Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

I тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Кәсіпкерліктің түрлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

IIтарау . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТАЛДАУЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жалпы талдауы
... ... ... ..13

2.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

III тарау ҚР – НЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3.1 ҚР – ҚР-ның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудағы негізгі
проблемалардың шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

3.2 ҚР – дағы шағын бизнесті дамытудың проблемалары және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .23

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Бұл курстық жұмысты жасау барысында мен көптеген әдебиеттермен таныстым.
Біздің қазіргі экономикалық – нарықтық заманымызда, кәсіпкерлік –
экономиканың дамуына, халықтың тұрмысының өрлеуіне әкелетін ең басты жол
екендігін түсіндім.
Мен Айып Бақытжан, Хамитовтардың Кәсіпкерлік негіздері, Әділбеков,
Құрманбаев, Самиева сияқты авторлардың жұмыстарына сүйендім.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық
экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе
бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне
байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге
коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш.
Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болсын пайда табу үшін қызмет
етеді. Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан
Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуда. Бұл ұзақ мерзімді
міндет болып табылады. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында
көрсетілген әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік
жүйе қалдықтармен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы
кеңістікті тазартуға араласуы тиіс. Нарықтың инфрақұрылымы – биржалар,
банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консалтингтік фирмалар және
басқалар дамуда.
Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.
ҚР президентінің Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және
дамытуды белсендіру шаралары тупалы жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп
саналады.
Отандық кәсіпкерлікті дамыту барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға
болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің
негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі процесінде басты зөл
атқарады.
Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай процестің
негізгі субъектісі ретінде шығады.
Экономикалық процесс – адамдардың өзара қатынастардың процесі.
Экономикалық процесс – өмірдің негізі: онсыз қоғамның қалыпты қызмет етуі
мүмкін емес. Қоғамның барлық қалған жақтарының қызмет етуі ұйымдасқан
экономикалық процеске байланысты. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін
адам экономикалық процесске қатысуы қажет.
Біздің тұрмысымыз экономикалық көзқарас тұрғысынан бірінші сызбада
көрсетілген.

Кәсіпкерлік қызмет қандай да болмасын экономикалық жүйенің негізі
болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметі одан әрі
жетілдірудің ең басты жолы – меншікті мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру. Осыған байланысты менің курстық жұмысымда кәсіпкерлік
қызметтің меншіктік құқықтық байланыстарына және оның түрлеріне тоқталып
өтемін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпкерлік қызметтің проблемалары және олардың шешу жолдары
туралы мәселелерді қарастырып, алға мақсат етіп қойылып отыр. Мен бұл
мәселе туралы қысқаша тоқталып өттім.
Бұл курстық жұмыста кәсіперліктің экономикалық маңызына,
кәсіпкерліктің түрлеріне, ірі екі формасына жеке – жеке тоқталдым.

I тарау. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Қазақстан Респуликасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді.
Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына –
экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете
отырып, кәсіпкер біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды.
Француз экономисті Жан Батист Сей (1767 – 1832жж) былай деген: Кәсіпкер
– адамзатты өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. Кәсіпкерлік
терминін алғашқы рет ағылшын экономисті Ричард Контильон енгізді. Бұл
ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті
жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары
қарқынды жасалуда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға
бағытталған заңдар мен басқа нормативтік – құқықтық актілер қабылданды және
қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын
қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және
қолдау, өндірістік кооперативті, акционерлік қоғамды, шаруашылық
серіктестерін, жеке кәсіпкерлікті, ферма шаруашылығын, шағын бизнесті
мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды
тұлғаларды қорғау және т.б.
Кәсіп ету - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау,
қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей алу. Іс істеу – адамның
белсенділігі және іскерлігі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер,
қолөнер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
–жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Бұл товарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Философиялық
көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика
түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде
сипатталады.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған
байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде
қарастырылады.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар,
біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік
қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі корпороциялар.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- Дербестік және тәуелсіздік;
- Экономикалық ынталық;
- Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- Жаңашылдық.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге сұранымды
табу және қалыптастыру және оны дайындау жолымен қанағаттандыру, товарды
ретінде өнімдерді сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз
бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауында
мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың
шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын табуы
керек.
Кәсіпкерлік және бизнес түсінігі бір қатарда тұрады және оларды
синоним ретінде жиі қолданылады. Бұл расында да туыс категориялар.
Бизнес- кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушыларға қажет
қоғамда, қызмет сферасында алуға болады. Табысты бизнес, іскерліксіз
жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте
құрылады.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды.
Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал, екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер
өндірістің төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті көрсетті.
Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге
қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға
болады.
Кәсіпкерліктің теория негіздерін ХVIII-XIX ғасырларда Ф. Кэне, А.
Смит, Ж. Б. Сей, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б.
салған.
А. Смит кәсіпкер рөлі туралы былай жазады: Ол өз қызығушылығын
ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксізі
өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. Өзінің
қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да,
қоғам қызығушылығына қызмет етеді.
Кәсіпкер түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы, 1725 жылы
Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді.
А. Бодо (1797ж) кәсіпкер – қабылданған ісіне жауапкершілік алатын адам,
яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады.
1876 жылы Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және
кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп
көрсетуді ұсынды. 1934 жылы И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа
технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер – қуатты адам,
тәуекел жағдайында жұмыс істейді.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет:
- Экономикалық
- Құқықтық
- Әлеуметтік
Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын товар
түрлері, товарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі,
жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші,
қызметкерлердің еңбекақы деңгейі.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен
тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес
товарларды алуға ұмтылуы.
Әлеуметтік – мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар
біршама рөл атқарады. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа
қатынасына әсер етеді.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет
атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор.
Бірінші орында кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту
үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:
- Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарапайымдылығы мен жылдамдығы
- Кәсіпкерлікті мемлекеттік бютократизмнен қорғау
- Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық
заңдылықтарды жетілдіру
- Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа
болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің экономикалық маңызы:
- Ол нарықтық экономикаға икемділік береді
- Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді
- Монополияға қарсы әлеуеті бар
- Ғылыми – техникалық прогресске бағытталған алғы шарттарды жасайды
- Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселелерін
шешеді
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық
даму негізі.
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді
жеңу оңайға түспейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы
шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс
жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз
жасалды.
Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және құқығы
берілген, заңмен бекітілген.
Меншіктің үш құқығы бар. Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге
асыруды мүмкіндігін заңдық қамтамасыз ету. Екінші құқық пайдалы қасиеттерді
алу мүмкіндігін береді. Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау
мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етеді.
Меншік құқығы мен экономикалық тиімділік арасында нақты байланыс бар.
Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:
- ынталандырушы
- капиталды жинау
- икемділік
- мақтаныш
Заңдар жүйесі меншікті ең жоғарғы өнімді пайдалану үшін ынтамен
қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай
да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне
ресурстарды алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90
жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын
реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік – құқықтық
актілер қабылданған және қызмет етуде.
Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген сұрақтарын қамтиды:
- шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау;
- шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті,
мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті шаруа шаруашылығын
әлеуметтік экономикалық зоналарды дамыту;
- заңды тұлғаларды лицензиялау, мемлекеттік тіркеу,
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау және
басқа.
Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан
Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуда. Бұл ұзақ мерзімді
міндет болып табылады. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында
көрсетілген әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік
жүйе қалдықтармен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы
кеңістікті тазартуға араласуы тиіс. Нарықтың инфрақұрылымы – биржалар,
банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консалтингтік фирмалар және
басқалар дамуда.
Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.
ҚР президентінің Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және
дамытуды белсендіру шаралары тупалы жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп
саналады.
Отандық кәсіпкерлікті дамыту барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға
болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің
негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі процесінде басты зөл
атқарады.
Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай процестің
негізгі субъектісі ретінде шығады.
Экономикалық процесс – адамдардың өзара қатынастардың процесі.
Экономикалық процесс – өмірдің негізі: онсыз қоғамның қалыпты қызмет етуі
мүмкін емес. Қоғамның барлық қалған жақтарының қызмет етуі ұйымдасқан
экономикалық процеске байланысты. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін
адам экономикалық процесске қатысуы қажет.
Біздің тұрмысымыз экономикалық көзқарас тұрғысынан бірінші сызбада
көрсетілген.

Кез келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына
байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп
көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде
кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсысы бірнеше түрлерге
бөлінген. Қазіргі бар кәсіпкерлік түрлерін және олардың әр түрлерінің 2 –
сызба түрінде көруге болады.

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда товар
өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай товар өндіру, қандай қызмет
көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2.Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен
бйланысу, сонымен бірге шикізат материалдар, энергия т.б
жабдықтаушылармен ара – қатынас орнату.
3. Өндіріс факторлары. Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары,
шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика
ресурстары, жөнеу жасауға қосалқы бөошектер, сатылып алынатын
құрастыру бөлшектері, келешекке керекті шығындарды жабу көздері.
Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі товар
биржалары, сауда мекемелері. Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында
нарықты маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық
шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Қаржылық кәсіпкерлік. Қаржы кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық
банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерцифлық банкілер бұл – финанс –
кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады.Олар көпшілікке,
коммерциялық кәсіпорындарға несие береді.
Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын
жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Кеңестік кәсіпкерлік – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынандай
жұмыстар істеледі: қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді
маркетинг, тәуелсіз кеңестер.нарыққа бағытталу туралы қаржылық, шаруашылық
талдауды жасауға, басқару мәселелер жөнінде көмек көрсетіледі. Кеңес беру
әдістері:
1. Эксперттық кеңес – мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер
жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді.
2.Процесстік кеңес – фирманың маманы клиенпен белсенді түрде қарым –
қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге
талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді.
3.Оқулық кеңес – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б.
Кәсіпкерлік істер бір – бірімен тығыз байланысты, оның себебі марксизм
теориясы бойынша ұлғаймалы ұдайы өндіріс төрт фазасынан тұрады: өндіріс
өндірген өнімді бөлу, айырбас тұтыну, яғни өндірістің ақырғы мақсаты
тұтыну. Егер осы фазалардың бірінде кедергі болса, өндіріс тұрақсызданады,
тіпті тоқтапқалуы мүмкін.
Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.
Жаңадан кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде құрушылар құрамы
анықталады, құру құжаттары жасақталады:
- кәсіпорынның жарғысы;
- кәсіпорын құру және оның қызметі жөнінде келісім. Онда ұйымдастыру
құқықтықформалары көрсетілуі тиіс;
-директор мен тексеру коммисиясының төрағасын сайлаған қоғам мүшелерінің
жиналысының хаттамасы;
- банкте құралатын кәсіпорынның шоты ашылу керек, оған жарғылық капиталдың
50 пайыздан кем емес қаржысы түсуі керек. Кәсіпорын жергілікті әкімшілік
органдарда тіркелуі міндетті.
Жаңа кәсіпорын құру тәртібі.
3 – сызба

Соңғы уақытта кәсіпкерлікке жеңілдік жүйесі бар түрдің бірі – франчайзинг
кең өріс алуда.
Бұл кәсіпкерлік формада келісімге байланысты, әдетте ірі фирма ұсақ
фирмаларды немесе бизнесмендерді қамтиды, алдын ала келісілген
территорияларда іс жүргізеді. Бұл көрсеткен қызметі үшін шағын, ұсақ
фирмалар, бизнесмендер ірі фирмаларға маркетинг және менеджмент жұмыстарын
жүргізуге мүмкіндік береді. Ұсақ, шағын фирмалар ірі фирмалармен жылдық
келісім шартқа отыруға ынталы болады, және бизнесті ірі фирманың тапсырмасы
бойынша жүргізуге міндеттенеді. Мұндай кәсіпорындар тұтас бір жүйенің
бөлшегі сияқты жұмыс істейді. АҚШ – та 500 мыңға жуық осындай шағын
кәсіпорындар жеңілдік берілетін кәсіпкерлік қатарында жұмыс істейді.
Жаңа кәсіпорын құру үшін терең ойластырылған, жан – жақты факторлар
әсерін есептеген ұқыпты дайындық керек.
Жаңадан құрылатын кәсіпорынның алдын – ала жан –жақты ойластырылған
басшылығы болуы керек. Ол басқару механизмінің барлық іс – әрекеттері
нарықтағы жағдайы жақсы меңгере білу, финанстық қорытындылардың болжамын
алдын – ала айқындау, барлық қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану.

II тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТАЛДАУЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жалпы талдауы
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жаппай құбылыс және салыстырмалы
динамикалық айналды. Соңғы жеті жылда, Қазақстан Республикасында шағын және
орта кәсіпорындардың саны екі есеге артты, ал 2014 жылдың аяғында 1,6 млн
жетті. бірліктерін. Соңғы үш жылда Нәтижесінде, кәсіпкерлік субъектілерінің
жалпы санында шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 95,5% -ға дейін 92%
дейін өсті, және осы деңгейде қаладыОсылайша, жеке кәсіпкерлік елде қолайлы
бизнес-ахуалды көрсетеді экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, арасында
көп таралған қызметі болып табылады.Белсенді тіркелген заңды тұлғалардың
саны динамикасы және шағын және орта бизнес жалпы оң серпін бар. 51% - 2005
жылдан бастап, тіркелген шағын және орта кәсіпорындардың саны белсенді 88%
-ға өсті. 2005-2007 -: біз жеке деректерді динамикасын қарастыру Алайда,
егер, ол 3 кезеңнен бөлуге болады. - әдетте, (жылына 9-10% деңгейінде)
Қазақстан экономикасының қарқынды өсуімен сипатталады, осы кезең ішінде,
шағын және орта кәсіпкерлік саны тұрақты жылына 12% -ға өскен; - 2008-2009
жылдардағы. - осы кезеңде, халықтың кәсіпкерлік белсенділігін шағын және
орта бизнес санын қысқарту нәтижесінде экономикалық өсу күрт баяулауына,
-ға төмендеді; - 2010-2014 жылдарға арналған. - Бұл кезең экономикалық өсу
мен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артуы
қалпына келтіру сипатталады. 3-кестеде көрсетілгендей белсенді бизнес
өзгерістер деңгейі, тұрақты емес.абсолюттік мәнде, 2014 жылдың қорытындысы
бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 907 мың адамға өсті.
бірліктерін. . 395 мың бірлік - 2005, ШОБ белсенді субъектілерінің саны
салыстырғанда. тіркелген шағын және орта кәсіпорындардың жалпы санындағы
белсенді шағын және орта бизнес үлесі, ал 2009 жылдың соңына дейін оң
үрдісімен, 55% -ға дейін 71% -ға дейін 68% -дан өсуі 2010 жылы азайды. 2014
жылдың қорытындысы бойынша, жедел деректер, 55% ретінде тіркелгендердің
белсенді шағын және орта бизнес деңгейіне сәйкес.

2.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің талдауы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны
Жыл Субъектілер саны, единица
заңды тұлға жеке кәсіпкерлер шаруа (фермер)
қожалықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі туралы
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Пәндер