Рахат фабрикасының өндіріс саласындағы жоспарлау көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Кәсіпорынның қызметіндегі өндірістік жоспарлау түрлері және ерекшеліктері
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І. Жоспарлау функциясының түсінігі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .7
1.1 Жоспарлаудың ғылыми негізі, логикасы және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... .7
1.2 Жоспарлау функциясының әдістері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ. "Рахат" АҚ өндіріс саласындағы жоспарлы көрсеткіштерінің
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 АҚ жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жоспарлы көрсеткіштерінің талдауы..
2.3 "Рахат" АҚ-ның жаңа өнім түрін жоспарлау

ІІІ. "Рахат" АҚ өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 "Рахат" АҚ өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту
жолдарына ұсыныс

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .27

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін -- ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау-болашақтағы дамудың және құрылымның ықтимал траекториясының мүмкін альтернативасын зерттеу мен айқындауға бағытталған ғылыми қызмет. Дамудың әрбір альтернативті траекториясы көптеген сыртқы қатысты зерттеуші жүйе шартымен байланысты. Бір объектіні қараушы жоспарлау мен болжамдау өзара байланысты үрдіс болып табылады. Жоспарлау болжамның алғашқы екі кезеңінің мазмұнын анықтайды -болжау бағыты мен болжауға тапсырма жасау жоспарлаудың қажеттілігінен туындаған объект.
Жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия - ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.
Экономикалық пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдық қорлар, жұмыс күші) арсындағы, әр түрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.
Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы);
әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы);
ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы);
экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).
Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.
Жазылып отырған жұмыстың мақсаты - жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік жоспарлауын қалыптасуының талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату.
Зерттеу объектісі - "Рахат" АҚ-ның мысалында өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады.
Курстық жұмыстың міндеті - пайдаланылған айналым құралдардың талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.
Мақсаттан тыс, жұмысыма қойылған келесі тапсырмалар:
Жалпы жоспарлау түсінігі мен маңызы, ғылыми негізі, логикасы және қағидалары, әдістері және түрлері түсіндіру;
"Рахат" АҚ өндіріс саласындағы жоспарлы көрсеткіштерінің
талдау;
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жоспарлы көрсеткіштерінің талдау;
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістерін ұсыну;
Сонымен қатар, "Рахат" АҚ өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдарын ұсынбақпын.
Еліміз табиғи байлыққа бай, сол байлықты дұрыс қолдана білу қажет. Сондықтан халқымыздың әл ауқатын арыттыру үшін, жұмыс барысында қателіктер жібермеу үшін Үкімет алдын ала жоспар құрып сол жоспармен жұмыс істейді. Ел басы жыл сайын халқының алдында жолдау жолдайды. Осы жолдау еліміздің дамуы үшін қысқа мерзімді жолдау болып табылады.
Дамудың жоғары қарқынына жету жолдары мыналар болып табылады: еркін нарық, қатал қаржы саясаты, мемлекеттің нарықтық күштерге араласуы, шетел инвестициясының, жаңа технология мен білімнің, қазіргі инфрақұрылым мен технология кеңінен енуі. Осыған сәйкес Қазақстан-2030 да келесі үш онжылдықта жүзеге асыратын 7 ұзақ мерзімді басымдық істер қарастырлады.
Курстық жұмыстың 1-тарауында жалпы жоспарлау түсінігі мен маңызы, ғылыми негізі, логикасы және қағидалары, әдістері және түрлері түсіндіріледі.
2-тарауында "Рахат" АҚ өндіріс саласындағы жоспарлы көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. 3-тарау жалпы ұсыныстар мен жоспарлауды жақсарту жолдары ұсынылады.

I Бөлім. Жоспарлау функциясының түсінігі мен маңызы
4.1 Жоспарлаудың ғылыми негізі, логикасы және қағидалары

Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдылыққа қол жеткізу. Экономикалық пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдық қорлар, жұмыс күші) арсындағы, әр түрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар. Жоспар - экономикалық жүйенің дамуының мақсатты көрсеткіштерінің жүйесі, нақты объектінің қызмет етуі және мыналарды көрсету:
1) оларға жету тәсілі мен кезеңдері;
2) ресурстарды бөлу;
3) күтілетін нәтижені анықтау және оларды қолдану тәсілі жоспарды жасау үрдісі, сонымен қатар жоспар жасау заңдылығы туралы ғылыми пәнді жоспарлау дейді. Басқару қызметінің түрі ретінде жоспарлау шешімдерін тиімді критериіне сәйкес келетінін алады.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басыңқы бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын анықтау.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары (принциптері) мен әдістері жатады.
Жоспар жасау логикасы - барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау.
Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:
* жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының мақсаттарының жүйесін қалыптастыру (логиканың негізгі пункті);
* базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;
* қоғамның қор көлемін, қаржылық мүмкіндіктерін анықтау;
* жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын анықтау;
* қоғамның қорлары мен қажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
* жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау қағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шетелдік тәжірибе мен ғылымның жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылыми нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдайларды елемеумен және жоспарлаудағы жағымпаздықпен сиыспайды.
2. Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан құрылуы тиіс.
3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.
4. Жетекші салаларды белгілеу арқылы экономикада тиімді үйлесімділікті қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басыңқыларды белгілеу- бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
5. Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі-жоспардың методологиясының, көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштерінің бірлігі, екіншіден-материалдық бірлігі. Жоспардың кешенді болуы кез келген деңгейдің (аудан, сала, республика) жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.
Жоспар көрсеткіші дегеніміз - басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы.

4.2 Жоспарлау функциясының әдістері және түрлері

Жүйе (система) деген ұғым грек тілінен шыққан, мағынасы -бөліктер мен бөлшектерден тұратын бүтін. Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір бірімен өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық деңгейіндегі болашақ ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады. Нарық жағдайында жоспарлау жүйеі өзара байланысты екі бағытта қамтиды.
Бірінші - республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызметкерлер көрсетушілерге жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттар жатады.
Екінші бағыты - шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспардың бір түрі әрбір қожалық етуші субъектінің және оның өнімдері мен қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді Қазақстан -2030 стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.
Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі.
1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік қарекетіне байланысты жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді:
-стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді;
-тактикалық жоспарлау, бұл нарықтық өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
-қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімде (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
2. Жоспарлау қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
-қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен немесе халық шаруашылығы бойынша);
тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік дәрежесіндегі жоспарлау.
3. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді (оперативті) жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан, маусым, ай, апта);
-орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жылдан 5жылға дейін);
-ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан аса);
4. Жоспарлау сипатына қарай:
-жан-жақты;
-нұсқалы;
-шектелген;
-егжей-тегжейлі;
5. Қызмет салаларына қарай:
-өндірісті жоспарлау;
-кадрларды (персоналды)жоспарлау;
-қаржыны жоспарлау;
-ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
-дайындау мен өткізуді жоспарлау, т. Б.;
6. Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруін есепке алуға байланысты:
-қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу);
-икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер енгізу);
7. Уақыт кезеңіне қарай:
-тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады);
-жылжымалы жоспарлау;
8. Тәсіліне қарай:
-төменнен жоғары жоспарлау (прогресті әдіс);
-жоғарыдан төмен жоспарлау (ретроградты әдіс);
-айналма әдіс (қарама қарсы жоспарлау) болып бөлінеді.
Жоспарлау методологиясына, сонымен қатар жоспар жасау әдістері де кіреді. Жоспарлау әдісі жоспардың бөлімін, көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын техникалық есептеулер мен амал-тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жоспардың жасау ерекшелігіне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалық талдау, нормативтік, баланстық, экономикалық-математикалық, бағдарламалық-мақсаттық әдістер.
Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалық даму деңгейін, пайдаланылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өтккен мерзімдегі жоспардың орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады.
Экономика дамуы жоспарының барлық көрсеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен ресурстарының қажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу нституттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтері пайдаланады.
Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлық пропорцияларды құру құралы болып саналады.
Жоспардың экономикалық тиімділік тұрғысынан оптималді вариантын анықтау үшін экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық модельдері құрылады.
Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі экономикадағы құбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзқарас керектігіне негізделген.

Сурет 1. Жоспарлау жүйесі

Сурет 2. Жоспарлау процесі

ІІ. "Рахат" фабрикасының өндіріс саласындағы жоспарлау көрсеткіштері
2.1 "Рахат" фабрикасының даму тарихы

Рахат акционерлік қоғамының экономикалық сипаттамасы.
Рахат акционерлік қоғамы - 70 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі.
Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды.
Рахат АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.
Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде Рахат АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
Рахат АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі - алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдылық танытуы.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған. 2013 жылы Ұлттық сараптама және сертификация орталығы сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін растаған, ресертификацияланған аудит жүргізді. Мерзімі 2016 жылдың 27 маусымына дейін жарамды № KZ O.02.0318 KCC № 0018500 сертификат сәйкестігі берілген.
2013ж. ХАССП (HACCP - Hazard analysis and critical control points - қауіпті талдау және бақылаудың критикалық нүктесі) ұстанымы негізінде азық-түлік тағамдарының сапасын басқару жүйесі енгізілген.
Осы жүйені енгізуге негізгі себеп қауіпті талдау мен бақылаудың критикалық нүктесі арқылы тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың регламентін белгілейтін, Азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігі туралы КО ТР 0212011 Кедендік Одақтың техникалық регламентін қолданысқа алу және енгізу болған. 2013 жылы компания Қазақстан Республикасы ҚР 1179-2003 СТ мемлекеттік стандарт талаптарының сәйкестігіне Сертификация жөніндегі Алматы бюросы ЖШС-нде сетификациядан ойдағыдай өтті. Мерзімі 2016 жылдың 17 шілдесіне дейін жарамды KZ O.02.0740 KCC № 0022080 сертификат сәйкестігін алды. Рахат АҚ ХАССП жүйесін енгізу азық-түлік тағамдар саласында бекітілген және заңнамалық талаптарға сәйкестігін көрсетіп, растады.
Рахат АҚ энергия тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылы ИСО 50001:2011 энергоменеджмент жүйесі әзірленді және сертификатталды. ASTRAIA Certification, s.r.0., Моста 13,949 01 Нитра, Словакия сертификация органы мерзімі 2017 жылдың 06 қарашасына дейін жарамды № EnMS-2354- 2014 сертификат берген. Рахат АҚ-ына жүйені енгізу мына есеп бойынша: анықталған энергия қорын тиімсіз қолдануды жою және энергия үнемдеудің операциялық мүмкіндігін жүзеге асыру, кәсіпорында энергия қорын есептеу жүйесін және пайдалану нормасын жоспарлау, кәсіпорынның энергетикалық төлқұжатын әзірлеу, энергетикалық қызмет пен микроклиматты жақсарту үшін атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуын реттеу, кәсіпорынның энергия қорын пайдалану орта есеп бойынша 7-13 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
"Рахат" өнімдері отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. Рахат АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. Рахат АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде Рахат АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезде РАХАТ АҚ өнімі қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда - Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан Рахат АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.
Компания тек тұтынушылар мүддесін ғана емес, өз жұмыскерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін толыққанды және өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда. Бірінші және екінші ауысым жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған асхана, жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсететін медсанбөлім жұмыс істейді, тренажер залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі саладағы мамандардың біліктілігін көтеру бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұратын оқу кластары бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.
2013 жылы Оңтүстік Кореяның жетекші кондитерлік компаниясы LOTTE Confectionery Рахат АҚ-ның негізгі акция пакетіне ие болды.
Біздің мақсатымыз - өзіміздің дәмді өнімдерімізбен адамдарға қуаныш сыйлау. Біздің қызметіміз көне дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. Біз керемет кондитер өнімдерін қалай шығаруды білеміз және сол мақсатта қорды арттырамыз. Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр адамға өз еліміздің байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей отырып, Қазақстандағы және Орталық Азия нарығындағы № 1 компания болуға ұмтыламыз.
Біз өз қызметкерлерімізге серіктес болғымыз келеді, сол себепті әр қызметкерімізді бағалаймыз, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасаймыз, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалаймыз.
Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.
Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.
2015 жылы Компания 13 кондитерлік топты шығарған. Бірқатар экономикалық факторлардың сұранысына әсер ету нәтижесінде тұтынушылық преференциялар мыналарды анықтады:
Печенье тобы жалпы сатылым көлемінде бірінші орында, пісірілген кондитерлік өнімдердің жалпы сату көлеміндегі үлес салмағы 26,9% -ды құрайтын табиғи көрсеткіштер бойынша келеді. Ақшалай көрсеткіштер бойынша бұл топ үшінші орынды 14,4% -ды құрайды. Топқа қант печеньесі, ұзын печенье, шыны печенье, крекер кіреді. Ассортимент Pepero печеньесі, Chockolate Pie және Dream cake печеньелерімен безендірілген, Фитнес крекерімен толықтырылды.
Caramel Group жеке және ақшалай сатылымда екінші орынға ие, ол үлес салмағы тиісінше 23% және 17,5%. Топтың ассортименті әртүрлі рецепт санаттарын қамтиды: жеміс, сүт, помада, жаңғақ, шоколадты жаңғақ, май, ликер, печенье, сондай-ақ карамель кәмпит, шоколад глазурімен, Scotch Trio Candy және Scotch Almond.
Candy тобы 22,4% нақты салмағы заттай сату көлемі бойынша үшінші орында. Ақшалай, осы топқа 31,6% үлесі бар жалпы сату бірінші орында тұр. Candy Group шоколад вафли, аралас органның глазурленген қуыру, жылтыратылған желе, кәмпиттер пралине қапталған және жабылмаған, қапталған Fondant, шоколад, бұлғанған жұмыртқаның органмен глазурленген тұрқы, сондай-ақ жеміс шоколадтар кіреді. Сонымен қатар, асемделген қораптарға салынған, алуан түрлі қоспада шоколад конфеттерінің үлкен ассортиментінің шығарылымы орындалуда.
Вафли тобы жалпы сату көлемінің 9,9% және 9,0% -ға салмағы, ақшалай бесінші орынға, нақты көріністе төртінші орында тұр. Компания әртүрлі қоспалары бар 9 түрлі вафли өндіреді. Вафли массасы бойынша және алдын-ала оралған түрде шығарылады. 2015 жылы, топ ауқымы май салындысы бар вафлидің жаңа түрлерімен толтырылған, Рахат шоколад кремі, Рахат шоколад, какао дәмі бар Рахат, Рахат карамель, Рахат шие және Рахат фундук.
Шоколад тобы сатылымның жалпы көлеміндегі 4,4% үлесі бар бесінші орынға ие, өз өнімдерін (какао майы, какао-ұнтақ, какао ұнтағы) жоғары сапалы табиғи какао өнімдері негізінде жасалған шоколад гайкаларының жиырмадан астамын қамтиды және олардың арасында сүт сорттары, шоколад қоспалары бар, құрамында какао құрамында шоколад, сахароза жоқ шоколад және т.б.
Плитка шоколады классикалық ұзын технологияға сәйкес жасалады, ол компоненттерді қажетті дисперстікке, массажды толық масштабтауға және температурадан тазартуды қамтиды.
Драже тобы құрамында салмақты және қапталған кондитерлік өнімдерден тұрады: жаңғақ қабығы, мейіз, мүкжидек, бадам, қант қабығымен жабылған жүзім және какао ұнтағы қосылған, сондай-ақ печенье қабығымен.
Пастель (зефир) өнімдері тобы ақ-қызғылт маршмелла және салфеткалармен жабдықталған, олар жоғары сапалы табиғи шикізаттан салмақ өнімдері түрінде, сондай-ақ тұтынушыға ыңғайлы пакеттерде (көркем қорап, науалар) өндіріледі.
Ирис тобы құрамында қоюландырылған сүттің әртүрлі комбинацияларын, инвертті сиропты, сары майды, әртүрлі табиғи қоспалар мен дәмді қоспаларды пайдалану арқылы жетілдірілген әртүрлі дәмі бар 7 данадан тұрады. Жұмыртқаның ағыстарына жапсырылған массаны қосып жұмсақ жеміс иістері үлкен сұранысқа ие.
Мармелад тобы құрамында қантпен қапталған агарда дәстүрлі мармелад, шоколад глазурімен, түрлі форматтағы желатинмен мармелад және мармеладта күмбезге салынған. Кәсіпорын сондай-ақ жартылай фабрикаттар сияқты кондитерлік өнімдерді шығарады: какао майы, какао ұнтағы шоколад глазурі, шоколад өнімі, кәдесый жиынтықтары.
Компанияның ассортименті жаңа топтың енгізілуіне байланысты кеңейтілді - сағыздың екі түрімен Spout Fruit Set банан, жүзім, құлпынай дәмімен және Spout Mint Set тәтті жалбыз және даршын дәмімен. Компания қант диабеті бар адамдар үшін арнайы өнімдерді өндіруді игерген Қазақстандағы жалғыз кондитерлік кәсіпорын. Бұл ассортимент қант диабетімен ауыратын адамдарға қолдануға жарамды баламалы табиғи шикізатпен алмастыра отырып, шоколад, тәттілер, печеньелер мен вафлидің бірнеше атауларын қамтиды.
Бүгінгі таңда кәсіпорын материалдық ынталандырудың белгілі бір жүйесін жасады:
· Өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштері үшін;
· Тәлімгерлік үшін;
· Мерекелерге (Жаңа жыл, 8 наурыз);
· Жыл сайынғы жұмысқа шыққан кезде;
:: компанияның қызметін жетілдіру бойынша ұсынылған және енгізілген ұсыныстар үшін.
Қызметкерлерді күту - Рахат АҚ өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол келесідей көрінеді:
· Өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері, негізгі және қосалқы өндіріс кәсіпорынның қаражаты есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Кеңсе қызметкерлері жеңілдікті тағам алады;
· Жұмысқа келу және жұмыстан кету үшін жұмыскерлер бекітілген кестеге сәйкес ресми көлік құралдарымен қамтамасыз етіледі;
· Қызметкерлердің тұрақты демалысқа шыққан кезде, кәсіпорындағы жұмыс өтіліне байланысты материалдық көмек 100% -ға дейін төленеді;
· Жақын туыстарын жерлеу кезінде қызметкерлерге 3 (үш) күн ішінде қосымша ақылы демалыс беріледі және материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу
Тауар өткізуді жоспарлау
Маркетингті жақсарту және нарықты зерттеу
Жаңа өндіріс түрін жоспарлау
Сапаны басқару
Кәсіпорындағы маркетинг
Компанияға жалпы мінездеме
Өңделетін шикізаттың сипаттамасы
Ақпарат талдау
Маркетинг жүйесіндегі фирманың тауарлық саясаты
Пәндер