Сиырды күтіп бағу әдістері


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және биотехнология»
факультеті
«Жұқпалы емес аурулар және морфология»
кафедрасы
«Ветеринарлық гигиена және санитария» пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: 50 сиырды байлап ұстауға арналған қора-жай
Орындаған: ВМ-33 студенті
Аманғалиева Г. Ж
Тексерген: магистрант Жарылқасын Б. Н.
Орал, 2018
Мазмұны
Кіріспе
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті. Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін - бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) - баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) - тайынша, бір жастағы ұрғашысын - қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын - құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) - дөнежін, еркегін - бұқа, піштірілген еркегін - өгіз деп атайды. Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 - 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 - 35 жыл, бұқасы 15 - 20 жыл тіршілік етеді. Сүт бағытындағы Сиырдан 9 - 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді. Сиырды етке 1, 5 - 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн. Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 - 10 жыл пайдаланады. Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 - 10 айлығында, бұқаларда 8 - 10 айлығында жетіледі. Алайда шағылысқа қашарды 18 - 22, бұқаны 14 - 18 айлығында қосады. Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 - 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық) . Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз. Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 - 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 - 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды. Ересек Сиырдың салм. 250 - 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 - 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.
Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 - 400 кг, сүтінің майл. 3, 6 - 4%. Бір сауын маусымында 2 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82, 2 кг (ярослав тұқымы) . Сауылым мерзімі 280 - 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1, 5 - 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында. Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 - 70% аралығында. Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем) .
Сиырдың сүті-бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а. ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т. б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т. б. ; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т. б. өсіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сиырларды ұстауға арналған қора-жайларды жобалау.
Әдебиетке шолу
Ж. Мырзабеков деректері бойынша ірі қара фермасы Өндірістік бағыты, экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:
-асыл тұқымды мал фермасы-негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару және қолда бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл тұқымды төл өсіру;
-тауарлы ферма-сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
- одан әрі өсірілетін, яғни тобын толықтыратын төл өсіреді;
-ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Н. Омарқожаевтің мәліметтері бойынша сауын сиырдың өнімділігін оны ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сауын сиырлар қорасы малға қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады. Ол үш бөлімнен-сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан тұрады.
Ж. К. Керімовтың деректері бойынша сиырлар қораларын салатын орын тұрғын үйдің ық жағынан, яғни желдің жиі тұратын бағытына қарама-қарсы жақтан таңдалады. Бұған қоса қора салынатын орынның тұрғын үй орналасқан жерден сәл болса да төмендеу болғаны жөн.
Қ. Сәбденов деректері бойынша сиыр қораларын салғанда оның ішіндегі ауаның дер кезінде тазартылып тұруын ескерген жөн. Себебі ауасы тазартылмаған қорада зәр мен нәжістің ыдырауынан пайда болатын организмге зиянды көптеген зиянды газдар жиналып, малдың денсаулығына, оның өнімділігіне әсер етеді. Осындай себептердің салдарынан сиыр сүттілігінің 18% кемитіндігі ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан қора ішіндегі ауаның тұрақты түрде алмасып отыруы үшін зәр мен нәжіс жиналатын орынның төбесіне шатыр арқылы құбыр орнатады. Бұл құбырдың ашылып-жабылып тұратын қақпағы болғаны дұрыс.
Қ. Жаңабеков мәліметтері бойынша сауын сиырлар организмінде ұдайы жүретін зат алмасу процесі сыртқы орта, яғни қора ішіндегі ауа температурасының көрсеткішімен тікелей байланысты. Жануарлар организмінде температураның тұрақты екендігі баршамызға мәлім және дені сау мал мен құста дененңғ тұрақты температурасы сыртқы ортаға байланысты өзгермейді.
Керісінше, қора ішіндегі ауа температурасының қалыпты жағдайдан жоғары болуы да сиырлардың жем-шөпке деген тәбетін төмендетеді де, олардың өнімділігінің кемуіне әкеліп соғады.
Г. Колковтың деректері бойынша мал қора ішінің микроклиматына ауа ылғалдылығының тигізетін әсері зор. Сондықтан қора ішіндегі ауа ылғалдылығының қалыпты жағдайдағы көрсеткішін білген жөн. Ол 60-70 пайызға тең. Бірақ ауаның ылғалдылығы оның температурасына тікелей байланысты келеді.
Н. Омарқожаев деректері бойынша мал организмі үшін судың маңызы зор. Себебі организм құрамының 60-70 пайызы судан тұрады және ондағы үздіксіз тұратын химиялық реакциялар тек су ерітіндісіне ғана тұрады. Сондықтан олардың ауруға шалдықпауы және одан мол өнім алу үшін құнарлы жем-шөппен азықтандырумен қатар оны уақыты сураып тұру керек, 4-5 күн су ішпеген малдың өлуі мүмкін. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда денедегі судың 10 пайыз азаюы организмді ауыр, кері қайтпайтын әртүрлі органикалық өзгерістерге ұшыратады екен, ал 20 пайыз кемуі тіпті өнім-жітімге әкеліп соқтырады.
И. П. Наурызбаевтың деректері бойынша мал қораларындағы микроклиматтық параметрлерді тәулігіне 3 рет өлшейді. Өлшеу жұмысы әр түліктің жасына қай 2-3 жерде еденнен 0, 3-1, 5м биіктікте жүргізіледі. Биіктігі жағынан бұл өлшемдер микроклимат параметрлерін анықтау барысында ауытқуы мүмкін. Солай бола тұрса да мынадай принциптерді басшылыққа алуы керек. Микроклиматты өлшеу жұмыстары мал жататын жерлерде жүргізілуі тиіс. Өндірістік жағдайларда қораның микроклиматын зерттеуді айына 3 рет жүргізуі жөн.
Г. А. Кононовтың деректерінде мал қоралары микроклиматына мынадай сипатта берілген: қораның микроклиматы дегеніміз-ортаның төмендегідей факторларының жиынтығын; температураны, ылғалдылықты, ауаның қозғалу жылдамдығы мен салқындату қабілетін, жарықтылығын, атмосфералық қысымды, иондауды, ауаның газ құрамын, сондай-ақ тараған шаңды бөлшектер мен микроорганизмдерді қамтитын шектеулі ортаның климаты. Осы факторларға қоса қоршаған конструкциялардың мал арасындағы сәулелі жылу алмасуының көлемі мал қорасының микроклиматына ықпал жасайды. Қораның микроклиматы технологиялық жобалау нормаларына сақтауға ғана емес, сондай-ақ жергілікті жердің ауа райы жағдайфна байланысты.
В. Ф. Мотусевичтің мәліметтері бойынша мал шаруашылығы комплекстерінде жылдың әр маусымындағы микроклимат әдетте, қора-жайға берілетін жылытылған немесе салқындатылған ауаға байланысты. Осы мақсатпен біздің елімізде де, шет елдерде де сұйық отымен немесе электр энергиясымен жұмыс істейтін жылу генераторлары, электр колориферлері, су немесе бу колориферлері, кондиционерлер және булап салқындатқыш құрылғылар сияқты жабдықтар қолданылады.
Қ. Едігеновтың деректерінде сауын сиырды байламай бағу зоогигиеналық тұрғыдан алғанда өте пайдалы. Өйткені мал таза ауада ұзақ уақыт болады да, мұның өзі оның денсаулығына, өнімділігіне жақсы әсер етеді. Сонымен бірге мұндай да малды күтіп бағу, азықтандыру, орналастыру және сауу жұмысын ұйымдастырған жөнінде талап күшейтіледі.
М. Қуанышбековтың еңбектерінде сиырды күтіп-бағу технологиясын ғылыми негізде ұйымдастыру еңбек өнімділігін арттыруға, мал өнімділігін көбейтуге бағытталған өзекті шаралардың бірі.
Сиырларды байлап-күтіп бағатын өнеркәсіптік типтегі фермалардың қорасы кең табаритті, ұзындығы 75-85м, ені 21-25м, автоматты желдеткіш қондырғы орнатылған болуы керек. Қора азық үлестіретін жол арқылы екіге бөлінеді. Оған төрт қатар станок орнатылған. Азық үлестіретін жолға жапсарлай төрт қатар оттық орнатылады.
А. Б. Левиннің деректері бойынша ауыл шаруашылығы малдарына арналған азықтың бәрі төмендегідей бөлінеді: құнарлы(балауса шөп, көк шөп, сүрлем, пішендеме) ; сояулы(шөп, сабан, топан) ; минералды(ас тұзы, бор, қабыршақ) ; техникалық өндіріс қалдықтары мен ас қалдықтары.
Е. И. Админнің мәліметтері бойынша сиырға берілетін негізгі сулы азықтың бірі-сүрлем. Оны көбінесе жүгеріден дайындайды. Ал жүгері өспейтін жерлерде сүрлем басқа көк азықтардан дайындалады.
Бақша дақылдарына азықтың асқабақ, азықтық қызылша, кәді және қарбыз жатады. Бұл азықтардың құрамында 90 пайыз су болғандықтан олар ұзақ сақталмайды. Оларды сиырға жинап жатқанда туралған күйінде басқа азықтарға қосып береді. Жануартектес азықтар сауын сиырға ет-сүйек және балық ұнтағы беріледі. Бұлар толыққұнды протеинге бай, сондықтанда оларды құрама жемге қосады.
2. Негізгі бөлім
2. 1 Сиырды күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигеналық тұрғыдан бағалау
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі-ірі қара шаруашылығы. Халықты азық түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен (ет, сүт және т. б) қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың саналалы ауруларымен күрес, сауу гигиенасы, яғни, тазалығы мен сүт сапасын арттыру, басты міндет болып табылады.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп мал шаруашылықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады. Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және қолда күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Сиырды байлап және байламай ұстау әдістері де қолданылады. Соған орай, ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап, малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Қолда-жайылымда ұстау сауын сиыр шаруашылығында анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңінде мал қора-жайда, ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына сай келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі, мұндайдамал еркін жүріп, күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі артады, қыстыкүні қолда юағылған кездегі кейбір ауру сырқаудан өздігінен айығады.
Қолда-лагербде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жағалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ, сауын қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оң әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі ферада жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, мал-дәрігерлік-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қолда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде мал жыл бойы ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал көп шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданылады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларында серуендетіліп, шабылған көк балаусамен азықтандырған орынды және экономикалық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда мұндай жүйе кезінде азықтандыру, күтіп-бағу жүйесі бұзылса және уақытылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Республикамыздың тұрақты аймақтарындағы шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендеті, ал таулы аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан.
Сиырды күтіп бағу әдістері. Дүние жүзі тәжірибесінде барлық жерде сиырларды күтіп бағуды байлап және байламай деген екі әдісі күқолданылады.
Сиырларды байлап бағу кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, сүт түтіктері қолданылады, сиыр сауын алаңында сауылады, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады.
Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мамандары мен мал күтушілерге олардың денсаулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл. Тұрақты азықтандыру және суару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да құрғақ төсеніш құрылғы, кең де жарық, жақсы желдетілген қора-жай, жеке-жеке азықтандырып, сауу, тағы басқа операциялар күтіп бағудың бұл әдісі кезіндесиырлардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп қажет ететін процестеді механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып-күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қора-жай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты еденді серуендету қорасы, механикаландыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет.
Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар-қалың төсеніш үстінде бағып күту және бокстарда төсенішсіз бағып күту.
Сиырларды қалың төсеніш үстінде бағып күту шетелдерде өте кең тараған. Бірақ бізде ол онша қолдау таба қойған жоқ. Басты себебі-төсеніштің(сабан) жеткіліксіздігі, қора-жайға микроклимат қалыптастырып, жақсы санитариялық жағдайда ұстап тұрудың қиындығы.
Көбіне, бокстарда байлаусыз бағу әдісі қолданылады. Азық ленталы транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен дельта-ысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясын қанағаттандырады.
2. 2. Буаз және сауылған буаз сиырларды азықтандыру
Мүйізді ірі қара мал қарыны көп бөлімді күйіс қайтаратын малға жатады. Олар, негізінен, өсімдіктектес көк шөп және басқада аумақты жемшөппен қоректенеді. Мүйізді ірі қара мал азықтандыруын алынатын өнімі бойынша сүтті және етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт өндіруге сүтті бағыттағы қара - ала, аулие - ата, қырдың қызыл, симментал, бурыл латыш және де сүтті - етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал тұқымдары өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өтте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде пайда болатын құнды биологиялық сұйық.
Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті баолық дерлік, минералды және биологиялық әсерлі заттар жеңіл қортылып, жылдам сіңірілетін түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықттың да тамырдағы қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен - 90 есе, май мөлшері - 18 - 20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы деңгейінен анағұрлым жоғары шоғырланады. Сүт құрамында азық пен қанда кездеспейтін кезеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі. Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт мйы, ондағы липидтерден, фосфотидтер мен басым бөлігі сіркеқышқылы болып келетін ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы - сіңірілген амин қышқылдарынан түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне месқарындағы микробиологиялық метоболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да тікелей қатысады. қандағы витаминдар мен минералды заттар сүт құрамына өзгеріссіз енеді.
Сиыр етін өндіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымдарынан елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, санта - гертруда т. б. тұқымдары өсіріледі. Бұлардың төлін жеделдетіп өсіріп, бордақылып, етке сояды. Сондықтанда төлден сүтті сиыр өсірілгенде, оларды аумақты жемшөпті мейлінше мол жеп, ас қорыту жолының сиымдылығын ұлғайту көзделетін болса, етті бағытттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімді тірілей салмағы мен қоңдылығын жоғарлату көзделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz