Оқыту әдістерінің жіктелуі


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін дамытудың міндеттері көзделеді. Осы міндеттер мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты, іс жүзінде жүзеге асырылуы мүмкін болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру» қажеттілігін көрсеткен. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне өтуге бағыт алуда.
Демек бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты - сабақ сапасын көрсету, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін жоғарылату.
Осыған орай жалпы білім беретін мектептердегі өзекті мәселелердің бірі - сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен қолдану - мұғалім шеберлігінің басты мақсаты. Осы аталған дәлелдемелерден келіп әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы зерттеудің мақсаты анықталды.
Жұмыстың мақсаты: химия пәнін жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдерін құрастыру.
Зерттеу нысандары: жалпы білім беретін мектептегі химияны оқыту жүйесі.
Зерттеудің пәні: химия пәнін жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- химия пәнінің білім мазмұны бойынша жинақталған тәжірбиелер негізінде жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдерін құрастырудың ғылыми - әдістемелік негізі анықталды.
- анықталған ғылыми - әдістемелік негізіне сүйене жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдері анықталып жүйелендірілді.
- жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдерін қолданудың жолдары анықталды.
Алынған нәтижелері:
- жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдерін құрастырудың ғылыми - әдістемелік негізі анықталды.
- әдеби шолу арқылы анықталған ғылыми - әдістемелік негіздің нәтижесінде жаңа жағдайға бейімдей оқытудың тәсілдері таңдалып алынды.
- осыларға байланысты өткізілген сарамандық сабақтарды талдау арқылы жаңа жағдайға бейімдей оқытудың саралай және даралай тәсілдерін қолдану оқудың нәтижесін елеулі түрде жоғарылатуға, оқыту бағдарламасының жылдамдығын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызатыны анықталды.
Практикалық маңызы:
Пәндерді оқыту әдістемесінде саралай және даралай оқыта отырып және интеллектуалды ойын ретінде оқушылардың белсенділігін арттыру олардың оқыту үрдісінде құрылымын басқаша, ескі үйреншікті жұмыс әдістемесін бұза отырып жеке басын дамыту деңгейін еселі түрде өсіруге болады.
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1. 1 Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші мәсел болса, жасыратыны жоқ, бұрын оқыту ісіне біржақты қарап, тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалімге түсті. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалімге түсті. Мұғалім өзі түсіндіреді, сұрайды, қосымшалармен толықтырылады. Бұрынғы дәстүрлі оқытудың тозығы да озығын да қайта қарап, оқытудың жаңа инновациялық жұйесін ендірудің уақытты жетті. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша ой, көз-қарас, қарым - қатынас қалыптастыру қажет. Инновация сөзі - латынның “novec” - жаналық, “in” - енгізу деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңашылдық. [1]
Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше, олардың инновациялық оқыту технологиясы негізінде химиялық білім беру идеясын қолдап шығатынына сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие болумен қатар оның қажеттілігіне сене отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүмыс жүргізуді, оның тимділігі қандай болады, қиыншылығы неде деген мәселелер төңірегінде ойлануды жөн көрдік. Инновациялық оқыту технологияларының теориялық негізіне зер салуды, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеуді мақсат еттік [2, 3] .
«Инновация» ұғымы педагогика ғылымымен бірге жасасып келеді деуге болады. Олай дейтініміз, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде кездесіп отырады. «Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі анықтама берген. Осы ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар -М. М. Поташник, А. С. Доренсов, В. И. Днепрова, В. С. Лазерева, П. И. Третьякова, Н. Нұрахметов, Ш. Таубаева, Қ. Құдайбергенова, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. «инновация» ұғымына «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс-тәсілдер» деп түсінік берген. Инновациялық үрдіс дегеніміз -жаңалықтарды жасау, оку-тәрбие үрдісінде қолдану [4, 5] .
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған [6, 7] .
Инновация сөзі- қазіргі барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз жаңа, өзгеру, жаңаша деген мағынаны береді және дәл қазіргі жаңа заманға да жаңаша өзгерудің мазмұны терең және анық екендігі белгілі.
Ал осы инновациялық мәдениетті біз қалай түсінеміз?
1. Мұғалім қазіргі таңдағы болып жатқан жаңалықтардан хабары болып, өз пәнін жетік біліп қана қоймай, жаңа озық іс-тәжірибелерден өз қажетін тауып, оны асқан шеберлікпен пайдалана білетін жан.
2. Инновациялық мәдениет ең алдымен мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасынан көрінеді. Мұғалімнің ойының ұшқырлығы, талап-тілегі, жан-дүниесінің байлығы оқушының мәдениеттілігінен көрініп тұрады.
3. Мұғалім білікті, білімді болса шәкірт оны тез таниды, сыйлайды. Мұғалім өз шәкіртінің жай-күйін түсініп, оған көмек көрсетуге әрқашан дайын тұруы, оның еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттілікке жатады.
4. Мұғалімнің өз сабағында жаңа техниканы қолданып, сабақты белсенді өтуі, оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:
-білім мазмұны жаңа біліктер мен ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
-ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
-баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына мұқият қарау дәуірі. Ал қазіргі басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға терең білім беру мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру [8-17] .
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
ХХІ ғасырда білім беру жүйесін жетілдіріп, оқытудың жаңа жолдарын іздестіру қажет екендігі түсінікті [18] . Кез келген жоғары оқу орнына ғылым мен техникада, экономика мен басқару ісінде өз білімін іскерлікпен пайдалана алатын батыл да жаңашыл, белсенді мамандар даярлау талап етіледі. Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау, әрқайсысының даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым-қатынас жасау, шығармашылық ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстардың әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасайтын ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінің жолдарын үйрету- оқытушылардың басты міндеті.
Қазіргі көп салалы білім беруде жаңа ақпараттық технологиялар оқушыларға, студенттерге және оқытушыларға пәнді меңгеру деңгейін жоғарылатуға және әрбір студенттің сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Білім берудегі басталған ақпараттандыру үрдісі оқу орындарында білім беру ісінде химия пәнін дербес компьютерді пайдалану үшін түрлі бағдарламалау жұмыстарын жасауға алып келеді. Бұл әдеттегі білім беру формасына қарағанда бағдарламаландыру арқылы оқыту мүмкіндігіне қол жеткізді.
Оқытушылардың квалификациясын жоғарылату мен оқушылардың білімі педагогикалық техналогиялар мен оқу жүйесімен тікелей байланысты. В. Манахов «Педагогикалық технология - бұл оқушылар мен мұғалімдерге мінсіз жағдай жасалынуымен байланыстыра отырып оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және қолданудың жан-жақты түбегейлі ойластырған нұсқасы » деп педагогикалық техналогияға нақты сипаттама берген. [19]
С. Сполдингтің сипаттамасына сүйенер болсақ, педагогикалық техналогия - бұл оқу үрдісін жоспарлау, қолдану және өз еңбегін бағалаудың жүйелендірілген әдістемесі және оның адамдық және техникалық ресурстардың шама -шарқын ескере отырып білімді бойға сіңіру және білім берудің жетістікке жеткізер озық формасы мен арақатынасы болып табылады.
Мектептерде химия пәнін оқыту үрдісінің арнайы ерекшеліктерін ескеретін негізгі типтері мына төмендегілер.
1 . Жемістілік, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту бағытындағы білімгердің шығармашылық талпынысы мен өзіндік ізденісі.
2. Тұлғалық, шығармашылық әлеуметтік үрдіс арақатынасында жеке тұлғаның қалыптасуы.
3. Мазмұнды - өнімді, икемділікті қалыптастыруға мақсатталған.
4. Ресми -өнімді, білім алуға себеп болатын.
Я. Коменский әрбір оқушыны ұлы білімпаздыққа апаратын бірден-бір тура жол -сұрау (талдау), жаңа білімді есте сақтау (меңгеру) және өз білетінін өзгелермен бөлісу деп есептейді.
Оқып жүрген студент қаншалықты басқаларды оқыта отырып өз білімін толықтырар болса, онда оның жаңа материалды меңгеру сапасы жоғарылайды. Бұл орайда, оқушы өз сыныптастарының мінез - құлқы мен санасына пән мазмұнының бағалы да маңызды ақпараттарын пайдалана отырып әсер ете алады және сол арқылы өзіндік дамуына қол жеткізеді.
Инновациялық оқыту әдістемесінің ерекшеліктері (оқыту тесті, бақылау тесті, оқытудың ұжымдық тәсілі) білім жүйесінде студенттерді, барлық оқушыларды өзін -өзі дамытуға білім ала отырып өмірлік іс-тәжірибеде қолдану дағдысын меңгеруге, сонымен қатар оқу орнын бітірушілерге көмектесетін жаңа әдіс деп айтуға толық негіз бар. [20-25]
Химияны оқытудың мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат - әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады. Ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. [26]
Химия пәні оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек және т. б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.
1. 2. Он екі жылдық білім беру және жаңа мұғалім
А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», - деп айтқанындай, жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. [1]
Мұғалім -өмір сахнасындағы әртіс деуге болады, өйткені, кез-келген оқушының жан-дүниесін үңіле білетін, өзгерістерін сезіне білетін адам. Ол -дамытушы, себебі шәкірт - қайнар бұлақ, көзін тауып, оны ашу негізгі міндет болып есептеледі. «Мұғалім - мектептің жүрегі болса, өмір сахнасындағы әр тұлғаға сәуле берер «күн» болса, ал мектеп - қоғамның тірегі, оның идеяға толы өміріне серік, сүйеніш. Олай болса, ұстаз - мектептің арқалар жүгін, істер ісі көп ұлы тұлға!
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр [18] .
12 жылдық білім беруге көшу:
- Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
- шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды;
- жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде көшуді;
- әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға калай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т. б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А. К. Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы. Алтынсариннің «Мұғалім - мектептің жүрегі", - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.
Қызылорда қаласындағы №6 орта мектебін жаңа құрылым мектебі деп, ал ұстаздарын жаңа құрылым мектебінің мұғалімдері деп атауға болады. Себебі 2003-2004 оқу жылынан бастап бұл мектеп 12 жылдық оқыту экспериментін алғашқы бастап кеткен білім ордасы [27, 28] .
Қызылорда қаласындағы №6 орта мектеп мұғалімдері - зерттеушілік-шығармашылық талаптарын толық меңгерген, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін, ақыл-кеңес бере алатын жаңашыл педагогтар.
Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу мақсатында эксперименттік сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелерінен материалдар жинақтап, сараптама жасалып тұрады.
12 жылдық білім беру жүйесіне өтудегі негізгі басымдықтар білім беру саласындағы мемлекеттің саясатының дамуының негізгі бағыттары болып табылады. Білім беру саласы ұлттық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ете отырып, білім беру процесіндегі ұлттық идея мен әлеуметтік негіздерді ұштастыра білу керек. Білім берудің келешегі ұлттық психология мен тарихқа негізделіп және адамның, қоғамның, мемлекеттің қажеттеліктеріне сәйкес құрылады. Ал білім беру жүйесін реформалаудың маңызды қағидалары ұлттық мәдениет пен бірлікте болуында екендігі сөзсіз. Білімділік әлеуметтану барысындағы қалыптасқан әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерінің жиынтығы мен нақты мәдени әлемге ену болып табылады. Демек, бұл сапалармен ұлттық сипат көрінеді, менталитет қалыптасады, белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде тұлға дамиды. Сондықтан да бір елдегі пайда болып дамыған білім беру жүйесінің тарихи жағдайы өзгеше екені елге көшіріп жасау оң нәтижеге алып келмейді. Қалыптасқан білім беру жүйесі көптеген қоғамдағы қалыптасқан аспектілермен қазіргі социумның мұраттарына сай келмейді. Ал білім берудің мәнінде қандай тұлғаны, қандай мұраттармен және құндылықтармен қалыптастырамыз деген ой жатыр. Қазіргі уақытта білім берудің гуманистік сипаты адамның мүддесін, оның зерделі рухани дамуын қарастырады. Гуманизм адамның құндылығын тұлға ретінде, оның еркіндікке, бақытқа, өз қабілеттерін дамыту мен жүзеге асыру құқығын мойындайды. Жаңа білім беру реформасының мәнінде азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланып, өзіндік білім алу мен өмірлік траекториясын тиімді құру мүмкіндігі мен материалдық және моральдық жетістікке жетуге кепілдік беретін білім мен білікті жүзеге асыруға бағытталу жатыр. [29]
Демек, қазіргі әзірленіп жатқан 12 жылдық білім беру жүйесінде үйлесімді кәсіптік және білімдік траекторияны қалыптастыруға жағдай жасалу керек. Егер де өткен ғасырда индустриялды экономика азшылықтың ой өресін пайдалану жеткілікті болса, ХХІ ғасырда шығармашылық, барлық адамның ой өресі, әлемдік нарықта жетістікке жетуде, елдің қауіпсіздігіне, адамның сапалы өмірінің тиімді дамуындағы басты ресурс болып табылады. Ал ортада адамның бәсекеге қабілетті болып өмір сүруі үшін қажетті жағдай білім алу екендігі сөзсіз. Ақпараттар ағымында қоғамның өркениеттілігі оның азаматтарының білімі мен білігі арқылы мамандық алуға мүмкіндігін жүзеге асыру мен көрінеді. [30]
БҰҰ Бас Ассамблеясының сауаттылық он жылдығы (2003-2012жж) туралы революциясы бойынша сауаттылық ұғымы былай тұжырымдалған: «Сауаттылық дегеніміз - оқу, жазу, есептеу ғана емес, сонымен қоса, тұлғаның әлеуметтік, саяси, мәдени және экономикалық қызметке толыққанды қатысуы үшін қажет болатын білім мен дағыдылардың тұтас кешенінің дамуы, түптеп келгенде, оның қоршаған ортаның соққыларына қарсы тұруға дайындығы жекелей тартқанда, адам еркіндігі ретіндегі қарастырылатын құқықтық сауаттылықтың, отбасы өміріне, денсаулық мәселелеріне қатысты сауаттылықтың, компьютерлік сауаттылықтың қоғамның барлық мүшелерінің білім алуға қажеттілігі ретінде өтелуі». Бұл жерде «біле бергеннің бәрі жақсы» дегенге апаратын логотроптық бағытты (академизм) қабылдап алу да ойландыратын мәселе. Ағылшындардың менталитетіндегі (олардың ойлау бейнесі мен рухани-психологиялық жағынан тез әрекет жасаушылығы) бәсекелестікке, нарықтық экономика жағдайында жақсы өмір сүру үшін күресуге бағдарлануы Ұлыбританияның ғасырлар бойы әлемдегі жетекші орындармен қамтамасыз еткен.
Ал бәсекеге қабілетті болу, жарысу, жинақылықты, шешім қабылдауды талап ете, өндірістің және адам өмірінің деңгейін көтереді. Жаңа білім беру кеңістігі қоғамдық қызметтің аймағы болып табылады, мұнда азаматтық қоғам өсіп, бұл кеңістікте азаматтықтың критерийі қалыптасатын болады. Ұлттық білім беру жүйесі ұрпақ тәрбиесінде азаматтық қоғам идеяларын қабылдай отырып, қазақтың дәстүрлі құндылықтар жүйесі мен басымдықтарымен толықтырылу қажет.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) білім саясатын жүзеге асыруды айқындайды. Стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін таныта келе, білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді мақсат етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz