Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары


Кіріспе
І. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1. 1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі
1. 2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
ІІ. Шағын және орта бизнестің даму жағдайы
2. 1. Жамбыл облысы бойынша шағын және орта бизнестің даму жағдайын талдау
2. 2. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары
ІІІ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3. 1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
3
5
12
16
18
22
28
30
31
Кіріспе
Кәсіпкерлікті дамыту ол - кез-келген ел экономикасының негізі. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырып, халықтың сатып алу қабілетін арттыруға және ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес жүздеген адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес - кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ал сонымен бірге шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.
Кәсіпкерлік нарықты тауарлар және қызметтермен толтыруға жағдай жасайды. Ең бастысы - бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жұмысқа орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да ықпал етеді. Ірі өндіріс орнында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Бір жағынан, технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.
Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекетін кеңейту арқылы мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламаларды қамтамасыз етуге болады.
Инновациялық және жоғары технологиялық салаларда шағын және орта бизнеске артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жеткізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану арқылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестиция тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады.
Шағын бизнес субъектілерінің көбінесе жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың іс-қимылына тәуелді болып келетіні де жасырын емес. Сол себептен де шағын бизнестің өркенін кең жаю үшін мемлекеттің қолдауы керек. Бұл үшін арнаулы шараларды қолға алу қажет.
Біздің елімізде кәсіпкерлікпен айналысу құқығы Негізгі Заңда - Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Әркім кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызметке пайдалана алады. Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғауды, қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау тұрғысындағы проблемалардың маңыздылығын ескерген мемлекетіміз бірқатар доктриналық сипаттағы құжаттарды әзірлеп, жүзеге асыруға ұйытқы болды. Елімізде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған негізгі мемлекеттік саясаттың бағыттары шағын бизнесті қолдау мен дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада да барынша көрініс тапқан. Бұл бағдарламаны жасау барысында шетелдік тәжірибеге арқа сүйеді, осы заманғы болжам жасау және шағын бизнесті дамытуды анықтау мен бағалау әдістемелері қолданылды. Қазақстанда жасалған нақты бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері және оларды шешу жолдары ескеріледі.
Елбасымыз, кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші деп айтып кеткен. ”Әртараптандырудың” өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілді. Оны “Бизнестің жол картасы - 2020” деп атайды. Бұл бағдарламаның мақсаты - өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады. ”Бизнестің жол картасы - 2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады. ”Бизнестің жол картасы - 2020“ бағдарламасы 2010 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының №301 Қаулысымен бекітілген. Сондықтан да менің курстық жұмысымның тақырыбы - шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау болып табылады, бұл тақырып экономиканы жоғары деңгейге жеткізу негізі болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы жүзеге асырылады . Жұмысты жазуда алға қойылған мақсат - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдарын ұсыну. Оны жүзеге асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңызы мен мәнін айқындау, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы институттарын бөліп көрсету, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы институттарының қазіргі жағдайын талдау қажет.
І. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1. 1. Шағын, орта кәсіпкерлік түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі
Әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі кезеңі экономика құрылымының қайта құрылуын алдын - ала айқындайды, өз кезегінде кәсіпкерліктің жылдам дамуына бағытталған. Қоғамдық қажеттіліктерін және өндіріс құралдарының нақты жалпылануының әр-түрлі деңгейіндегі әр-түрлі сипаттамалары әр-түрлі өндіріс түрлерінің тиімділігі экономикалық масштабын объективті түрде күшейтеді. Белгілі бір шарттарға байланысты экономикалық пайдалылық және тиімділік ірі және ұсақ өндірісте бола алады.
“ Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк - экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды;
Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми - техникалық зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару, қаржыландыру және делдалдық қызмет;
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты:бiр профильдi, көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқа да халық шаруашылық салаларында.
Шағын кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
Жаңа жұмыс орындарын ашу;
Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
Класстерлiк жүйенiң дамуы;
Лизингтiк қатынастардың дамуы;
Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне үлесiн қосады;
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң 50%-iн кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын кәсiпкерлiк үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да, өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері әлі күнге дейін сауда, автокөлік және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу, ауыл шаруашылық салаларында басым болса, өнеркәсіп саласында мейлінше аз.
Сурет 1 Шағын бизнестiң жалпы кәсiпкерлiк қызметтегi үлесi
Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестiң үлесi айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн шағын бизнес екенi белгiлi. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда және қызмет көрсету жүйесiнде, әрбiр бесiншiсі өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36, 1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21, 2 % iстейдi, қалғандары түрлi қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректердiң сауда iсi әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлi де өзгере қоймағандығын көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар есебiнен толығып, жалпы алғанда баяу өседi. Бiрақ елiмiздiң шағын бизнес саласының дамуында оған кедергi болып отырған келесiдей шешудi қажет ететiн мәселелердi атап өтуге болады. Өндiрiстiң негiзгi құралдарының 80%-ы тозуы салдарынан олар шығарған өнiмдердiң бәсекеге қабiлетсiздiгi;
Рыноктық қатынастардың, шағын бизнестiң, әсiресе бәсекелестiк қатынастың дамуына монополиялардың кедергi болуы;
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымның жеткiлiксiздiгi;
Қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң әлсiздiгi;
Салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;
Экономикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлiгi және тым жоғары жалға алу ақысы;
Кадрларды даярлау және шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдауының тұтас жүйесiнiң жоқтығы;
Шағын кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк құрылымдармен өзара iс қимыл жасаудың ұйымдық проблемалары;
Шағын кәсiпкерлiктiң даму жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдар;
Шағын кәсіпкерліктi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдау;
Шағын кәсiпкерлiкте кластерлiк жүйенiң дамымауы;
Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының бiрi болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы мемлекеттiк үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын және әрекетсiздiгiнен туындаған әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi жою болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi жердегi атқарушы үкiметтiң әрекетiне байланысты. Шағын кәсiпкерлiк дамуын желдетудiң және бюджетпен өзара қарым-қатынастарды тәртiпке келтiрудiң маңызды факторы салық жүйесiн барынша ықшамдау болуға тиiс. Мұндай ең өткiр проблема салықтық тексерулердiң ретсiздiгi болып отыр. Әрбiр шағын кәсiпкерлiк субъектiсi орташа алғанда 6-8 ресми салықтар мен алым түрлерiн төлейдi, сонымен бiрге олардың әрқайсысы бойынша өз есептеу әдiстемесi, салық салу негiзi, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi есеп беру деректемелерi мен нысандары бар. Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда. Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы санының 70% ғана жұмыс iстейдi. Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген шағын кәсiпорындардың басты көпшiлiгi Алматы қаласында орналасқан. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiншiсі өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36, 1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21, 2 %iстейдi, қалғандары түрлi қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректердiң сауда iсi әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлi де өзгере қоймағанын көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар есебiнен толығып, жалпы алғанда баяу өседi. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты талдағанда агроөнеркәсiптiк кешендегi шағын кәсiпкерлiк қазiргi уақытта елiмiздiң экономикасына тиiстi үлес қоса алмай отырғанын немесе табысын жасырып ұстайтынын байқауға болады. Сонымен бiрге экономиканы сараптағанда мемлекеттiң стратегиялық бағытын жүзеге асыруда шағын бизнес басты құралдардың бiрiне айналды. Шағын кәсiпкерлiк, әсiресе агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында мықты дамуы тиiс. Өткен жылдары ауыл шаруашылық шикiзатының басым бөлiгi республикадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өңделiп, дайын өнiм сапасы төмендедi, шығынға жол берiлдi. Бүгiнгi таңда шағын кәсiпкерлiк экономикасының ерекше бөлiгi ретiнде нақты жұмыс iстеп, даму үстiнде деп сенiммен айтуға болады. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
Нарықтың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк - экономикалық мәселелердi шешуге болады. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР-ның Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын бизнестiң ерекше роль атқаратындығы белгiлi. Мiне осы шағын кәсiпкерлiктiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi.
Сонымен бiрге, банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдығы шағын кәсiпорындардың негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi шағын кәсiпкерлердiң пайдаланып отырған құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағына да тозған.
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi шағын кәсiпорындарды қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң жоғарылығы шағын кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан лизингтiк қызметтi дамытудың шағын бизнестiң дамуына қосар үлесi жоғары болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiк экономикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. Шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер экономиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң үдерiстер туралы мағлұмат бередi. Шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау экономиканың осы секторы дамуының серпiндi - үдемелi сипаты бар екенiн және әлеуметтiк шиелiнiстi төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң негiзi болып отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк сипат экономикаға барған сайын тиiстi икемдiлiк берiп оның дамуының шешушi факторы болып келедi. Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындары мен жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, рынокты әр түрлi тауарлар мен және қызмет көрсетулермен толықтырып отыр. Салаларды қайта құрылымдауды және кәсiпорындарды реформалауды жүргiзу кезiнде шағын кәсiпкерлiктiң артықшылықтары әлi де жете пайданылмауда. Мемлекет қолдауындағы осы саладағы пәрмендi шараларының бiрi болып өндiрiс және қызмет көрсетулер саласында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында мемлекеттiк тапсырысты орналастыру болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың осындай практикасын одан әрi дамыту iрi компаниялардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен соңғыларда өнiмнiң белгiлi бiр түрлерiн өндiру бойынша тапсырыстарды орналастыру тұрғысында өзара iс - әрекеттерiн кеңейту арқылы мүмкiн болмақ.
1. 2. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы.
Олардың қызметтеріне жеке кәсіпкерлік істі ұйымдастыруға жәрдемдесу, коммерциялық негізде құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент аясындағы ақпаратпен қамтамасыз ету, материалды-техникалық, қаржылық және т. б. ресурстармен қолдау көрсету кіреді.
Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.
Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады :
қаржы институттары;
қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi :
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;
лизингтiк компаниялар;
микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор) .
Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың қаражаты шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасу процесiнде оң рөл атқарды, бiрақ соңғы қарыз алушы үшiн пайыздық ставкаларды нақты төмендетудi қамтамасыз етпедi және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк жобаларды iске асыруға жәрдемдеспедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz