Инвестиция түрлері
Жоспар
Тақырыбы:Инвестициялар түсінігі,түрлері және бағалау көрсеткіштері
Кіріспе
І.Теориялық бөлім-Инвестиция түсінігі және оның түрлері
1.1 Инвестиция түсінігі және мәні
1.2 Инвестициялық процестердің жүзеге асырылуын ұйымдастыру
1.3 Инвестиция түрлері
ІІ.Аналитикалық бөлім-Инвестицияны тиімді бағалау әдістемесі
2.1 Инвестицияны тиімді бағалау көрсеткіштері
2.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін талдау
ІІІ.Ұсыныс бөлімі- Индустриялы-инновациялы дамудағы инвестицияның маңызы және инвистиция тартудың жолдарын жетілдіру
3.1 Индустриялы-инновациялы дамудағы инвестицияның қызметті оңтайландыру
3.2 Инвистиция тартудың тиімді жолдарын ұсыну
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елде көптеген экономикалық өзгерістер орын алды. Тәуелсіз Қазақстаның шежіресі, оның жаңа тарихы енді басталып келеді. Қысқа мерзімнің ішінде, Қазақстан халықаралық аренаға шығып, өзінің сенімді серіктес екендігін танытты. Екі он жылдықтың ішінде өзіне тән барлық айқын сипаты бар жаңа мемлекет құрылды. Нарықтық қатынасқа бағытталынған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның қазіргі дамуындағы экономикалық реформалардың басты бағыты бұл экономикалық тиімділікті жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын жасау және жүзеге асыру болып келеді. Осындай тапсырмаларды шешу,сонымен қатар экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін мемлекет экономикасына шетел капиталын қатыстыру үлкен мәнге ие.1993 жылы Швейцарияда болып өткен форуымда Қазақстан Республикасының Президенті шетел инвестициясы үшін біздің елде ерекше ынта қойылатындығын, сонымен бірге инфрақұрылым мен коммуникацияға аса назар аударатындылығын атап өткен еді. Міне сол жылдардан бастап, Қазақстан қолайлы инвестициялық климат құруға тырысты. Осы мақсатта елімізде инвестициялық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер жетілдіріліп, іске асырылды. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды салу объектілері және жүзеге асыру формалары, құқық тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары туралы Заңы қабылданды. 1997 жылдан бастап инвестициялық қызметтің жандану қарқыны байқалды. Экономика саласындағы іскерлік белсенділіктің өсуі, мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климаттың болуы, ішкі және сыртқы нарықтарда жағдайдың жақсаруы, қаржылық институттардың жетілуі инвестициялық процестердің жандануына септігін тигізді.
Бұл курсық жұмысымда мен мемлекеттің шетел инвестицияларын тарту мәселелерін, инвестициялық саясаттың ұлттық экономикалық жағдайға әсерін, сыртқы экономикалық қатынастарды дамытуда халықаралық инвестициялық ағымдар саласының негізгі тенденцияларын талдап,Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестициялық саясатының өзекті мәселелерін,негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы уақытта оны көбейту жолдарын ұсынамын.
Курстық жұмыстың міндеттері:
аналитикалық - ақпараттық шолу жасау;
инвестициялық тиімділікті бағалау;
инвестициялық қаражаттың мақсатты бағыттарда, тиімді
бақылаулы формада пайдалану дәлелдерін келтіру;
- Қазақстан Республикасына дамыған шет мемлекеттерінен инвестиция тартудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталу;
шетел капиталынын мемлекетімізге маңызы зор екеңдігін
көрсету.
Жұмыстың бірінші тарауында "инвестиция" терминіне,оның түрлеріне,инвестицияны жүргізуші ұйымдар,инвестиция ұғымдары туралы кең мағлұмат беріледі.
Екінші тарауда, әлемдік экономикадағы халықаралық капитал қозғалысы, мемлекетіміздің шет елдерімен қарым - қатынасы, инвестициялық саясат, индустриалды -- инновациялық дамудағы алатын орны жайлы сипатталады.
Ал үшінші тарауда, Жамбыл облысындағы инвестициялық жағдай, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану жолдары, қазіргі ғаламдану кезенінде индустриалды -- технологиялық стратегияның маңыздылығы, инвестициялық зандарды жетілдіру қарастырылады.
Қазіргі таңда ел экономикасы өрлеу үстінде. Сонғы төрт
жылдың ішінде Республикада ішкі жалпы өнімнің жиынтық
өсімі шамамен 50% құрайды. Жан басына шаққанда
шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан Қазақстан
посткеңестік кеңістікте бірінші орын алады. Мұндай жағдай
инвестицияны тарту тұрғысында Қазақстанды тартымды ете
түседі. Біздің елімізге ТМД-да алғашқы болып "инвестициялық" рейтингісінің берілуі осының көрінісі. Тәуелсіздік жылдарында тиімді банк, сақтандыру және зейнетақы жүйесі құрылып, Ұлттық қор мен Қазақстанның даму банкі өмірге келді. Даму банкі -- инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға арналған негізгі институттардың бірі.
Шетелдік инвестицияның экономиканы қайта құруда жәрдемдеседі деген үмітіміз ақталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда прогресске қол жеткізілді, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор болып саналады.
Қазіргі таңда ел экономикасы өрлеу үстінде.Мемлекеттің экономикалық өмірінде инвестициялардың атқаратын рөлі өте маңызды.
І бөлім
3.1 Инвестиция түсінігі және мәні
3.2
Инвестиция - (ағылшын тілінен аударғанда - салу), табыс алу, меншікті капиталды молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсуі үшін шаруашылық
жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешілігі бар.
Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана
салынбайды,қаржылық және бейматериалдық активтерге де
салынады. Инвестициялық қаржы институттары,инновациялық және әлеуметтік сала арқылы инвестиция тікелей де, жанамалай да салынады.
Сонымен, инвестиция дегеніміз-халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелге, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімге қаражат бөлу.
Инвестициялық құнды қағаздар - ұсынушыға арналған құнды қағаздар түрі,инвестициялау құралы ретінде айналыста жүрген және иесінің кәсіпорында немесе мүлікте үлесі бар екенін дәлелдейтін атаулы құнды қағаз.Құнды қағазды инвестициялық құнды қағазға жатқызудың негізгі принципі оның атқаратын міндетіне байланысты. Егер ол қор биржаларында көпке танымал болса және айналымда қаржыландыру құралы есебінде пайдалынса, онда инвестициялық құнды қағаз болып табылады. Мұндай құнды қағаздар айырылмдағы құжаттарға жатады.
Инвестициялық құнды қағаз ретінде акциялар,облигациялар,купондар, векселдер, чектер, депозиттік сертификаттар, қоймалық куәліктер пайдалынылады. Инвестициялық құнды қағаздарды мемлекеттік акционерлік қоғамдық ұйымдар мен банктер шығарады. Инвестициялық құнды қағаздар қосымша капиталды қорландырудың ықпалды құралы және ол капиталдың бір саладан екінші салаға құйылып отыруына мүмкіндік береді. Нарыққа өту кезеңінде инвестициялық құнды қағаз -- инвестициялық қаржыны толықтырудың сенімді құралы.
Инвестициялық салық несиесі -- ескірген жабдықтарды ауыстыруды және техника мен технологияның ең жаңа түрлерін енгізуді уәждемелеу мақсатымен әлемдік тәжірибеде қолданылатын тиімді тәсілдердің бірі. Шын мәнінде,ол -- күрделі жұмсалымды мемлекеттің қаржыландыруы, ал нысаны бойынша -- салық салатын табыстың мөлшерін белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін кәсіпорынға қалдыратын салық несиесінің сомасы мемлекетке қайтып оралатындай айырмаға қысқартатын салық жеңілдігі. Инвестициялық салық несиесі,әдетте,жабдықтын құнына пайыз есебімен айқындалыды және салық немесе салық салатын табыс сомасынан тікелей шегеріледі. АҚШ-та,мысалы,мерзімі 3 жылдан кем нысандарға салынатын күрделі жұмсалымнан 6 проценттік салық шегерімін жасауға және оның басқа түрлеріне салынатын күрделі жұмсалымнан 10 проценттік шегерім рұқсат етілген. Бұл әдісті қолдану уақытша пайда алған кәсіпорын үшін де, кем алынған қаражатты кейіннен артығымен қайтарып алатын мемлекет үшін де тиімді.
Қазақстанның жаңа "Салық кодексінде" негізгі қызметті инвестициялауға, жаңа техника мен технологияларды енгізуге жұмсалатын табыстың бір бөлігін салықтан босату көзделген.Болашақта кәсіпорынды қайта құру кезінде шеккен залалдарды кейінгі жылдарға көшіру,яғни келешектегі пайдадан шегеру сияқты ынталандыру әдісі пайдаланылуы мүмкін.Бұл ретте табыстың салық салынатын бөлігі азаяды.Бұл артықшылықты "алғашқылық" немесе басымдылық мәртебесіне ие кәсіпорындарға берген тиімді.
Инвестициялық саясат -- инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның т.б), аймақтың, елдің де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес мынадай жолдармен жүзеге асырылады: мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;салық жеңілдіктерін беру; демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру; тиісті несие саясатын, баға белгіленімін; амортизациялық саясат жүргізу;нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ,міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау. Қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқасында: жаңа технологияларды, озық техника мен нау-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтыру: отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; Қазақстан Республикасынын шикізат базасын үтымды әрі кешенді пайдалану; менеджмент және маркетингтің қазіргі әдәстерін енгізу; жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаны жақсарту міндеттері шешіледі.
Инвестициялық қорлар-компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы,сонымен бірге жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорларға салған салымдары бір портфель ретінде бсқарылып,әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:
Кәсіби басқару-акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді;
Диверсификация-портфелді басқаруда диверсификация қауіптілікті төмендетеді,бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен жеткізе алмайды;
Шығындарды төмендету - көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады,осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;
Сенімділік-барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақ инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылатындықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс денгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болу керек.
Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да,ескірген сатып алады,одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компания дәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялары негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді.
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді. Халықтың,институтталынған инвесторлардың,жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп,бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып,ақырында инвестициялық ресурстардың өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады.Инвестициялық қорлардың қызметі "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Заңымен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп,бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі. Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қоғам түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып,оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметті жүзеге асырады. Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды.Акционерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты инвестициялық қорлар төмендегідей болады:
Өзара инвестициялық қорлар-бұл ашық инвестициялық қорлар, олар өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып алуға міндетті. Олар дамыған елдерде кең дамыған, ол соңғы жылдары динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
Инвестициялық компаниялар-бұл жабық инвестициялық қорлар, акционерлер қорынан өзі эмиссиялаған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.
Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек. Инвестициялық қорлардың типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңнамамен және "Қазақстан Респуб-ликасындағы инвестициялық қорлар туралы" Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі. Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға қүқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.Инвестициялық қорлардың акционерлері кез келген тұлға бола алады.
Жаргылық капиталдың мөлшері өзара инвестициялық қорлар үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық компаниялар үшш 310000 есептік көрсеткшгтен кем болмауы керек. Инвестициялық қордың құрылтай-шылар жиналысына міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын және басқа да шектеулерді анықтайтын инвестициялық декларация бекітіледі.Өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы,олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мөлшерде төмендеген кезде,он күннен аспайтын мерзімге сатуға болатын бағалы қағаздар ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың қызметі қатаң шектеледі және бақыланады.
Инвестициялық қордың шектеулері:
-инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың аффирлендірілген тұлғаларымен мәміле жасауға;
-алты айдан артық мерзімге қарыз қаражаттарын тартуға;
-инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар портфельдегі бағалы қағаздардың өтімділігін шектейтін, инвестициялық қорлардың жарғысына және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келетін міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
-бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10% және инвестициялық компаниялар үшін 20%-дан аспайтын бір элементтің бар болуына;
-Инвестициялық қорлардың,аффирлендірілген тұлғалардың,өздерінің кастодиалдары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;
-меншік акцияларды сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;
-таза активтердің 10%-нан артық мөлшерде кепілзат мәмілесін жасауға және кез келген кепілдіктер мен басқада шектеулер беруде.
Инвестициялық сертификат -- инвестицияның заңды екенін куәландыратын құжат,инвестициялық қордағы үлес туралы куәлік. Ол инвестициядан белгілі бір табыс алуға құқық береді,бірақ оның мөлшері (процент есебімен) алдын ала көрсетіледі. Инвестициялық сертификат дауыс алу құқығын бермейді және қандайда болсын міндеттеме жүктелмейді.
3.3 Инвестиция процестерінің жүзеге асырылуын ұйымдастыру
Инвестициялық банк -- шаруашылықтың түрлі салаларын қаржыландыруға және ұзақ мерзімді несие беруге,негізінен, құнды қағаздар арқылы маманданған банктер. Инвестициялық банктердің негізгі түрлері: инвестициялық трест компаниялар, инвестициялық тригер,холдинг-компаниялар, қаржы компаниялары,іскерлік банктер, өнеркәсіптік банктер, т.б.Әлемдегі ірі инвестициялық банктер: "Mitsubishi Trust & Banking corporation","Morgan Guranty Trust company of New York", "Banker's Trust company", "Sumitoma Bank".
Инвестициялық институттар -- бос қаржы ресурстарының қорланымы мен өндіріске салынған инвестиция арасында қор нарығынын тетігін іске қосатын байланыстырушы мамандандырылған арнаулы институттар. Инвестициялық институттар міндеттері: бос ақшалай қаражатты тартып, шоғырландыру; осы қаражатты инвестицияға айналдыру; инвестиция қоржынын тиімді басқару және оны оңтайландыру; ақшалай ресурстарды қайта бөлу.
Инвестицияны құнды қағаздарға әртараптандырумен, саудамен немесе тәуекелдік және болжалды табыстың деңгейін бағалаумен, яғни жалпы алғанда,капитадды басқарумен айналысатын арнаулы инвестициялық институттарға деген қажеттілік ұсақ акционерлердің пайда болуына, капиталдар нарығынын дамуына,инвестициялық ресурстардың жалпы көлемінің ұлғайуына байланысты туындады. Инвестициялық институттар ұсақ инвесторлар мен капиталдың ірі корпопациялық қарызгерлері арасындағы делдалдардың рөлін атқарады, яғни бос ақшалай қаражатты капиталға айналдырады.Қор нарығы дамыған елдерде институттық инвесторлардың делдалдығымен ақшалай қаражаттың 30% дейінгісі қайта бөлінеді. Дамушы елдерде,соның ішінде Қазақстанда да, қаржы жүйесі оңайтылған -- негізгі рөл банк секторына жүктелген. Мамандандырылған инвестициялық институттар Қазақстан мен Ресейде нарықтық өзгерістердің бастапқы кезеңінде сенімгерлік компаниялар нысанында дамыды ( "МММ", "Тибет", "Русски дом селенге","Финансовый центр","Смағұлов және К", т.б. ) мұның өзі қор нарығы мүлдем жоқ жағдайда "пирамида" қағидатына негізделген қаржылық айла-шарғы болды."Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (1997) сәйкес елде инвестициялық қорлардың екі тұрпатын жасақтау көзделді. Олар: 1)өзара қарыз қоры - өздері шығарған акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті ашық инвестициялық қор;2)өздері шығарған акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті емес жабық инвестициялық қор.1998 ж. "НСБК - груп" ұлттық инвестициялық-қаржы акционерлік компаниясы құрылды,оның жарғылық капиталына мемлекет 100% көлемде қатысты.Қазақстан Республикасының Президентінің оны құру туралы Жарлығына сәйкес "НСБК - групптің" сенімгерлікпен басқаруына Халықтық банк, Қазақстаннын Экспорт - импорт банкі, сондай-ақ шетелдік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік компания - "Қазахинстрах" акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді. Яғни,республикада іс жүзінде тұңғыш рет құнды қағаздар қоржындарын басқарушы мемлекет компания әкімшілік жолмен құрылды.
Сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы қорлары сияқты инвестициялық құрылымдар жұмыс істейді. 2001 ж аяғында 16 жинақтаушы зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды.
Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік-халықаралық құқық және агенттік мүшелерінің ішкі зандарының нормаларына сәйкес толық занды тұлға болып табылатын дербес халықаралық ұйым. Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттікті құру идеясы 1950 ж. пайда болды,алайда 1985 ж. Сеуілде арнаулы Конвенция қабылданғаннан кейін ғана құрылды.Агенттіктің міндеті-өндіріс мақсатында мүше елдер арасында,Халықаралық қайта құру және даму банкінің,халықаралық қаржы бірлестігі мен басқа да халықаралық қаржы мекемелерінің қызметтерінің толықтыра отырып,инвестициялар ағынын реттеу. Агенттікке Халықаралық қайта құру және даму банкінің мүшелерінің барлығы мүше бола алады. Алғашқы мүшелерінің қатарына 1987 жылдың 30 қазанына дейін Конвенцияға қосылған мемлекеттер жатады. Агенттіктің құрылымы басқа халықаралық мекемелердің, негізінен, Халықаралық қайта құру және даму банкімен халықаралық қаржы бірлестігінің құрылымына сәйкес келеді. Агенттік басқарушы кеңестен және Директорлар кеңесінен сондай-ақ Президент пен өзге қызметкерлерден құралатын үш сатылы құрылымнан тұрады.Агенттік қызметің Директорлар кеңесінің төрағасы (Халықаралық қайта құру және даму банк Президенті) басқарады. Орталығы Вашингтонда (АҚШ) орналасқан. Қазіргі уақытта оған 114 ел, оның ішінде Қазақстан да мүше болып табылады.
1.3 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz