Сократ философиясындағы адам мәселесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Сократ философиясындағы адам мәселесі

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды
  4. Әдебиеттер

Кіріспе

Кто-такой-сократ-.jpg Сократ (469-399 б. ғ. д. ) Афина қаласының қарапайым адамдарының отбасында дүниеге келеді. Өз заманының халық сыйлайтын, сонымен қатар байлары мен билері үрейлене карайтын ірі тұлғасы болса керек.

Сократ жөнінде тарихта әртүрлі пікірлер қалған Аристофанның «Бұлттар» деген комедиясында Сократ «өтірікпен шындықты жеңетін» софистердің біреуі деп қөрсетілсе, Ксенофон оны заңды сүйгіш, әдет-ғұрыпты сыйлаған адам ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең ақылды, кемеліне келген дана ретінде суреттейді.

Сократ - жазба еңбектер қалдырмаған адам. Байлық қумаған. Сондықтан өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстырмалы қылғаны үшін жек көрген.

Сократ софистердің «Адам - өлшем» деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда іздеген адамы емес, ол - тек адам ретінде алынғандағы адам.

Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселелер: олар адам табиғаты, оның терең мәні. Оның айтуынша, адамның терең мәні - оның жан дүниесінде. Ал адамның жаны - ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгершілікке негізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті.

Негізгі бөлім

Адамды дене ретінде емес, сана ретінде түсіну керек. Ол - өз-өзін санасы арқылы сынай алатын, ар-ұжданы бар тұлға. Олай болса, адамның жан дүниесін тәрбиелеу қажет, оны өсіп-өндіруіміз керек. Өз қаласының адамдарына арнап: ол «Сендер өз денелеріңді я болмаса байлықты, басқа керек заттарды бірінші ретте ойламаңдар, ең алдымен өз жан дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріп, тазалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады», - дейді.

Сократтың ойынша, ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, қанағаттылық т. с. с. ) әрқашанда білім, ал залымдық - надандық.

Ешкім де саналы түрде жамандық жасамайды, ал жамандық жасайтындар оны білмегендіктен жасайды.

Ізгілік дегеніміз - жақсылықты білу және соның негізінде іс-әрекет ету; батылдық - ол қауіп төнген жағдайда не істеу керектігін білу; әділетті адам өзінің мемлекетпен қарым-қатынасын біледі т. с. с. Оның себебі, ізгіліктің табиғаты жөнінде адамдар ойланбайды, өйткені олардың көпшілігі әдет-ғұрып арқылы беріледі. Ал егерде біз оларды ақыл-оймен танып-білсек, онда біз өзіміздің жан дүниемізді байытып, жамандыққа бара алмаймыз.

Әрине, ізгіліктен ауытқу, күнәға бату - ол тек қана білмегендіктен шықпайды, ол адамның еркімен де тығыз байланысты. Бірақ ерте замандағы адамдарға ерік әлі таныс емес, оны тек Орта ғасырдың діни ойшылдары ғана ашқан болатын.

Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі - өз-өзін ұстауы. Қандай көңіл-күйде болсаң да: шаттық, қайғы-қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп, ұстауы қажет.

Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. «Менің ойымша, тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам пиғылды - әрқашанда бақытсыз».

Сократ адамның жан дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы - ирония мен маевтика. Ирония дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын ашып, ең ақырында оны: «Менің біле-тінім - тек қана ештеңе білмейтінім», - деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді.

Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Ол сәбидің Дүниеге келуіне көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ сәби емес, Дүниеге акиқат келеді. Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.

Бірақ Сократтың мақсаты - одан да әрі тереңдеу. Қандай мәселе талқыланса да, әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағынасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп, не қойдым, менін ар-ұжданым таза ма т. с. с. деген сұрақтарға әкеледі. Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытка дейін өзінің жан дүниесі жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды.

Олай болса, адамның өз-өзін танып-білуі - оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі «ұсақ мәселелердің» жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттык ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан: «Сіздің туған жеріңіз қайда?» - деп сұрағанда, ол: «Мен ғарыштанмын», - деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
Антикалық мәдениеттегі философия
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Абай шығармаларында адамды зерттеуі
Философия дәрістер
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Платон философиясы
Көне Греция философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz