Жеке әдістердің жіктелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту
технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік -
экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім
беру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу -деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс
жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру
үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың
тиімділігін арттыру қажеттілігін көрсеткен. Қазіргі кезде
республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңестігіне өтуге бағыт алуда.
Демек бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көрсету,
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін
жоғарылату.
Осыған орай жалпы білім беретін мектептердегі өзекті мәселелердің бірі –
сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің
бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін
игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу, олардың
жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен қолдану –
мұғалім шеберлігінің басты мақсаты. Осы аталған дәлелдемелерден келіп әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы зерттеудің мақсаты анықталды.
Жұмыстың мақсаты: инновациялық оқыту технологиясы арқылы сабақ сапасын
көрсету, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін
жоғарылату.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
1. Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие процесі арқылы
оқушыларға терең білім берумен қатар ойлау және сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
2. Химияны оқыту барысында оқушыларға саралай және даралай оқыту,
желілік рольдік ойын әдістемелерін пайдалана отырып, оқушыларды
жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттау.

1 Әдебиеттік шолу.

1.1 Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді
әдістері

Жылдан жылға қарыштап дамыған қоғамымызда мұғалім рөлі өсіп келе жатқаны
даусыз. Мемлекеттің білім саясатын жүзеге асыратын мектептер десек, ал
мұғалім мектептегі ең басты тұлға. Қазіргі мұғалімдердің біліктілігін
көрсететін бір өлшемі инновациялық мәдениет.
Қазіргі заман талабы тұрғысынан алып қарастырар болсақ, бүгінгі мектеп
оқушыларының жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда
жоғары екеніне көз жеткіздік. Ендеше, олардың инновациялық оқыту
технологиясы негізінде химиялық білім беру идеясын қолдап шығатынына
сенімдіміз. Оқушылардың қолдауына ие болумен қатар оның қажеттілігіне сене
отырып, біз енді нақты қай технология негізінде жүмыс жүргізуді, оның
тимділігі қандай болады, қиыншылығы неде деген мәселелер төңірегінде
ойлануды жөн көрдік. Инновациялық оқыту технологияларының теориялық
негізіне зер салуды, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеуді мақсат
еттік [1,2].
Инновация ұғымы педагогика ғылымымен бірге жасасып келеді деуге
болады. Олай дейтініміз, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде кездесіп
отырады. Инновация ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі
анықтама берген. Осы ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар -М.М. Поташник,
А.С. Доренсов, В.И. Днепрова, В.С. Лазерева, П.И. Третьякова, Н.
Нұрахметов, Ш. Таубаева, Қ. Құдайбергенова, Н.Р. Юсуфбекова және т.б.
инновация ұғымына жаңалық, жаңаны енгізу, өзгеріс, құрал,
үрдіс, әдіс-тәсілдер деп түсінік берген. Инновациялық үрдіс дегеніміз
-жаңалықтарды жасау, оку-тәрбие үрдісінде қолдану [3,4].
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен
пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу
дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған
[5,6].
Инновация сөзі- қазіргі барлық өндіріс, медицина, техника салаларында
өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз жаңа, өзгеру, жаңаша деген
мағынаны береді және дәл қазіргі жаңа заманға да жаңаша өзгерудің мазмұны
терең және анық екендігі белгілі.
Ал осы инновациялық мәдениетті біз қалай түсінеміз?
1. Мұғалім қазіргі таңдағы болып жатқан жаңалықтардан хабары болып, өз
пәнін жетік біліп қана қоймай, жаңа озық іс-тәжірибелерден өз қажетін
тауып, оны асқан шеберлікпен пайдалана білетін жан.
2.Инновациялық мәдениет ең алдымен мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасынан
көрінеді. Мұғалімнің ойының ұшқырлығы, талап-тілегі, жан-дүниесінің байлығы
оқушының мәдениеттілігінен көрініп тұрады.
3.Мұғалім білікті, білімді болса шәкірт оны тез таниды, сыйлайды.
Мұғалім өз шәкіртінің жай-күйін түсініп, оған көмек көрсетуге әрқашан дайын
тұруы, оның еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттілікке жатады.
4.Мұғалімнің өз сабағында жаңа техниканы қолданып, сабақты белсенді
өтуі, оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап
айтқанда:
-білім мазмұны жаңа біліктер мен ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
-ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе
радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
-баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына мұқият қарау дәуірі. Ал қазіргі
басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға
терең білім беру мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру [7-
12].
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім
мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу
мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін,
іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
ХХІ ғасырда білім беру жүйесін жетілдіріп, оқытудың жаңа жолдарын
іздестіру қажет екендігі түсінікті [13]. Кез келген жоғары оқу орнына ғылым
мен техникада, экономика мен басқару ісінде өз білімін іскерлікпен
пайдалана алатын батыл да жаңашыл, белсенді мамандар даярлау талап етіледі.
Жас маманға өзінің кәсіби қызметі саласындағы жобалау, болжам жасау,
әрқайсысының даму деңгейін айқындай отырып әріптестерімен қарым-қатынас
жасау, шығармашылық ізденіс топтарын ұйымдастыру сияқты жұмыстардың әдіс-
тәсілдерін игеруге ықпал жасайтын ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінің жолдарын
үйрету- оқытушылардың басты міндеті.
Қазіргі көп салалы білім беруде жаңа ақпараттық технологялар
оқушыларға, студенттерге және оқытушыларға пәнді меңгеру деңгейін
жоғарылатуға және әрбір студенттің сапалы білім алуына мүмкіндік
береді.
Білім берудегі басталған ақпараттандыру үрдісі оқу орындарында
білім беру ісінде химия пәнін дербес компьютерді пайдалану үшін
түрлі бағдарламалау жұмыстарын жасауға алып келеді. Бұл әдеттегі
білім беру формасына қарағанда бағдарламаландыру арқылы оқыту
мүмкіндігіне қол жеткізді.
Оқытушылардың квалификациясын жоғарылату мен оқушылардың білімі
педагогикалық техналогиялар мен оқу жүйесімен тікелей байланысты.
В. Манахов Педагогикалық технология – бұл оқушылар мен мұғалімдерге
мінсіз жағдай жасалынуымен байланыстыра отырып оқу үрдісін жобалау,
ұйымдастыру және қолданудың жан–жақты түбегейлі ойластырған
нұсқасы деп педагогикалық техналогияға нақты сипаттама берген.
С.Сполдингтің сипаттамасына сүйенер болсақ, педагогикалық
техналогия - бұл оқу үрдісін жоспарлау, қолдану және өз еңбегін
бағалаудың жүйелендірілген әдістемесі және оның адамдық және
техникалық ресурстардың шама –шарқын ескере отырып білімді бойға
сіңіру және білім берудің жетістікке жеткізер озық формасы мен
арақатынасы болып табылады.
Мектептерде химия пәнін оқыту үрдісінің арнайы ерекшеліктерін
ескеретін негізгі типтері мына төмендегілер.
1. Жемістілік, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту бағытындағы
білімгердің шығармашылық талпынысы мен өзіндік ізденісі.
2. Тұлғалық, шығармашылық әлеуметтік үрдіс арақатынасында жеке
тұлғаның қалыптасуы.
3. Мазмұнды - өнімді, икемділікті қалыптастыруға мақсатталған.
4. Ресми -өнімді, білім алуға себеп болатын.
Я.Коменский әрбір оқушыны ұлы білімпаздыққа апаратын бірден-бір
тура жол –сұрау (талдау), жаңа білімді есте сақтау (меңгеру) және
өз білетінін өзгелермен бөлісу деп есептейді.
Оқып жүрген студент қаншалықты басқаларды оқыта отырып өз
білімін толықтырар болса, онда оның жаңа материалды меңгеру сапасы
жоғарылайды. Бұл орайда, оқушы өз сыныптастарының мінез – құлқы мен
санасына пән мазмұнының бағалы да маңызды ақпараттарын пайдалана
отырып әсер ете алады және сол арқылы өзіндік дамуына қол
жеткізеді.
Инновациялық оқыту әдістемесінің ерекшеліктері (оқыту тесті,
бақылау тесті, оқытудың ұжымдық тәсілі) білім жүйесінде
студенттерді, барлық оқушыларды өзін -өзі дамытуға білім ала отырып
өмірлік іс-тәжірибеде қолдану дағдысын меңгеруге, сонымен қатар оқу
орнын бітірушілерге көмектесетін жаңа әдіс деп айтуға толық негіз
бар.
Химияны оқытудың мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы
бойынша анықталады. Ол мақсат – әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті,
қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті жасөспірімдерді
тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам,
адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады. Ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік
көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды.

Химия пәні оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру,
ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық,
адамгершілік, еңбек және т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау,
түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

1.1 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім

А. Байтұрсыновтың Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса,
мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін
басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп
шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика,
методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім, – деп айтқанындай, жас
ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына
барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп,
мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас
ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән
бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік
азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға
бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек
күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр [13].
12 жылдық білім беруге көшу:
Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық
үлгіні жасауды;
жалпыға арналған біліммен білім әркімге өмір бойы үлгісіне саналы түрде
көшуді;
әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу
мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының
зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер
алдында тұрған негізгі мәселелер. Баланы оқуға қалай үйретеміз?, Ойлауға
калай үйрету керек?, Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?
деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім
педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым
салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің
алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің
шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке
ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне,
өз ісіне және өзге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын
берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы
өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала
түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі
мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені,
Ы.Алтынсариннің Мұғалім – мектептің жүрегі", – деп айтқанындай, барлық күш
мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке
тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет
Байтұрсынов Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді деген ғой.
Қызылорда қаласындағы №6 орта мектебін жаңа құрылым мектебі деп, ал
ұстаздарын жаңа құрылым мектебінің мұғалімдері деп атауға болады. Себебі
2003-2004 оқу жылынан бастап бұл мектеп 12 жылдық оқыту экспериментін
алғашқы бастап кеткен білім ордасы [14,15].
№6 орта мектеп мұғалімдері – зерттеушілік-шығармашылық талаптарын толық
меңгерген, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосатын, баланы
өздігінен өмірге жетелейтін, ақыл-кеңес бере алатын жаңашыл педагогтар.
Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу
мақсатында эксперименттік сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелерінен
материалдар жинақтап, сараптама жасалып тұрады.
12 жылдық білім беру жүйесіне өтудегі негізгі басымдықтар білім беру
саласындағы мемлекеттің саясатының дамуының негізгі бағыттары болып
табылады. Білім беру саласы ұлттық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ете
отырып, білім беру процесіндегі ұлттық идея мен әлеуметтік негіздерді
ұштастыра білу керек. Білім берудің келешегі ұлттық психология мен тарихқа
негізделіп және адамның, қоғамның, мемлекеттің қажеттеліктеріне сәйкес
құрылады. Ал білім беру жүйесін реформалаудың маңызды қағидалары ұлттық
мәдениет пен бірлікте болуында екендігі сөзсіз. Білімділік әлеуметтану
барысындағы қалыптасқан әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерінің жиынтығы
мен нақты мәдени әлемге ену болып табылады. Демек, бұл сапалармен ұлттық
сипат көрінеді, менталитет қалыптасады, белгілі бір мәдениеттің өкілі
ретінде тұлға дамиды. Сондықтан да бір елдегі пайда болып дамыған білім
беру жүйесінің тарихи жағдайы өзгеше екені елге көшіріп жасау оң нәтижеге
алып келмейді. Қалыптасқан білім беру жүйесі көптеген қоғамдағы қалыптасқан
аспектілермен қазіргі социумның мұраттарына сай келмейді. Ал білім берудің
мәнінде қандай тұлғаны, қандай мұраттармен және құндылықтармен
қалыптастырамыз деген ой жатыр. Қазіргі уақытта білім берудің гуманистік
сипаты адамның мүддесін, оның зерделі рухани дамуын қарастырады. Гуманизм
адамның құндылығын тұлға ретінде, оның еркіндікке, бақытқа, өз қабілеттерін
дамыту мен жүзеге асыру құқығын мойындайды. Жаңа білім беру реформасының
мәнінде азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланып, өзіндік білім алу мен
өмірлік траекториясын тиімді құру мүмкіндігі мен материалдық және моральдық
жетістікке жетуге кепілдік беретін білім мен білікті жүзеге асыруға
бағытталу жатыр.
Демек, қазіргі әзірленіп жатқан 12 жылдық білім беру жүйесінде үйлесімді
кәсіптік және білімдік траекторияны қалыптастыруға жағдай жасалу керек.
Егер де өткен ғасырда индустриялды экономика азшылықтың ой өресін пайдалану
жеткілікті болса, ХХІ ғасырда шығармашылық, барлық адамның ой өресі,
әлемдік нарықта жетістікке жетуде, елдің қауіпсіздігіне, адамның сапалы
өмірінің тиімді дамуындағы басты ресурс болып табылады. Ал ортада адамның
бәсекеге қабілетті болып өмір сүруі үшін қажетті жағдай білім алу екендігі
сөзсіз. Ақпараттар ағымында қоғамның өркениеттілігі оның азаматтарының
білімі мен білігі арқылы мамандық алуға мүмкіндігін жүзеге асыру мен
көрінеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының суаттылық он жылдығы (2003-2012жж) туралы
революциясы бойынша сауаттылық ұғымы былай тұжырымдалған: Сауаттылық
дегеніміз – оқу, жазу, есептеу ғана емес, сонымен қоса, тұлғаның
әлеуметтік, саяси, мәдени және экономикалық қызметке толыққанды қатысуы
үшін қажет болатын білім мен дағыдылардың тұтас кешенінің дамуы, түптеп
келгенде, оның қоршаған ортаның соққыларына қарсы тұруға дайындығы жекелей
тартқанда, адам еркіндігі ретіндегі қарастырылатын құқықтық сауаттылықтың,
отбасы өміріне, денсаулық мәселелеріне қатысты сауаттылықтың, компьютерлік
сауаттылықтың қоғамның барлық мүшелерінің білім алуға қажеттілігі ретінде
өтелуі. Бұл жерде біле бергеннің бәрі жақсы дегенге апаратын логотроптық
бағытты (академизм) қабылдап алу да ойландыратын мәселе. Ағылшындардың
менталитетіндегі (олардың ойлау бейнесі мен рухани-психологиялық жағынан
тез әрекет жасаушылығы) бәсекелестікке, нарықтық экономика жағдайында жақсы
өмір сүру үшін күресуге бағдарлануы Ұлыбританияның ғасырлар бойы әлемдегі
жетекші орындармен қамтамасыз еткен.
Ал бәсекеге қабілетті болу, жарысу, жинақылықты, шешім қабылдауды талап
ете, өндірістің және адам өмірінің деңгейін көтереді. Жаңа білім беру
кеңістігі қоғамдық қызметтің аймағы болып табылады, мұнда азаматтық қоғам
өсіп, бұл кеңістікте азаматтықтың критерийі қалыптасатын болады. Ұлттық
білім беру жүйесі ұрпақ тәрбиесінде азаматтық қоғам идеяларын қабылдай
отырып, қазақтың дәстүрлі құндылықтар жүйесі мен басымдықтарымен
толықтырылу қажет.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) білім саясатын
жүзеге асыруды айқындайды. Стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің
келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін таныта келе, білім беру
саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді мақсат етеді.
12 жылдық білім беру стандарты Қазақстанның қазіргі орта білім беру
саясатын әзірлеуде жаңа мазмұн бере, тұжырымдамалық сипатымен ерекшеленеді.
12 жылдық білім беру стандартының жалпы қағидалары Білім туралы Қазақстан
Республикасының Заңымен анықталып, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен
тұжырымдалған. 12 жылдық білім беру стандартында жаңа педагогикалық
парадгима мен жаңа педагогикалық құндылықтарға өтуге қадамдар жасалынады.
12 жылдық білім беруге ҚР МЖБС бойынша құзыреттілік- оқу мен өмір
жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны
және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің
нәтижесі. Құзыреттілік - орта білім берудің мазмұнына іскерлік, практикаға
бағдарланған бағыт береді. Түйінді құзыреттіліктердің мазмұнын қолдана
отырып, білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгеше құруға мүмкіндік
беріледі.
Европа Кеңесінің Декларациясының (1992ж) келісімімен әлемдік білім беру
кеңістігінде 12 жылдық орта білім беру жүзеге асырылуда. Әлемнің дамыған
елдері - экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мүшелері ХХ ғасырдың
60-жылдарынан бастап оқушылардың білімділік үлгісі мен білім берудің
құзыреттілік парадигмасы арқылы білім берудің күтілетін нәтижелерінің
(PISA, TIMSS) жетістіктерін бағалаудың халықаралық критерийі бойынша
салыстырмалы зерттеулер жүргізіп келген.
Тұлғаның білімдік нәтижесі әлеуметтік тәжірибе негізінде қоғам өміріне
жауапкершілікпен араласуы және түрлі жағдаяттарда құзыретті шешім таба
білуге дайындығынан көрінеді. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени
даму жағдайында білім беру- басты ресурс адам капиталын қалаптастыруда-
негізгі роль атқарады. Ал, білім беру үрдісінде басқа да әлеуметтік
институттарды қатыстыра, тұлғаның толығымен әлеуметтенуіне ықпал ету
бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болмақ.
12 жылдық білімнің негізгі идеялары мен бағдары білім беру стандартында
тұжырымдалады. 12 жылдық білім беруде білім, білік дағдыға қоса тұлғаны
әлеуметтендіру мен білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер
алынады. ҚР МЖБС бойынша білім алушы білім берудің әрбір деңгейін аяқтау
кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің
көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білу керек екендігі атап
көрсетілген. Ал МЖБС жетістігі нәтижелердің нақтылануы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының жаңа редакциясына сәйкес,
тұлғаның даму кезеңдері мен жас ерекшеліктерін ондағы іс-әрекет түрлеріне
сай 12 жылдық білім берудің үш деңгейі әзірленген. Әлеуметтік және тұлғалық
маңызды проблемаларды өз бетінше шеше алуы қабілеті мен құзыретті
интелектуалды және рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру қарастырылады. Жеке
өзіндік білім беру қызметін ұйымдастыру, кәсіби білім алу, қызметтің
түрлері мен түрлі салаларында өзіндік шешім қабылдауы, қоршаған ортаға
бағдарлану проблемалары алынған мақсат пен міндеттерде тұжырымдалады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының басты идеясы
қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру
нәтижелеріне талаптар қою болып табылады.
Қазақстандағы білім беру практикасындағы жалпы орта білім беру
мемлекеттік стандартындағы негізгі компоненттердің бірі базистік оқу
жоспары болып табылады. Білім берудің деңгейін, сыныптар бойынша білім
берудің мазмұнын игеруге бөлінетін оқу уақытын, оқу пәндері мен білім беру
саласының құрамын, білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін анықтайтын
нормативтер шеңберін тағайындайтын базистік оқу жоспары. Базистік оқу
жоспары инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы) бөлімдермен
ерекшеленеді. Еліміздің ең алғашқы білім беру стандарты 1998 жылы
тағайындалған.
12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне
сәйкес осы Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері
регламенттелген:
-білім алушыларды әлеуметтендіру
-бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
-метапәндік нәтижелер-оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір
жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап
тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
- пәнді оқыту нәтижелері-игерілген білім, іскерлік, дағды және білім
беру салалары бойынша құзыреттіліктер.
Білім беру нәтижелерінің үш түрін бөліп алу идеясы, оқу пәндерін оқытуды
ұйымдастыру, пәнаралық өзара ықпалдастық, мектеп пен социумның өзара әсерін
ұйымдастыруға бағдарланған нәтижелерге жетуге бағытталады.
Инварианттық компоненттің базалық компоненті тұтас білім беру кеңістігін
қамтамасыз етеді және базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытудың барлық
бейіндері мен бағыттары үшін міндетті пәндерін оқытуды көздейді.
Негізгі орта және жалпы орта білім берудің мазмұны түрлі жастағы
балалардың жас ерекшеліктерін ескере, білім берудің мазмұнындағы
ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі мектепте ойлаудың ғылыми
стилі, коммуникативтік дағдылардың дамуы мен қарым-қатынас жасауы, өз іс-
әрекетін жоспарлау және орындау білігі, күтілетін нәтижеге жету, топта
ынтымақтастықта жұмыс жасау икемділігі, сыни және талдау тұрғысынан ойлау
сұхбаттық жетекші қызметті қалыптастырады. Өзін-өзі тануға, өз білімін
көтеруге, өзін-өзі бағалау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Ал мазмұны
ғылымның базистік негіздерін игеруге, түрлі пәндік-практикалық танымдық
және адамгершілік-рухани іс-әрекетте біліктер мен дағдылардың дамуына
мүмкіндіктер берілген. Бейіналды дайындығы қызметтің түрлі салаларында
кәсіптік бағдарлануды жүзеге асырады. Бейіні мен одан әрі білімін
жалғастыруға жағдай жасалады. Базалық деңгей міндетті болып табылады.
Бейіндік мектепте кәсіптік оқу қызметі негізгі роль атқарады. Өз білімін өз
бетінше құрастыру білігін дамыта отырып, ақпараттар кеңістігінде
бағдарлануға жағдай жасалады. Бейіндік мектепті жүзеге асыруда түйінді
құзыреттіліктерді игеру пәнді таңдау негізінде саналы түрде тұлғалық,
азаматтық, кәсіптік өзін анықтауды іске асыруға мүмкіндік туғызады.
Инвариантты және бейіндік компоненттердегі пәннің мазмұнына кіріктірілген
пәндер енеді. Оқу бейіндік және деңгейлік саралау негізінде құрылады.
Оқытудың дара білім беру траекториясы басымдық бағыттарымен және бейіндік
оқытумен, аймақтық білім беру жүйесінің құрылымы мен әлеуметтік мәдени
ортасының ерекшеліктерімен анықталады. Кәсіптік білім алу жалпы орта білім
алу деңгейіндегі инвариантты компонентті оқытумен жүзеге асырылса, қалған
пәндер кәсіптік білім алу көлемін ескере отырып оқытылатын болады. Жалпы
орта білім беру деңгейінде білім алушылардың сұранысы мен ынтасы ескеріліп,
болашақта айналысатын кәсібіне бағытталуын қамтамасыз ететін бейінді
компонент болып табылады. Инвариантты компонент арқылы стандарт талаптары
орындалады. Білімнің мазмұны инвариантты бөлікте айқындалады. Жалпы
адамзаттық және ұлттық құндылықтарды білім алушыларға зерделеп дамытуда
инвариантты бөліктерде шоғырланған білім саласына жататын пәндердің маңызы
зор.
Инвариантты компоненттегі пәндердің мазмұны арқылы білім алушы нәтижеге
жетеді. Сондықтан да тұлға бойында ұлттық идея мен жан-жақты даму, түйінді
құзыреттіліктердің қалыптасуына негіз болатындай білім мазмұны қарастырылу
керек. Демек, ұрпақ бойындағы білімділік мұраттарының алатын орны ерекше.
Қазіргі уақытта жаңа білім жүйесі үшін интеллектілік негіз жасайтын жаңа
педагогикалық және философиялық идеялар кешенін іздестіру керек. Ол үшін
ең алдымен оқытудың мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әрекетін
ескереді. Оқыту әдістері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін
мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері
мұғалімі оқушыларын білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік
көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оның әдістері,
құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан
қарағанда химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады,
өйткені әдіс дегеніміз – мазмұнның ішкі қозғалысы.
Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта
алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары
пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз –
белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен
оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген анықтамаға келеміз.
Химияны оқыту әдістері ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады,
оқушылардың химия объектілерін танып, білу әрекетінің ерекшеліктерімен де
сипатталады.
Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі
жүйе құрайды (сызбанұсқа 1). Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер
болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты
бойынша түсіндірме – иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу
әдістеріне тармақталады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына, яғни
оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі сармандық
әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы, одан әрі жеке әдістерге жіктеледі
(1.1-кесте).

Сызбанұсқа 1. Оқыту әдістерінің жіктелуі

Кесте 1.
Жеке әдістердің жіктелуі
Түсіндірме – сурет баяндау (дәріс, әңгіме);
бойынша түсіндіру
әңгімелесу
текспен өздігінен жұмыс
Сөз көрнекі әдістер көрнекі құралдары көрнекі көрсете отырып баяндау
көрнекі құралдары көрнекі көрсете отырып әңгімелесу
текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс
Сөз – көрнекі – оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы
сармандық әдістер
химиялық тәжірибелер орындау
құралдар құрастыру, модельдер жасау
жазбаша және графикалық жұмыстар орындау

Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі – мұғалімнің екі негізгі іс-
әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу
материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және
көрсетілімді пайымдау тәсілі. Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің
әдістері (кесте 2) келтірілген.

Кесте 2.
Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің әдістері
Сөз әдістер тобы Әңгімелесу (дискуссия семинар)
текспен өздігінен жұмыс
Сөз көрнекі әдістер тобы көрнекі құралдарыды пайдаланып, эвстрикалық
әңгімелесу
көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс
Сөз – көрнекі – сармандық Жеке әдістерінің тізбесіндегідей.
әдістер Айырмашылығы оқушылардың таным әрекеті
эвстрикалық сипатта болады

Зерттеу жалпы әдісінің сөз әдісі: оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы; сөз-көрнекі әдісі: әдебиеттермен
және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс; сөз көрнекі-сармандық әдістер
тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге,
субъективті жаңалық ашуға бағытталған.
Оқыту әдістерін жалпы логикалық жағынан алғанда индукция және дедукция,
аналогия деп жіктейді.
Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту
әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық
түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.

1.2 Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру
мәселелері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті
- білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру
жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің
өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.
Жаһандандыру жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік
жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып
табылады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне
білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын оның әлеуметтік капиталының
дамуына байланысты.
Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін реформалау білім
берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру мектебінің
жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр 14. Жалпы орта білім беру
құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12 жылдық
мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін
бейіндік окытуды жүзеге асыруға, мектептің кәсіби білім беру ұйымдарымен
икемді байланысын шыңдауға бағытталған.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялык
ұлттық университетте 2006 жылғы 27 мамырда оқыған Инновация және
білім арқылы экономиканы білу атты дәрісінде: Әлемнің бәсекеге
анағұрлым қабілетті 50 елдің катарына Қазақстанның кіру міндеті тек
мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға
бейімделе алатын, басқару тәжірибелері бар, ғылыми технологиялар білімін
игерген жоғары білікті мамандар ендіретін болса, - деп атап өтті.
Даму үстіндегі қоғамға әртүрлі салада табысты түрде жұмыс істеуте
дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек
нарығы қалыптастырады. Проблемаларды шеше алу және команда құрамында бірге
жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді
жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы болу, білім деңгейін ұдайы
арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құлдылыққа ие болып отыр.
Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу
сияқты қасиеттер де талап етіледі.
