Өндіріс және өндірістік құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өндіріс және өндірістік құрылымы
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

I. Өндіріс және өндірістік құрылымы: мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ..6
1.1 Өндіріс, оның мәні және факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы
түрлері ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қоғамдық өндірістің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
1.4 Өндірістік құрылым және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.5 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі
принциптері ... ... ..15
1.6 Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың
факторлары ... ... ... ... ... 16
1.7 Қоғамдық өндіріс және оның
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..17
1.8 Қоғамдық өндірістің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

II. КазЦинк ЖШС -нің өндірісін және өндірістік құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1 КазЦинк ЖШС -нің даму тарихы және
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 КазЦинк ЖШС –нің өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және
оларды жетілдірудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

III. Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық
және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл
абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде
жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық
элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану
процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндіріс жұмыс
күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді
ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек
қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек
құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы
мүмкін. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі -
өндіріс процесінің заттық факторы ретінде жүзеге асады. Осы жағдайды
ескере отырып, К,Маркс былай жазған: Қоғамдық өндіріс түрлері
(нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі
оның факторы болып қаладың.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы
және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде
қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-
әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және
рухани игіліктерді құру процесі. Кәсіпорындарды құру және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді
өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар
көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет қызмет көрсету, басқару және
т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген
операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік
процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді.
Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды
абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпыламаны мағынаны білдіреді және
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді. 
Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру, оқу
және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т.б.
болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса,
адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей
материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл, шаруашылығы құрылыс) және
материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін
қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет
көрсету – киімді өңдеу мен тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге
бөлінеді.Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік
химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам
тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндіріс жұмыс
күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді
ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана
үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары -
өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.
Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің
заттық факторы ретінде жүзеге асады. Осы жағдайды ескере отырып, К,Маркс
былай жазған: Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын –
жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қаладың.
I. Өндіріс және өндірістік құрылымы: мәні мен мазмұны
1.1 Өндіріс оның мәні және факторлары
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда,
қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі
жаны болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер бұл өндіріс құрал жабдықтары ең алдымен еңбек
құралдары, сонымен қатар, материалдық игіліктер өндіретін адамдар.
Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-
жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады.
Кейбір салаларда ол еңбек заңы (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәні қалып қалған
болып табылады.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша төрт өндіріс факторы бар:
жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары,
пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б.
жатады. Капитал бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс
құралдары.
Еңбек адамының интелектуалды және дене қызметін көрсеткен.
Кәсіпкерлік қабілеттілік арнайы өндіріс факторы өндірісті
ұйымдастыру бастамашылдықты, төзімділікті, тәуекелдікті көрсетеді.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған
өндіріс факторларынан басқа ақпараттық, экономикалық және экологиялық
факторлардыда қарастырады. Байқалатыны, экологиялық фактор
экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады. Алайда оның
мүмкіндікті қоршаған ортаның ластануына, газдануына, бүлінуіне
байланысты шектеледі.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл
қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан бұл қатынастар ұйымдастырушы,
адамдарды орналастыру техникалық өндірістік қатынастармен байланысты.
Екінші жағынан бұл қоғамдық өндірістік яғни экономикалық қатынастар. Олар
меншік сипатымен, меншік қатынасымен анықталады.
Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері
Теоретикалық экономикада экономикалық ресурстар деген ұғым бар. Бұл
немене екен? Экономикалық ресурстар бұл да өндіріс факторы, табиғаттан
пайда болады және оны адам өндіреді. Оған көмір газ мұнай, бензин,
керосин, темір рудасы, болат, машина, станоктар, үйлер және т.б. жатады.
Адам ресурстары олардың еңбек әлеуеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.
Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады.
Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөылшерде
ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм
массивтері - бос далада және т.б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы
қазбада болған жерлер – оларды алудың нәтижесінде тозады. Мысалы,
атақты Магнит тауының орнында. Магнитогорск қаласы ауданында – бұрын
магнит темір рудасының үлкен қоры болған, қазіргі кезде бұл жерде
үлкен шұңқырлар қалып отыр. Сондай-ақ, өндірістік үйлер, алып
құрылыстар, машина, жабдықтар саныда шектеулі болады – мұның барлығы
экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып,
экономикалық ғылымның алдында бар ресурстарды мейлінше тиімді қолдану
мәселесі туындайды. Себебі, тұрғындардың тез өсіп келе жатқан
сұранымдарын қанағаттандыру қажет.

1 кесте. Өндірістің балама мүмкіндіктері
Мүмкіндіктер Автомобильді өндіру (мың дана) Танкті өндіру (мың дана)
А 15 0
В 14 1
С 12 2
D 9 3
E 6 4
E 0 5

Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу таңдау мәселелерінің
қажеттілігі тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі
кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды:
аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін апаттан
қорғай алмайды. Қоғамдық өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында
нені өндіруге болады? Теориялық экономикада мынадай мысалды жиі
келтіреді, айталық, май өндіру мен зеңбірек өндіру (басқада әртүрлі
жұптық варианттың тізбелері болуы мүмкін: нан мен еттің арасындағы, ет
пен балық, автомобиль өндірісі мен тұрғын-үй құрылысы және т.б.)
арасында қайсысын таңдауымыз қажет. Өндірістің шектеулі мүмкіндіктерін
автомобиль және танкі өндірісімен 1 кестеде бейнелеп көрсетеміз.
Автомобиль саны, мың дана

Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығында көрсетілгендей, автомобиль
өндірудің максимальды көмегіне танкі өндірісі көлемін кеміту есебінен
қол жеткізілуі мүмкін.
Осының арқасында өндірістегі туындаған балама өндірістің балама
мүмкіндіктері деп аталады.
Басқаша айтқанда әңгіме мынада: барлық ресурс түрлерінің шектеулі
болуы, кез келген қолда бар тауарды өндіру жайлы шешім, сол
ресурстарды қандай да бір басқа ұйымдарды шығару үшін қолданудан бас
тартуды қарастырады. Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар
бойынша көрсетіледі. Мысалы, танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны
автомобиль өндірісінде немесе қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану
мүмкін емес.

1.2 Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында
қоғамдық өндірістің екі түрі бар:
а) натуралды шаруашылық;
б) тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі
түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының
қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға
мүмкіндік береді.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық
өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл
мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек
өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына
алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға
жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болады. Кейініректе
қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты
айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.
Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы
түріне код жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда.
Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы - өнімді тек өзі үшін өндіру,
егер өнімнің бір бөлігін сату үшім бағыттаса, онда ол ұсақ тауар
өндірісіне айналады.
Қазіргі қоғамда өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген
еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлінісі өндірістің
өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс
барлық қоғамдық өндіріс саласында, әсіресе өнеркәсіпте - өте көрнектілікпен
байқалады. Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға
болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымы:
энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, тракторлы машина жасау,
ауыл шаруашылығына машина жасау, автомобиль жасау және т.б. Жеңіл
өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тәгін өнеркәсібі және т.б. Тамақ
өнеркәсібінде нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, шай, шарап, ет
және сүт өнеркәсібі және т.б. Еңбек бөлісі мен оның мамандануының
дәрежссі тереңдесе, онда нарықта жұмыс жасайтын кәсіпорынның тауарлық
дәрежесі жоғарылайды және нарық мөлшері артады.
Тарихи тағлымның көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей
үш жағдайда жүзеге асады:
- бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
- алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда
болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының
қауымдастықтан экономнкалық оқшаулануы).
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай (дамымаған) және капиталистік. Олар
бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс кұрал-жабдығына деген жеке
меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан
олардың өз арасында принципті айырмашылық бар. Жай тауар өндірісінде өнім
тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау
жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал-жабдығы жоқ
жалдамалы жұмысшы жасайды
Сөйтіп, казіргі нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын, шаруашылықтың
жоғарғы тауарлылық деңгейін және тауар өндірушілердің экономикалық
окшаулануының негізінде қалыптасады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке
меншік арқылы деген сөз, Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық
оқшаулануы рынокқа көшу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын
қарастырады. Қазақстан Республикасында жалпы еңбекке қабілетті тұрғындар
санының 10-15% мөлшерінде отандық кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын
қалыптастыру қарастырылған, бұл шамамен 100-120 мындай кәсіпкерлерді
құрамақ.

1.3 Қоғамдық өндірістің құрылымы

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру, оқу
және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және
т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан
болса, адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының
төмендегідей миатериалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл, шаруашылығы
құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім
қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды
шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу мен тігу, жуу,
тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.

Сурет 2. Қазіргі қоғамдық өндірістің құрылымы

Қазіргі коғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан
басқа, материалдық емес өндіріс салаларыда енеді. Оларда ерекше материалдық
емес игіліктср (рухани құндылықтар) жасалады. сондай-ақ материалдык емес
қызмет көрсету — денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және
басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.
Ғылыми зерттеудің көрсеткеніндей, білім, денсаулық сақтау, өнер, мәдениет
(өндірістік емес саласы) материалдық өндіріс тиімділігіне үлкен әсер
етеді. Алайда тікелей емес, қоғамның басты өндіргіш күші - адам арқылы
жанама түрде әсер етеді.
Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды
мәселелер тұр: а) оның тиімділігін арттыру, ә) өндіріс экологиясын
сауықтыру және б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір
қалыпты жағдай жасау. Адамзат қоғамы осы мәселерді шешу жолында ғылыми
зерттеу жұмыстарын және эксперименттерін жүргізуде. Бұл мәселелер XXІ
ғасырдын негізгі проблемалары болып табылады.

1.4 Өндірістік құрылым және оның түрлері

 Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды
өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек
заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын
еңбек ету жағдайы анықтайды.
   Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми – техникалық процестің нәтижелерін
қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік
кәсіпорын -  цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару
және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
   Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-
қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның
жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері:
цех,участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің
деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың
экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды. Кәсіпорынның негізгі
өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан
оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 түрі болады:
• Негізгі
• қөмекші
• қосалқы және т.б.
   Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші
цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары
жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді
безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады
(орау,жүктеу,тасымалдау,түсіру).
    Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
▪ негізгі
▪ көмекші
▪ қосалқы
     Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
▪ заттай;
▪ технологиялық;
▪ аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен
учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір
бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы
көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады,
өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген
көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс
шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне
байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не
болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы
өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды.
Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың
күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың
мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің
төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
 Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да,
технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық
тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік
циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін
арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды
ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын
беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:
• Мамандандыру деңгейі
• өндіріс көлемі;
шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі т.б.
Өндірістің негізгі үш түрі болады:
• жеке-дара өндіріс;
• сериялық өндіріс;
• жаппай өндіріс
   Жеке-дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес, номенклатуралы
өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі
трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ жеке
тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар,
кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
   Ерекшеліктері:
• әр түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
• жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
• әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;
• қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
• жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
• өндіріс циклының ұзақтығы;
• аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
   Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімдерді бір
уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен
енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.
    Негізгі ерекшеліктері:
• біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
• жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;
• бөлшектер мен өнімдерді партичмен шығару;
• мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;
• қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
• орташа білікті жұмысшылар санынының көп болуы;
• өндіріс циклының ұзақ еместігі;
• өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.
Түрлері – ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер,
мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы,
автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта
үзіліссіз шығарылып отырылады.
    Ерекшеліктері:
• тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
• жұмыс орнының тек қана бір операцияныорындауға мамандандырылуы;
• жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;
• арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабдықтардың үлкен
көлемі;
• механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп
қолданылуы;
• операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;
• қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
• ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
• өндіріс циклының қысқаруы;
• өндірісті  басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;
• кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне
өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген
технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі,
қосымша, қызмет қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады.
Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше.
Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал
басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті
бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есеппке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі
жалпы технологиялық олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік
құрылмын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл
негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып
табылады:
• шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
• өндірістің ауқымы;
• кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде
цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының
шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын
кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп
болса сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістер қолданылуы мүмкін.
Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі
түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір
бөлімшелерінің және оларды жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал
ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының
саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен
есептелетін арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамда және оның ұйымдық
бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және
тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және
межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады.
Әрбір құрылым деңгейлес және сатылатын болып бөлінеді, басқаша айтқанда
ұйымдық құрылымды еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып
ажыратылады
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің
саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей
қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі
басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-
әрекетін құрайды.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшеленіп,
мамандандыру денесін, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың
түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәісіп кәсіпорындары
бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда
кейбір зауыттарды цехтар өндірісінен ауыстырылады. Мұндай өндірістер
бірнеше цехтар негізінде құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған
құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін
дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех бұл белгілі бір
бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы
өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай
фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол
сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттамар
реттеледі

1.5 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек
процесінің үлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі
бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: олардың үздіксіз, жоғары
өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын
түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік
жағдайында үлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай
ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар,
өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы
және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды
қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
• өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
• кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі
және олардың өзара үйлесуі;
• өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
• өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни
өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
• өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін
шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара сериялық және
жаппай өндіріс болып табылады.
Жеке дара өндіріс - шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол
сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек
өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын
сипаттайды.
Сериялы өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің
түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын анықтайды. Өнімді
шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы,
орта сериялы және ірі сериялы -өндіріс болып бөлінеді.
Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі
номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында
елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден
байқалады:
• мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді
кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;
• жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт
ысырабының жоқтығы;
• өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және
оның сапасын арттыру;
• өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік
құнын елеулі кеміту.

1.6 Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік
қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың
бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың
жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-
әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив
бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың
негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты
еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде
кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ
анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.
Сонымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді
шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері - машиналар және
жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік
қатынастарын қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер
де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бернесі ретінде
қаралатын болса.
Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың
экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:
• нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін
машиналар, техникалар және жабдықтарды таңдап алу;
• қажетті құрал-жабдықтардың қолайлы құрамын табу.
Қазіргі кезде қандай да болмасын қолайлы құрамын өнімділігі жоғары
техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды.
Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз
уақытысында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және
қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді.
Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді
көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын
пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды. Сондықтан да,
қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың
мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін
анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін
бірыңғай объект - кәсіпорынның өндірістік қуаты (бөлімшелері). Бұлардың
арасындағы айырмашылық – факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың
өсу резервтерін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту
резервін анықтайды.
Кесте 2. Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін
факторлар сыныптамасы
Өндірістік қуаттың мөлшеріне Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал
ықпал ететін факторлар ететін факторлар
Машиналар саны (жұмыс орны) жәнеӨнімді қажетсіну
олардың техникалық деңгейі. Кәсіпорынды материалдық-техника-лық
Өндіріс алаңдарының мөлшері жабдықтау
Машиналар топтары арасындағы Жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру
өткізу мүмкіндігінің үйлесімдікЭнергетикалық ресурстармен қамта-масыз
деңгейі. етілуі
Үйлесімді технология Жабдық жиынтығының құрылымы
Механикаландыру және Жабдықтардың жөндеуде тұрған-дағы
автоматтандыру нормативтен тыс бос тұруы
Материалдардың сапалы-лығы, Жабдықтаудың ауысымдық жұмысының артуы
бұйымдарды жетілдіру-дің Өндірістік қызмет етуді ұйым-дастыру
конструкциясы, стандарттау және Өндірісті және жабдықтарды жүктемелеуді
сәйкестендіру дәрежесін арттыру жоспарлауда жетілдіру дәрежесі
Жұмысшылардың техника-ларды Еңбекті ұйымдастыру және оны
игеру дәрежесі. ынталандыру
Қуаттарды пайдаланудағы коопера-циялауды
ұйымдастыру.

1.7 Қоғамдық өндіріс және оның формалары.

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған
өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір
фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі
қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі
қажет.Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес эр түрлі қоғамдық
өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми
әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана
формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген
пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен
қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы
шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке
тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің
әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен
сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық,
жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық
өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына
оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған
байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушінің немесе
феодалдық шаруашы-лығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық
байланыс қатаң түрдегі сипатта болады — өнім қауым мүшелері, құл иеленуші,
феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек
нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы байланыс болған жағдайда
ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі
оның негізінде (айқындауда) бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді
айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни
шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтын
қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуде өнім жеке адамның немесе көптің
біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың,
оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады,
осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір
жағында — дара еңбек, екінші жақта — еңбек жағдайын меншіктеуші. Бірақ
дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көп ретте, жалпылар
еңбегінің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің
алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді. Соңғысы мануфак-туралық еңбек
бөлінісінің осыған сәйкес кейін ірі өнеркәсіптің мәрелік пункті болып
табылады. Сөйтіп, бірілескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа
жағдайға өтіп, шаруашылық жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына себін
тигізеді. Натуралдық формадағы еңбектің әр қилы түрлері және шаруашылық
жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі қандайда болсын
өндірістің табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа
ие, өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып,
өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін, анағүрлым жетілген
формаларға орын беріп, құлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөліс,
айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.
Әсіресе өндірістің осындай типі қалыптасуының ерте кездегі
сатыларында бұл қатты байқалады. Натуралдық өзгерудегі қайта өндіру
өндірілген өнімнің жалпы санына байланысты. Натуралдық өндірістегі еңбек
өнімдерімен алмасу тікелей натуралдық, заттық өлшем бірлігі бойынша қауым
мүшелерінің тірлік етуіне, қажеттілігіне қарай жасалды. Мұнда бөліс
теңдестіру сипатында жүреді, ал топтар арасындағы өнім алмасу болмады.
Алғашқы қауымдық қоғамның басты кезеңінде жеке меншік, қоғамдық еңбек
бөлінісі дегенді білмеді, ал өнімді (табысты) өздері тұтынды (қоректенді).
Әрі қарай, натуралдық өндіріс заңдылықтары өз-өзінше қайшы келді де
қауымдық шаруашылық заңдылықтары емес, еңбек құралдары мен жерді меншіктеу
заңдылықтарына тәуелді болды. Көп жағдайда еңбекшілер
экономикалық заңдылықтарга емес құл иеленушінің, яки феодалдың еркі мен
көңіліне тәуелді болып отырды.
Осылайша натуралдық өндірісте шаруашылық жүргізудің өктемшіл формасының
алғашқы жұқанасы пайда болды. Тарихи жағынан шаруашылық жүргізудің келесі
дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды. Тауарлық қарым-
қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы араларындағы
байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері
бойынша оқшауланған өндірісшілердің пайда болуына алып келді. Тауарлы қарым-
қатынастардың дамуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы байланыстан, жеке
тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар өндірісі заңдылығы
өзіне-өзі қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға қарай жылыстады. Яғни,
капиталистік тауар өндірісі заңдылықтары өзінің дамуымен қарапайым тауар
өңдірісін қайта түлетті. Өндіріс күштерінің дамуы, өндірістік
қатынастардағы болмай қоймайтын өзгерістерге жетелей отырып, экономикалық
заңдылықтар формасын да өзгеріссіз қалдыра алмайды. Заңдылықтардың формалық
айқындық модификациясы өндіріс қатынастары арасындағы байланыстарды
түлетеді. Бұл натуралдық та, тауарлық та шаруашылық жүргізу. Формаларында
айқындала түседі. Бәрі де сол, бірақ алғашқы қауымдық, құл иеленушілік,
феодалдық және капиталистік өндіріс әдістеріндегі көріністері ғана әр қилы.
Сондықтан, оларды пайдалану, қолдану немесе олардың заңдылық әрекеттерін
біріктіру туралы сөз болғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы
Өндіріс оның мәні және факторлары
Өндірістік бағыттар
Айналым қаражаты
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
Өндірісті жоспарлау
Өндіріс басқару жүйелері
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал
Өндірісті басқарудың әлеуметтік мәні
Пәндер