Жеке тұлға құқық субьектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста Жеке тұлға -
азаматтық құқықтың субъектісі ретінде туралы тақырыбы қарастырылды.
Тақырыптың өзектілігі. Жеке тұлға – әлеуметтік жағы, адамның бойындағы
әлеуметтік сапалар; белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты,
топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға
деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты
адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық
ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық)
және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте
болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас
кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және
қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның
өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және
толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз
атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты
фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды
(азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР
немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке
тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке
тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа
қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық
азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен
міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-
бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның
ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып
оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен
бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет
және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына
зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік
құқықтарды пайдалануға құқы бар.[1]
Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық
көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке
қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.
Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап
береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен
дәрменсіз деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ
адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның
азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – жеке тұлға азаматтық құқықтың субьектісі
ретіндегі түсінігін ашу.
Курстық жұмыстың пәні – ҚР Азаматтық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы – ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға
азаматтық құқықтың субьектісі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі
кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІ
МӘРТЕБЕСІ

1.1 Жеке тұлға түсінігі және азаматтық құқықтық қатынас
субьектісі ретінде

Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар
(жеке тұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің
басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар,
кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып
табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар
мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар
және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан
Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп - мекемелерді, ұйымдарды,
кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес, жеке тұлға деп Қазақстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және
азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің
құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың
құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы
ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан
Республикасының азаматтарына беріледі.[1]
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда
қабылданған Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы Заң күші бар
Жарлығының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар
шетел азаматтары болып саналады. Қазақстан Республикасындағы олардың
азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-
бабының 11-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар
азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі. Егер заң құжаттарында көзделмесе,
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде
азаматтық құқықты пайдаланады.[2]
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның
14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына Стіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды. Конституцияның
аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне
бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың
крқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған.
Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципті нақты субъективтік
құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті
көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген
құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді.
Құқық қабілеттілігінің тендігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық
бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы
тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік
принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық
Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында
көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық
қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып
жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау
негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл
орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айырылмайды. Тек
заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда
азаматтын құқығын айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).
Ескерге кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай
субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық
қабілеттілігін шектеу дегеніміз – қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен
айыру болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен
басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін
жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп
саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай
дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби
тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін
тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде
тіркеледі.[3]
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде
іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.

1.2 Жеке тұлға құқық субьектісі

Жеке тұлға – әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.)
белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің
қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық
психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен
жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік
(өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ
олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі
неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-
қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз
ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және
толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз
атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты
фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды
(азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР
немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке
тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке
тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа
қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.[3]
Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық
азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен
міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-
бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның
ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып
оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен
бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет
және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына
зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік
құқықтарды пайдалануға құқы бар.[1]
Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық
көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке
қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.
Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап
береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен
дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы
жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның
азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.
Азаматтык кодекстің 12-бабына сәйкес жеке түлға деп Казакстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және
азаматтығы жок адамдарды атаймыз.
Азаматтык алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады.
Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық кабілеттілігі туралы
емес, азаматтардын кұқык кабілеттілігі туралы ғана айтылған. Күкык
кабілеттілігі ең алдымен толық түрде Казақстан Республикасынын азаматтарына
беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы І9-маусымда
қабылданған “Шетелдік азаматтардың кұкыктық жағдайлары туралы” заң күші бар
Жарлығының 2-бабына сәикес, “Қазақстан Республикасының азаматгары болып
саналмайтын және баска мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар
шетел азаматтары болып саналады.” Қазақстан Республикасыныңдағы олардың
азаматтык құқық кабілеттілігі өзінін мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының занымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққы таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе,қүқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды, аталған жарлықтың 2 бабы
11 бөлігінесәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын
және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ
адамдар деп есептелінеді егер заң құжаттарында көзделмесе,азаматтығы жоқ
адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық қүқықты
пайдаланады.[2]

1.3 Жеке тұлға есімі мен тұрғылықты жері

Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше
дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің
15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ,
қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-
анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте
балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда
ата-аналары қайсысын беруді өздерi келісіп шешеді.
Некесіз туған балаға әкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған
жағдайда анасының фамилиясы беріледі.
Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере
отырып, балаға әкесінің не атасының атына жаздыруға мүмкіндік берілді.
Баланың аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып,
айталық, казақтар құжаттарда әкесінің атын керсетпеуіне болады. Әрине, оның
өзі ата-аналарынын келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат тіркелу кезінде
жазылған өз есімін, фамилиясы және әкесінің атын заң құжаттарънда
белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы 2-сәуірде қабылдаған "Қазақ ұлтының адамдарының
фамилиясы мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешудің тәртібі
туралы" Жарлығында қазақ ұлтының өкілдері өздерінің ықтияры бойынша қазақ
тіліне келе бермейтін жалғауларды фамилиясы мен әкесінің аттарының түбірін
сақтай отырып өзгертуіне болатындығы айтылған. Әкесінің атынан кейін "ұлы"
немесе "қызы" деп жынысына қарай жазылады. Аталған Жарлықта фамилиясы мен
әкесінің атын жазылуындағы өзгерістер азаматтың құқық субъектісін өзгерте
алмайтындығы ескертілген. Яғни жасалған өзгерістер оның құқықтары мен
міндеттерін тоқтатса да, өзгерте алмайды.[3]
Қазақстан Республикасы азаматтарының фамилиясы мен әкекесінің атын
ауыстыру жөніндегі тілек Республика үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26-
қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен
анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-
құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың
есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың
субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей
болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты
көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай
береді.Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәлан-
дыратын мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе
тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы
тұжырымдалған.[4]
Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай
келеді. Дейтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінші жерде жұмыс істейтін
жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып, Қаскеленде
жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей көрсетуіне орай оның
жұмыс орны емес, тұрғылықты жеріне басымдылық беріледі.
Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше тұрғын үйді иеленуге құқылы, әрі
онда бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында
жазда тұратын үйі болды делік. Мұндай жағдайда заң оның қайсысында көп
тұратындығын ескереді. Азаматтар тұрғылықты жерін өзі таңдайды, бұл оның
азаматгық құқық қабілеттілігінің бір элементі болып табылады (АК-тің 14-
бабы). Жасы 14-ке толмаған және қорғаншылықтағы азаматтардың, ғана нақты
тұрғылықты жері есепке алынбайды, яғни оның ата-аналарының, асырап алушылар
мен қорғаншыларының тұрғылықты жері танылады. Мұның өзі аталған
азаматтардың әрекет қабілеттілігі болмай, өз беттерімен мәмілелер және
басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі.[5]
Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты
жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы
бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім
азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады.
Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған
жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші
күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар
хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі. Сот шешім шығарған кезде
барлық қолда бар мәліметтерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа
адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-
аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау
салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің
мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетгі деп
тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса,
мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда
оны жоғалған деп санамайды. Ол Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның
мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-
ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі
және хабар-ошарсыз кеткен адамның, салықтар мен басқа да міндеттемелер
бойынша берешегі өтеледі. Мүлікке қорғаушылық белгілеу, азаматты хабар-
ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады.
Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен
некесін бұза алады. Азаматтық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, мүдделі
адамрдың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау
және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы
деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай
алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-
ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі
ескерілген. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған
жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы
оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жойды (АК-тің 30-
бабы).[5]
АК-тің 31-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол
туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе
жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда
алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша
сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның
хабарошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар
бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды
өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда
неғұрлым ұзақ болады.
Азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа
оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді. Сонымен, үш жыл
бойы ұшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп жария етуге болады. Ал,
өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға
негіз болған жағдайда өлді деп жариялау алты ай мерзімнен кешіктірілмей
шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен, дауылдан, бораннан және т.б.
кездейсоқ апат кезінде жоғалып кетсе, оны өлді деп жариялауды үш жыл
күтудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы хабарды алты ай күтіп, сосын
өлді деп жариялай береді. Заңда әскери қызметкерлердің, сондай-ақ соғыс
қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер туралы арнайы ереже
бар. Аталған тұлғалардын басқа мемлекеттің аумағында тұтқында болуы тәрізді
мәселелер де ескеріледі. Соған орай азаматтық кодекстің 31-бабы 2-
тармағында соғыс қимылдарына байланысты хабарошарсыз жоғалып кеткен әскери
қызметшіні немесе өзге адамды соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап
кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялау мүмкіндігі айтылған.
Өлді деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшіне енген күні өлді деп
жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе
жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда
хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл
адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тану мүмкін. Мысалы,
азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып
сел болған күн танылады.
Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің
негізінде Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба
жасалады. Азаматтық кодекстің 31-бабына сәйкес бұл жазбаның нәтижелері де
нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады. Осы айтылғандарға
қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі күшіне енген соң,
азаматтық хал актілеріне, жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба
түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне мұрагерлік
ашылады, некесі бұзылып, асыраушысыз қалған адамға зейнетақы төленеді.[5]
Азаматты өлді деп жариялау өлгені туралы нақты факті негізінде емес,
жорамалга сәйкес жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 32-бабы
өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайларды
қарастырады. Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері
белгілі болған жағдайда, сот тиiстi шешiмiнiң күшін жояды. Азамат өзінің
қай уакытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп
жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлкін
қайтарып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның мүлкін
қайтаруға оның тек мұрагері ғана емес, мұрагердің мүлік сыйлаған адамы да
міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның заңды
мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам
тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету
құқығы тірі оралған адамға көшеді. Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкі
ақысы төленетін мәміле бойынша өзіне көшкен адамдар оған бұл мүлікті
қайтаруға, ал оларда мүлік жоқ болған жағдайда, егер мүлікті алған кезде
олар өлді деп жарияланған азаматтың тірі екендігін білгені дәлелденсе,
мүліктін құнын өтеуге міндетті.
Мүліктіті неліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған адамның мүлікті
иеліктен шығару кезінде тірі екендігін білген болса, мүлікті қайтарып беру
немесе оның құнын өтеу міндетін мүлікті алушымен бірге мойнына алады. Егер
өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке
өтіп, сатылып кететін болса, адамды өлді деп жариялау туралы шешімнің күші
жойылғаннан кейін оған мүліктік құны төленетін күнгі нарықтық бағасы
ескеріле отырып оны сатудан түскен сома қайтарылады.
Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жеті түрлі акт жазбасын
жүргізеді. Соның ішінде тууды және қайтыс болған адамдарды тіркеу тәртібі
де бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес
балалардың туын тіркеуді азаматтық актілерін жазу бөлімі баланың туған жері
бойынша немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша
жүргізеді. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, атаанасының
немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы
акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі. [6]
Азаматтық хал актілерін жазатын органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-
ақ, анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда босанған жағдайда туған
балалардын тууын тіркеу ата-анасының бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық
хал актілерін жазу бөлімінде жүргізіледі. Туған баланы тіркеу туралы
азаматтық хал актілерін жазу бөліміне берілетін арызға емдеу мекемесінің
дәрігерлік куәлігі, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір
емхана қызметкерлерінің немесе олар болмаған жағдайда екі куәнің арызы қоса
беріледі. Медицина мекемелерінің тууы туралы дәрігерлік куәлігінде баланың
анасы туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс, тегі, аты,
әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы т.б. Сондай-ақ, баланың туған күні,
жынысы, салмағы және куәлгі берілген күні жазылады. Осы куәлік лауазымды
адамның қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылады. Баланың тууы
туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінде бала туған күннен
бастап екі айдан, ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес
тәуліктен кешіктірмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін
баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен
нысан бойынша, аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу
бөлімі жасаған корытындының негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге,
перзентханада дүниеге келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыстық құқық туралы
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Азамат азаматтық құқық субъектісі
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Пәндер