Коносукэ Мацусита - жапон менеджментінің патриархы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кiрiспе 2
1-тарау. Менеджер тұлғасы және оның маңызы 4
1.1 Менеджер туралы түсінік және оның маңызы 4
1.2 Коносукэ Мацусита - жапон менеджментінің патриархы 9
2-тарау. Менеджердің менеджмент этикасы 15
2.1 ҚазМұнайГазұлттық компаниясындағы менеждердің рөлі. 15
2.2 Этикадағы әділдік концепциясы 18
2.3 Менеджердің этикалық таңдауын анықтайтын факторлар 19
3-тарау. ллллллллллллллллллл 15
3.1 Exxon Mobile компаниясы 15
3.2 Этикалық нормалар 18

Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Кiрiспе
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі, бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.
Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы уақытқа дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып отыр.
Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай тәжірибесін игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл экономиканы өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы қызметкерлердің рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді жолы.
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып, Менеджмент деп атады. Менеджер - басқарушы, менеждмент - басқару.
Бұрын біз инженерлік негізгі білімін жақсы үйретіп, экономикамен басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден инженер жұмыс уақытында қателесіп, сүрініп білім алатын.
Енді міне нарықтық экономика дамуының барысында қазір біздерге топ-менеджер, менеджмент деген сөздер таңсық емес, олар бұрынғы басшы, басқару қызметі, басқару деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді. Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.
Менің ойымша Қазақстанда білімі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары менеджер кадрларды көптеп дайындап шығаратын болса, онда экономикамыз өрге басады деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпқа мен көп көңіл қойдым.

1-тарау. Менеджер тұлғасы және оның маңызы
1.1 Менеджер туралы түсінік және оның маңызы

"Менеджер" термині кеңінен қолданылады және ол мынадай мәселелерде:
- белгілі жұмыстарды бір бөлімше шеңберінде ұйымдастырушыға;
- кәсіпорынды басқарушыға немесе оның бөлімшесіне басшылық етушіге;
- кез келген жұмысты ұйымдастырушы, әкімшілік етушіге қолданылады.
Кез келген деңгейдегі менеджерге жоғары талаптар қойылады.
Қазіргі инженер жаңа техниканы, технологияны үйренумен қатар кәсіпорынды басқару әдістерін, әсіресе нарықты жағдайында, білу керек. Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер. Төменгі менеджерлер - бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер - бұл цехтардың бастықтары.
Барлық менеджерлер техникалық, коммуникалдық және аналитикалық білім мен басқару өнерін қажетсінеді.
Техникалық білім және басқару өнерін меңгере алу - бұл айқын жұмысты жақсы істеудің алғышарттары. Техникалық өнер әсіресе төменгі сатыдағы менеджерге қажет. Институт негізінде техникалық білімді береді.
Коммуникациялық өнер - бұл әрбір адаммен тіл тауып, оны көндіру. Осы өнер көбінесе тәжірибе арқылы келеді.
Аналитикалық өнер - бұл ойлап әрбір оқиғадан кейін болатын жағдайын болжау. Бұл өнер терең білімді және көп жылдық тәжірибені талап етеді.
Жалпы айтқанда, менеджмент процесін үш функцияға бөлуге болады:
а) ұйымдастыру
б) жоспарлау
в) басқару (нағыз менеджмент).
Ұйымдастыру функция - бұл еңбек пен түрлі ресурстарды қосып, жоспарланған бұйымды шығару немесе қызмет ету. Ұйымдастыру мәселелерін біз алда қарадық.
Жоспарлау және болжау - бұл алдын-ала кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін және қортындысын бекіту. Төменгі менеджер оперативтік (жылғы), ортадағы менеджер - тактикалық (орта жылғы), жоғарғы менеджер стратегиялық (көпжылдық).
Басқару функциясы - бұл ұжымға тиімді жұмыс істеткізу. Басқаруға мынадай негізгі жұмыстар кіреді: тапсырма беру, сол тапсырманы қалай жасауын көрсету, жұмысты бақылау, жұмыскерлердің еңбегін қабылдау, бағалау, қателерін түзету. Басқару функциясын атқарғанда, жұмысты жақсы істеткізу үшін барлық амалдарды іске кіргізу керек.
Сонда бастық өзі жұмысты қалай істейтінді, қалай еңбекке қарайтынды үлгі көрсету керек. Жұмыс істегенде кезегімен бақылау өткізілу керек.
Бақылау - бұл бекітілген тапсырманы қалай орындағанын тексеру. Бақылау жоспарлау мәселелерімен тіке байланысты. Бақылау қатал болса, өндірістің бағдарламасынан айырмашылығы ерте көрінеді.
Ерте табылған айырмашылықты немесе қателікті көп уақыт жібермей тез түзетеді.
Әрбір өндірісте менеджердің өз қасиеттері өте зор.
Менеджмент әуелі менеджерге жоғары талаптарды қояды:
1. Менеджер салауатты өмір сүру керек. Жақсы менеджерді дайындау үшін көп уақыт пен ақша кетеді. Сол маман өз денсаулығын сақтамай ауырып қалса, фирмаға зиян тиеді. Сақ болу керек: арақ пен темекіден (адамның денесін тоздырады, бетін қарайтады), тұз бен бұрыштан (бүйрек пен бауырға әсерін тигізеді), ыстық пен өте суық тамақтан ашыққаннан (асқазанға әсері болады), тоңғаннан және салқын желден.
Жыл бойы, әсіресе көктемде витаминді тамақты жеу керек. Теледидарды тек 2 сағат көруге болады. Жаман әдеттерді жою керек (түкіру, талтайып отыру, қақырыну, т.б.).
2. Менеджер жақсы қасиеттерді өзінде дамытуы керек:
oo қиын жағдайдан қорықпауы керек;
oo күйгелектенуден сақ болуы керек;
oo өндіріс шешімін бірнеше варианттардан іздеуі керек;
oo шыдамдылық болуы керек (артық сөз айтпау, ұрыспау керек, кешегі ұрысты бүгін жалғастырмау);
oo патриот болуы керек.
3. Әрбір кезеңде кезекті мақсат қою: оқу бітіру, үйлену, жұмыс табу, үй сатып алу, машина алу, т.б.
4. Әрдайым үйрену. Қазіргі уақытта техника және ғылым өте тез дамытылады, сондықтан білімді әрдайым жаңарту керек. Мамандық білімін кітаптардан, газеттерден, теледидардан, радиодан толтыруға болады.
5. Мәселелерді нәтижелі және тез шешу. Сол үшін мынаны білу керек. Проблемалар төрт түрге бөлінеді.
а) Қарапайым проблема, ол үлгі шешімді талаптайды. Бұл проблема менеджерге бұрын бірнеше рет кездескен, шешім тез еске келеді.
б) Селективтік проблема. Мұнда шешім 2-3 варианттардан табылады. Сол үшін ойлану керек.
в) Адаптивтік проблема - селективтік секілді, бірақ жаңа жағдай арасында. Мұнда шешімді табу үшін көп ақылдасып, ойлану керек.
г) Инновациялық проблема. Оны шешу үшін жаңа пікір керек. Қарапайым және селективті проблемалар әр адамдарға жиі кездеседі. Адаптивті және инновациялық проблемаларды жоғары маманды менеджерлер шешеді. Сондай-ақ олар ғылым да, жобалау, конструкторлық және бағдарламалық жұмыстарда жиі кездеседі.
Егер бастықтың творчестволық деңгейі жоғары болса, ол шешімді нәтижелі және тез табады. Шешім уақытында қабылданса, фирманың жұмысы пайдалы болады.
Қиын проблеманы шешкенде, мынадай сатылардан өткені жөн:
oo Проблеманы немесе есепті анық түсіну,
oo Керек ақпаратты алу,
oo Шешімді табу,
oo Жеткен қорытындысын сараптау.
Проблеманы анық түсіну дегеніміз: оны қай түріне жататынын, проблема дұрыс шешілмесе не болатынын білуі керек. Ақпараттың толық болғаны жөн. Ол толық болмаса, шешім қате болуы мүмкін.
Адаптивтік және инновациялық проблемаларды шешкенде менеджер алғы творчестволық әдістерді пайдалану керек. Инновациялық проблемалар кейде ойлы шабуылмен болады (мозг. штурм) пайдалануға болады. Мұнда жетекші мамандар айқын шешім іздеп, еркін ойлау әдістеріне үйренеді. Ойлы шабуылды былай өткізеді:
* Проблеманы анық атайды немесе жазады.
* Проблемаға тіке қатысы бар және басқа мамандар тәжірибесіне қарамай шақырылады
* Барлығы еркін сөйлейді, өз пікірлерін айтады
* Сынауға болмайды, қайта біреудің пікірін жалғастыруға болады
* Үлкен-кіші бұл жиналыста болмауы керек
* Әрбір пікір жазылады. Бірақ фамилиялар аталмайды, авторлық құқығы жоқ. Осыны барлық болмайтындығын адамдар алдын-ала білмегені жөн.
* Басқа адамға әсер ету. Сол үшін керекті қасиеттер:
* Киіну өнері. Киіну өнері әсіресе әйелдерге керек (Кемпір секілді ылғи қара түсті, өте ұзын киімді кимеген жөн, макияж адамның зәресін алмауы керек. Аса әдемі емес адамдарға өте қажет).
* Зиялы тәсіл және жағымды мінез. Жылы амандасу, орын беру, талтайып отырмау, алаңдамау, күлімсіреу.
* Сөйлеу әдісі. Қазақпен қазақша, орыспен орысша, жиналыста қазақша сөйлеу керек. Дикция анық естілетін болу керек. Әңгімені айтуын білу. Әрбір сұраққа асықса да жауап беруі керек.
* Алғысты болу керек. Бағыныштар, әріптестер, көмекшілер - барлығы менеджерден жақсы жұмыс үшін жай мақтауды немесе сыйлықты күтеді. Мақтағанды адамдар өте жақсы көреді. Әйел адамның көйлегін мақтаса, ол сол күнде 15-20% артық өнім береді.
* Тыныш басқару. Жалпы айтқанда басқарудың 4 қалыпын айыруға болады:
oo Көндіру. Жолдастар, мына жобаны тезірек бітірейікші, әйтпесе келіскен уақытында үлгере алмаймыз.
oo Уәделесу. Жолдастар, мына жобаны 1-наурызға дейін тапсырсақ, сыйлық болуы мүмкін.
oo Талаптау. Мына жобаны 1-наурызға дейін шығарыңдар. Кейде талап бұйрық арқылы жеткізіледі.
oo Қорқыту. Мына жобаны мезгілінде шықпаса жауапты адамдар сөгіс алады немесе жұмысынан босатылады.
Кейінгі екі тәсілдерді сирек пайдалану керек.
6. Адамдарды үйретіп, команда құрып, оның еңбегін толық пайдалану. Сол үшін мынаны істеу керек:
oo әріптестерге ақырын кеңес беріп, үйрену, көмекшілерге сеніп, толық құқықты беру.
oo әр адамға өзінше кілт табу.
oo Жұмыс істейтін ұжымды, команданы ұйымдастыру.
Жақсы ұжымның пайдасы: пікірлер көбейеді, стресс жойылады, көмекшілік өседі, жаңа білім бәріне сіңеді.
Шетел компанияларында көбінесе штаттарды командалық әдіспен толтырады. Команда - бұл бастықтың қасында біріккен ұжым қайсы айқын жұмысты істеу дайын. Әрбір жұмыскерлер тобында әрбір адам өзі таңдаған жұмысын жақсы істей алады.
Қандай тәжірибелі бастық болса да, ол көмекшілерсіз ештеңе істей алмайды.
Мен менеджмент пен менеджер туралы біршама ой қорыттым, бірақ осы екі терминге белгілі практикалық мән беру үшін мықты менеджердің өмірбаянын келтіруді жөн көрдім. Менің ойымша сол кезде осы біз қарастырған екі ұғым өзінше әрленіп, оқып үйренуші біз үшін белгілі менеджер тұлғасының өмірбаянына көз жібере отырып оны саралап пайымдауға жол ашады.
Алғашында менеджерлердің бірі Альфред Слоун туралы жазбақ та болып ойландым, бірақ маған Коносукэ Мацусита тұлғасы мүлде ұнады. Енді осы жапон кәсіпкерлері пір тұтатын тұлға туралы баяндамақпын.

1.2 Коносукэ Мацусита - жапон менеджментінің патриархы

Қазіргі таңда әлемде үш экономикалық орталық бар екені айқын, олар - АҚШ, Еуропа және Жапония. Бұл үш алып күштер қиян-кескі бәсекелестікте шешуші рөль атқаратын артықшылықтарға ие болу үшін қарсыластары күтпеген тұстардан соны жолдар іздеп алға ұмтылуда. Үшеуінің өзіндік даму стратегиялары мен тактикалары бар. Бұл деңгейдегі бәсекелестік стратегияларын өз алдына талдау мәселесі ұзақ уақыт алатындықтан, біз қазіргі кездегі қоғамымызға керекті деп таныған кәсіпкерлік іс жөнінде айтпақпыз. Бұл аты аңызға айналған кесек тұлғалардың өмірлерінен өнеге алып күнделікті ісімізде кәдеге жарайды-ау дегендіктен туындауда.
Жапон бизнесінде жоғары бағдарлар негізінен компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарына жұмсалып, өнімнің жоғары стандартқа сай сапалы болуын және тұтынушының жан-жақты қанағаттандыруға тырысады.
Жапондықтардың жинақ ақшаларының жоғары деңгейі олардың болашақтағы үлкен қомақты табыс үшін қазіргі ағымдағы жағдайдан келешек ...
Жапондықтар коллективтік мақсаттарға ұмтыла алады. Олар: кез келген қомақты іске кемінде он жылдан астам уақыт жіберу керек деген мақаласы бар.
Өйтпелі экономика тұсында өмір сүріп отырған біздің көпшілігіміз кәсіпкерлерді аяуды білмейтін қатыгез жандар деп топшылаймыз. Тауарлар нарығындағы бәсекелестік күрес ережелері басқа таңдарлықтай жолда қалдырмайды. Бірақ бұл мінездің қаталдығынан емес және мұндайда тек кәсіпкер ғана ұтып қоймайды, тұтынушы біз де ұтамыз.
Коносукэ Мацусита кәсіпкерлік басқару өнерін шыңдап жетілдірген жан еді. Ол тіпті бастауыш мектепті толығымен аяқтамай-ақ әлемге әйгілі Мацусита дэнки корпорациясын құрып, көпшілік қауым сүйсіне оқитын кітаптар жазып, қоғамымыздың өркендеуіне орасан мол ықпал етті. Жапон елінің экономикалық күш-қуатының өскендігін әлемге танытқандардың бірі де осы К. Мацусита.
Коносукэ Мацусита - саф алтын. Оның сөзі мен ісі бір арнада ағып, біте қайнасып жатады. Оны көзі тірісінде - ақ "басқару құдайы" деп аса жоғары бағалады да. Ие, шыныменен ол жапон басқару моделінің символы тәрізді.
Өмір баспалдақтарын тоғыз жасында қолбалалықтан бастаған ол жылдық айналымы 5 трлн. йен келетін электр тауарларын шығаратын зор империя құра алды. Мұндай елеулі еңбек тек оның басқару әдістерінің өзіндік жүйесін құра білуі арқылы мүмкін болды.
Қазіргі таңда Мацусита дэнки корпорациясы көпшілікке Нэшнл, Панасоник сауда белгілерімен шығатын тауарларымен танымал. Коносуке Мацусита кәдімгі жай кәсіпкердің ауқымынан анағұрлым кең адам. Оның басқару жүйесі жапон елінің дәстүрінен бастау алып қанатын самғап әлемдік аренаға шықты. Оның мінезінде қандай да болмасын ұлы істі бастайтын рух бар.
Ол өткен өмір жолы, оқыған семинарлар мен лекциялар, жазған кітаптары мен өз тәжірибесі туралы бөліскен сұхбаттары көпке өнеге. Оның басқару дарыны ерте жетіліп ғаламат табысқа жетуіне арқау болды. Коносукэ - жапон тілінде бақытты деген ұғымды білдіреді. Ол шын мәнінде бақытты адам және көрнекті кәсіпкер.
К.Мацусита 1893 жылдың 27 - қарашасында Вакаяма қаласының маңындағы Васамура деревнясында дүниеге келді. Коносукэнің әкесі күріш биржасында алып-сату операцияларымен айналысып қатты ұтылып кедейшілікке душар болды. Тығырықтан шығарға жан-жақты жол іздеген ол үйелмелі-сүйелмелі сегіз баласына нан тауып беру үшін азын-аулақ жерін сатып Вакаяма қаласына қоныс аударды. Коносукэ осы қалада мектеп табалдырығын аттады. Әкесі түрлі жұмыстармен айналысып жағдай мүлде нашарлағанда Осако қаласына жұмыс іздеуге кетті. Әбден орнығып алған соң тек өзінің тапқан табысының ештеңеге жетпейтінін байқаған әкесі, баласы Коносукэні бастауыш мектептің екінші сатысын аяқтатпай жатып Осакоға шақырып алып жұмысқа орналастырды.
Осылайша К.Мацусита тоғыз жасында "хибати" (аяқ қыздыратын пеш) жасайтын Мията мырзаның шеберханасында қолбалалық еңбекпен өзінің өсу жолын бастады. Оған айына 10 сэн (жапон тиыны) жалақы төленетін. Біршама уақыт өткен соң Коносукэ велосипед жасайтын шеберханаға жұмысқа орналасты. Жас баланың еңбек сүйгіштігін, көпшілікпен жылдам тіл табысатының байқаған Годай мырза оны велосипед сату дүкеніне ауыстырды. Мұнда ол алты жылдай жемісті еңбек етіп 17 жасқа толғанында электрмен жарықтандыру компаниясына жұмысқа көшті. Сөйтіп ол Осако дэнто компаниясында электр монтёрының көмекшілігінен бақылаушы дәрежесіне дейін көтерілді. Жаңалыққа жаны құмар Коносукэ мұнда істей жүріп электр лампаларының жаңа патронын ойлап тапты, бірақ бұл жаңалығы өндіріске кірмеген соң ол өз ісін ашуға бел буды. Келешекте электр жарығы кеңінен тарайды деп білген ол өзі тамтұмдап жинаған 95 йен 20 сэнге Мори есімді досының 100 йенін қарызға алып іске кірісті. Бұл 1917 жылдың күзі еді. Өзі ойлап тапқан патрондардың алғашқы партиясын жасап шығарып оларды сата алмай тығырыққа тірелді. Бірнеше жалдаған жұмысшылары жұмысты тастап кетуіне тура келді. Бұл сәтсіздікке қарсы тұра алған Коносукэ Мацусита тек өз досы Иноуэ екеуі қалды. Дәл сол жылдың желтоқсанында К.Мацуситаның шеберханасына үй желдеткішінің бөлшегін жасауға тапсырыс түсіп олар 80 йен тапты.
Ал 1918 жылы 7-наурызда Мацусита дэнки сэйсакусе фирмасы ресми түрде құрылды. Әдепкіде штепсельдер жасаумен, өзі ойлап тапқан 2 нүктелі розеткаларды шығарумен шұғылданды. Іс табиғи өсіп, ауқымы біртіндеп кеңіп ол өзіне көмекшілер жалдады. Компания жұмысшыларының басын біріктіретін Хоиккай қоғамын ашты. Бұл ұйымның ұраны "Бірлікпен бір мақсатқа жетейік!" - болатын. Осылайша ол бизнестегі алғашқы қадамынан - ақ адамдардың басын біріктіріп ел үшін еңбек етуге шақырды. Коносукэ Мацусита бизнесте қолма-қол ақша резервін жасауды ұстанып, ал бұл резерв оны талай экономикалық дағдарыстардан дін-аман сақтап қалды.
1921 жылғы жапон елінің дағдарысына қомақты резервпен келген Мацусита дэнки компаниясы ескі зауытты кеңейтіп және жаңа зауыт салды. Бұл зауыт келер жылы іске қосылып велосипед фонарларын жасап шығарумен шұғылданды. Бұл фонарларды сату қиынға түскеннен соң жекелеген сатушыларға таратып, ал ақшаны тауардың өтуіне байланысты алып отырды.
1925 жылдың 1 наурызында радио ғасыры басталғанда Мацусита дэнки радиолампаларды шығаруға көшті. Бұл салада табысты еңбек етіп 1930 жылы Мацусита зауыттары айына 200 мың радиолампаларды шығарып, ал сол жылы Жапониядағы 600 мың радиоқабылдағыштарда Мацусита дэнки компаниясының Нэшнл сауда белгісі тұрды.
Ұлы депрессия жылдары Мацусита кәсіпорындарының дамуына кедергі бола қоймады, қайта кейбір тұралап қалған зауыттар оның қол астына көшті. 1932 жылы 5 мамырда Коносукэ Мацусита өз компаниясының қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеп әйгілі "Ақжол тілегі" мен "Бағдарламасын" жариялады. Осы себепті дәл 1932 жылдың 5 мамырын Мацусита дэнки компаниясының дүниеге келген күні деп есептелінеді. Сол кезде Мацусита дэнки концерніне 9 компания, 14 зауыт, 19 сауда кеңсесі және 3,5 мың қызметкерлер мен жұмысшылар кіретін.
"Табыс табанды жұмысты талап етеді. Бәрі де адамның белсенді еңбек етіп келешекке үмітпен қарай алуына байланысты",- дейтін ол ылғи да өзі оқыған лекцияларында.
Жапонияның Маньчжурияны жаулап алуы, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы Мацусита дэнки компаниясының әскери-теңіз радиоаппаратураларына арналған гальваникалық батареялар, пулемет ленталарын, самолеттар мен кемелер жасауына алып келді. 1945 жылы соғыс аяқталғанда концерн құрамына 67 өндіріс орны қарады. Олардың ішіндегі ең шоқтығы биіктері Мацусита дэнки боэки, Нихон Виктор, Мацусита котобуки дэнки, Мацусита цусин коге, Мацусита сэйко т.б. жеті еншілес компаниялар болатын.
Өз компаниясын әлемдік нарыққа шығару үшін К.Мацусита 1951 жылы АҚШ және Еуропа елдерін аралады. Бұл жолсапарларында ол озық технологиялық кәсіпорындар мен олардың жұмыс істеу тәжірибелеріне ден қоя зерттеді. Сөйтіп ол голландиялық Филлипс корпорациясымен әріптес болуды жөн көрді. 1952 жылы 18 қазанда Филлипс корпорациясымен бірлесіп кәсіпорын ашу келісіміне қол қойылды.келісімнің бір қызығы, ортақ табыстың 4,5% Мацусита дэнки техникалық басшылығы үшін Филлипске тиесілі болса, ал Филлипс компаниясы Мацусита дэнкиге басқару мәселесін ұйымдастыра алғанына 3% төлеп тұруға тиісті болды. Сөйтіп тұңғыш рет басқару жүйесін лайықты мән беру келіссөзге кірді.
Мацусита электрон компаниясы күтпеген қолайлы жағдайды білу арқасында зор жетістіктерге жетті.
Елуінші жылдардың басында ол шағын елеусіз болатын, Тошиба және Хитачи секілді алыптардан қай жағынан болсын көп қалыңқы болатын. Басқа көптеген кәсіпорындардағы секілді Мацусита компаниясындағылар да Жапонияда теледидар шапшаң қарқынмен дамымасын түсінді. Өйткені Жапония тым кедей деп ойлайтын. Ал Мацусита компаниясының басшылығы болса, біршама ұғынықтылық байқатып, қарапайым бір жағдайды аңғарды - жапон шаруалары тым кедей екенбіз деп, сондықтан теледидар ала алмаймыз деп ойламайтын. Олар теледидар дүниенің терезесі екенін білетін еді. Қалталары көтермегенмен, алсақ деген ниеттері зор болатын. Бұл уақытта Тошиба және Хитачи компаниялары неғұрлым жоғары сапалы теледидарлар жасайтын, бірақ бұл тауар әсте де кедейлерге арналмағанын анық аңғартып, оларды Токиодағы Гиндзя ауданында және басқа үлкен қалалардың ірі әмбебап дүкендерінде ғана көрсететін. Мацусита компаниясы мүлдем басқаша әрекет жасады: ол әрбір шаруаның есігін өзі қағып теледидар алуды ұсына бастады. Сөйтіп осы күтпеген тұстан олар алдыңғы қатарға жылдам көтерілді.
Осы 1952 жылы Ясухара Накагава өзінің Накагава дэнки компаниясын өз еркімен Мацусита кәсіпорындарының аясына алып келіп Мацусита рэйки деп жаңа атпен жұмыс істей бастады. Бұл Коносукэ Мацуситаның басқару жүйесінің артықшылығының айқын көрінісі еді. К.Мацусита "Бейбітшілік үшін және бақытқа жету қоғамы" атты ұйым құрып жұмыс істеуі оның арманының асқақтығынан туындады. Ол өзінің сан-салалы істерінде шынайылық танытып әрдайым табысқа жетіп отырды.
1956 жылдың 10 қаңтарында К.Мацусита өз корпорациясының 5 жылдық даму жоспарын жария етті, сөйтіп 4 еседей жұмыс ауқымын кеңейту көзделді. Бұл жоспар толығымен орындалған соң өз қызметшілері мен жұмысшыларына болашақта бес күндік жұмыс аптасына ауысу межесін белгілеп берді. Сөйтіп Мацусита дэнки 1965 жылдан бастап 5 күндік жұмыс кестесіне көшті.
Коносукэ Мацусита 1973 жылы өз компаниясының директорлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджердің менеджмент этикасы
Басқарудың жапондық стилі - бірегей
Менеджменттің пайда болуы
Жапон кәсіпкерлерінің басқаруды ұйымдастыруы
Жапондық менеджмент ерекшеліктері
Басқарудың жапондық типінің базалық принциптері
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы
Жапондық және американдық персоналдарды басқару жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы мен сараптамасы үрдісіндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар
Жапондық менеджмент мектебі және оның ерекшеліктері
Менеджмент
Пәндер