Сенім серіктестігі салымшыларының серіктестік ісін баскару жөнінде толық серіктестердің әрекеттеріне дау жасауға кұқығы жок


Курстық жұмыстың тақырыбы: Акционерлік қоғамдардың құрылу және басқару ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
I. Кәсіпорынның құрылуы және мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері
1. 1Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық формалары . . . 6
1. 2 АҚ-ның мемлекеттік тіркеу тәртібі және қызмет ету ерекшелікт . . . 16
1. 3 АҚ-ның басқару ерекшеліктері . . . 18
II. «Баян-Сұлу» АҚ-ның қаржы шаруашылық қызметінің талдауы.
2. 1 "Баян-Сұлу" АҚ-ның даму тарихы . . . 25
2. 2 АҚ басқару қызметтері және техника-экономикалық көрсеткіштерінің
талдауы . . . 27
III. Акционерлік қоғамның қызметін жетілдіру, дамыту жолдары.
3. 1 Акционерлік қоғамның қызметінің басқару жүйесін жетілдіру . . . 29
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер . . . 33
Қосымша . . . 34
Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтык экономиканың негіздерін кұрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтыкқ бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып - сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын камтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қоғамдардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық каражаттардың козғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қа- лыптастырады.
Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы: мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уакыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің катысуымен акционерлік коғамдар кұрылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазакстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық - құкықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік коғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік коғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы кабылданғаннан кейін күшейді.
Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылык жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалык кайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.
Мемлекеттік және коммуналдык кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы - бизнестің әр түрлі сфераларында қайта жүріп жатқан акционерлік қоғамдар санының динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың экономико - қүкыктық мәнін, оларды құқықтық камтамасыз етудің және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының бәрі курстық жұмыстың такырыбын таңдауды анықтады.
Акционерлік коғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің қүкыктық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлык негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:
1. Акционерлік қоғам - акционерлік заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш әлемент кіреді:
Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінін бар болуы;
Екіншісі: құрылу мен кызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акңионерлік қоғам, кез - келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық ~ бұл осындай максат үшін адамдардын бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатка жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.
Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен кызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез - келген коммерңиялық ұйымдікі сияқты пайда табу болып табылады. Ары карай, бірак та акңионерлік коғамдардың кұрылуы мен қызмет етуіне селсок қарауға болмайтыны түсіндіріледі - акңионерлік қоғамның дамуы акңионерлік қатынастардың субъектілерінің (акңионерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т. б. ) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.
Үшіншісі: ішкі құрылымның және функңионалды дифференңиаңияның бар болуы (акционерлік коғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік - шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы) .
2. Экономикалык белгі - жарна ретінде жарғылык капиталға акңионерлермен берілген жинақталған мүлікті, сонымен қатар кызмет үрдісінде заңды негізде қүрылған немесе иемденген қоғамды иелену.
- Материалдық - кұкықтық белгі, оған екі әлемент кіреді: азаматтық айналымда өз атынан жеке түрде шығу қабілеті және жеке мүліктік жауапкершілік, яғни өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену және міндеттерді өз мойнына алу кабілеті.
- Процессуалды - қүқықтық белгі - соттарда талапкер және жауапкер болу қабілеті. Заңнамаға сәйкес акңионерлік қоғамдар соттарда міндеттемелерді орындау, өнімді, жүмыстарды, қызметтерді және т. б. иемдену бойынша шаруашылық субъектілер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелерінің (бақылау кеңесі), коллегиялық атқарушы органның (басқарма, дирекциялар), сонымен катар жеке аткарушы органның (бас директор, директор) мүшелеріне, баскарып отырған ұйымға немесе басқарушыға жауапкершіліктің негізі мен өлшемдері орнатылмаған болса, шығындарды өтеу, қогамға олардың қателі іс - әрекеттерімен (іс - әрекет етпеуі) жасалған қателері бойынша талабымен сотқа жүгіне алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: акңионерлік қоғамдардың құрылуы және басқару ерекшеліктерінің тиімділігін ашып көрсету.
Аталған жүмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады: акңионерлік қоғамдардың құрылуы және басқар у ерекшеліктерінің теориялык негіздерін ашып көрсету;
I-бөлімде АҚ-ның қүрылуы және басқару ерекшеліктерін теориялық тұрғыда зерттеудемін.
II-бөлімде «Самұрық Қазына» АҚ - ның әкономикалык жағдайын сипаттап зерттеудемін;
III-бөлім АҚ-ның қызметін жетілдіру, ұсыныстарын зерттеу.
I. Кәсіпорынның құрылуы және мемлекетгік тіркеу ерекшеліктері.
1. 1Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық формалары
Кәсіпорынның ұйымдык-құкыктык нысаны дегеніміз - заңмен және басқа құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, онын меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының калыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандыктан және әртүрлі фирма аралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтык Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық- кұқықтық формалары мынадай түрлері бар:
*Шаруашылык серіктестік;
*Акционерлік қоғам;
*Өндірістік кооператив;
*Шаруа қожалықтары;
*Жеке (дара) кәсіпкерлік. .
Жоғарыда аталған ұйымдық-құкықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық әкономикадағы ҚР үшін инноваңиялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы әкономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтықәкономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операңияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-кұкықтық нысандары калыптаса бастады.
Енді нарықтық әкономикадағы ҚР кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын ҚР-ньің Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім) сүйене отырып талдайық:
Шаруашылык серіктестік
Жарғылық капиталы күрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) болінгск коммерңиялык ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен қүрылып, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылык серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, косымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында кұрылуы мүмкін. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық серіктестікті бір тұлга құра алады, ол оның жалғыз катысушысы болады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылык серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады.
Жарғы бір адам (бір қатысушы) құрған шаруашылык серіктестіктің құрылтай кұжаты болып табылады. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай қүжаттарын (жарғы және кұрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиіс. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері
туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар салатын салымньщ мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылык капиталына салым carry жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс. Шаруашылык серіктестік баска шаруашылык серіктестіктердің кұрылтайшысы болуы мүмкін.
Шаруашылык серіктестік бағалы қағаздарды үстаушылар тізілімдерінің жүйесіғі жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лиңензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шаруашылык серіктестігіне қатысушылар тізілімін жүргізу шартын жасасуға қүқылы.
Құрылтай шартының колданылуы шаруашылык серіктестігіне катысушылар тізілімі калыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серіктестігіне катысушылар тізілімінен үзінді-көшірме катысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лиңензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлеске кұқықты растайтын кұжат болып табылады.
Акңионерлік коғам катысушылар тізілімін жүргізуді бағалы кағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіп жүргізу жөніндеғі қызмеггі жүзеғс асыруға лиңензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігі болып қайта кұрылған жағдайда қүрылтай шарты жасалмайды.
Қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруга лиңензиясы бар бағалы кағаздар нарығының кәсіби катысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесіпе кұкықтар шаруашылық серіктестігіне катысушылар тізілімінде осы кұқықтардың тіркелген кезінен бастап туындайды.
Шаруашылық серіктестігіне катысушылар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілсрінде белгіленеді. Ақша, бағалы кағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмст нәтижесі қүқығын қоса алғанда және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секыоритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын коспағанда) шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүліктік кұқықтар түрінде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық катысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның кұны жиырма мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.
Шаруашылық серіктестігін кайта тіркеген кезде оған катысушының салымын ақшалай бағалау серіктестіктің бухгалтерлік құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкін.
Серіктестіктің құрылтайшылары (катысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану кұқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлык мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады. Салымдарды мүліктік емес жеке кұкық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады.
Шаруашылық серіктестікке катысушы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін, егер заң құжаттарында немесе кұрылтай кұжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгіленеді. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарланғаннан кейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орындауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы.
Осы тармақта белгіленген тәртіпті бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша сот шешімімен серіктестікті таратуға негіз болып табылады.
Шаруашылык серіктестіктің жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.
Толық серіктестіктен және сенім серіктестігінен баска, бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден бір қатысушысына тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есен беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара қүрылады) . Жеке-дара басқару органы оның катысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктестіктің алқалы орғандары ретінде:
- басқарма (дирекция) ;
- байкаушы кеңес;
• заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының шешімінде көзделген жағдайларда баска да органдар кұрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктің органдарының құзыреті, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер кабылдау тәртібі Азаматтык Кодекске, заң құжаттарына және кұрылтай кұжаттарына сәйкес белгіленеді. Шаруашылык серіктестігі каржы есептерінің дұрыстығын тексеру және растату үшін серіктестікпен немесе оның қатысушыларымен мүліктік мүдделер жөнінен байланысы жок аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит) . Шаруашылык серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестік бір немесе бірнеше қатысушысының талап етуі бойынша солардың есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлык тексеруді жүргізу тәртібі заңдармен және серіктестіктің құрылтай кұжаттарымен белгіленеді.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
- кұрылтай кұжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысу;
- шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы акпарат алуға және кұрылтай кұжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;
- таза табысты бөлісуге катысуга кұкығы бар. Қүрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ережелері жарамсыз болып табылады;
- шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы.
Шаруашылык серіктестікке қатысушылар:
- құрылтай құжаттарының талаптарын сактауға;
- салымдарды қүрылтай кұжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;
- шаруашылық серіктестік коммерциялык құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Шаруашылык серіктестіктер заң кұжаттарында белгіленген реттер мен тәртігі бойынша катысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылык серіктестіктің бір түрінен екінші түрі не акңионерлік коғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкіи.
Толык серіктестік немесе сенім серіктестігі акңионерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акңионерлік қоғамның, жауапкершіліғі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толык серіктестікген немесе сенім серіктестігінен акңионерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершіліғі бар серіктестікке кошкен міндеттемслер бойынша екі жыл бойы өзінің барлык мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестің өзіне тиесілі акңияларды (үлестерді) иеліктен шығаруы оны мұндай жауапкершіліктен босатпайды.
Толык серіктестік
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортак жауапкершілікте болатын серіктестік толык серіктестік деп танылады. Азамат бір ғана толық серіктестіктің катысушысы бола алады. Толык серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның қүрылтайшылары белгілейді, бірак ол заң қүжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек. Толық серіктестіктің ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толык серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлык катысушылардың жалпы келісімі бойынша кабылданады. Серіктестіктің күрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір катысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды толық серіктестіктің атқару органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардын құзыреті құрылтай кұжаттарында белгіленеді. Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз атынан және оз мүдделері немесе үшінші жактардың мүдделері үшін серіктестік қызметі мәнімен біртектес мәмілелер жасасуга кұқығы жок. Бұл ереже бұзылган жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серіктестікке келтірілген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмілелерден тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз кызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті. Өкілеттігі болмаса да ортақ мүдделер үшін әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерін қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекегтерінің аркасында серіктестік қүны жөнінен серіктестік шеккен шьіғындардан асып түсетін мүлікті сактап қалғандығын немесе-тиісінше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серіктестіктен өзі жасаған шыгындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Толык серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөліғін) оның баска қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық катысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес (үлестің бір боліғі) үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толык серіктеетіктен шыққан қатысушыға тиесілі құкыктар мен міндеттердің бүкіл жиынтыгы соған ауысады. Толық серіктестіктің катысушысы кайтыс болтан ретте калган барлық қатысушылардың келісуімен құкықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке кіре алады. Құқыкты мирасқор (мұрагер) катысушының толық
серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серіктестіктің үшінші жақтар алдындағы бүкіл серіктестік кызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құкыкты мираскор (мүрагер) толык серіктестікке кіруден бас тарткан немесе күкыкты мираскорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас тарткан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлкіндегі үлестің құқыкты мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі күны төленеді. Бұл реттерде тиісінше күрылтай қүжаттарында (жарғысында) көзделген мерзімде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серіктестік мүлкінің мөлшеріне азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс.
Толық серіктестіктің катысушысы оның өзге де қатысушыларына заң қүжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзімнен кешіктірмей ескерте отырып, серіктестіктен кез-келген уақьггта шыға алады. Еғер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серіктесгік сақталып қалса, оның шығып кеткен күнінде жасалған баланска сәйкес шығып кететін катысушыға серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына тең құны төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісуімен салымды толық немесе ішінара заттай түрде қайтарылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей заттай гүрде қайтарылады. Толық серіктестікке қатысушылар калатын қатысушылардың бірауыздан кабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған жағдайда, атап айтканда, оның (олардың) өз міндеттерін дорекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге кұқылы.
Сенім (коммандиттік) серіктестігі
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көн қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктердің күқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігінің салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдіс пен тәртіп бойынша салуға міндетті. Сенім серіктестігі салымшысының:
1. серіктестік таза табысының жарғылық капиталдағы озіне тиесілі үлесін қүрылтай қүжаттарында көзделген тәртіп бойынша алуға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz