Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледж

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс

Орындаған: Сұлтан А.
Тобы:
Жетекшісі: Ділдабекқызы Д.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4б.
І. ДАРЫНДЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ
1.1. Дарындылық сөзіне анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9б.
0.2. Дарындылықтың теориялық зерттеу жайы ... ... ... ... ... .10-11б.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Дарынды балалардың жеке тұлғаларын есепке алуда қойылатын педагогикалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-21б.
2.2. Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-23б.
2.3.Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдердің мектеп ... ... ... 24- 42б.
Тәжірибелік бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46 -47б.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .48б.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін дарынды балаларға білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзат құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу мәндеттері қойылып отыр.
Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда икемді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс істеу мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Дарынды балаға өзінің қабілетін еркін танытуға мүмкіндік беретін дарынана қарай бірегей тұлға ретінде дамуына жол ашатын білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Талантты тани білу, дарындылықтың белгілерін дамыту осыған орай дайын мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттернің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаттығы мен бейімділдігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізген дұрыс.
Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәжірибе жүзінде, ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие процесінде, тұлға ерекешеліктерін ескере отырып оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы-щещілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өз ісіне және өзіне деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының объектісі: Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі кәсіптік дайындығының ерекшелігін, шеберлігін ескере отырып, қажеттілігін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Дарынды балалар туралы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, саралау;
-Диагностикалау негізінде дарынды балалардың типтерін анықтау;
-Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің кәсіптік деңгейін белгілеу.
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу жұмысының әдістері: ғылыми әдебиеттерді саралау, байқау тағыда басқалары
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер ұстаз баланың резустарын анықтай білсе, онда оқу процесіндегі дифференциалдық деңгейі артады.

I. ДАРЫНДЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ...
0.1. Дарындылық сөзіне анықтама.
Дарындылықтың мәні неде? Ол - туа біткен қасиет пе? Әлде мағынасы тереңде жатқан құпия ма? Дарындылық - үш түсіндірменің тоғысуы. Яғни, орта деңгейді жоғарылататын зияткерлік қаблеттердің, даралық пен табандылықтың қосындысы. Дарынды адам болмысы бөлек, өзіне ерекше назар аударуды талап ететін кербез тұлға. Оны бірегей талант иесіне айналдыру үшін қажымас қайраттылық пен ерең еңбек қажет.
Бір данышпан өз сөзінде: Баланың тағдыры ұстазының көзқарасы мен тәжірибесінен, мектеп дәстүрі мен ата-анасының өмірлік ұстанымына байланысты деп атап кеткен. Шын мәнінде, дарынды әрі талантты балалармен жұмыс жүргізу ұстаздың тұлғасына белгілі бір талаптарды қояды.
Олар:
-- қатып қалған қағидаға бағынбай, қызықты жұмыс жүргізу,
-- іздену белсенділігі, құштарлық;
-- жасөспірімдер және дарынды балалар психологиясын жетік меңгеру;
-- ұстаздың дарынды балалармен жұмыс жүргізу дайындығы.
Қазіргі заманның білім беру жүйесіндегі артықшылықтың бірі дарынды балаларды анықтау, оларға тәрбие және білім беру мәселесі болып табылады. Нәтижесінде, ол шешімнен мемлекеттің зияткерлік және экономикалық әлеуеті тәуелді болып келеді. Шығармашылықтан алыс ұстаз шығармашыл оқушыны тәрбиелей алмайды. Өмір өзгерген сайын, мектеп өзгереді. Мектеп тым тез өзгерген сайын, өмірде де жылдам әрі негізді өзгерістер көрініс табады.
Инновациялар - уақыт талабы. Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінде маңызды бағыттардың бірі болып табылатындары: мектеп оқушыларының жобалар қызметіне, оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; оқу және практикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешу; өзіндік шығармашылықтарды, жобаларды, объектілердің шынайы әрі қатесіз модельдерін, процесстерді, құбылыстарды мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы құру.
Басқалай айтқанда, мектептен жаттанды білім емес, өмір бойы жаңа білімді игеріп және қолдана алатын, яғни, әлеуметтік мобильді болып білім алып шыққан түлектерді күтеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүйесіне төмендегідей компоненттер енеді: :: дарынды балаларды анықтау;
:: сабақта шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
:: сабақтан тыс жұмыста қабілеттерін дамыту (олимпиадалар, байқаулар, зерттеу жұмысы);
:: дарынды балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау.
Ең алдымен, көптің ішінен ерекше қабілетке ие, дарынды балаларды анықтай білу қажет. Олар бірқатар ерекшелікке ие: ізденісте жүреді, білімге құмар, көкейіндегі сауалға жауап іздеуде әрдайым табандылық танытады, мәні терең сауалдарды жиі қояды, көбінесе қалың ой үстінде, жақсы есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді.
Осындай балаларды анықтағанннан кейін мектеп ұстаздарына оларды тереңнен ойлауға, қабілеттерін одан әрі шыңдау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға үйрету міндеті жүктеледі. Бұл тұста оқушының пәнге деген қызығушылығы алғашқы көмекші құрал болып табылады.
Баланың пәнге қызығушылығын қолдау және бойына дарыған қабілеттерін шыңдау мақсатында мен шығармашалық таспырмаларды, қызықты материалдар мен тест тапсырмаларын пайдаланамын. [1]
Құрамына түрлі тапсырмалар, оқушылардың баяндамасы, шығармашылық пәндер кіретін практикалық бағыттағы сабақтарды жүйелі түрде өткізіп тұруды дәстүрге айналдырдым. Бұл сабақтың негізгі міндеті: білім алушыларды үлкен әрі қызықты жұмысқа баулау, бұл келешекте оларға мамандық таңдауға, үлкен өмірге сенімді түрде аяқ басуға септігін тигізеді.
Егер мұғалімнің өзі оқытатын пәніне селқос қараса, онда балалардың қызығушылығын тудыру әсте де мүмкін емес. Сол себепті мен үнемі ізденіс үстінде жүремін, біліктілікті арттыру курстары, әдістемелік бірлестіктер арқылы білімімді толықтырып отырамын. Әсіресе талантты оқушыларды күнделікті оқудан тыс жұмысқа тартуға үлкен мән беремін.
Менің қызмет тәжірибемде дарынды оқушылармен жұмыс істеудің анағұрлым маңызды формасы олимпиада болып табылады. Олимпиада ең қабілетті әрі дарынды балаларды анықтауға, тұлғаның білім қажеттіліктерінің қалыптасуы мен дамуына, оқушылардың жоғары білім алуға дайындалуына, түрлі ғылыми және практикалық қызмет салаларында щығармашылық еңбекке сеп болады.
Мектеп және қалалық деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жұмысын мен бүкіл оқу жылы бойы өткіземін. Сабақтан кейін дарынды балалармен қосымша жұмыс жасаймыз: қызықты тапсырмалар орындап, жоба әзірлейміз.
Тұлғаның жан-жақты жетіліп, дамуы үшін жағдай жасау ескерілетін аса маңызды жәйт деп санаймын.
Баланың ой-өрісінің дамуы оның физикалық, эмоционалдық, тұлғалық дамуына кедергі келтірмеуін де қадағалап отыруға тырысамын. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, мектептегі спорт секцияларына баруға, үйде де спортпен қосымша айналысуға үндеп отырамын.
Бақытты болашақ үшін бала алдында және өз ісіне жауап беруден тайсақтамайтын, өздігінен шешім қабылдауға дайын нағыз парасатты азамат тәрбиелеп шығару үшін мемлекет алдында жауапты екенімді өте жақсы түсінемін.
Балдырғандармен әңгімелесу барысында оларға ақыл-ой қызметін реттеу жолдарын үйретіп, өздерінің танымдық қасиеттерін анықтауға, осал және мықты тұстарын бағалауға жәрдемдесемін.
Баланы өзін-өзі жетілдіруге, яғни өз бетінше алдына міндеттер қойып, оны өздігінен шешуге үйретемін. Себебі шығармашылық белсенділікті ынталандырып, оны одан әрі дамыту тек өзін-өзі тәрбиелеудің арқасында ғана мүмкін болады. Өздігінен білім алуға ұмтылыс жасаған балаларға әлдекімнің артынан еріп жүрсең, жүрген жолың есте қалмайды, ал өзің жүріп өткен жол еш уақытта ұмытылмайды, Талант - бұл 1 % бойға дарыған қабілет, қалған 99%-ы еңбекпен төгілген тер деп айтып отырамын.
Баланың санасы қалыптасу кезеңінде болғандықтан, шығармашылық әлеует босқа кетпей, керісінше еселене түсуін үнемі қадағалап отырамын. Таланттты балалармен жұмыс істеу үшін, ең алдымен, өзіңді-өзің жетілдіріп отыруың шарт .
Дарындылық -- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе "дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Дарынды бала болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен - жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты -- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсат-міндеттері
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. Технология пәні бойынша шеберлік дағдыларын тереңдету, үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру
7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

0.2. Дарындылықтың теориялық зерттеу жайы
Мамандарыдң пікірі бойынша дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары орта қабілеті бар балаларға арналған бағдарламадан өзгеше болуға тиісті. Сонымен қатар, өзгешілік оқылатын материалдың көлемінің үлкендігімен немесе білім-біліктілік процестің жоғары темпінен анықталмайды. Дарынды балалар әлемнің ерекше бөлігін құрайды, сондықтан оларға өзгеше оқыту процесі қажет екендігін ескерген дұрыс. Көбінесе дарынды балалар өзіндік қабілеттері мен диапзондары және жеке мінездері бір-біріне ұқсамайды. Бағдарламада танымдық процестердің дамуы және таңдалынып алынған жұмыс стилінің кейбір дағдылары арасындағы айырмашылықтар ескеріледі. [2] Дегенмен дарынды балалардың кейбір ортақ істері де бар, сондықтан оқу бағдарламаларында осы жағдайлар ескерілуі керек. Ортақ қасиеттерге, ерекшеліктерге мыналар жатады:
-принциптің, түсініктің жағдайдың мағынасын тез қабылдау қасиеті. Бұл ерекшелік пысықтауға арналған материалдың және тақырыптың кеңдігін талап етеді;
-проблеманың ұтымды жағынан көңіл бөлу және оларды шешуге ұмтылу қажеттігі. Дәстүрлі оқутыда бұл қажеттілік сирек қанағаттандырылады, оған арнайы оқу бағдарламаларында өзіндік жұмыстар, ашық типтегі тапсырмалар, қажетті танымдық қабілеттерін дамыту арқылы іске асыру қажет;
-түсініктерді есеру, талдау және ұсыну қабілеті арнайы оқу бағдарламаларында жоғары танымдық процестердің мақсатты түрде дамуы бұл қабілеттерді сапалы жаңа деңгейге көтерді және белгілі жағдайдың шексіз қайталануын сақтайды;
-өз замандастарына ұқсас еместігін түсінуден туған мазасыздық, қобалжу.
Оқу бағдалмасына аффектілік компоненттің кіруі балаға өзін және басқаларды түсінуге мүмкіндік береді, өзінің ойларын ашық көрсетуге сонымен қатар өзін және басқаларжы қабылдауға үйретеді.
Дарынды балаларды оқытудың әр түрлі формада іске асатын сан түрлі стратегияларын бар. Бұл үшін арнайы бағдаламалармен жасаланады. Дарынды балаларды оқытудың негізгі бағыттарына темппен байытуды, толықтыруды жылдамдату жатады. [3]
Дарынды баланы қарапайым сыныпта оқыту біршама уақыт өткеннен кейін оның сыныптастарының істеріне бейімделуі себепті олардан айырмашылығы болмай қалуға әкеліп соғады. Ол жұмыстарының сапасын және санын мұғалімнің күнделігіне сәйкес орындай бастайды. Жылдамдату әдісін пайдаланып оқушыларды оқу бағдарламасына бағыттаудың негізгі талаптары болып мыналар саналады:
-оқушының жылдамдату қызығушылығы, нақты қызығушылық және жылдамдату қолданылатын сферада жоғары қабілет таныту;
-кемелденген әлеуметтік-эмоцианалдық жағдай;
-ата-аналардың келісімі, бірақ олардың қатысуға белсенділік таныту міндет емес;
-жылдамдату математикаға және шет тілдерге қабілеті бар балаларды оқытудың ең жақсы стратегиясы болып табылады.
Дамыту стратегиясы бірнеше бағытты қарастырады: ой-өрісін кеңейтеді, өзін-өзі тану және қоршаған орта туралы білім; осы білімдерді тереңдету және білім алудың құрал-жабдықтарын дамыту.
Қосымша материал мен одан күрделірек мазмұнға арналған байыту бағдарламасы білімнің нақты көбеюіне және ақыл-ойдың дамуына бағытталады. Осындай бағдарламалардың мысал ретінде тақырып, проблема немесе жеке дағдылар бойынша мини курстар болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Дарынды балалардың жеке тұлғаларын есепке алуда қойылатын педагогикалық талаптар.
Адамзат еншісіне ғана тиісті тәрбие мен білім беруде еліміздің интеллектуалды, шығармашыл потенциалын дайындау, дарынды балалардың жетілуіне жағдай жасау қазіргі заманымыздың экономикалық және әлеуметтік факторы болып отыр.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде мұндай мысалдар көп. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды адамдардың өміріне бір сәт көңіл бөлсек., дарындылығымен жас кезінен көзге түскен.
Германияның любектік төрт жасар дарынды баласы Кристиан Гейнрих Хейнекеннің дарындылығы жұртты таң қалдырды. Ұстазы Кристиан Фон Шенах жазған "Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі" деген кітабы дарындлы бала туралы жазылған алғашқы кітап болды.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың 4 амалын мен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады және мыңнан астам латын мәтелін білетін болған. Гейнрихтың даңқы әлемге жайылады. Дарынды баланы Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды бала төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған. Сол сияқты Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазған. Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын грек тілдерінде өлең хазатын болған. Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты. Сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері бар. Мәселен, Д. Байрон, Н. Дарвин, В. Скотт бала күндерінде түк білмейтін болған екен. Олардың көпшілігі өз уақытын бос өткізген. Олар өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинаумен айналысқан.
Дарынды балалар Қытай тарихында да жиі кездесіп отырған. "Ертедегі Қытайда дарынды балаларды, "Шэнь тон", яғни киелі бала деп атаған. Киелі балаларға байланысты ең ертедегі жазбалар Чуньцю Чжанго дәуірінде (б.д.б. 770 - б.д.б. 221) кездеседі. Үш патшалық дәуіріндей атақты қолбасшы ЦаоЦао-өз перзенті Цао Чуннің тапқырлығына таң қалады. 5 жасар бала сыйға тартқан пілдің салмағын өлшейтін таразы таба алмай тарығып жатқанда, "Алдымен пілді қайыққа салыңдар, онан соң орнына тас салып, оны бөліп өлшесеңдер тілдің салмағы шығады" дейді. Сөйтіп Цао Чуннің тіл өлшеген әңгімесі ауыздан ауызға тарап, жұрт 5 жасар баланың талантына таң қалады.
Қазақ халқының да біртуар ұлдарын аса қабілетті, дарын иесі деп айтуға болады. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уәлиханов та аз ғұмырының ішінде адамзаттық ғылымға баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет, тіл, география публицистика мен жазушының өнерде өзін жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан жөнінде С. Мұқанов былай деп жазды: "Аз өмірінде осынша тығыз, зұлымдықпен арпалыса жүріп, атқарып үлгерген еңбегінде қисап жоқ... Шоқанды ... 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында өлген Добролюбовтың қатарын қобға болады. Шоқан да солар сияқты: шын мағынасында данышпан, шын мағынасында дарын иесі. Атақты күйші Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Бұл ұлы тұлғаларды өзге адамдардан ерекшелендіріп тұрған дарындылық емес пе?!
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, оңай өзгеруі) байланысты болып келеді. Олоай болса, нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Ал Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық "табиғаттан берілетін ерекше қабілет" деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық. [4]
Сонымен біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны идарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен әдістеме саласында көптеген "тар жол, тайғақ кешулерден" өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты "өнер мен кернеген сезімінен туындайды" деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде "маған көмекке әрдайым мейірімді перім-гений келеді" деген екен.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы ұрпақтан ұрпаққа берілетіні сөзсіз.
Ф. Гальтон әлемге әйгілі, дарынды тұлғалар өмірнамаларын таладй оытрып, дарындылықтың тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс әлемдік өтпес даңққа бөленген әйгілі неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың арғы атасы В. Бахтың ерекше қабілеті болғанын айтады. Ал Абайдың ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Осыны негізге ала отырып Канада ғалымы Д. Хебб "генотиптік интеллект" деген ұғым енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, "фенотиптік интеллектіні" құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісінен анықталады. Д. Зеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 - тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осылан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени - әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80%-і генотиптік құрылымға байланысты. [5]
Д.Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жинақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы, "қатып қалған интеллектіні" жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50%-і ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы Г. айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай тұжырымдайды: "Термометрді алғаш ойлап тапқан ғалымды жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды... Түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе. Сөйтіп Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдады ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау ерекшелігін есепке алуда осы қасиеттерге баса назар аудару керек.
Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің, танымның ең жоғарғы формасы. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Дарынды балалар өзге балалардан ойының кеңдігі, арамдылығы, ұшқырлығы, дербестігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы сапалары айқындалады. Тіл мен ойдың бір-бірімен байланыста болатынын халқымыздың: "Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде" деген мақалы дәлелдей түседі".
Ойы кең дарынды бала еркін ойлайды. Мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Дарынды балалардың ойын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесінің маңызы зор. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы күрделі дамудан өтеді. Осы кезеңде дарынды балалардың ойлауын дамыту үшін мұғалім мынадай шаралар жүргізуге болады:
1) Балаларды белгілі ережелер жөнінде өз бетінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін сабақта эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыру қажет.
2) Баланың сөйлеу қабілетін дамыту, оның ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
3) Ойлау қабылдау мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушыны сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына жағдай жасау керек.
4) Дарынды бала кеңінен ойлайтын болғандықтан бір мәселені бірнеше жолдармен шешуге бағыттап отыру керек.
5) Баланың логикалық ойын, шығармашылық ойын дамыта алатындай мүмкіндіктерді пайдалану керек.
Дарынды оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту үшін олардан ойланып-толғануды қажет ететін проблемалық ситуация тудыру қажет. Сол ситуацияға оқушы өзін қатыстыра отырып немесе терең ойланудың нәтижесінде шешімін табады. Сұрақ қою оны дәл тұжырымдау, мәселені "ойда ұстай білу" сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу. Жорамал жасау т.б. ойлау процесінде мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Дарынды балалар жеке тұлғаның ерекшелігінде зейіннің алатын орны зор. Зейін туралы орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский былай дейді: "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыс есігі болып табылады, егер ол есікке ілімнің бірде-бір сөзі с оқпай өтсе, онда баланың санасында еш нәрсе қалмайды. Демек, зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Бала әрекетінің кез - келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Дарынды балаларда ырықты зейін басым болады. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Бұл зейін түрі құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдық санада тез бейнеленуін, сөйтіп қабылдау процесінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді. Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқарумен көрінеді.
Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау процесстері арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушы зейінін өзіне бағындырмаса, оның сөзі оқушы көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда зейінсіз өткенсабақ, өзінің мақсатына жете де алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының үйке жүйесі әлі де болса қатая қоймағандығын ескеру қажет. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр жеңілдегі әртүрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру сияқты мәселелер зейін тәрбиесінің басты шарттарының бірегейлері. Дарынды балалардың байқағыштығын арттыру - оның ой-өрісінің жоғары болуына септігін тигізеді. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі - ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастыру керек.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін, қимыл - қозғалыстарды, ерік-амалдары, немесе ерік деп атайды. Яғни, ерік адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Адам өз қажеттіліктерін өтеу барысына қимыл-қозғалысқа түседі. Ол қозғалыстарды екіге бөлуге болады: бірі-ерікті қозғалыстар, екіншісі - еріксіз қозғалыстар. Ерікті қозғалыс мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Ал еріксіз қозғалыстар мақсат қойылмайтын қозғалыстар, яғни көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.с.с. Еріксіз қозғалыстар тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Оқушылардың дарындылық дәрежесінің артуы білімдер мен ептілік дағдыларын игеруге тікелей тәуелді болады. Дарынды балаларға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте, оқуда шаршап шалдығуды білмейді, басқа балалармен салыстырғанда интеллектілік деңгейі анағұрлым жоғары. Сол себептен де дарынды оқушыларды дамытуда олардың ерік-күшіне де көңіл бөлінуі керек. Нағыз ерік - саналы тәртіп бар жерде ғана көрініп отырады. [6]
Дарынды балалар айнала қоршаған дүниені танып-юілуге күш-жігерін жұмсайды. Қоршаған дүние тиісті бір объектіге зейінін аудару, түйсіну, қабылдау арқылы санасында бейнеленеді. Белгілі бір объектіге зейінін аударады. Оны түйсіну нәтижесінде ол туралы мәлімет алады. Демек, қабылдайды да. Дарынды балалардың қабылдау ерекшелікетеріне көңіл бөлу керек.
Қабылдау - зат пен құбылыстың барлық қасиеттерінің біздің миымызды толық бейнеленуі. Қабылдау процесінде жеке элементтер бірігіп бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріледі. Қабылдау - түйсіктердегідей бір ғана анамезатордың қызметі емес, бірнеше анализатордың өзара байланысып жұмыс істеуінен болады. Кейбір оқушылар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударады. Ал дарынды оқушылар сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты етіп түсіндіре алады. Кейбір оқушылар затты тұтастай қабылодай алмайды, немесе нәрсенің жеке жақтарын қабылдай алады да, оның тұтас зат екенін ұмытады. Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады. Дарынды балалардың қабыладу санасында мұндай қателіктер кездесе бермейді. Баланың белсенді қабылдауын дамыту керек. Байқаудың белсенді жүріп отыруына "Сезім мен қызығу" жақсы әсер етеді. Бала бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарының бейнесін санасында қайтадан бейнелетеді. Олар болса бұл ес процесінде бейнеленеді.
Есте ұстау (сақтау) дегеніміз - естіген, көрген, оқып-білген, өз өмір тәжірибесінде өткерген дүниелердің мерзімді уақыт өткен соң адамның санасында қалуы, қайта жайңғыртылып бейнеленуі. Оқу жұмысы - оқушының саналы ақыл-ой әрекеті. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда ғана еске сақтау саналы да ұзақ болады. Оқушы білім - дағдыларының саналы да тиянақты болуын қамтамасыз ету үшін мұғалімге қойылатын талаптың бірі - есте сақтау процесінің физиологиясын білу. Есте сақтау ми қыртысында уақытша байланыстардың пайда болуына байланысты. Есте сақтау арнайы есте сақтау және еріксіз есте сақтау болып екіге бөлінеді. Арнайы есте ұстау арнаулы әдіс-тәсілдерді қажет етеді, оны тоздыратын тиісті мотивтер болады. Қандай да объектіні әдейілеп есте сақтау үшін тиісті шарттар орындау керек.
Айналадағы өмірдің түрлі көріністері ешқандай амал-тәсілсіз, сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Бұл еріксіз сақтау деп аталады. Дарынды балалар есінің дәлдігі жөнінен ажыратылады. Естің дәлдігі - ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті. Сонымен бірге дарынды балалар есте қалдырудың ұзақ, қысқалығымен де ажыратылады. Оқушылардың есте сақтауы болашақтағы білімді, саналы, еш кедергісіз қабылдауына ықпал етеді. Есте сақтаудың түрлілілігіне қарай оларды былай жіктеуге болады:
1. Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыруы жақсы, есте сақтағанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар;
2. Есте баяу сақтағанымен ұмытпайтын оқушылар;
3. Есте тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар;
4. Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар;
Біріншісі орынды балаларға тән қасиет. Оқушылар оқу материалын жаттап алады, бірақ оның мағынасына тсінбейді. Сондықтан есте сақтау үшін түсініп оқу қажеттігін ескеру керек. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте сақтауға бағыт беру, мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі.
Бұл аталған таным процестері оқушы дарындылығын диагностикалау үшін есепке алынатын талаптар.
ХХ ғ. басында ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әртүрлі өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілет деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық дегеніміз - ол белгілі бір бағытта ерекше қабілетті таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін яғни интеллектіні құрайды. Дегенмен іс-әрекеттің әр - алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті мен психиканың одан да күрделі ерекшеліктері жаңа ұшқыр ойлармен идеяларды туындату және қисыны көп стандлартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХғ. 50-60 жылдары "креативтілік ұғымы" "интеллект ұғымының" дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындылысақ дарындылық тұлғаның жалпы, интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ол өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше ақындардың біразы сурет қолөнермен қосымша шұғылданып жақсы туындыларымен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы универсалдық тұрғыдан қарастыру жөн. Ал уақыт өтісімен тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

2.2.Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендіру ерекшеліктері
Білім мен тәрбие жас ұрпақтың қос қанаты деп ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім айдынында біздің еркін жүзуімізге, тәрбиелі азамат болып өсуімізге бағыт сілтер-ол Дарын
Дарынды оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігі өте жоғары болуы тиіс.
Таным дегеніміз-айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамның тәжірибе негізінде іскуе асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы. [7]
Қызығу-әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, дарынды баланың белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психологиялық ерекшелік деген пікір айтады ғалымдар Н.Морозова, С.Рубенштейн. Қызығу баланы жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан баланың қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әртүрлі әрекеттерде көрініс табады.
Ойын қызметінің мүмкіндігін сипаттау дарынды оқушылардың таным қызығуының құрамын қалыптастыру маңызы және әлеуметтік құбылыс ғалымдардың түсінігі бойынша объективті-субъективті ұғым арқылы қабылданады.
Психология-педагогика ғалымдарының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, қажеттіліктің ішкі түрткісі субъектінің байланысты іс-әрекеті мен өмір сүру себебі болып табылады.
Қызығудың физиологиялық негізін талдау оның мақсатының рефлекске көбірек жақын екенін тұжырымдайды, себебі және баланың белгілі мақсатқа ұмтылуы, бағыты байқалады.
Қызығу іс-әркетке деген бір жақтылықтың пайда болып, объектіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Инклюзивті сыныпта сабақ жүргізу ерекшеліктері
Тарих ғылымының принциптері
ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар
Білім беру сапасын басқару мәселелері
Интеграция және инклюзив: ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Артпедагогика
Пәндер