Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау және талдаудың экономикалық мәні . . . 5
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі . . . 7
1. 3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері . . . 11
ІІ бөлім. «КАСКо» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығын: төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау және бағалау
2. 1 «КАСКо» ЖШС-нің ұйымдық -құрылымы . . . 15
2. 2 «КАСКо» ЖШС-нің төлем қабілеттілігін талдау . . . 16
2. 3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау . . . 19
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қамтамасыздандыру
мәселелері . . . 23
3. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жоғарлату жолдары . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер . . . 32
КІРІСПЕ
Курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық тұрақтылықтың мазмұны, әдістері, мақсаты».
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, корпорацияның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу. Бұл болашақ мамандарға талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
Қойылған мақсаттар негізінде мынандай міндеттемелерді құрастыруға болады:
- баланстың және оның өтімділікті талдауын алдын ала шолу;
- кәсіпорын мүлкін сипаттайтын негізгі және айналым құралдары және олардың айналымдылығын, проблемаларын анықтау;
- кәсіпорын құралдар көздерін сипаттау;
- қаржылық тұрақтылықты бағалау;
- өтімділік коэфициенттерін есептеу;
- рентабельділікті және пайданы талдау;
- қаржылық шаруашылық қызметін жақсарту бойынша әрекеттер жасау.
Курстық жұмыста жалпы теориялық жақтарымен қатар, кәсіпорынның күрделі және жан-жақты қызметін тереңінен көрсетуде нақты мысалдар мен бірқатар тақырыптар бар.
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік «КАСКо» ЖШС-нің -нің 2007-2010 жж. бухгалтерлік есептері қолданылады, атап айтқанда:
- бухгалтерлік баланс;
- ақша қозғалысының есебі;
- кірістер мен шығыстар есебі.
Зерттеу обьектісі жауапкершілігі шектеулі серіктестік «КАСКо» ЖШС болып табылады. Талдау пәні - кәсіпорындардың қаржылық процесі және оның өндірістік шаруашылық қызметінің соңғы қорытындысы.
Берілген талдауды жүзеге асыру кезінде келесі әдістер қолданылады:
- көлденең талдау, тік талдау;
- коэффициенттік талдау;
- салыстырмалы талдау.
Нарықтық экономикада қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін бағыттар бұрыннан құрастырылған, олар «Қаржылық басқару» немесе «Қаржы менеджменті».
Қаржылық менеджмент ғылым ретінде күрделі құрылымдардан тұрады. Оның негізгілерінің бірі қаржылық анализ болып табылады. Бухгалтерлік есеп пен басқару арасында байланыс бар екендігі анық. Басқару - бұл шешім қабылдау, алдын ала болжамдар жасау, ал ол үшін қажетті ақпараттар болуы керек.
Осыған байланысты бухгалтерлік есеп басқаруда шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат болып табылады.
Қаржылық менеджмент бірнеше концепцияларға негізделеді: ақша ресурстарының уақыт құндылығы маңызды рөл атқарады, өйткені есептік талдауларда ақша ағымдарын салыстыру керек.
Қаржы менеджерінің негізгі қызметі: жалпы қаржылық талдау және жоспарлау, кәсіпорында қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын бөлу.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімнен, қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде, кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бақылау және талдау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі, қаржылық жағдайды талдау әдістері қарастырылды.
Екінші бөлімде, баланс активтерінің құрамы мен құрылым динамикасын талдау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау, кәсіпорынның несие қабілеттілігін талданды.
Үшінші бөлімде, ірі және орта кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары, шағын кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы қарастырылды.
І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау және талдаудың экономикалық мәні
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды келесідей түрлерге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторлар атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынны қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді.
Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтерге ғана сүйенуге болмайды. Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжа талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар - активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
№3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепті кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек. Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақша айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады. Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу үшін кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражаттарының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде талдау кезінде анығырақ көрінеді. Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) - потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
- абсолютті өтімділік коэффициенті;
- аралық өтеу коэффициенті;
- жалпы өтеу коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz