттар қажет:

Жүйелілік. Сыныптағы зерттеушілік дағдыны дамыту жұмыстары үнемі жүргізіледі, сабақ және сабақтан тыс уақыттарда.

Мотивациялану. Мұғалім оқушыға зерттеушілік әрекетте өзінің дарыны мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды көруге көмектеседі.

Психологиялық жайлылық. Шығармашылық белсенділіктерді ынталандыру. Мұғалімнің міндеті оқушылардың шығармашылық идеяларын қолдау және бағыттап отыру.

Жас ерекшеліктерін ескеру. Зерттеу шама жетерлік және қызықты болу керек. [5]

Оқушы «Мен - білім» деген жеке тұлғалылықты ашады, оған маңызды болып келетін проблемалық жағдаятта оқушы қажеттілік туындататын «Неге?»,

«Неге олай болды?», «Ал егер. . ?» деген қажеттілік сұрақтары мен ұғымдарын білуге құштар болады. Оқушы зерделеніп жатқан нысанға жан-жақты қарап үйренеді. Мұғалім алдында күрделі міндет бар: кіші мектеп оқушысын өзіне сұрақ қоюға, таңқалуға үйрету, сондықтан ол оның танымдық белсенділігін дамыта түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі
Кіші жастағы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыстарды жалпылау
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сыныптағы ғылыми жұмыс
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу-зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz