Қәсіпорынның экономикалық қорлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

1. Бөлім. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын

Тақырып 1. 1 Қазақстанынның ұлттық- шаруашылық кешені

Экономика термині гректің эйкос шаруашылық және комос (заң) деген екі сөз тіркестерінен құралғандығы белгілі. Яғни бұл терминдердің аудармасы шаруашылықты жүргізудің заңдылықтары деген мағынаны береді. Басқаша айтқанда экономика - бұл қоғамның материалдық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты барлық іс-әрекет түрлерін айтады. Өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты адам еңбегі - экономикалық ғылымдардың зерттеу зерзаты болып табылады. Алайда, адам қажеттілігінің жиынтығы орасан зор, сондай-ақ ол үздіксіз күрделеніп, ұлғайып отырады. Ал екінші жағынан, осы қажеттіліктерді қанағаттандырушы ресурстар көлемі шектеулі екендігін ескергеніміз жөн. Осы жағдайға байланысты шаруашылық іс-әрекетте шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және ұлғаймалы қажеттіліктерді ең жоғары қанағаттандыру мақсатында осы процесті реттеу мәселесі туындайды. Күні бүгінге дейін адамзат тарихында қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіндігінің сәйкессіздігі орын алады.

Ресурстардың шектеулілігі жалпы барлық экономикалық жүйеге тән қасиет. Өндірістік ресурстар тапшылығы жалпы мемлекет экономикасына ғана емес, жеке экономикалық субъектілері үшін де тән, себебі жер оның табиғи байлығы, ғимараттар мен жабдықтар түріндегі өндіріс ресурстары әрқашан шектеулі. Осылайша, егер барлық қоғам мүшелерінің қалаған тауар мен қызметті иелену мүмкіндігі болар болса, қоғамда тауар мен қызметтердің толық тапшылығы орын алар еді. Яғни, ресурстардың шектеулілігі мәселелерін тауар мен қызметке деген қажеттілік пен осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әрекеттер (құралдар) арасындағы теңсіздік ретінде сипаттауға болады. Қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерінің арасындағы қашықтық, қоғамнан осы мүмкіншіліктерді ұлғайту жолдарын ізденуді талап етеді, себебі, нақты мәселе адам мен оның интеллектуалдық мүмкіндіктерінің дамуы үшін маңызды ынталандырушы күш болып табылады. Осы негізде, қоғам мүшелерінің теориялық білім, тәжірибе жинақтау процесі, ғылым мен техникалық прогрессті туындатады және қарқындылығымен дами түседі. Осындай процесс адамға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін ұлғайтуға, яғни, қолда бар ресурстар мен қажеттіліктерді барынша жоғары қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Алайда, бұл процесте жоғарыда айтылған қажеттілік пен оны қанағаттандыру деңгейінің арасындағы алшақтықты айтарлықтай жақындатқанымен, толық жоя алмайды. Себебі адамдардың білімі, іскерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз молайып, жинақталып отырғанымен сол уақытқа қол жеткізілген адамзат интелектісінің, ғылым мен техниканың даму деңгейімен шектеліп қалмақ. Осылайша, жоғарыда айтылған жеңілдетуші факторларға қарамастан, бірінші ретті табиғи және басқада ресурстардың шектеулілік проблемасы (мәселесі) қала бермек. Ресурстардың шектеулілігі қандайда бір қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тартуды талап етеді, осыдан келе таңдау мәселесі туындайды. Бұл мәселенің қиындығы, өндірістік ресурстардың шектеулілігіне байланысты үнемі таңдау қажеттілігі тұратындығына негізделген. Яғни, біз ресурстарды қалай тиімді пайдаланудың немесе өндіру қажет және қаншалықты көлемде деген сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет. Қорыта келгенде, таңдау дегеніміз - белгілі бір мүмкін мөлшерліктерден бас тартып, неғұрлым тиімді деп саналатын нұсқасын таңдап алу туралы шешім қабылдау. Алайда, таңдау процесстерінің екінші бір қыры бар. Ол жағы мынаған негізделген, адамдардың белгілі бір қажеттігін бірнеше әдістер арқылы қанағаттандыруға болады. Сондықтан қажеттілігін таңдау осы әдістердің ішіндегі тиімдісін таңдап алуға негізделген.

Қарапайым мысал: жеке шаруаның егіс алқабының көлемі шектеулі болғандықтан, ол сол егіс алқабын неғұрлым тиімді пайдалану үшін қандай түрін көбірек отырғызып, қайсысынан бас тартуы қажет деген мәселе туындайды, яғни ол таңдау жасау үшін белгілі бір шешімге келуі қажет.

Жалпы қоғам, оның экономикалық жүйесінің алдында таңдау мәселесі туындап отыр, себебі өндіріс ресурстары мемлекет, аймақ шегінде де шектеулі. Сондықтанда қоғам алдында да, ресурстардың шектеулі көлемін жеке өндіріс сферасының, қызмет көрсету сферасының, нарықтық инфрақұрылымының арасында да үлестіру мәселесі тұр. Бұл жағдайда бір бағыттағы тауар өндіріс көлемінің ұлғаюы басқа бағыттардағы (мақсаттағы) тауар мен қызмет өндірісін шектейді.

Осылайша, таңдау мәселесі (проблемасы) ресурстардың шектеулілігі жағдайында мынандай негізгі сұрақтарға жауап талап етеді:

- не өндіру қажет (тауар мен қызметтің қай түрін) ?

- таңдап алынған тауар түрін қалай өндіру керек?

- өндірілген өнімді қалайша өткізу мүмкін?

- Ресурстардың қаншалықты бөлігін ағымда тұтынуға, ал қаншалықты бөлігі қор жинауға пайдалану мүмкіншілігі?

Жоғарғы сауалдарға жауап қайтару үшін, біз алдымен тиімді (пайдалы) жағын ескеретініміз ақиқат. Бұл кез-келген шаруашылық әрекетін қозғау күші болып табылады. Экономика ғылымдарының негізін қалаушыларының бірі А. Смит нарықтық механизмдердің туындау кезін былайша сипаттаған болатын: “барлық адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тұрақты ұмтылысы” - бұл қоғамдық, ұлттық және де жеке байланыстың бастауы, (негізгі қайнар көзі) .

Дәл осы тұлғалардың пайдаға деген ұмтылысы және объективті еңбек нәтижелерімен айырбас заңдылықтары нарықтық механизмдердің құрылу негізінде жатыр. Нарықтың көптеген анықтамалары бар, оларды жинақтап ойымызды тұжырымдар болсақ, нарыққа төмендегідей анықтама беруге болады. Қазіргі кезде “сұраным” “баға” және “ұсыным” болып табылатын дербес экономикалық элементтері қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі “нарық” түсінігімен аталады. Егер осыған экономиканың негізгі екі өндірістік және тұтыну саласын қоссақ, онда нарық түсінігі кеңие түседі, де нарықтық экономика деген ұғым пайда болады. Сонымен нарықты экономика дегеніміз экономиканың реттеу механизімін құрайтын маңызды факторлардың өзара қатынастар формасының және жеке шаруашылық субъектілерінің арасындағы байланыстар жиынтығы. Нарықтық экономикада сатушы мен сатып алушы ретіндегі өзара әрекеттесуі айырбас процесін туындатады, яғни сатушыларға өз тауарын (қызмет) сату мүмкіндігі туса, ал алушыларға қажетті товарларын сатып алу мүмкіндігі туындайды.

Сонымен нарық дегеніміз өндіріс пен тауар айырбасына байланысты өзара қатынастар жиынтығы, деп айтуға болады. Нарықтық жүйелердің туындау (пайда болу) және қызмет ету шарттарын сызба нұсқа ретінде төмендегідей көрсетуге болады.

Нарық

Қарама- қайшылық

Ұсыныс

шешімі-Баға

Сұраныс (сатып алушылар) Негізгі қарама қайшылық

Арзан қымбат Өндіріс

Қажеттілік Ресурстар қажеттілікті

(мүмкіншілік) зерттеу

Ресурстар

мүмкіншілігі

Сызба 1. 1 Нарық жүйесінің негізгі атқарымының қозғау күштері

Нарық шаруашылығы бүгінгі экономикалық жүйенің дамуы - құндылықтарды және әрбір тауарды бағалаусыз мүмкін емес. Сондықтан бағаның атқарымы - бір жағынан таңдау мәселесін, не сатып алу керек екенін, екінші жақтан, өндірушілерге не өндіру қажет деген сұраққа жауап екенін анықтауға және ресурстарды нақты қайда жұмсау мәселесін шешу.

Сөздің кең мағнасында алғанда тауарларды өндіру айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ субъектілердің сатып алушылар мен сатушыларды таңдауға, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігіне тән сипат болатын ақша қаражатының қозғалысы барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі . Бұл орайда, мемлекеттің рөлі тепе-тең макроэкономикалық үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған тақырыптарға реттеуші шараларды белгілеп, қолданумен шектеледі.

Сөздің тар мағнасын алғанда нарық (рынок) тауарлармен капиталдардың еркін айналысының сондай-ақ жұмыс күші қозғалысының, өндірістің басқа факторларының аясы дегенді білдіреді. Осыған байланысты тауарлар, көрсетелетін қызметтер, капиталдар, жұмыс күші, идеялалар, ақпараттар т. б. нарықтар түріне бөлінеді. Нарық экономикасының негізгі күші өндірушілермен алушылардың өз күштерін барлық экономиканың тиімді дамуына әсер етуі болып табылады.

Нарық экономиканың құрылымы және факторлары:

Нарық кең көлемдегі бөлшектерден, элементтерден тұратын, күрделі ұйымдастырылған зерзат. Оның құрамдас бөліктерінің күрделілігі және әр элементтердің қызмет ету ерекшілігі, нарықтың атқаратын негізгі қызметін көрсетеді:

- нарық, сатушылармен сатып алушылар арасында байланыс құралы болып табылады. Сатушыларға өндірушілер, кәсіпорындар, тауар мен қызмет етушілер жатады. Сатып алушыларға сол тауар мен қызметті тұтынушылар жатады;

- сатушылармен сатып алушылардың өзара әрекеттерінің нәтижесінде, нарық тауардың бағасын белгілейді;

- нарық, сатушылармен сатып алушылардың өзара әрекеттерін, өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, тұтынушының талғамы, игіліктің бағасы туралы ақпарат таратады. Және де нарықтың нақты географиялық орнын бөлу шарт емес. Тауар мен қызметтің сатылу- сатып алынуы туралы ақпарат таратудың кез-келген көзі, осы тауардың нарығын құрайды;

- нарықтағы жағдайдың (суреттегі ұсыныстың өзгерісі және т. б. ) өзгерісі туралы жаңа ақпараттың айырбасын қамтамасыз ете отырып, нарықтың өз қатысушыларына осы өзгерістерге тез арада бейімделіп сәйкес әрекет жасауға (жүзеге асыруға) мүмкіндік береді.

Жалпы нарықты күрделі және тармақталған құрылым ретінде сипаттайды және оны түрлі белгілері бойынша топтастыруға болады. Ол белгілеріне мыналаржатады; ; -;

- нарықтық қатынастар зерзатының экономикалық бағытталуы;

- географиялық жағдайы, масштабы (көлемі), шекарасы;

-бәсекенішектедеңгейі;

-өндіріс пен қызмет сферасының салалары;

- өнімнің сатылу көлемі мен сипаты.

Нарықты жіктеудің бірінші белгісі бойынша, жалпы үш негізгі элеметтерді бөліп көрсетеуге болады:

- тауар мен қызмет нарығы;

- өндіріс факторларының нарығы;

- қаржы нарығы.

Тауар және қызмет нарығының құрамына орасан зор көлемдегі арнайы сатып алу және сату нарығы кіреді, сондай-ақ тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауданы ұйымдастыру, маркетингтік және делдалдық ұйымдар сияқты құрылымдық бөлімдері қызмет етеді.

Нарықты экономиканың дамып жетілуіне бірнеше факторлар әсер етеді десек соның негізгілері өндіріс факторы, әлеуметтік фактор және т. б. Келесі өндіріс факторларының бірі-еңбек, ол барлық жұмысшылардың (жұмысшылар, басқару персоналы, жеке кәсіпкер және т. б. ) қызметін пайдалануды білдіреді. Еңбек нарығының маңызды құралы - еңбек биржасы Еңбек биржасында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Сондай-ақ еңбек биржасының маңызды функциясының бірі-жұмыс күшінің резервін құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау (ең алдымен жұмыссыздарды), тұрғындардың жұмыс бастылығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Капитал түріндегі өндіріс факторларының құрамына ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары, сондай-ақ ақша қаражаттары түріндегі барлық өндіріс құралдары кіреді. Кейбір жағдайда, жеке өндіріс факторы ретінде қандайда бір тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастырушы, оны басқару бойынша шешім қабылдаушы адам бойындағы кәсіпкерлік қабілетті (таланты) де көрсетеді.

Қаржы нарығы-ақша, облигация, акция, банктік міндеттемелер және т. б. қаржы құралдарының сатылу, сатып алыну процесстерін қамтиды. Бұл нарықтағы негізгі тауар-ақша немесе бағалы қағаз болып табылады. Бұл тауарлардың негізгі қасиеті - қажет жағдайда оны өндіріс факторының кезкелген түріне айналдыруға болатындығына негізделген. Көп жағдайда қаржы нарығында қор және валюта брокерлері қызмет етеді. Жоғарыда аталған барлық нарық инфрақұрылымының элементтері өзара байланысты. Егер олар тепе-теңдік жағдайда болса, онда экономикада да жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды, нарық элементтерін жіктеудің екінші белгісі - неғұрлым ұсақ нарық сегменттерін бөліп көрсетеді, олар төмендегідей түрде болмақ:

- тұтыну тауарлар мен қызмет нарығы;

- өндірістік мақсаттағы тауар нарығы;

- жаңа жобалар (ноу-хау), технологиялар, идеялар нарығы

- шикізат нарығы;

- еңбек нарығы;

- бағалы қағаздар нарығы;

- екінші ретті шикізат және тағы басқалар нарығы.

Географиялық жағдайы мен шекарасы бойынша нарық төмендегі түрлерге жіктеледі:

- жергілікті (аймақтық) нарық;

- ұлттық (мемлекет шегіндегі) нарық;

- әлемдік нарық.

Бәсекені шектеу деңгейі бойынша:

- еркін нарық;

- монополиялық бәсеке нарығы;

- олиголопия нарық;

- таза монополия, болып жіктеледі.

Бәсекені шектеу деңгейі, кәсіпорынның өз өнімінің сатылу жағдайына әсер ете алуына, ең алдымен бағасына әсер ету деңгейімен анықталады.

Өз өнімі сатылатын нарыққа жеке кәсіпорынның әсері неғұрлым төмен деңгейде болатын болса, соғұрлым нарықтық бәсекелестік деңгейі жоғары деп есептеледі. Бәсекенің ең жоғарғы деңгейі жетілген бәсеке (еркін нарық) нарығына тән.

Өндіріс және қызмет аясының салалары бойынша экономиканың әр саласын сипаттайтын көптеген басқа нарықты бөліп көрсетуге болады:

- отын нарығы (көмір, мұнай, газ және тағы басқа) ;

- автокөлік нарығы (жүк, жеңіл және тағы басқа автокөліктер) ;

- компьютер нарығы;

- нан өнімі және тағы сол сияқты нарықтар.

Өнімнің сатылу көлемі мен сипаты бойынша:

- көтерме нарық;

-бөлшек нарық деп жіктеледі.

Болашақ іс үшін кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтау:

Нарықты анықтау кезінде, нарық құрылымның параметрлерін ескере отырып, үш сауалға жауап беруі қажет:

- кәсіпорынның мекен-жайын қалай анықтау;

- кәсіпорын үшін коммерциялық аймақ көлемін анықтау;

- өнімді сатудан түсетін болашақтағы пайданы қалай бағалау;

Егер кәсіпорынның мамандану саласы - өндіріс болса, онда оның орналасуы (мекен-жайы) ең алдымен өндіріс пен өнімді өткізудің факторлары мен шығындарына тәуелді болады (шикізат пен материалдар көзіне дейінгі қашықтық, өнімді тасымалдау, сақтау мүмкіндігі, коммуналдық қызмет көрсету мен басқа да инфрақұрылыммен, электроэнергиямен, сумен қамтамасыз етілуі, қажетті өндірістік ғимараттардың, жұмыс күшінің бар болуы және т. с. с. ) . Егер кәсіпорынның болашақтағы мамандану саласы - қызмет көрсету аясы болса, онда оны орталықтарда, тұтынушылардың орналасу тығыздығы жоғары мекендерде орналастырған жөн.

Көптеген кәсіпорын үшін, әсіресе бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар үшін, мекен-жайды (орналасу орнын) таңдау мәселесі, бастаған ісінің табысты болуына немесе күйреуіне зор әсер етеді. Кәсіпорынның орналасу мәселесі мынадай ақпараттарға негізделуі қажет: тұтынушылар көлемі, олардың табыс деңгейі және сіздің өніміңізге деген сұраныс көлемі, халықтың болашақ кезеңіндегі сандық және сапалық құрамының, табысының өзгерістері. Тұрақты сатыпалушы басқа кәсіпорынның орналасу орнын таңдау кезінде (бәсекелес кәсіпорынның қызмет көрсету деңгейі, болашақта пайда болуы мүмкін жаңа бәсекелестер және т. б. ) сондай-ақ физико-географиялық факторлардың (жол сапасы, автокөліктер қозғалысының жиілігі және т. б. ) маңыздылығы зор.

Кәсіпорын мекен-жайын таңдау кезінде кәсіпкер болашақ коммерциялық аймақ көлемін бағалауы қажет. Бөлшек сауда дүкені немесе сауда орталықтары үшін мұндай аймақ, табыстың негізгі бөлігі түсетін, географиялық аудан болып табылады. Сауда аймағы, дүкен мен сауда орталықтарының көлеміне, тауарлардың ассортиментіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, көкөніс дүкені, негізінен екі-үш көршілес аймақ тұтынушыларын тартса, ал киім-кешек сатумен айналысатын сауда орталықтары шалғай аудан тұтынушыларын тарта алады. Сауда аймағының көлемін анықтаушы қосымша факторлар: біріншіден, тұтынушы жолындағы бөгеттер (өзен, көл, автотрасса, теміржол және т. с. с. ) ; екіншіден, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің деңгейі; үшіншіден, алмастырушы тауар өндіруші бәсекелестер саны болып табылады.

Нарықтың әлеуетті қаржы параметрлерін анықтау үшін, әлеуетті тұтынушылар туралы ақпараттардың болуы қажет, дәлірек атап өтер болсақ:

- сауда аймағының ауданындағы пәтерлер немесе үйлер саны туралы;

- осы кварталдағы немесе үйлердегі отбасының орташа табысы туралы;

- нақты тауарларға жұмсалатын әр жылғы шығын соммасының көлемі туралы және т. с. с.

Кәсіпорынның жеке бағыты мен нарықтағы орны анықталған соң, негізгі мәселенің бірі - ол кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландыру. Кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландыру-бұл кәсіпкерліктің дамуының және қызмет етуінің маңызды кезеңдерінің бірі, болып саналады. Кәсіпкерліктің мамандану саласына байланысты, бұл мәселеге қатысты, әдетте екі сауал туындайды:

- кәсіпкерлік істі бастау үшін қажетті ақша қаражаттарына деген қажеттілікті қалай бағалауға болады?

- осы қажетті ақша қаражатына қалай қол жеткізуге болады?

Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру барысында ақша қаражаттарына деген қажеттілікті анықтау кезінде, әдетте төмендегі қаржы ақпараттары қолданылады:

- болжамдалған табыс туралы;

- болжамдалған баланстық есеп берушілер туралы;

- кассалық бюджет туралы.

Жаңа кәсіпорындардың болжамды табысымен баланстық есеп беруін құру кезінде есептеушілер, мамандану аясының (сферасы) ортақ істегі сәйкес кәсіпорындардың қаржы көрсеткіштерін алдын-ала зерделеп шығуы тиіс. Табыс туралы есеп берушілер, әдетте маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді (кәсіпорынның негізгі шығындары туралы және т. с. с. ) . Болжамды табыс туралы есеп берушілер кәсіпкерлік істің пайдалық деңгейін және оның өмір сүру қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Егер есеп беру жобасы, кәсіпорынның рентабельді болатындығын көрсетсе, онда кәсіпкердің банктік несие алуына негіз бар деп есептелінеді. Табыс туралы есеп беру жобасын құру, жұмыс істеу барысында алғашқы екі жыл ішінде барлық өнімді өткізуден түсетін болжамды қаржы түсімдерін бағалаудан басталады. Алғашқы жылға, біртіндеп әр ай сайын түсетін табысты ұлғайту (көбейту) жоспарланады. Кәсіпорынның жобаланған жылдық табыс деңгейі, шетел тәжірибесі көрсеткендей, екінші жылдың соңына қарай қол жеткізіледі. Кәсіпкерлік іс-әрекетті қаржыландырудың негізгі көзі коммерциялық банктердің ссудалық капиталы болып табылады. Бұл кәсіпкерлікті қаржыландырудың ең кең тараған түрі болып есептелінеді. Банк несие ұсынар алдында, негізгі үш критериге сүйенеді:

- несие алушы өзін капиталды кәсіби және үнемді түрде басқаруға қабілетті, сенімді кәсіпкер екендігін көрсете білу керек;

- несие алушы жағынан, кәсіпорынның ісі нәтижелі, табысты екендігін куәландыратын құжаттар ұсынылуы қажет. Бұл ең алдымен бизнес-жоспар, қаржы құжаттарының жобасы болып табылады. Қажет жағдайларда, банк, кәсіпорын және оның басқарушыларының қатысуымен экспертиза (тексеру) жұмыстарын ұйымдастыруы мүмкін;

- несие алушының жалға қою кепілдігі болуы қажет. Кепілдік кәсіпкер активті түрінде немесе жеке кепілдік түрінде болады. Жеке кепілдік түрінде кәсіпкердің жеке үйі, сақтандыру полисі немесе бағалы қағаздары жатады.

Бақылау сұрақтары:

  • Экономиканың салалары мен бөлімшелері, экономиканың секторлары?
  • Экономиканы қайта құру туралы түсінік, оның ерекшеліктері және бағыттары?
  • Өнеркәсіптің даму тенденциялары?
  • Экономиканың ұдайы өндіріс құрылымын жетілдіру жолдары?

Тақырып 1. 2 Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны

Кәсіпорын - бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен Кәсіпкерлік туралы түсінік, оның маңызы. Кәсіпкерлік қызметтің формалары: жеке, коллективтік. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері: өндірушілік, коммерциялық, қаржылық. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің субъектілері. Заңды тұлғаның түсінігі.

Кәсіпорында функцияландырудың түсінігі мен мақсаты. Кәсіпорын түрлері. Кәсіпрорындарды жіктеу: түріне және жұмыс істеу сипатына қарай, қөліміне қарай, меншік түріне қарай, ұйымдастыру құқықтық нысынына қарай. Кәсіпорынның бірігіуі.

еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:

  1. Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек- нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т. с. с. бөліну керек;
  2. Мүліктік дербестік- бухгалтерлік баланс негізінде;
  3. Мүліктік жауапкершілік- кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.

Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу) .

Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.

Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

  1. Пайда алу және оны өсіру
  2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
  3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
  4. Сапалы өнім шығару
  5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
  6. Өз қызметін дамыту

Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:

А) Өндіріс қорлары

Б) Адамдар

В) Ақпарат

Г) Қаржы

Капитал - қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.

Кәсіпорын қорлары - экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қорлары ның элементтері
Өндірістік айналым қорлары
Кәсіпорынның айналым қоры
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Айналыс қорлары
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
Кәсіпорынның өндірістік қоры жайлы
Кәсіпорынның өндірістік қорлары туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz