Бейнелеу өнері сабағы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бейнелеу өнері сабақтарында қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Орындаған: Кенжебекова Э.
Тобы:
Жетекшісі: Ділдабекқызы Д.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3-8б.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Бейнелеу өнері сабағы
1. 1. Бейнелеу өнері сабақтарының мақсаттары мен міндеттері . . . 8-18б.
II. Халық педагогикасы
2. 1 Халық педагогикасы дегеніміз . . . 19-21б.
2. 2. Оқушыларды бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу . . . 21-29б.
2. 3. Оқушыларға бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселесі . . . 29-30б.
Тәжірибелік бөлім . . . 31-33б.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34-36б.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37б.
КІРІСПЕ
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш-адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі» делінген. Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық, бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектеп ұйымынан басталады. Шығармашылы тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттыөмір-салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. [1]
Мен өзімді балаларды әсемдікке баулитын пән-бейнелеу өнерінің мұғалімі мамандығымды мақтан тұтамын. Алайда, бұл мамандық көптеген мәндеттерді: тек қана сурет салуды оқыту ғана емес, сондай-ақ он саусағынан өнері тамган ата-бабаларымыздың бізге аматқа қалдырған, ғасырлар қойнауынан бізге аман жеткен баға жетпес рухани байлықтарды, құнды жәдігерлерінің лайықты мұрагерлері бола білуге, яғни бізді өткен тарихымызбен жалғастыратын нәзік байланыстарды үзіп алмауға тәрбиелеуге міндеттейді. Демек олардың бойында көркемдік, әсемдікті сезіну мәдениеттерін де қалыптастыру міндеті бейнелеу өнері пәнінің парызы болып табылады.
Бiлiм беру тармағындағы әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне толығымен кiрiгу үшiн үлкен мiндеттердi шешу қажеттiгiн ескерудi алға тартады. Соңғы нәтижеге бағытталған орта бiлiмдi дамытудың негiзгi мақсаты, мiндеттерi мен бағыттарында үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң қортынды нәтижесi болып табылатын өзектi үш iргелi бiлiм беру мақсатын белгiлейдi: бiрiншiден, дүниетанымдылық, екiншiден, шығармашылық, үшiншiден, құзыреттілік көзқарастар. Осы аталған үш іргелі білім беру мәселелері бейнелеу өнерінде орын алады. Ал бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқыту айырықша нәтижесін береді. Сондықтан да бейнелеу өнерін оқытуда педагогикалық-психологиялық тұрғыда негіздеу қажеттілігі анықталуда.
Бейнелеу өнерінің өзекті тамыры халық шығармашылығында жатыр. Ерте кезде қол өнер кәсiпшiлiгiнде шеберлiк өнерi шеберден оқушыға, көбiнесе күнделiктi тiршiлiктегi iс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тiкелей ауысып отырған. Демек халық педагогикасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнерді одан әрі жалғау үшін оқушыларды психологиялық тұрғыда бейімдеу қажеттілігі туындайды. Бейнелеу өнерін психологиялық тұрғыда оқыту алдымен адамның психологиялық сезім мүшелерімен байланысты болады. Олар: сезім, қиял, елестету, қабылдау, түйсік, ес, есіту сияқты т. б. көптеген психикалық құбылыстарын жетілдіру тікелей бейнелеу өнерінің негізінде жүзеге асыруға болады. [2]
Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi тұжырымдамасында: «Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбiр шәкiрттi тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкiншiлiк жасау» - деп көрсеткен
Көркемдiк талғамның жетiлуiне, әсемдiктi түсiнiп, қабылдауға және оны өз қолымен жасай бiлуге үйреткен тәлiмдiк тағылымдар адамзат тарихының барлық кезеңiнде маңызды мәнге ие болып келген. Демек бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқытудың маңыздылығын айқындау қажеттілігі туындайды. Бейнелеу өнері де үлкен шығармашылық ғылым саласы болып табылады. Ой, қиял, ес, елестету, сезіну сияқты психологиялық процестер бейнелеу өнерімен тікелей байланысты. Өйткені, кез-келген суретші қиялы арқылы ойында жүрген дүниелерді бейнелеп өмірге әкеледі немесе өмірде көрген оқиғасын елестету арқылы туындыларын жазады. Осы психологиялық процес арқылы дүниеге алуан түрлі шығармалар мен туындылар келеді. Сол туындылар арқылы яғни шығармаларды көру арқылы адамның ойлау, қиялдау, сезіну, сүйсіну, түстерді ажsрату сияқты көптеген психикалық процестерін дамытады. [3]
Әдебиеттерді зерделеу мен анализ жасау арқылы отандық ғылымда теориялық және практикалық деңгейде адамдардың бейнелеу қабілеттіліктерінің дамуын жас ерекшеліктеріне байланысты ерте жастан қолға алу мәселелері психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау тауып біртіндеп өз шешімін тауып келе жатқандығына көз жеткіздік.
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың сурет салмай шулағанын тәртіпке келтіру үшін, екі бағасын қойып тәртіпке шақыруы, не болмаса сабақтан шығарып жіберу сияқты тосыннан ойлап табылған әдістер педагогикалық жүйеге қарсы әдістер, сондықтан онын, басқаша тиімді жолдарын қарастырған дұрыс. Өйткені, бала психологиясы өте тез қабылдағыш болып келеді. Оқушыны түзеймін деп одан әрі сабаққа деген ынтасын жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтан да оқушылармен қалай қарым-қатынаста болудың психологиялық, педагогикалық шарттарын пән мұғалімі міндетті түрде жетік меңгерген болуы шарт. [4]
Сурет, кескiндеме, графика өнерiнен эстетикалық ләззат алған Қазыбек бек өзi сурет сала алмаса да көргенiне риза болып былай деп жазады: «Екi жылдың iшiнде сәулет өнерiнен де, әуез өнерiнен де ұстаз жалдап оқыдым… Мен тек Рафайiл, Тидзиан, Леонардо да Винчи, Микеланджело Симони сияқты кереметтердiң өнерiне сүйсiнумен ғана шектелдiм»- деп өзінің ойын осылайша тұжырымдайды. Біз сол Батыс Европаның бейнелеу өнерінің атақты суретшілерімен қоса Қазақ халқының суретшілері Ә. Қастее, Қ. Телжанов, А. Ғалымбаева, Г. Исмайлова сынды т. б. көптеген суретшілердің туындыларымен таныстыра отырып оқушыларды қазақы бейнелеу өнерінің шығармаларымен таныстырып, талдап өтуіміз қажет.
Бейнелеу өнерінің аса маңызды міндеті мен шынайы мүмкіндігі адамға болмыс философиясын түсінуге, табиғаттағы әлеуеттер қалай жүзеге асырылатынын, қандай жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтар біздің алға қарай қозғалуымызға кедергі болатындығын ұғынуға көмектесуде. Бұл үшін адамның көркемдік талғамы мен эстетикалық тәрбиесін қалыптасуы қажетігі туындайды.
Кеңес психологиясында біз адамның эмоциялары мен сезімдерін төменгі және жоғарғы деп бөлуді кездестіреміз, Төменгілеріне ағзаңың сыртқы әсерлерді бейнелеу кезіндегі физикалық жағдайынан туындайтын эмоциялар мен сезімдер жатады. Жоғары эмоциялар мен сезімдер - адамның қоғамға және жеке адамдарға, өзінің тәртібіне, өнер туындыларына және шынайлықтың эстетикалық қасиеттеріне қатынасын бейнелейтін біздің рухани өміріміздің құбылыстары. Оларға интеллектуалды, саяси, адамгершілік және эстетикалық эмоциялар мен сезімдер жатады. Біздің пікірімізше, эстетикалық сезім мәселесі екі өзара байланысқан аспектіге ие. Бір жағынан, эстетикалық сезім шынайылықты бейнелеудің өзіндік ерекше нысаны болып табылады. Мұндай жағдайда адамның рухани субъективтілігі мен эстетикалық сезімдер тудыратын қоғамдық шынайылықтың ерекшеліктерінің өзара байланысы туралы мәселе туындайды. [5]
Ю. А. Полуяновтың тұжырымдамасында бүгiнгi күнгi бейнелеу өнерiн оқытуды үш бағытқа бөледi. Автор бiрiншi, жеңiлдетiлген дәстүрлi кәсiби бiлiмге арналған бағыт - оқушының сурет салуға деген қызығушылығын жоюға және нәтиженiң күрт төмендеуiне алып келедi. Екiншi, бейнелеу өнерiнiң студиялар мен үйiрмелерi жағдайындағы және шығармашылық өзiн-өзi көрсетуiн дамытуға арналған бағыт та мектеп практикасында керi нәтиже берiп, оқушыларды оқытатын орындар болмағандықтан, шығармашылық жетiстiктердің жойылуына алып келеді. Үшiншi бағыт өнер шығармаларын түсiндiрудi мақсат етiп қояды. Бұл бағыт бiлiмнiң жүйелiлiгiн қамтамасыз етедi, бiрақ, оның негiзiнде жататын классификациялау әдiсi оқыту психологиясына сай келмейдi, себебi, терминдердi есте сақтаудың қиындығы шамадан тыс асып кетедi де, оқушыда өнерге деген парасаттылық қатынас қалыптастырады. [6]
Қашан да бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқыту өзінің нәтижесін беріп келген. Бірінші кезекте бейнелеу өнері барлығымызға белгілі педагогика саласымен тығыз байлынысты болып келеді. Бейнелеу өнерін оқыту мәселелері педагогика ғылымында қарастырылады. Бейнелеу өнерін оқытуда да өзіндік принциптер мен категориялар бар. Оқытудың принциптері әр уақытта жемісті жетістігін берген. Бейнелеу өнерін оқытуда да өз нәтижесін берерін ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеп анықтау жүргізілгенде көз жеткізуге болады. Ал, психология ғылымымен байланысын алатын болсақ онда психология ғылымының адам бойындағы қасиеттермен тікелей байланысты болмақ. Біз бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың елестету қабілеттері арқылы суреттер салғызу, және сол суреттерін талдату арқылы олардың сөйлеу қабілеттерін де дамытуға қол жеткізуімізге болады. Ғылыми еңбектерге талдау жасағанымызда әрбір бейнелеу өнері сабақтары педагогикалық-психологиялық тұрғыда өтпейді. Демек әр уақытта бейнелеу өнерін оқытуда педагогикалық бағыт бірінші кезекте тұрса, екінші психологиялық бағыт тұрады. Педагогиканың оқыту заңдылықтарын ескере отырып және оның принциптерінің негізінде жүйелеу тиіс. [7]
Бейнелеу өнері психология саласында тиімді қолданыс тауып жатыр. Қазiргi кездерi сурет салғызу арқылы ауыруды емдеу, психотерапиялық әдiстердiң бiр түрi ретiнде пайдаланылып келеді. Адамның мінезінде қандай психологиялық ауытқулар бар екенін анықтау үшін де, сурет салғызу арқылы зерттеу жұмыстары кейінгі кезде көптеп жүргізілуде. Бейнелеу өнерін меңгеру, әрбiр оқушының сурет салудағы біліктілігін дамытып қоймай, адамның рухани және ұлттық сана-сезімін қалыптастырады, жалпы егемен еліміздің өркендеп дамуына зор әсерін тигiзедi.
Бұл көрсетiлген педагогикалық және психологиялық негiздер адамзаттың бүкiл тарихи дамуын, мәдениетiнiң өсу деңгейiн көрсететiн бейнелеу өнерiнiң қосымша пән ретiнде емес басқа пәндер қатарында, өз дәрежесiнде жүзеге асырылуына негiз бола алады. Сондай-ақ, олардың оқушыларды бейнелеу өнерiне баулу мiндетiн өз деңгейiнде атқарылуына септiгiн тигiзерi анық. Айтылған мәселелердің бәрі біздің бейнелеу өнері бойынша жасаған оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, оқу әдістемелік кешендерде, білім стандартында өз көрінісін тапты және бейнелеу өнері сабақтарындағы оқу тәрбие үрдісін жетілдірудің алдын алары сөзсіз. [8]
Қорыта келе, бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқыту өзінің маңыздылығымен айқындалатындығына көз жеткіздік. Өйткені бейнелеу өнері педагогикалық критерилерсіз, категорияларсыз, заңдылықтарынсыз өтілмейді. Ал психологиялық негіздер бейнелеу өнерінде кеңінен қолданылатындығына көз жеткіздік. Демек бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғында оқыту қажеттігі және оның маңыздылығы айқын көрінеді.
Бейнелеу өнері сабақтарында қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Егер біз бейнелеу өнері сабақтарында қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін дұрыс қолдана білсек, мектеп жасындағы балалардың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыра аламыз. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер арқылы бейнелеу өнері сабақтарында қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану ерекшеліктерінің теориялық негізін анықтау. Қазақ халық педагогикасындағы озық дәстүрлерге сипаттама беру. [9]
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Бейнелеу өнері сабағыБейнелеу өнері сабақтарының мақсаттары мен міндеттері
Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:
1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт, олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.
4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.
5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдыларын меңгерту) бейнелеудің негізгі бейнелеу тәсілдерімен таныстыру.
6. Оқушылардың шығармашылық қызметтерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.
7. Мектеп оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің даңтықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.
1. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Көпшілік қауым мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке-жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс. [10]
Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу - ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т. б. жұмыстарын қарастырады.
Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан жақты дамуына ықпал етеді. [11]
Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың теориясы философия, мен эстетикаға, педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасына сүйенеді. Бүл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалу әдістемесінің ғылыми негізделуін қамтамасыз етеді.
Кейде мектептегі бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсініледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбиені оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер мектеп суретшілерді дайындамайды сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды. [12]
2. Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие - бұл адамды тек қана өнерге баулу емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына баулу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.
Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі өте ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді. [13]
Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетикалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.
Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс.
Мектеп оқушысын белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және тәрбиемен қатар оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы өмір сүріп, жаңаны жасауға үйренуін көздейді.
Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам адамның туғаннан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі. [14]
Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бояулар мен формалардың алуан түрлігіне одан сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.
З. Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дұрыс көре білуге үйрету.
Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, қүрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді. [15]
Мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байланысты екі міндетті шешуге ықпал етеді. Олар: оқупылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Баланың байқағыштығын дамыту - күрделі іс-әрекет сонымен бірге ол, оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан бастап қолға алу қажет. [16]
Ғалымдар бақылауды әлі де дүрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес екендігін көрсеткен. Ересек адамдардың өзі заттың форма қүрылысындағы ерекшеліктерді, оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе аңғара бермейді. Мұғалімнің міндеті баларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнері сабақтарының міндеті нақтылы зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап. оларды жалпы сипатқа біріктіру окушылардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады. Саналы көру зейінін ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал етеді.
Сонымен мектептегі бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді. [17]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz