Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
ЖОСПАР
Тақырыбы: Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I. Кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын талдау: мәні мен мазмұны ... ... ... ...
1.1Банкроттық түсінігі және пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Банкроттық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау әдістері ... ...
II. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау ... ... ... ...
2.1Восход-Oriel ЖШС -тің даму тарихы және жетістіктері ... ... ... ... ... ..
2.2Восход-Oriel ЖШС -тің қаржылық жағдайы мен басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын бағалау ... ... ... ... ...
III. Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1Дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2Дағдарысқа қарсы басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу ел экономикасына банкроттық ұғымын алып келді. Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшырамаумен байланыстырады, басқалар банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігу, басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын да қосады. Австралиялық ғылымдармен жүргізілген зерттеулер бойынша бизнестегі сәтсіздіктер пайызының жоғары болуы туралы әр түрлі пікірлерге қарамастан, банкротқа ұшырағандардың үлесі 3,4% ғана, алдағы болатын залалдардан құтылу мақсатында 8% ғана өз қызметін тоқтатады екен.
Республикада дамудың қазіргі кезеңінде экономикада өсу фазасы байқалады, шаруашылық жүйесінің реформациясы іске асып, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Өнеркәсіптің дамуы көрсеткіштерінің өсуі серпіні байқалып, жалпы Қазақстан Республикасын нарықты экономикалы ел деп дүние жүзі танып, дамуын оң бағалап отырған кезде, төлем қабілетсіз кәсіпорындар шамасының өзгеруі қай деңгейде екен анықтау мен бағалау өте маңызды.
Банкроттық шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі болып табылады. Нарық жағдайында кез келген компания банкрот немесе біреудің банкроттығының құрбаны болуы мүмкін. Бірақ та ыңғайлы экономикалық стратегия, қаржы, инвестиция, баға және маркетинг саласындағы рационалды саясат компанияға оны болдырмауына және бірнеше жыл ішінде іскерлік беленділігін, пайдалылығын және сенімді әріптес пен сапалы өнім өндіруші немесе сапалы қызмет көрсетуші ретіндегі жоғарғы беделін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасында шаруашылық субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Кәзіргі уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр. Банкроттық дағдарыстық жағдай болып табылады және оны жеңу арнайы қаржылық әдістерін талап етеді. Әлемдік дағдарыс Қазақстанға да үлкен әсерін тигізді. Осыған байланысты іс жүзінде банкротқа ұшырау үдерісіндегі компаниялар саны өсті. Қазақстанда көбінесе құрылыспен және халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын компаниялар банкротқа ұшырайды. Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін. Негізінде, банкрот компаниялар санының көп болуы онша жаман емес, себебі әлемдік тәжірибеде экономиканы сауықтандыру үшін банкроттық институтының жоғары тиімділігін көрсетеді. Осы мағынада Қазақстандағы жағдай әлемдік тәжірибеге толығымен келеді.
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қаржы қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдер бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Ыңғайлы экономикалық стратегия, қаржы, инвестиция, баға және маркетинг саласындағы рационалды саясат компанияға оны болдырмауына және бірнеше жыл ішінде іскерлік беленділігін, пайдалылығын және сенімді әріптес пен сапалы өнім өндіруші немесе сапалы қызмет көрсетуші ретіндегі жоғарғы беделін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Отандық кәсіпорындардың банкроттық проблемаларының өзектілігі осы курстық жұмыстың тақырыбына негіз болды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - банкрот болу ықтималдылығын зерттеу және кәсіпорынды дағдарысты жағдайдан шығыру шараларын әзірлеу.
Бұл курстық жұмыстың міндеттері - келесі тізімнен тұрады:
1.банкроттық ұғымын түсіндіру;
2.банкроттықтық пайда болу себептері мен түрлерін анықтау;
3.кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау;
4. Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шараларын әзірлеу;
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімді негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың негізгі тақырыбы ашылып, жалпы шолуды көрсетеді. Ал негізгі бөлімнің біріншіт бөлімінде банкроттық және оның байда болу ықтималдылығы туралы толық мәлімет, анықтамалар және мысалдар берілген. Екінші бөлімде бірінші бөлімде көрсетіліп, баяндалған теория жүзіндегі мағлұматты қолдана отырып, практика күйінде Восход-Oriel ЖШС-нің мысалында жүзеге асырылуы жайлы баяндалады. Сонымен қатар екінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайы ескере отырып банкрот болу ықтималдығы баяндалады. Үшінші бөлімде банкроттықтың қазіргі кездегі жағдайы мен одан шығу жолдары сонымен қатар өзім ұсынған ұсыныстарым берілген. Курстық жұмыстың соңғы бөлімі, қорытындыда жалпы курстық жұмыстың барысында ненің анықталып, қандай көзқарастар қалыптасқаны туралы қысқаша айтылады.
I. Кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын талдау: мәні мен мазмұны
1.1 Банкроттық түсінігі және пайда болу себептері.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. ҚР-ң Банкроттық туралы 21.01.1997 жылғы № 67-1 (өзгертулерімен) Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың , міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі. Кәсіпорынның банкроттығы нарықтық қатынастарды қамтыған Қазақстан экономикасы үшін жаңа құбылыс емес. Қазақстан экономикасында шаруашылық субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Кәзіргі уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Банкроттық туралы Қазақстанда үш заң актісі қабылданды. Бірінші заң 1992 жылы 14 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 1 ақпанда күшіне енді, ал екіншісі - Президенттің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығы.
Банкроттық кәсіпорынның өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туыннндайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық , ақша , несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құрылуда, бірақ банкротқа үшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы 4 жыл ішінде - 51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде - 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:
Экономикалық факторлар - 47,4%6
Қаржылық қиыншылықтар - 38,4%,
Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы - 7,1%,
Кәсіпкелік нәтиженің жаман болуы - 3,4%,
Басқалар - 3,7%
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құбылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс - жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып келетін көптеген себептерн тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:
Стратегиялық сипаттағы қателіктер
Жалпы менеджмент проблемалары
Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.
Осы бағыттардың әрқайсысын 1- кестеде жете, толық қарастырамыз.
1-кесте. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Фирмалардың банкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі
1. Стратегиялық
сипаттағы қателіктер
1.1 Маркетингтік мүмкіндіктері жете бағалай алмау. Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың орнына пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру. Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына ұшырайды.
1.2 Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс істеп жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз жоқ бола тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.
1.3 Маркетингтің тек жақында ғана көруі. Бизнестің нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының жүргізілмеуі.
1.4 Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынынын көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мұның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша жұмысшы күшінің тартылуының нәтижесінде ақша қаражаттарына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының бар екендігіне көз жеткізу қажет.
1.5 Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін төлемдердің кідіруінен немесе тапсырмалардың қысқаруынан өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты күтпеген жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін (өндірісті тоқтату қуаттылықты азайту және т.б.) жоспарлау қажет.
2. Жалпы менеджмент проблемалары
2.1 Басқарушылардың шеберлігі мен тәжірибесінің және ноу - хау-дың жетіспеушілігі. Кәсіпорынның өсу кезеңдерінде менеджерлер өз стратегияларын тікелей басқарудан менеджерлік басқаруға ауыстырулары қажет.
2.2 Қаржы менеджментігіндегі жетіспеушіліктер. Жаңа фирмаларда ереже бойынша қаржылық міндеттер жәй бухгалтерияға қатыстырылады. Компанияда ең басынан кәсіби қаржыгер болу керек.
2.3 Менеджерлердің негізгі қызметкерлерінен айырылуы көбінесе сындарлы болуы мүмкін, әсіресе қандай да бір өндіріс әдістері саласына ғана тиісті бөлімді қажет ететін кәсіпорындар үшін.
3. Есептік - қаржы жүйесі мен тәжірибедегі кемшіліктер
3.1 Баға қалыптастыруда салалық стандарттар мен нормативтердің болмауы өндірілген өнім құнының дәрежесі мен оның пайдалылық дәрежесін алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.
3.2 Фирманың экономикалық жағдайын басқару талдауының жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқ болуы (тауар - материалдық құндылықтарды, жұмыстардың орындалу көлемін және т.б. талдау).
3.3 Кассалық бюджетке көңіл аударудың орнына қателесіп, аудару тәсіліне көңіл аудару, бизнесті айтарлықтай қаржы проблемасына әкелуі мүмкін.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Механизмнің негізгі элементтері келесілер:
банкроттықты құқықтық реттеу;
кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
ҚР-Ң Банкроттық жайында Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық , борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал, еріксіз түрде, кредиторлардың немесе Банкроттық жайында Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Борышкетдің банкроттылық ісі қаралғанда келесі процедуралар қолданылады:
1. бақылау;
2. қаржыны қалпына келтіру;
3. сыртқы басқару;
4. конкурстық өндіріс;
5. халықаралық келісім.
Бақылау процедурасы. Оның мақсаты борышкердің мүлігін сақтауды қамтамасыз ету және борышкердің қаржылық жағдайын талдаудан өткізу.
Қаржыны қалпына келтіру - борышкердің толығымен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қарызын қайтару, қарызды төлеу кестесіне сәйкес.
Сыртқы басқару - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында борышкер өз өкілеттілігін сырттан келген басқарушыға береді.
Конкурстық өндіріс кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот болған борышкерге қолданылады.
Халықаралық келісім бір жақтың ерікті түрде талаптарын жарым - жарты қайтарып алуын және екінші жақ қалған талаптарды қабылдайтынынбілдіреді.
1.2 Банкроттық түрлері
Нақты шаруашылық үрдістегі кәсіпорынның банкроттығын іс - әрекеттегі әлді және әлсіз байланысқан әртүрлі факторлармен түсіндіруге болады. Артық жағдайдағы факторларды белгілеп, кәсіпорын банкроттығын былай бөлуге болады:
oo кәсіпорынды дұрыс басқармағандықтан туындаған банкроттылық (маркетингтік стратегияны ойластырмағандықтан);
oo ұдайы өндірісті қолданудағы өнім сұранысын кеңейтіп жүзеге асыруда инвестициялық ресурстың жетіспеушілігінен туындаған банкроттылық;
oo келісілген өндірістегі өнімнің бәсекеге қабілетсіздігінен туындаған банкроттылық.
Банкроттылық түсінігі оның түрлерімен сипатталады. Заң және қаржылық тәжірибесінде кәсіпорын банкроттылығының келесі түрлері анық көрініс табуда:
1. Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.
2. Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.
3. Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.
4. Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады.
1.3Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау әдістері
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
1. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
2. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
3. Төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау.
4. Қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика - математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Экономика - математикалық модельдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономика - математикалық модельдеудің қаржылық болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын талдау, сонымен қатар, оның тәуекелдігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық - математикалық модельдер қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдылығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті немесе ағымдағы өтімділік (КТЛ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффициенттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік - статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдылық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Америка тәжірибесінде мынандай коэффициенттердің салмақтық мәндері қолданылады:
oo жабу немесе ағымдағы өтімділік көрсеткіші үшін:
(КП) - (- 1,0736);
oo баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін:
(К3) - (+ 0,0579);
oo тұрақты шама - (- 0,3877).
Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:
Z = - 0,3877 + К * (- 1,0736) + К * 0,0579. (1)
Мұнда:
КТЛ - Ағымдағы өтімділік коэффициенті
КТЛ=Ағымдағы активтер Ағымдағы міндеттемелер (2)
К3 - Қаржылық тәуелділік коэффициент
К3 =Заемдық қаражаттар (міндеттемелер)Көздердің жалпы көлемі (баланс валютасы) (3)
Z = 0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50 %-ға тең. Егер Z 0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50 %-дан кем болады және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z 0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50 %-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
2-кесте: Z-екі факторлы модель бойынша банкроттық болжамының аналитикалық кесте модельі
№ рр
Көрсеткіштер атауы
Базистік жыл
Есепті жыл
1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу)
22
Қаржылық тәуекелділік коэффициенті
3
Z - банкротты ықтималдығының көрсеткіші
44
Банкроттық ықтималдығы
Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын жағдайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып табылады.
Бірақ берілген модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті қамтамасыз етпейді, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайына басқа маңызды көрсеткіштердің (табыстылық активтерінің берілуі, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі) әсерін есепке алмайды. Болжаудың қатесі екі факторлы модельдің көмегімен мына аралықта бағаланады.
Z = + 0,65.
Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің елімізде инфляция қарқыны макроэкономика және микроэкономика циклдері, сонымен қатар өндірістің энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі деңгейі, салық ауыртпалығы басқаша болып келеді. Осыған байланысты бұл жоғарыда көрсетілген коэффициентер мәнін біздің жағдайда ойламай бірден пайдалану мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін, басқа еліміздің нарығына сәйкес келетін көрсеткіштермен алмастырып, отандық есеп және есеп беруде банкрот кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар толық болған жағдайда қолдануға болар еді.
Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелген Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжудың бес факторлы моделін ұсынған. Осы модельдерді жасаған кезде Э. Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетілген:
Z = 1,2 + К1 + 1,4 * К2 + 3,3 * К3 + 0,6 * К4 + 1,0 * К5. (4)
Мұндағы: К1 - К5 келесі түрде есептелінеді:
К1=Меншікті айналым қаражаттарыБарлық активтер (5)
К2=Бөлінбеген табысБарлық активтер (6)
К3=Пайыз бен салық төлеуге дейнгі табысБарлық активтер (7)
К4=Меншікті капиталдың нарықтық бағасыҚатыстырылған капитал (8)
К5=Өткізуден түскен табысБарлық активтер (9)
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2 - 3 жыл) біреулердің банкроттыққа ұшырап (Z 2,675 болғанда) және (Z 2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Кестеде Z - шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.
3-кесте: Банкроттықтың ықтималдылық дәрежесі
Z - шоттың мәні
Банкроттықтың ықтималдылығы
1,81 және одан төмен
өте жоғары
1,81-ден 2,70 дейін
Жоғары
2,71-ден 2,90 дейін
мүмкіндік бар
3,0 және жоғары
өте төмен
Статистикалық амал қауіпті аймақтың шекарасын анықтауға мүмкіндік береді. Z 1,81 - банкроттықтың жоғары ықтималдық аймағы, Z 3,0 - банкроттықтың төмен ықтималдығының аймағы және осыған сәйкес компанияның топтастыруын жүргізу керек. Бір жылға нақты болжау дәлдігі 95% құрайды, ал екі жылға 83 %-ға дейін, бұл модельдің үлкен құндылығын көрсетеді. Бір кемшілігі сол, оны өзінің акцияларын биржаларда бағалайтын ірі компанияларда ғана қолдануға болады.
Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғылымдары Тофлер мен Тншоу 1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді ұсынды. Сол жылы Э. Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады, оның дәлдігі 70 %-ға дейін болды. Бұл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:
oo активтердің рентабельділігі;
oo пайданың динамикасы;
oo несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;
oo комулятифті түсімділік;
oo ағымдағы өтімділік коэффициенті;
oo автономия коэффициенті;
oo жиындық активтер.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).
II. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау
2.1 Восход-Oriel ЖШС - нің даму тарихы мен жетістіктері.
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында Восход кенішінде Восход-Oriel ЖШС-нің жерасты кеніші шахтасы 2004 жылы іске қосылды. Жер көлемі: 202,8200га. Бұл Ақтөбе облысында Үдемелі индустриялық инновациялық да му бағдарламасы бойынша 2004-ші жылғы іске қосылатын 24 инвест жоба ның алтыншысы. Серіктестіктің оқшауланған мүлкі, дербес балансы, есепт ік және басқа шоттары, дөңгелек мөрі,мөр табандары, өз атауы көрсетілген бланктері,басқа да қажетті деректемелері бар заңды тұлға болып табылады. Серіктестік филиалдар, өкілдіктер ашуға құқығы бар. Серіктестік заңнам амен белгі ленген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметін дербес жүргіз уге құқығы бар. Серіктестіктің бас директоры - Ибатов Серик Усипович. Восход-Oriel ЖШС-нің басшылығының басқару құрылымын директоры жүргізеді. Восход-Oriel ұйымында 690 жұмысшы жұмыс істейді. Әр қай сысының өз міндеті бар. Бұл кәсіпорын 12 жылдан бері Қазақстандағы жоғ арғы дәрежеде жұмыс істейтін хром шығару қызметіне өзi жетекшiлік ететін және осы бойынша танылған кәсіпорынның бiрi болып табылады.
Кәсіпорынның ең басты қызметтері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, хром рудасын өндіру және шығару, хром туындыларын өндіру жә не не жүзеге асыру, минералды шикізат өндіріс өнімін шығару болып табы лады. Кәсіпорынның міндеті Қазақстанның өнеркәсіп салаларын дамытуға б ағытталған күрдел іесептерді шешу, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті өнім дер шығару, Қазақстан Республикасынның жоғарғы технологиялық тауарлар мен жабдықтаушы, жоғарғы мөлшерде шикізат өнімдерін өндіруші деген қорытындыға жеткізу.
Бұл кәсіпорын қысқа мерзiм ішінде өндiрiсте үлкен тәжiрибе жинаған. Восход-Oriel кәсіпорыны өнімдерді жоғары сапамен шығарумен және жо ғары бiлiктi сервисді тиiмдi пайдаланумен ерекшеленедi.Восход-Oriel Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі жеке меншік нысанына негізделген, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және өзге де шетелдердің аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Құрылтайшының шеші міне сәйкес тіркелген және Жауапкершілігі Шектеулі және Қосымша Жауапкершілікті Серіктестіктер туралы заңдарының негізінде әрекет етеді. Облыстағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан айтылғандай, кеніш тік шахта құрылысына құйылған инвестиция көлемі 21 млрд. теңге. Шахтада тау қалдықтарын өңдеудің ең жаңа әдістері, заманауи тау-шахта құрылғыларын пайдаланады.Восход кенішінің қоры 19 млн. тоннадан астам және хром құрамының сапасы жөнінен әлемдегі ең жоғарғысы болып табылады, құрамы - 48,5 пайыз.Восход кенішінде 3 зауыт іске қосылған:
1. Восход - Oriel
2. Восход - Trading
3. Восход-Chrome
Бұл зауыттар сапалы және қазiргi жабдықпен, жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz