Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 4

I. Кәсіпорын табыстылығының теориялық негіздері
1.1 Табыс, табыстылық түсінігі 6
1.2 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі
1.3 Рентабельділік көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

II. Рахат акционерлік қоғамының рентабельділігінің анализі
2.1 Рахат акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы жəне оның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 Рахат акционерлік қоғамының табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін есептеу

III. Кәсіпорынның табыстылығының арттырудың негізгі мәселелері
3.1 Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тəуелсіздігінің 27 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дəлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономикалық және құқықтық жағынын тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты нарық жағдайында пайда табу екені жалпыға мəлім.
Кəсіпорынның табыстылығы - пайдаға тікелей əсер ететін көрсеткіш жəне сол кəсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әректтерінің қаржылық нəтижесі болып табылады. Кəсіпорын шығындарының табыстарынан артық болуы қалыпты жағдайдан тыс нəрсе. Сол үшін барлық кəсіпорындар табыстылығын көтеруге ұмтылады.
Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Табыстылық деңгейінің анықталуы екі көрсеткішпен: абсолюттік жəне салыстырмалы көрсеткіштермен орындалады.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте ҚҚС, акциздер және т.б. салықтар мен міндетті төлемдерді, сонымен қатар қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Табыстылықтың екінші абслютті көрсеткіші жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Пайда дегеніміз тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Кəсіпорынның тапқан пайдасының көлемі туралы мағлұмат кірістер мен шығыстар жөніндегі есептен алынады.
Ал екінші көрсеткіш, яғни салыстырмалы көрсеткіш рентабельділік болып табылады. Оны есептеу үшін бухгалтерлік баланс жəне кірістер мен шығыстар жөніндегі есепті қолданамыз.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кəсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру жəне оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын , осы кəсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кəсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді жəне олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттерді салыстырмалы талдау мен кəсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кəсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Курстық жұмыстың міндеттері мен мақсаттары:
* табыстар терминін анықтау;
* табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері деген ұғымға шолу жасау;
* табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін есептеп үйрену;
* Рахат акционерлік қоғамының құрылу, даму тарихын үйрену, жалпы, экономикалық сипаттамасын анықтау;
* Рахат компаниясының мысалындарентабельділіктіесептеп үйрену;
* Рахат компаниясының рентабльділігіне қорытынды жасау;
* талданылған кəсіпорынның табыстылығының деңгейін арттыру жолдарына ұсыныстар тастау;
* бүкіл талданылған, анықталған, есептелген ұғымдарға, көрсеткіштерге
шолу жасау.
Бұл курстық жұмыста кəсіпорынның табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін, яғни, рентабельділікті есептеп үйренеміз.
Жұмыстың бірінші тарауында "табыс", "табыстылық", "рентабельділік" терминдеріне, табыс түрлеріне, табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері туралы кең мағлұмат беріледі.
Екінші тарауда "Рахат" акционерлік қоғамына экономикалық сипаттама беріп, оның табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін жəне рентабельділіктің түрлерін есептеп үйренеміз.
Ал үшінші тарауда кəсіпорынның табыстылығын жетілдіру жолдары қарастырылады.

I. Кәсіпорын табыстылығының теориялық негіздері
1.1 Табыс жəне табыстылық түсінігі
Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:
"Табыстар дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі."
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес есептелінеді. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатылған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сату кезінде қолданылатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан кейін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады: табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болғанда. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келісім-шарт табыстың сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығын білдіреді, бұл әдетте өнім сатып алушыға берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс болып та танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын мүмкіншілігіне қарай ең төмен деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Егер мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы және оның тәсіліне, күтілетін өтеліміне әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша ортақ шешімге қол жеткізе алатын болса, онда субъект барынша жоғары дәлдік деңгейде табысын анықтай алады.
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезенің анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған төлемдердің пайыздық қатынасы;
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Алдын ала төленген төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде жоғары деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығынның орнын жабады.
Рентабельділік, пайдалылық (нем. rentabel -- табысты, пайдалы) -- тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. Сан жағынан табысты шығынға бөлуден алынған жеке сан ретінде айқындалады. Түрлері: инвестициялар рентабельділігі -- ұлғаймалы өндіріс пен жаңа техникаға жұмсалған күрделі қаржының тиімділігі. Ол күрделі жұмсалымның пайдалылығымен және оның өтелу мерзімімен сипатталады; капитал рентабельділігі -- жұмсалған капиталдың бір теңгесіне шаққандағы алынған пайданың шамасын сипаттайтын көрсеткіш. Ол абсолюттік есеппен (теңгетиын есебімен), бірақ көбінесе салыстырмалы көрсеткішпен (пайызбен) тұлғаланады.
Пайданың қандай капиталға жатқызылатынына қарай өндіріс рентабельділігі, атаулы меншікті капитал рентабельділігі, баланс бойынша капиталдың қосынды шамасының рентабельділігі түрлеріне бөлінеді. Капитал рентабельділігі мен айналым рентабельділігі арасында өзара байланыс болады, ол кәсіпорынның өнімді өткізуден алған табысындағы пайданың үлес салмағымен сипатталады; өндіріс рентабельділігі -- өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші, ол өндірістік қордың бір теңгесіне шаққанда келетін пайданың мөлшерін көрсетеді.
Өндірістік ресурстардың (негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражатының) құнына баланстағы пайданың қатынасымен (пайыз есебімен) айқындалатын өндірістің жалпы рентабельділігі, пайданы алуға қатысатын өндірістік ресурстардың құнына таза пайданың қатынасымен айқындалатын өндірістің есептік рентабельділігі түрлеріне бөлінеді; өнімнің рентабельділігі -- өнімнің тиісті түрін өткізуден алынған пайданың оны өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынға қатынасымен айқындалатын көрсеткіш.

1.2 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тәртібі
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1)жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
ә) өнімдер;
б)ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -- берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
:: басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
:: ұйымның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
:: табысты болжау әдісі;
:: шешім қабылдау жəне бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кəсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нəтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық факторлар сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуғаықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз.
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойын-барлық активтердің табыстылық деңгейі - (қаражатты тарату көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын , соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс.
Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табысының деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:
1) кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы
көрсеткіштерінің бірі өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2) жалпы активтердің айналымдылығы.
Кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жоларын көрсетеді: сату табыстылығы мен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру дарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны тырылуы) мүмкін.
Кәсіпорынның есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай əдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кəсіпорынға ақша алу, жұмыс жасау керек. Ола үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айрысудың едитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

1.3 Рентабельділік көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне жататындар:
1. Ұйым активтерінің табыстылығы (Та).
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:

Та = Таза табысБарлық активтер (баланс валютасы)x100%

2. Қысқа мерзімді активтердің табыстылығы (Тқысқа мерзімді актив). Ол
ұйымқысқа мерзімді активтерге жұмсалған бір теңгеден қанша табысалатынын көрсетеді және мына формуламен анықталады:

Тқысқа мерзімді актив= Таза табысҚысқа мерзімді активтер орташа мөлшеріx100%

3. Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы қысқа мерзімді активтердің
табыстылығын анықтау жолымен ұқсас. Тек бөлшек бөлімінде ұзақ мерзімді активтердің орташа шамасы алынады.

Тұзақ мерзімді актив = Таза табысҰзақ мерзімді активтер орташа мөлшеріx100%

4. Меншікті капитал табыстылығы (Тм.к). Бұл көрсеткіш
акционерлік компания құқығында жұмыс істейтін ұйымдар үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін, яғни акционерлік капиталдың пайдалану тиімділігне баға беретін негізгі көрсеткіш болыа табылады.

Тм.к.= Таза табысМеншікті капиталдың орташа мөлшеріx100%

5. Инвестициялардың табыстылығы (Тинв). Қаржылық
салымдардың табыстылық деңгейі ұйым қаншалықты инвестициялық қызметін тиімді атқаратынын көрсетеді.

Тинв= Таза табысИнвестицияларx100%

Инвестициялар = Меншікті капиталдың орташа мөлшері + Ұзақ мерзімді міндеттемелердің орташа мөлшері

6. Сату көлемінің табыстылығы (Тсату көлемі ). Бұл көрсеткіш деңгейіне
өткізілетін өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және сатылатын бағалардың өзгеруі әсер етеді.

Тсату көлемі=Жалпы табысӨнімді өткізуден түскен табысx100%

7. Өткізілген барлық өнімнің табыстылығы (Тбарлық өнім).Өткізілген
өнімнің бір теңгесіне келетін таза табыстың мөлшерін көрсетеді.

Тбарлық өнім= Таза табысӨнімді өткізуден түскен табысx100%

8. Перманенттік капиталдың табыстылығы (Тп.к). Ол ұйымның ұзақ
мерзімдік пайдалануындағы капиталы қанша табыс әкелетінін көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың табыстылық көрсеткіштеріне ұқсас, тек бір айырмашылығы - талдағанда ұйымның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.

9. Тартылған капиталдың табыстылығы.
Бұл көрсеткіштің есептелінуі инвестициялар табыстылығының
есептелінуіне ұқсас келеді.

Тт.к. = Таза табысТартылған капиталx100%

Тартылған капитал = Ұзақ мерзімді міндеттемелердің орташа мөлшері + Қысқа мерзімді міндеттемелердің орташа мөлшері

10. Өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын өндірістік қорларының
(материалдық активтерінің) бір теңгесіңе келетін пайда көлемін анықтайтын көрсеткіш.

Рөндіріс= Баланстық пайдаНҚоқ+МӨҚоқx100%

НҚоқ - есеп айыратын кезеңдегі негізгі қорлардың орташа құны
МӨҚоқ - есеп айыратын кезеңдегі материалдық-өндірістік қордардың орташа құны

ІІ Рахат акционерлік қоғамының рентабельділігінің анализі
2.1 Рахат акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және оның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Рахат акционерлік қоғамы - 70 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі.
Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды.
Рахат АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.
Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде Рахат АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
Рахат АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізат пен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.
Рахат АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі - алуан түрлілігі мен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдылық танытуы.
1978-1979 жылдары цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүреді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын Рахат акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, Рахат сауда белгісі болып тіркеледі. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастайды. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысады.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің кірістері және оларды талдау
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау
Қаржыландырудан алынатын табыстар
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның табыстылығы
Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері
Пәндер