Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру


Тақырыбы: «Өндірістік кооператив»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
І Кооперацияның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері . . . 6
1. 1 Кооперативтік қозғалысты құру мен даму тарихы . . . 6
1. 2 Шаруашылық қызметтегі кооперацияның мәні және даму ерекшеліктері . . . 9
1. 3 Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру . . . 13
ІІ Қазақстан Республикасында өндірістік кооперативтердің дамуы . . . 17
2. 1 Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтегі басқару және ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы . . . 17
2. 2 Қазақстандағы өндірістік кооператив жағдайы («Бостан» өндірістік кооператив мысалында) . . . 21
2. 3 «Бостан» өндірістік кооперативінің тиімділігін талдау . . . 27
ІІІ Ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамытуды жетілдіру . . . 30
3. 1 Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтердің шетелдік тәжірибесі және оларды мемлекеттік қолдау . . . 30
Қорытынды . . . 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 36
КІРІСПЕ
Саясаттық және әлеуметтік-экономикалық сфералардағы кординалды өзгерістермен байланысты қазіргі қоғамның өмір сүру шарттары шаруашы лықтың жаңа формалары мен типтерін ендіруді талап етеді. Бұл міндет ҚР «Қазақстан-2030» негізгі стратегиялық құжатында да актуалды болып табылады.
«Ауыл шаруашылығында дамыған кооперативтік қозғалысының жоқтығы көптеген шаруашылық-экономикалық міндеттерді шешуге; шаруаны коммерциялық банктерден, мемлекеттің өзінен қорғауға; өнімді өткізу, қамту, сақтау, қайта құру және сатуды тузетуге мүмкіндік бермейді», - деген Никонов А. А. Көпқырлы драма спиралі: Ресейдің аграрлы саясаты және ғылым (ХІХ - ХХ ғғ. ) . Автордың пікірінше «1989 ж. тұған кооперация ауылшаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырмай, тез коммерциялық қызметке кетіп қалды және өзінің спекулятивтік жақтарымен кооперация туралы адамдардың жаман ойларын тұғызды». Бірақ, тек қана кооперация екі бастаманы біріктіре алады: таңдауға еркіндік беретін өндірушінің меншігі; техникалық және экономикалық артықшылықтары бар өндіріс көлемдері және нарықтағы экономикалық көлемі», - деп аяқтады Никонов А. А.
Бірақ кооперацияны құру оңай емес екенін ол түсінеді. Әр ірі және кең қозғалыс сияқты бұл тез орындалмайтын іс. Бұл істі «Кооперация туралы» заң құру арқылы бастайды.
Кооперацияның дамуы қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді; шығаратын және сататын тауарлар көлемін ұлғайтады; сөйтіп жұртшылықтың табыс табуын ұлғайтуға әкеледі; Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуына жағдай тұғызып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартады.
Осы жұмыс аталған деректердің негізінде жазылды. Мақсаты - ауылшаруа шылық кооперацияны, оның негізгі мәселелерін зерттеу және аталған қиын шылықтарды шешу жолдары, экономикалық реформалар уақытында коопера цияны дамытуды талдау болды.
Осы мақсаттарда жұмыста: 1) Кооперацияның ғылыми негіздері және ауылшаруашылығындағы ерекшеліктері қарастырылған. Оның ішінде: коопе ративтік қозғалысты құру мен даму тарихы, шаруашылық қызметтегі коопера цияның мәні және даму ерекшеліктері, ауыл шаруашылық өндірістік коопера тивтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру қарастырылады. 2) ҚР өндірістік кооперативтердің дамуы бөлімінде аыл шаруа шылық өндірістік кооперативтегі басқару және ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы, Қазақстандағы өндірістік кооператив жағдайы («Бостан» өндірістік кооператив мысалында), «Бостан» өндірістік кооперативінің тиімділігін талдау. 3) Ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамытуды, оның ішінде ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтердің шетелдік тәжірибесі және оларды мемлекеттік қолдау және ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияның даму перспективасы көрсетілген.
Зерттеу объектісі болып «Бостан» өндірістік кооперативі табылады. Жұмысты жазу барысында ғылыми-зерттеу және аналитикалық әдіс қолданды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 20 атаулы қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 4 кесте, 1 сурет келтірілген. Жұмыстың мазмұны 36 бетте жазылған.
І КООПЕРАЦИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Кооперативтік қозғалысты құру мен даму тарихы
Қазіргі қоғамда өмірдің жағдайы саяси және әлеуметтік - экономикалық сферада күрт өзгерістермен түсіндіріледі, ол шаруашылық жаңа үлгілері мен түрлерін енгізуді талап етеді. Н. А Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» негізгі стратегиялық құжаты мен берілген мақсат приоритетті болып табылады, онда нарықтық шаруашылық жағдайында административті топтық жүйеден пайда болған мемлекеттік күтудің орынына әрбір азаматтың өзіндік құндылығы мен еңбектік ұжымдық жауапкершілік пен шаруашылық қызмет еркіндігі келу керек. Қазақстандық қоғамның берілген стратегиялық дамуына сәйкес, шаруа шылықтың және меншіктің түрлі өмірлеріне негізделген нарықтық экономика лық интенсификация есебімен кооперация ролі жоғарлайды.
Кооперация пайда болу мен дамуы ұлттық шаруашылықтың басшылығын экономикалық административті әдістер орнына шаруашылық басқарудың меха низмін радикалды жаңарту өз үлесін енгізуге тиісті. Кооперация тауарлар өңдеу де және қызметтерде адамдардың белсенділігін, инициативасын арттыру ға қабі леті бар, өндіруші мен тұнынушы арасында дұрыс байланыстарды құру үшін та уарлық қатынастарды қамтамасыз етеді. Ол біздің экономикамызға адам дар қы зығушылықтарына қажетті әлеуметтік бағыт береді.
Кооперация - бұл бөлек қатысушыларының материалдық құндылықтары на жету үшін жалпы шаруашылық мақсаттары бар бірнеше еркін физикалық тұлғалардың бірігуі. Өздерінің формасы бойынша бұл бірлестіктер демокра тиялық басқару формасымен кооперативтер меңгерушілері басқару шешімде рінде өздерінің қызметтері шектеулі.
Кооперация генезисі Қазақстанға ХІХ ғасыр 70 жылдар ортасына келді. Бұл массалық және қоғамдық - шаруашылық кәсіпорында бір уақытта болады, барлық қатысушылардың еркіндігі, тандау теңдігі принциптеріне құрылған. Кооперацияның 3 негізгі формалары - өндірістік, қаржылық, саудалақ кең қолда нысқа ие. Қоғамының барлық қабаттары үшін қол жетерлік болған бірлестіктер болды. Өндірістік кооперативтер ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен өткі зу, сатып алуды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық құралдары үшін қол жетерлік арзан несиені алу мүмкіндігін береді, сонымен бірге кооперативтерді субсидия лау, өздерінің қатысушыларының сатып алу белсенділігін біріктірді және да мытты, табыстарды рационалды бөлуді ұйымдастырды.
Кооперациялық қозғалыстың және кооперациялық бизнестің ғылыми не гіздері әртүрлі мемлекеттердің ғалымдарының көбісі, әсіресе кооперациялық теорияның негізін салушыларының аттары белгілі: Ф. Оуэн, Ш. Фурье, Ф. Райфайзен, И. Г. Чернышевский, М. Н. Туган-Барановский, т. б.
Кооперация теориясын және ұйымдастырушылық принциптерін әзірлеуге үлкен үлесін ХХ ғ. басындағы келесі орыс ғалымдары мен кооперативтік қыз метшілері қосты: А. Н. Анцыферов, А. Н. Васильчиков, Н. П. Гибнер, Н. В. Крылов, А. В. Меркулов, С. Л. Маслов, К. А. Пажитнов, И. И. Попов, Л. М. Кинчук, А. И. Чупров және т. б.
Ауылшаруашылық кооперацияның ғылыми негіздеріне көптеген мемлекеттерде кең тараған және аграрлық секторларда кең қолданатын А. В. Чаяновтың, Н. Д. Кондратьевтің, Н. А. Рыбниковтың, Н. П. Макарованың, А. Н. Челищеваның еңбектері жатады.
Жалпы түрде кооперацияға өзінің шаруашылық қызығушылығын іске асы ру үшін және жалпы мақсаттарға жету үшін ресурстарын үлестік негізде еркін біріктіретін барлық жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Кооперативтік қозғалыстың алғашқы кезеңінде кооперативтерге әрқай сысы жеке және бірге мақсатқа жету үшін біріксе, нарықтық экономикада коо перативтер қызметі бизнес нысанына айналады, кәсіпкерлік мінезге ие болады.
Жалпы «пайда» немесе «қызығушылықты қанағаттандыратын» мақсат нақты экономикалық пайдаға, яғни нарықтық шаруашылықта нақты қабылдана тын мақсатқа - неғұрлым көп пайда табуға - айналады. Өзге жағдайда коопера тив нарықтық бәсеке сферасына, яғни жалпы нарықтық қатынастарға кірмейді.
К. Маркс социализм кезінде келесі сөздерді айтқан: «Кооперациялық ең бек жалпы ұлттық масштабта және жалпы ұлттық қорлармен даму керек».
Кооперация мақсаттары мен міндеттері барлық жерде бірқалыпты: қыз мет көрсету және өз мүшелерінің құқықтарын қорғау, олардың қызығушы лықтарын қанағаттандыру, кооперативтік принциптерді еске алып жалпы эконо микалық заңдармен және қоғам дамуының қозғаушы күштерімен сәйкес. Ең бі рінші кооперативтік ұйымдар өзара кооперацияға, бірге иемденуге, еңбектің жә не экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бұлақтары ның теңдігіне негізделген коммунистік теңдік ұйым үшін құралдарды жинақ тауға ұмтылған.
Р. Оуэн бұл кооперативтердің уақытша жетістіктерін қарап, асығыс қоры тындылар жасаған: темір ақша керек еместігі сияқты тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы қатынастағы делдардар және сатушылар керек емес, яғни нарықтық қатынастар да керек жоқ деген. Оған қарамастан саудаға бағ ытталған саудалық қызмет қоғамдағы барлық экономикалық қатынастар жүйесінің тұрақтылығы себебі болып табылады.
Кооперативтік қозғалыстың отаны болып Батыс Еуропа табылады. ХІХ ғ. ортасында Батыс-Еуропалық мемлкеттерде өнеркәсіптің дамуымен байланысты және қалалық тұрғындар санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылық өнім деріне деген сұраныс өсті. Еуропалық континентте бірінші ауыл шаруашылық кредиттік кооперацияны құруға ХІХ ғ. 30 Ж. ортасындаШвеция оңтүстігінде ипотекалық ұйым нысанында несиелік серіктестік. Ауыл шаруашылық несиелік кооперация Германияда ең кең тараған, бұл қозғалысты еңдірген Ф. Райфайзен.
Нарыққа өнімнің және өндіріс құралдарының еркін шығуы және кең қажеттілігі өткен ғасырдың соңғы 10-жылдығында ауыл шаруашылық өткізім және қызмет көрсетуші кооперативтердің құрылуына әкелді, әсіресе Скандинавияда. 1880 ж. Швецияда ең бірінші сүт кооперативі ашылды (сары майды ағылшын нарығына шығару), екі жылдан кейін - Данияда ашылды. 1887 ж. Данияда Еуропалық континеттегі ең бірінші шошқа сою кооперативі ашылды. Шошқа еті бірінші күннен бастап сол ғасырдағы ең көлемді нарыққа.
ХІХ ғ. 80-90 жж. Кооперативтік ұйымдар континенттің барлық мемле кеттерінде тез тараған. ХХ ғ. басында сүт кооперативтері дами бастады. 1884 ж. Францияда бірінші ауыл шаруашылық синдикаттарын құру сатып алушы - қыз мет көрсетуші кооперативтердің тұрақты дамуына әкеледі.
Кооперация бұл әріптестік және көптеген ұйымдастырушылық форма ар қылы іске асырылатынын көрсетеді. Ауылшаруашылық кооперативтердің құ рылымы мен әрекеттері «Ауылшаруашылық кооперация туралы» Заңға сәйкес анықталады. Ауылшаруашылық кооперация - бұл әр түрлі ауылшаруашылық кооперативтері және олардың одақтары, өздерінің экономикалық және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндіру шілерден құрылған жүйесі. Ауылшаруашылық кооператив ұйымдық-құқықтық формадағы шаруашылықты еңгізуді көрсетеді. Бұл ұйым ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірігіп өндіру үшін немесе басқада шаруашылық әрекет терге құрылған. Ауылшаруашылық кооперативтің басқа кооперативтерден ерекшелігі, оның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен құрылымда «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер» түсінігі негізінен кооперативті ауыл шаруа шылық статусына жатқызатын және жалпы өндірілетін өнім көлемін құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін Заңды және жеке тұлғалар болып та былады. Ауылшаруашылық кооператив келесі қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді:
- қатысушылар еркіндігі;
- кооператив қатысушылары үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету және өзара көмек;
- кооперативтің пайдасы мен шығындарын мүшелері арасында олардың жеке еңбекке қатысуы есебіне немесе кооперативтің шаруашылық қызметтке қатысуына қарай бөлуі;
- кооператив мүшелері болып табылмайтын тұлғаларды шаруашылық қызметтері қатысуларын қысқарту;
- кооператив мүшелерінің қауымдасқан үлестік жарналарын және мүшелердің қосымша үлестік жарналары бойынша дивидендтерді қысқарту;
- кооперативтің әрекетін демократиялық басталымда басқару (бір мүше бір дауыс) ;
- кооперативтің іс-әрекеті туралы ақпараттық барлық мүшелеріне ашықтығы.
Бұл қағидалар кооперацияның даму тарихының 150 жыл бұрын әлемдік тәжірибеде шығарылған болатын.
Кооператив мүшелері негізгі және қауымдастық болып бөлінеді коопе ративтің негізгі мүшелері - кооперативке үлестік жарна салған және дауыс бе руге құқылы заңды және (немесе) жеке тұлға. Кооперативтің қауымдастық мү шелері - үлестік жарна салған, дивиденд алатын, дауыс беруге құқығы жоқ заңды және (немесе) жеке тұлға. Кооперативтің негізгі мүшелері кооператив тік төлемдер алады - мүшелері арасында жеке еңбекке қатысуымен немесе кооперативтің шаруашылық қызметке қатысуына қарай кооператив мүше лерінің қосымша жарна бойынша төленетін пайда бөлігі. Сонымен қатар, өнді рістік кооператив мүшелері, кооператив табыстарына және оның жеке еңбекке қатысуына қарай жалақы алады.
Үлестік жарналардың үш түрі бар:
- міндетті
- қосымша
- қауымдасқан қатысушылар.
Міндетті үлестік жарна кооператив мүшелеріне міндетті тәртіпте дауыс беруге және шаруашылық қызметке қатысуға құқық береді. Қосымша үлестік жарна кооператив мүшелерінің таңдауы бойынша міндетті үстеме жарна береді. Қауымдасқан үлестік жарна мөлшері кооператив жарғысына сәйкес қауымдас қан мүшелері келесілген, оның бақыланатын кең есімен бекітілген келісім-шарт негізінде анықталады.
Ауыл шаруашылық кооперативтің өндірістік және тұтынушылық форма сы бар. Ауыл шаруашылық кооперативі ауылшаруашылық өнімдердің өндірі сі, қайта өнделуге және өткізілуі бойынша өз еркіндік қызмет үшін және де кооператив мүшелерінің жеке еңбек қатысуына негізделген заңмен тыйым са лынбаған өзге де қызметтерді орындау үшін азаматтар құрады, ал заңды тұлға лар тек кооперативтің қауымдасқан мүшелері ғана бола алады. Өзге ерекше ліктері өндірістік кооператив мүшелерінің өз қызметіндегі жеке еңбек қаты суы болып табылады.
Өндірістік кооператив - бұл қызметінің негізгі мақсаты пайда табуды көздейтін коммерциялық ұйым болып табылады. Өндірістік кооперативтің ке лесідей түрлері болады: ауыл шаруашылық немесе балық аулау картель (кол хоз), кооперативті шаруашылық (коопхоз) . Ауыл шаруашылық картель (кол хоз) ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру және өткізу үшін азаматтар дың еркінді мүлікті үлестік жарналарын ақша қаражаттары, жер учаскелері, жерлік және мүліктік үлестері және азаматтардың басқа да мүліктері түрінде қосып, өндіріс бойынша өз еркімен қызмет ету үшін құрылады.
Коопхоз шаруа (фермер) қожалықтарының және (немесе) азаматтардың басшыларымен құрылды. Олар өзара мал шаруашылық өнімдерін өндіру, жер жырту және басқа да ауыл шаруашылық өнімдермен байланысты жеке шаруа шылық жүргізеді.
Өндірістік кооператив мүшелері 5 адамнан кем болмауы керек. Басқа жағ дайда оны жоюға тура келеді. Ауыл шаруашылық тұтынушылық кооперативтің шаруашылық қызметі міндетті қатысу бойынша азаматтар және заңды тұлғалар құрады. Кооперативтің шаруашылық қызметіне қатысуы кооператив мүшелері өнімді шикізатты жеткізуді көздейді. Тұтынушылық кооператив - бұл ком мерциялық емес ұйым. Олар қызметіне қарай бөлінеді: қайта оңдіруші, өткізуші жинақтаушы, несиелік және т. б. Тұтынушылық кооператив құрамында кем дегенде екі заңды тұлға немесе бес азамат кірсе ғана ол кооператив болып танылады. Осыған байланысты заңды тұлға жалпы жиналыста шешім қабылдауда бір дауыс беруге құқылы кооператив мүшесі болып табылады.
- Шаруашылық қызметтегі кооперацияның мәні және даму ерекшеліктері
Территориялық өзгерістерге қарамастан жүз жылдық тарихы бар кооперацияның дамуын да бірнеше кезеңдерге бөлуге болады, олардың әрқай сысы өзіндік белгілерімен ерекшелінеді.
Кооперативті қызметтің алғашқы даму кезеңі әр елде ХІХ ғасырдың ая ғында алғашқы кооперациялық пайда болуымен байланысты. Бұл кооперативті ұйымдықтың қалыптасуы кезеңі, алғашқы қоғамдардың құрылуымен құлды рауы, олардың принциптерінің тәжірибеде қалыптасуы мен тексерілуі, мәселе лерді шешудегі алғашқы қадамдар, әр елдерде идеологтардың, қозғалыстарды ұйымдастырудың және ұйымдастырудың аттарының шығу кезеңі болатын.
ХІХ ғасыр аяғымен ХХ ғасыр ауыл шаруашылық кооперативтің дамуы ның 2-ші кезеңін қамтиды. Бұл онжылдыққа кооперативті қозғалыстың процесі тән. Мемлекеттік кооперативтік бірлестіктер несиелендіру саласында ғана емес сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндіру сала ларында маңызды орын алады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін алғаш қы кооперативті кәсіпорындар жұмыс істей бастады. ХХ ғасыр басында коопе ративтер әлемдік азық - түлік рыногына кірді, онда маңызды рөлге ие болды. 1896 жылы халықаралық кооперативті альянстың қалыптасуымен тәжірибе алмасу және халықаралық кооперативті серіктестіктің дамуына әсерін тигізді.
Көптеген елдерде кооперативті заңдар қалыптасуда, әртүрлі деңгейде жә не қызмет бағыттарына қарай алғашқы «мысал ережелер» пайда болды. Соғыс тан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылық даму процесіне әлемдік экономикадағы 1929 - 1933 жылдардың кризистің барлық звеноларға әсер етуі және көптеген елдердегі мемлекеттің белсенді қолдауымен байланысты. 30 жылдардың 1-ші жартысында мемлекеттерде ауыл шаруашылық кооперациялардың ұлттық ұйымдастыру орталықтары құрылды. Скандинавия елдерінде, Голландияда. Германиядағы сүт шаруашылығы саласында, 30 жылдар аяғына қарай Францияда дәнді-дақыл кооперативтері тұтыну нарығында алдыңғы орындарды алған. Жекелеген елдерде бұл кезеңде кооперативтердің қызметін әртүрлі деңгейде реттейтін ережелер унификациясы жүрді.
Фермерлік кооперативтердің дамуының келесі маңызды кезеңі 50 жылдар ортасынан 70 жылдар аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Ғылыми техникалық процесстердің әсерінен кооперативтердің модернизациясы жүргізілді. Осы кезеңмен қатар кооперативті ұйымдарды қайта ұйымдастыру жүргізілді, яғни алғашқы ұсақ кооперативті қозғалыстар бірігіп үлкен кооперативтік салалар және аймақтық жоба негізінде құрылды. 70 жылдар ортасынан фермерлік кооперацияның дамуының жаңа кезеңі басталады. Бәсекелестік күшейе түсті. Жеңіске жетудің алғашқы шарты болып модернизацияланған бөлімдерде жаңа технологияларды пайдалану және инвестиция тарту шаралары жатады. Капиталдық орталықтандырылуы және теңдігі шешуші маңызға ие.
Кооперативті компаниялардан акционерлік принципке көшу тенденциясы жоғарлады, бұл нарық коньюнктурасының талаптарына едәуір жеңіл. Коопе ративті қозғалыстарды мемлекеттік реттеу деңгейінде жоғарланды, қызметте қаржыландыру мен басқа да ұйымдастырушылық формаларын заң жүзінде рет теу жүргізу қатаңдатылды.
Ауыл шаруашылық кооперативтерінің вертикальды типі жанұялық фер мерлік шаруашылықтан жеке функциялау жолымен ірі масштабта ажырауы. Сәйкесінше, фермерлерге әртүрлі қызмет көрсететін кооперативтер пайда бо лады. Алғашқы және қазіргі таңда кең танымал фермерлік кооператив жеке кооператив болып табылады, фермерлік өнімдерді ұжымдық өндіруді қамта масыз етеді. Нарықтық экономикалық қиыншылықтары өндіру қиындығын ту ғызады. Үлкен көтерме сатушы нарық артықшылықтарға ие, себебі ол да үлкен көлемде және бөлшек партиямен сату, орау, бөлшектеу және сақтауға, сонымен қатар сату маркасын пайдалану, жарнамаға және т. б. мүмкіндіктері бар. Жанұя лық фермерлер кооператив құра отырып ауыл шаруашылық өнімдер нары ғындағы делдалдармен бәсекеге түседі. Шикізатты сатуға қарағанда қайта өңделген өнімді сату тиімдірек, ал бір шаруашылық шеңберінде эффективтті қайта өндіруді жүзеге асыру қиынырақ, кооператив өнім өндіру қайта өнді румен толықтырылады.
Кооперативтың басқа түрлері фермерлерді өндіріске қажетті ресурстарын қамтамасыз етеді - ауыл шаруашылық техника, тыңайтқыш, тұқым, қоректер, жанар-жағар май және т. б. Бұл кооперативтер қамтамасыз етуші кооперативтер деп аталады. Олар фермерлерге үйге қажетті жабдықтар, баққа және бакалея лық тауарлармен қамтамасыз ете алады. Бұл кооперативтің негізгі функциясы фермерлерге тиімді бағамен ресурстардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету. Кейде бұндай кооператив фермерлік тапсырысын сатып алумен шектелмейді, ресурстарды өндіретін өз зауыдтары болады.
Фермерлік кооперативтің 3 - ші түрі бар. Бұл сервистік кооперативтер. Олар фермерлік шаруашылықтарға әртүрлі өндірістік қызметтер көрсетеді. Мысалы: ирригация, электрофикация немесе ауылдық жерлерде телефон орна ту. Ең алдымен кооперативті форманың АҚ, кооперацияларының ұқсастығы көз ге түседі. Қай жағдайда болмасын кооперациялаудың басшылары болып мен шік иелерінің коллективі табылады, басқару ұжымдылық шешім негізінде жүзе ге асырылады, алған табыстар қатысушылар арасында бөлінеді. Екі формада да мыған экономикада кеңінен тараған, еңбек, капитал нарықтарына қатысады, бас қа өндірістік факторлар экономикалық пайданы көздейді, өз кооперациясының эффективті дамуына тырысады. Кооперацияның екі типінде бизнес структураларының технологиялары, операция типтері біркелкі болуы мүмкін. Соған қарамастан бұл формалар бір - бірінен ерекшелінеді, және олардың өзге шіліктері кооперациялардың рентабельділігі ұйымдастыруашылардың өнді рістік форманың спецификасы ретінде кооперацияларды ерекшелейді.
Кооперациялардың негізгі ерекшелігі бастапқы мақсатты құру және функ циялау. Кооперация үшін негізгі мақсат - кооперациялардың жоғары та быстылық қызмет етуін қамтамасыз ету және оған не, қайда, қалай өндірі летініне маңызды емес. Кооператив қатысушыларының табысын сақтау және кө бейту үшін құрылады. Кооператив мүшелеріне қажетті бизнесті керекті сферада сақтап қалу үшін практикада кооператив құрылымының негізгі принциптері негізінде жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz