Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Тақырыбы: Шаруашылық серіктестіктердің құрылу және басқару ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I.Шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... .
1.1Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.2Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Шаруашылық серіктестіктерінің басқару ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ."JAKKO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ұйымдастыру Экономикалық сипаттамасы
2.1Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.2Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4"JAKKO " жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіружәне басқару жолдары
3.1Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Менің курстық жұмысым Шаруашылық серіктестіктердің құрылу және басқару ерекшеліктері атты тақырыпқа негізделген. Курстық жұмысымдакәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары, құрылу жолдары, шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары,мемлекеттiк тiркеу тәртібі,басқару ерекшеліктертуралы толық әрі арнайы заңмен реттелінетін жолдары туралы айтылған.Серіктестікті басқаруды жоғары және атқарушы орган жүзеге асырады.Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.Заңды тұлға дегеніміз - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін - - құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін - - жарғы болып табылады.Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі.Заңды тұлғалар - азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден - бір салық төлеуші субьект.
Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
+ Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
+ Шаруашылық серіктестік түрлеріне және басқару ерекшеліктеріне
+ байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және
+ зерттеу жүргізу.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті -Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:
-Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы;
-Шаруашылық серіктестіктуралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;
-Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
-Банкроттық туралыҚазақстан Республикасының Заңы ;
-Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы ;
- Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы т.б
Курстық жұмысыныңқұрылымы кіріспеден, 3-тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер
1.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формалары
Кәсіпорынныңұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз - заңменжәне басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған,кәсіпорынныңқалыптасу ының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншікформасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрліфирмааралықодақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтықКодексінесә йкескәсіпорынныңұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
+ Шаруашылықсеріктестік;
+ Акционерлік қоғам;
+ Өндiрiстiк кооператив;
+ Шаруа қожалықтары;
+ Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялықшаруашылық нысандар болып табылады. Өйткені жоспарлыэкономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысындакәсіпорындарды жекешелендіруоперацияларының арқасындакәсіпорындардыңжаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
Акционерлік қоғам - капиталдыорталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егеракциялартек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңдытұлғаболып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандаршаруанемесе фермер қожалығы субъектілеріболып табылады.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары туралы осы Заңның ережелері оралмандарға қолданылады.Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) және басқа да адамдар болып табылады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты ҚР-дың кәсіпкерлік практикасьшда толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатыңда азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).
Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы - қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.
Сенім (коммандиттік) серіктестігі. Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен бизнес жүргізу Қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларда өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар оны кәсіпкерлік тандаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міңдеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенімсеріктестігі деп танылады (АК-ның 72-бабының 1-тармағы). Толық жөне сенім серіктестіктерінің қызметі мен қүқықтық мөртебесінде көптеген үқсастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне АК-ның және Шауашылық серіктестік туралы жарлықтың қағидалары қолданылады."Коммандит" термині латынның йеропеге - сақтау, сақтауға сеніп тапсыру - деген сөзіне сай келетін итальянның соттап сөзінен шыққан, бұл коммандитшілер мен серіктердің өзара қарым-қатынасының мәнін көрсетеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін АК және ЖШС туралы Заң реттейді. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі, серіктестік (бұдан былай - ЖШС) деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді ЖШС-ның жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. АК-ның 79-бабына сәйкес бірқатар мәселелерді жалпы жиналыс қана шеше алады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ҚР-дағы коммерциялық ұйымдардың өте сирек кездесетін ұйымдық-құқықтық нысаны больш табылады. Көптеген елдердің зандары серіктестіктің мұндай нысанын мүлде пайдаланбайды. Шын мәнінде, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз болмашы ерекшеліктеріне қарамастан, жауап-кершілігі шектеулі серіктестіктің өзі болып табылады. Олардың бәрін белгілі бір заң ретгейді. Егер қарым-қатынастардың мәнінен өзге мәселе туындамайтын болса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке АК-ның, ЖШС туралы заңның және ЖШС-ның қызметін реттейін шаурашылық серіктестіктер туралы жарлықтың ережелері қолданылады.
Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойыншатараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндеттенеді (АК-ньщ 228-бабының 1-тармағы).ҚР АК-ның ерекшеліктерінің бірі сол - бірлескен қызмет туралы тарау жалпы бөлімде орналасқан, ал ТМД-ның барлық басқа елдерінің АК-тарында ол ерекше бөлімнің "Міндеттемелік құқық" тарауында берілген. Мұның себебі - ҚР АК-сын жасаушылардың ойынша бірлескен қызмет туралы шартган міңдеттемелік құқық қатынастары емес, заттық қатынастар туындайды. Сондықтан да бұл шарт туралы нормалардың ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы қисынды.
1.2 Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары.
Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу тәртібі
Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.Шаруашылық серiктестiктi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiнүлгi жарғыныңнегiзiнде жүзеге асыра алады.Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады.Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша незаңактiлерiндебелгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс.Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы.Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды.Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егерзаң актiлерiндеөзгеше тәртiп көзделмесе.Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды.
Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы; құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.Құрылтай шартындазаңдардакөзделгеннемесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн.Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар.Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының (қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. ЖарғыдаҚазақстан Республикасыныңзаңдарынемесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады.Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актiлерiнде анықталады.Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
1.3Шаруашылық серіктестіктерінің басқару ерекшеліктер
Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады.Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады.Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.Алқалық органдарретінде:
1) басқарма (дирекция);
2) байқаушы кеңес;
3) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн.Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы.Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралызаңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
ІІ "JAKKO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ұйымдастыру
Экономикалық сипаттамасы
2.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу
"JAKKO " жауакершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін 27.12.1994 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі), 22.06.1998 ж. " Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауакершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңымен және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады. Серіктестік коммерциялық, шаруашылық ұйым болып табылады және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет жасайды. Серіктестіктің толық фирмалық атауы:
- мемлекеттік тілде: "JAKKO" жауакершілігі шектеулі серіктестігі.
Серіктестіктің заңды мәртебесі
Серіктестіктің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғанын құқығын алады. Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде басқа да несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, таңбасы, фирмалық бланкісі, эмблемасы болады. Серіктестік өзіне қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасы аумағында және басқа елдерде өз атынан мәмілелер жасауға құқықты. Заңдарға қайшы келмейтін келісімдер, шарттар жасау басқа да заң актілері, жеке мүліктер иелену құқығына ие. Серіктестіктің қатысушысы оның міндеттері бойынша серіктестіктің жарғы капиталына енгізген жарнасы мөлшерінде жауап береді. Серіктестік қатысушысы міндеттері бойынша жауап бермейді. Қазақстан Республикасының органдары және ұйымдар серіктестіктің міндеттері бойынша жауап бермейді.
Қызмет түрлері мен мақсаттары
Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының серіктестікке қатысушысының мүдделері үшін коммерциялық, шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерін біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады. Серіктестіктің өз мақсаттарына сәйкес қызмет түрлері мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
-риэлторлық жұмыстар;
-заңды және жеке тұлғаға консалтингтік қызмет көрсету;
-жеке меншік жылжымайтын мүліктерді жалға беру;
-қызметкерлерді таңдау және жұмыс күштерін жалдау;
-жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестациялау;
-лицензия алуға ниет білдіруші заңды және жеке тұлғалардың өндірістік техникалық базасын және біліктілік талаптарға сәйкестігін тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың сараптамасы;
-жобалау құжаттарын дайындау;
-кадрларды дайындау және қайта даярлау, осы мақсатта курстар мен оқу орындарын ашу, жылжитын және жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу;
-делдалдық көмек көрсету;
-жылжымайтын мүлікпен коммерциялық операциялар;
-құрылыс материалдарын өндіру, сатып алу және өткізу;
-қоғамдық тамақтану жөнінде қызмет көрсету;
-тұрмыстық қызмет көрсету;
-сыртқы экономикалық қызметтер;
-Қазақстан Республикасының заңдармен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.
Серіктестіктің негізгі бәсекелестері ‹‹Медет-Холдинг›› ЖШС, ‹‹Сұлтан›› ЖШС, ‹‹Азия777›› ЖШС, ‹‹Мақсат››ЖШС және ‹‹Қайсар›› ЖШС болып табылады. Осындай арыстандай айбатты нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда.
Серіктестіктің таза табысы мен шығындары
Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады. Серіктестіктің табысы еңбек ақысын төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс - әрекеттің нәтижесінде түскен заттық түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс түсіру болып табылады. Серіктестіктің салық төлегеннен кейін, еңбекақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төленгеннен қалған пайда серіктестіктің меншігі болып саналады және оларға одан соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінеді. Серіктестік өндірісінің дамуы және жалпы мүдделері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімі бойынша шектеледі. Таза табысты бөлу шешімі серіктестіктің тиісті жылдық қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестіктің қатысушысымен қабылданады.
2.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі факторлармен анықталады:
-кәсіпорын өлшемімен (көлемімен)
-қызмет көрсету саласымен және кәсіпорынның техникасы мен мамандану деңгейімен
Жұмыс орны - кәсіпорынның бүкіл құрылымы құрылатын құрамынан оның масштабтары анықталатын бастапқы буын. Ол техникалық және экономикалық нормативтер негізінде анықталады және жұмыскермен нақты тапсырманың орындалуы үшін қажет техникалық және басқа (өзге) құралдармен жабдықталады.
Басқару - басқару шешімдерін дайындайтын әдістер мен құралдар синтезі және оның орындалуын ұйымдастыру болып табылады. Кәсіпорын қызметі табысты арттыруға бағытталғандықтан басқару орындары келесі міндеттерді орындауы тиіс.
-Кәсіпорын ұзақ мерзімдік болашағына бағытталған қызметінің мақсаттарын, бағыттарын, тиімді стратегиялық курсын өңдеу және негіздеу;
-Стратегиялық курстық кезең бойынша іріленуі және оның ағымдық, оперативтік басқару деңгейіне дейін жетілдіру.
-Кәсіпорынның жалпы стратегиялық және ағымдық міндеттерінің нақтылы, күнделікті функциялар деңгейіне дейін жетілдіріліп, кәсіпорын персоналына жеткізілуі.
-Кадрларды жинақтау, орналастыру, профессионалдық құрамын реттеу, міндеттерін бөлу.
-Кәсіпорынның әрбір жұмыскерінің міндеттері мен тапсырмасын уақытылы, сапалы орындалу барасын әрдайым бақылауды ұйымдастыру.
-Кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін оперативті және күнделікті реттеп отыру, кәсіпорын жұмысының тұрақты режимін бұзатын себептерді жою.
Басқару мен есеп беру органы
Құрылтайшы серіктестіктің жоғарғы органы болып табылады. Қатысушының ерекше құзыретіне жататын мәселелер:
-серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жартысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
-серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау.
-Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
-Серіктестіктің бақылаушы кеңесінің немесе тексеру комиссиясын немесе тексерушіні сайлау және олардың өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының немесе тексерушісінің есептері мен қорытындыларын бекіту;
-Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
-Серіктестіктің ішкі өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
-Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
-Тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
-Серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы бір ауыздан қабылданатын шешім шығару;
-Қолданылатын заңдарға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz