Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледж

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақ халық педагогикасындағы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Орындаған:
Тобы:
Жетекшісі:

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6б.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
1.1. Отансүйгіштік және оны ұйымдастырудың принциптері туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-12б.
1.2. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-18б.
ІІ. ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
НЕГІЗІГІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-24б.
2.2. Сабақтан тыс уақытта оқыту технологиясын қолдану арқылы
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... 24-27б.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-29б.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .30-31б.

КІРІСПЕ
Еліміз тәеулсіздік алғалы Отансүйгіштік, Қазақстандық патриотизм, Ұлтжандылық деген сөздер жиі қолдана бастады.
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселердің бірі жеке тұлғаның отансүйгіштікке тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: Әр тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс, деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді.
Қазақстан Республикасының азаматтарына отансүйшігтік тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайды азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғарғы ұлтжандылық сананың қалыптасуына, өз отанына, еліне, тіліне деген мақтаныш сезімге, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындағығын тәрбиелеуге байланысты дәл көрсетілген.
Ұлтжандылық тәрбие үрдісінің ұстанымдары, формалары, әдістерінде түбегейлі өзгеріс жоқ. Мәселен, білім мен тәрбие жұмысының мазмұнында болып отыр. Ондағы жағдаяттар Қазақстанды егеменді мемлекет ретінде оң көзқарасты қалыптастыру қажет. Ол үшін білім мазмұнына елдің тарихи ақиқаттары, мәдени-рухани төл тәма болмысы енуге тиіс. Осындай білімді жастарға дамытуды, әсіресе, қоғамдық ғылым пәндерінің мүмкіншіліктері мол.
Қазақстандық отансүйгіштікті жағарғы деңгейде қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі-өмірдік әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру, елді өркендету. Тәуелсіздік жылдары еліміз қай жағынан да үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық мақсатқа ұмтылып отыр.
Оқушыларды отансаүйгіштікке шақырып, оларды жан-жақты зерттеген ғалымдар өте көп. Солардың ішінен атап айтатын болсақ: А.А.Люблинская, В.С.Мухина, С.А.Козлова, Л.Н.Павлова, А.М.Виноградова, ал қазақ ақын, педагогтардан А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Т.Тәжібаев, Т.Еңгербайқызы және тағы да басқа көптеген мамандар зерттеп қарастырған.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты, ал өз кезегінде діни конференциялардың көп болуына жол ашты. Осы орайда, кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған идея өз мәнін жойған жоқ Көп ұлтты Қазақстан жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету деп жазды Қазақстанның юолашағы-қоғамның идеялық бірлігінде еңбегінде.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының Қазақстан - 2050 стратегиялық жолдауында : Олар...күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады - делінсе, ҚР - ның Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отанын ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,мемлекттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

Жастардың алған білімдерін олардың бойына саналы азаматтық бірлік пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар арасындағы өзара түсіністік сезімін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Сөйтіп, Н.Ә.Назарбаев айтқан Қазақстан-біздің ортақ үйіміз идеясы орындалуы керек.
Оқыту мен тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі-жастарды ұлттық нышандарға: Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге ұлтжандылық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастыру. Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатырдеп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Ал біздің келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.[1]
Қазақстан Республикасының заматтарына ұлтжандылық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін отбасы, оқу орындары, жастардың қоғамдық қозғалысы мен ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен білім беру әлеуметтік институттардың бірлескен іс-әрекеті қажет-ақ. Міне, осы мәселерден кейін мен курстық жұмысымның тақырыбын Қазақ халық педагогикасындағы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу деп алуыма негіз болды.
-оқушыларға отансүйгіштік тіралы жалпы мағлұмат беру;
-оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің принциптерін анықтау;
-оқушыларға ұлтжандылық тәрбие берудің педагогикалық негізін ашу;
-сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың отанға деген сезімін қалыптастыру.
Егер, мұғалім сабақта немесе сабақтан тыс уақытта ұлтының тіліне, діліне, дәстүріне, мәдениетіне, әдебиетіне байланысты қажетті мағлұматтарды беріп отырса, сонда ғана ұлтын сүйетін тұлға қалыптасар еді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
0.1. Отансүйгіштік және оны ұйымдастырудың принциптері туралы түсінік
Отансүйгіштік-өз ұлтының тілін, ділін, дәстүрін сүюдің белгісі.Отансүйгіштік өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін қадірлейтін, ұлттық намысты қорғай білетін адамның қасиеті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы-көп ұлт мекендейтін ілгері мемлекеттердің қатарына жататын қонақжай халықпыз. Түрлі ұлт өкілдерін бауырымызға ала отырып, тату-тәтті өмір сүрі біздің қанға дарыған қасиеттеріміздің біріне айналуда. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Біз құрып жатқан қоғамның ең құндысы-адам, бүкіл өзгерістердің барлығы сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдарың заң жүзінде құқылары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген топтасу адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі мен идеялары мен негізделген-деп, жазды өзінің Қазақстан болашағы-қоғамдық идеялық бірлігінде атты еңбегінде. [2]
Егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ екені баршамызға мәлім. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сиқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі деген сөзін басшылыққа ала отырып, Менің Отаным- Қазақстан деп ойлайтын, жүрегі Елім, жерім деп соғатын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізу- ұстаздарға жүктелген міндет деп түсінемін. Осы міндеттерді орындау мақсатында балабақшаішілік емес, сондай-ақ педагогтарымыз және бүлдіршіндеріміз қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы-өз ұрпағымызға сана-сезіммен рухани дүниені адамдардың бір-біріне бауырмашылдық қадір-қасиетін бойына дарытқанда ғана қазақ елінің дүние жүзі халықтарының достастық шаңырағы берік бола алатындығына кәміл сене аламын. Отансүйгіштік адам баласына туа бітпейді. Ол қоршаған дүниені дұрыс білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасқан баланың ненің жақсы-жаман екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. [3]
Баланы отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің алғашқы көзі мектеп жасынан басталып әрі қарай жан-жақты жүзеге асатын үрдіс. Ол мектепте білім беру мен тәрбиелеу бағдарламасының іс-тәжірибесінде оқушының бастапқы ұлтжандылық сезімінің негізі қаланды деуге болады.
Мектеп біздің елімізде ұлттық жүйеде алғашқы білім беру мен тәрбиелеуді, айналадағы әлемнің қарапйым түсінігін қалыптастыруға және оқушының өз Отанының сүйкімді азаматы екендігін сезіне білуге мүмкіндігін туғызатын қоғамдық орын.
Оқушылардың айнала қоршаған әлемді танып, олардың өз Атамекендерінің мүшесі ретінде сезіне білу мүмкіндігін білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде жүргізілетін айналамен таныстыру пәні.
Мектепте баланың отансүйгіштік сезімі танымдық іс-әрекетімен тығыз байланыста болғандықтан дамытудың мүмкіндіктерін А.А.Любинская, Е.С.Мухино, С.А.Козлова, А.Г.Усова, Д.Б.Эльконин, А.В.Зопорожец, К.А.Оразбева, К.Т.Шарязданова және т.б психологтар еңбектерінде сөз қылды. Психолог А.А.Любинская өзінің Десткая психология оқулығында Балалардың ортаны қабылдау барысында қалыптаса бастайтын адамгершілік сезімінің ішінде, отансүйгіштік сезімінің ерекшелігі айрықша орын алады-деп, оқушының ұлтжандылық сезімінің психикалық қалыптасуы және оның даму кезеңдеріне анықтама береді. С.А.Козлова: көп қырлы отансүйгіштік тәрбие қоршаған өмір мен тәрбиенің әсері балалық шақта біртіндеп қалыптасып отырады десе Оқушыларды айналамен таныстыру кезінде ақыл-ой дамуына ілгерілеу байқалады, жалпы түсініктер мен ұғымдар қалыптасады, маңызды ойлау операциялары-талдау, салыстыру, қорыту т.б секілді қабілеттер қалыптасады-деп жазды профессор А.П.Усова.
Ғалымдар отансүйгіштік рухта дамытуға болатын сезімнің бірнеше түрлерін төмендегідей бөліп қарастырды:
-адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым-қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынасы және Отанға, достыққа деген көзқарасы;
-интеллектуалдылық (сенсорлық) сезімді ақыл-ой процесінде пайда болған анамның жеке дара сезімін терең, ішкі толқыныстардық қанағат, жаңалыққа ұмтылуы;
-эстетикалық сезім-әседікті қабылдау мен жсау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік, отансүйгіштік сезімін жатқызады. [4]
Оқушыларды отансүйгіштік рухта дамытуда айналамен таныстыру бұл әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады.
Кешенді отансүйгіштік тәрбиенің ұйымдастыру принциптері-тәрбиені басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Кез-келген әлеуметтік жүйе секілді, отансүйгіштік тәрбие жүйесіде басқаруды қажет етеді.
Басқару ұйымдарының құрылымы, олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері отансүйгіштік тәрбие жүйесінің басқару бөлімінің құрылым мен атқаратын қызметтерімен және оның негізгі бағыттарымен айқындалады.
Отансүйгіштік тәрбиенің жүйелілігі, оның құрылымдығы мен біртұтастығы барлық деңгейде және барлық буындарды тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз теді, бүгін тәрбиелеуші факторларды ескеруге мүмкіндік береді.
Отансүйгіштік тәрбие жүйесінің басқару ұйымдары қызметтің мынадай түрлерін өзіне қамтиды:
-жоспарлау;
-тәрбиешілер қызметі мен кіші жүйелердің өз міндеттерін атқаруын үйлестіру;
-тәрбиеде дербес негіздерді дамыту және пайдалану;
-отансүйгіштік тәрбие нәтижелерін зерттеу және түзету. [5]
Басқару объктілеріне-оқытушылар, оқушылар, ұлтжандылық тәрбиенің негізгі түрлері, қызметі, мазмұны, бағыты, құралдары, түрлері мен әдістері жатады. Кешенді көзқарас тұрғысынан басқаруды жетілдіру, сонымен бірге ұлтжандылық тәрбиені дамытудың және оның тиімділігін артырудың аса маңызды факторы болып табылады. Ұлтжандылық тәрбиені жоспарлаудағы нысаналы көзқарас принципі Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиясының ережеліне негізделеді, әрі ағымдық және болашақтық жоспарлауды жетілдіру, тиімді ұлтжандылық тәрбиені күшейтудің құралы болып табылады.
Болашақтық жоспарлау ұлтжандылық тәрбиеде кешенді көзқарасты жүзеге асыруда маңызды болып табылады және оның кешендік сипаты болуы тиіс. Кешенді жоспарлау, ең алдымен тәрбие ықпалын дұрыс бағдарлауға, отансүйгіштік тәрбиенің барлық күштері мен құралдары, бағыттарын, нысандары мен әдістерін ұтымды пайдалануға бағытталған. Жоспарлаудың бірнеше түрі бар: болашақтық,ағымдағы, нысаналы деп аталатын. [6]
Жоспарлау деп-отансүйгіштік тәрбие жүйесін басқарудың ұйымдастырушы бастамасы мен негізін айтамыз. Жоспарлауға нысаналы көзқарас тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында отансүйгіштік тәрбие бірлігін, болашақтық және ағымдық жоспарлау бірлігін қамтамасыз етеді, барлық тәрбиеленуші бөлімшелердің күш-жігерін үйлестіруді жеңілдетеді. Нысаналы жоспарлаудың артықшылығы мынада: жоспарларда ұлтжандылық тәрбиенің жалпы мазмұны, бағыты және барлық бағыттарының, нысандарының өзара байланысы ғана емес, сонымен қатар олардың нақты өткірлігі, нақты міндеттерді шешуге бел шешуі көрінуі тиіс.
Отансүйгіштік тәрбиені нысаналы жоспарлау принципін іске асыру:
1. Ортақ мақсатқа жету үшін ұлтжандылық тәрбиенің барлық күш жүйелерінің қызметін үйлестіруге;
2. Барлық бөлімшелердің, оқушылар мен оқытушылардың күш-жігерін отансүйгіштік тәрбиенің негізгі түрлерін барынша жұмысдыруға;
3. Отансүйгіштік тәрбиенің барлық субъектілерінің қызметін үйлестірге;
4. Отансүйгіштік тәрбие құралдарын, нысандары мен әдістерін олардың бірлігінде мақсатты түрде қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. [7]
Отансүйгіштік тәрбиені нысаналы жоспарлау тәрбиенің барлық бағыттарына оларды іске асыру үшін мақсаттарды, міндеттер мен негізгі тарауларды айқындауды, тәрбиенің болжанып отырған нәтижелері мен оларды бағалау өлшемдерін айқындай отырып оқушылардың өмірі мен қызметінің барлық салаларында ұстаздар мен тәрбиелік ықпалдың тиімді құралдары мен әдістерін таңдауды көздейді.
Барлық қалыптастырушы факторлардың келісілген ықпал ету принципі бүкіл тәрбие субъектілері қызметін үйлестіруді,сыртқы орта, ұлтжандылық тәрбиенің барлық кіші жүйелері, түрлері, нысандары, құралдары мен әдістері атқаратын қызметті ретке келтіруді және теңдестіруді білдіреді. Отансүйгіштік тәрбиенің әрбір субъектісі мсен құралдарының атқаратын қызметтерін үнемі келеісіп отыру. Көлбеу сызық бойымен де жүзеге асырылады. Мұндай көзқарас Қазақстанның бірқатар мектептерінде жүзеге асырылуда және шаралардың қосарласа қайталануын болдырмауға, оқушылар өмірі мен қызметінің барлық салаларын тәрбие жұмысымен қамтуға, қолда бар мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға септігін тигізді. Принцип сондай-ақ ұлтжандылық тәрбие жүйесіндегі атқаратын қызметін сыртқы факторлармен, жүйелермен үйлестіруді көздейді. [8]
Қалыптастырушы факторлардың үйлесімді ықпалы принципі тәрбиені жүзеге асырушы мамандармен тұрақты жұмыс жүргізуді, отансүйгіштік тәрбие жүйесінің жұмысын мұқият талдауды талап етеді. Мұндай талдау өткізілген шаралардың сапасын және ұлтжандылық тәрбие жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруды, оның тіршілігін зерттеуді, кері әсер ететін арналарды жолға қояды. Отансүйгіштік тәрбие жүйесінің нақты және дұрыс жұмыс істеуі көп жағдайда оқушылардың шығармашылықтарына, шеберліктеріне, жеке тұлғалық қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты.
Оқытудың барлық салаларында оқушыларды отансүйгіштік тәрбиемен қамту принципі арнайы қарауды қажет етпейді, бірақ ұлтжандылық тәрбие мақсаттарына жету үшін айтарлықтай маңызды. Отансүйгіштік тәрбиеде істі бірде бір адам одан тыс қалмайтындай етіп ұйымдастыру маңызды. [9]
Осы принцип адамдар қызметінің барлық салаларында: оқу, еңбек, өзіне-өзі қызмет көрсету салаларында отансүйгіштік тәрбиені жүзеге асыруды көздейді.
4.1. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің оқытушыларының, болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлтжандылық тәрбиесін қалыптастыру бүгіннен басталатынын ескерсек. Оқушыларды өмір ағымында кездесетін сан қилы жағдайларда өмір сүруге қабілетті, ақыл-парасаты мол, ой-өрісі кең азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі қоғамның назарындағы басты мәселенің бірі. Ел тағдырының беріктігін сақтайтын да, оны асқақтататында жастар. Олардың білімді, тәрбиелі, жерін, халқын сүйетін азамат болып өсуіне олардың өмір суретін қоғамдық ортаның әсері зор.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық рухани өзгерістердің балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарының педагогикалық үрдістерінде, оның ішінде отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру саласында өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс. [10]
Ұрпаққа тәрбие беру, оқыту саласында халық бұқарасының білім, іскерлік, дағдыларының жиынтығы болып табылатын халықтық педагогиканың мақсаты-жас ұрпақты, оқушылардың ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы ұстанымдарыны негізінде тәрбиелеу болып табылады. Әр халық өзінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпынмен, мәдениетімен асқақ. Бұл рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бой жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақ өз халқының осы бір рухани байлығын біліп, оны өзінен кейінгілерге үйретіп ктуі керек. Әр халықты өзге халықтардан ерекшелеп отыратын өзіндік тұрақты құндылықтар мен дәстүрлердің жүйесі болады.
Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Халқымыздың ғасырлар бойы сындардан өтіп, бізге жеткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге міндеттіміз. Оқушыларымыздың ұлтжандылық тәрбиесін қалыптастырудағы халық педагогикасының атқаратын рөлі ерекше. Бұл туралы Қазастан Республикасының Президенті Қазақстан-2030 жолдауынының Қазақстан мұраты бөлімінде Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады. Оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасының дамуына қамқор жасайды. Олар балалардың дәстүрлерін нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз Отанын сүйетін азаматтары болады деген. [11]
Халық педагогикасында отансүйгіштік қасиеттерді қастерлеу тәрбиенің басты принципі болып саналады. Осыны басты нысана ретінде ұстанған ата-бабамыз тәрбиелік маңызы бар тыйымдылық, жақсылық нышандарымен оқушылдардың бойына жасынан-ақ қалыптастыру көздеген, аса жоғары бағаланған.
Бүгінгі таңда бойына ұлтжандылық сана мен ұлттық келбеті қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру-отбасының, мектептің, барша халықтың міндеті.
Отансүйгіштік тәрбие дегенді көп адамдар адам бойында болатын қасиет, оны тәрбиелеу қажет емес деп түснеді. Ал шын мәнінде отансүйгіштік тәрибенің мән-мағынасы өте кең, ауқымды. Ең маңыздысы-тәрбиелікке адамның дүниеге келген сәтінен бастап, оған бүкіл халықтық, бұқаралық сипат беруіміз керек. Оны үздіксіз жүйелі мақсатпен жүргізіп отыруымыз қажет. Бұл проблеманың көкейкестілігі күмән тудырмайды, қайта кең көлемде зерттеуді талап ететін өзекті мәселе. Сондықтан халықтық педагогикасының құндылықтары, соның ішінде салт-дәстүрлері, даналық ойлары, ұлттық ойындары, тіпті діні, ділі, айтыс, шешендік өнерлеріне т.б. баса назар аудару оқушыларға отансүйгіштік келбет қалыптастыруда ықпал ететін негізгі факторлардың бірі деп түсінеміз. Кез-келген ұлт мәдениетінін өзге ұлт рухының негізгі халықтық салт-дәстүрі екені белгілі. Ұзақ жылдар бойы тілінен де, дініненде айырылып, жан дүниесі жұтандаған жастарымыздың осы отансүйгіштік тәрбиеден қол үзіп, халықтық дәстүрден шет қалып жатыр. Осы орайда халқымыздың тәрбие-тәжірибесімен педагогикалық ойлары көрініс беретін салт-дәстүрлер, халық шығармашылығының түрлі жанрлары, ұлтжандылық келбеттілікке тәрбиелеуде тәрбие құралы бола алады. [12]
Қазақ қоғамының ұлттық ұлттық идеясы болып табылатын халықтық педагогикасының көп арнайы, қыр-сыры мол күрделі ғылым, қазақ халқының ұлттық тәжірибесі мен тағылымынан туған бай қазына. Оның ұрпаққа берер үлгісі, тәлім-тәрбиесі көп. Ол жастардың рухани материалдық мәдениетін толқы меңгерген, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, имандылық, отансүйгіштік сияқты қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етеді.
Жастардың отансүйгіштік келбетін қалыптастыру барысында олардың бойына тарихымызды, дінімізді, тілімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді терең бойлатып, халықтық педагогика арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық асыл қазыналарымызбен сусындатып, тарихи тұлғаларымызды үлгі тұтып бағалауымыз керек. [13]
Әр халық өзінің ұлттық салт дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениетімен асқақ. Бұл рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақта өз халқының осы бір рухани байлығын біліп соны өзінен кейінгілерге үйретуі тиіс.
Адамның адамшылдығы-ақыл, ғылым, жақсы ана, жақсы ата, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады деп ұлы Абай айтқандай жас ұрпақтың ұлтжанды, өрелі болып өсуіне бүкіл аға ұрпақ болып үлес қосу баршамыздың парызымыз.
Қазіргі қазақ қоғамында өмір бірте-бірте күрделене түсуде. Осыған байланысты процестің субъектісі ретінде әрбір адамның, әлеуметтік қауымдастық пен топтардың рөлі артып, жауапкершілігі күшейе түсуі тиіс. Бұл ретте тәрбие қызметінің мәні-маңызы одан сайын артып, басымдылыққа ие болады. Жас ұрпақты рухани-адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беру, оларды азаматтық белсенділікке баулу осы процестің түпкі мәнінен туындайды. [14]
Бүгінде қоғамымызда аса маңызды рухани адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде шынайы ұлтжандылық сезімді қайта жаңғырту, жас адамның бойында азаматтық белсенділікті, әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болып отыр. Бұл қасиеттер жастар қоғамындағы жасампаздық үрдестерді ілгері апаруда, оның негізін нығайту мен жетілдіруде, еліміздің шебін қорғауға байланысты қызметтер көрсетіп, іске асырады.
Отансүйгіштік тәрбиенің бүгінгі міндеті оның тиімділігін арттыру, әсіресе оны жастардың жоғарғы азаматтық және әлеуметтік белсенділік рухында тәрбиелеуді мақсатты түрде жолға қою арқылы арттыру болып табылады. Бұл міндеттерді орындау мынадай шарттарды сақтағанда ғана мүмкін болады:
1. Жастарды әлеуметтік, мәдени, рухани, адамгершілік, дене тәрбиесі тұрғысынан дамытуға мүмкіндік туғызуға мемлекеттік саясат жүргізу;
2. Жастарды толық түрнде әлеуметтендіруге мүмкіндік туғызу, оларды әлеуметтік-экономикалық, мәдени, ғылыми, экологиялық және басқада проблемаларды шешуге белсенді қатыстыру;
3. Қоғамда, жастардың санасында ұлттық-ұлтжандылық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, халқымыздың мәдениеті мен тарихи мұраларын, елімізде мекендейтін ұлттар мен олардың діни сенімдеріне, дәстүріне құрмет сезімін орнықтыру;
4. Мемлекеттік қызметтің, әсіресе әскери қызметтің мәртебесін арттыра түсу. [15]
Отансүйгіштік тәрбие жүйесін, оның қызметін ұйымдастыру, тиімділігін және соңғы нәтижесін бақылауды қамтамассыз ететін негізгі институт Қазақстан мемлекеті болуы тиіс. Институттық емес деңгейде мұндай тәжірибе жастарды түрлі қозғалыстар, акциялар, бастамалар, шаралар шеңберіндегі отансүйгіштік бағыттағы түрлі ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы жүзеге асады.
Қазақстан жастарына отансүйгіштік тәрбие беруді былайша тұжырымждауға болады:
1. Отансүйгіштік тәрбиені институттық және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету, жастардың сана-сезімінде аса маңызды құндылықтардың бірі ретінде отансүйгіштікті орнықтыру;
2. Отансүйгіштік тәрбиенің нормативті-құқықтық статусын анықтау, негіздерін құру;
3. Отансүйігіштік тәрбиенің ғылыми-теориялық негізін жасап, әзірлеу;
4. Отансүйгіштік тәрбие беруді педагогикалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.
Жастардың жоғарғы рухани байлығы, белсенді азаматтық позициясы, отансүйгіштік сезімі Қазақстанның жаңғырып, өркендеуіне, оның қазіргі қиыншылықтарын жоюдағы міндеттерді шешуіне мейлінше мүмкіндік береді. Отансүйгіштік тұрғыда тәрбиеленген жастар арқылы бүгінгі қоғамымыз аса құнды жасампаздық әлеуетке ие болары сөзсіз. Бұл ең алдымен жастарпдың Қазақстанның болашағы деген жауапкершілікті өз мойнына алуға әзірлігімен айқындалады. Жас ұрпаққа Қазақ мемлекетінің өткені мен бүгінгі тағдыры тәрбие беру идеясын жақтаушылардың қатарына қанат жайып келе жатқаны анық. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен азаматтық парыздық өтелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
Мeктeптe пaтриоттық тәрбиeлeудeгі музыкaның рөлі
Отбасы - рухани тәрбиесі
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Бастауыш мектепте Дүниетану сабағын жаңартылған білім бағдарламасына сүйеніп оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Пәндер