Қазақстандық білім беру қолданыстағы жүйесі еліміздің әлеуметтік
экономикалық дамуын кадрлық қолдауды толық түрде қамтамасыз ете алмай
отыр, жеке тұлғаны дамыту және мектеп оқушысын кәсіби тұрғыдан өз орнын
табуына қажет біліммен қамтамасыз ету, өзінше талдау жасау, өзін-өзі тану
кабілеттілігін дамыту міндеттерін жеткілікті түрде шеше алмай отыр.
Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғастыруына қажет бағыттарды тез
дұрыс таба алмай отыр, өзінің болашақ кәсіби қызметі мен мемлекеттің
экономикалық технологиялық және қорғаныс кабілетінің дамуы арасындағы
байланысты жеткілікті білмей отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың
жолы жоғарғы сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттау бағытында
мектептердің жұмысына маңызды өзгеріс енгізу болып табылады.
Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде
негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің
мүмкіншіліктеріне жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін
тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның
шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан
калыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас
адамның кандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім
алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді.
Бейіндік білім беру жүйесі - жоғарғы сынып оқушыларына арналған
мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне,
жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік
ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді
формасы.
Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру
мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды
арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.
Тұтас жүйе ретінде бейіндік білім беру мыналарды қамтамасыз етеді:
- оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындау мазмұнының кәсіби
біліммен сабақтастығы;
- бейіндік пәндер бойынша дайындықтың тереңдігі;
Көптеген дамыған елдерде сол елдердің мәдени және тарихи дәстүрлеріне
тән ерекшеліктері, сондай-ақ жалпыға ортақ қасиеттері бар жалпы орта білім
беру аясындағы бейіндік білім беру жүйелерінің қалыптасқанына көп болған,
әрі табысты түрде жұмыс істеуде.
Бейіндік оқыту жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясатының
негізін кұрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған.
Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады:
- оқу орындарын әртүрлі типтер бойынша бөлу;
- бір оқу орнының ішінде бейіндерге және ағымдарға бөлу;
- сыныптарды бейіндік топтарға бөлу.
Көбіне бейіндік аға мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі ретінде
ерекшеленеді: мысалы Францияда-лицей, Германняда - гимназия, АҚШ-та -
жоғарғы мектеп.
Оқу орнының ішінде окытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген
елдерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің 1-сыныбынан
бастап 6-сыныбы бойынша барлық окушылар жалпы түрде бірден дайындық алады,
7-сыныптан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды. Әрбір оқушыға
негізгі мектепте білім алуды жалғастырудың екі нұсқасы ұсынылады: жоғарғы
білімге жол ашатын академиялық және көбіне қолданбалы және бейіндік
пәндерден тұратын жеңілдетілген оқу жоспары бонынша окыту жүргізілетін
кәсіби.
Бөлшектеп саралау және әртараптандыру идеялары топтық оқытуды
ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойынша
ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (АҚШ); оқушыларды қабілеттері,
мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу бағдарламаларының
деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және , т.б.
Бейіндік дайындықты ұйымдастыру білім алушының жеке оқу
жоспарын калыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу курстарының
қатаң тізімінен бастап (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде ұсынылатын
көптеген курстарды жинақтау мүмкіншілігіне дейін (Англия, Шотландия, АҚШ
және т.б.). Әдетте, мектеп окушылары (кредиттердің) ұзақтығы бір
семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс.
Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінін (курстарының) саны негізгі
мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде
оқытылуы мүмкін. АҚШ-та, Жапонияда аға мектепте оқу бағдарламаларының
екі типі қолданыста: жалпы және арнайы білім беру. Германияда ПРОА
жүйесі колданыста, оның шеңберінде оку пәндері П - кәсіби курс, Р -
кеңейтілген курс, О - негізгі курс, А - бейімделген курс түрінде ұсынылған.
Бұл ретте міндетті және таңдап алынған бейіндік пәндердің көбісі жоғары
деңгейде оқытылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде калыптасуы жағдайында орта білім
беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағыталған
жүйені құрудың орасан зор мәні бар.
Қазакстан Республикасының "Білім туралы Заңы (1991 ж.)
мемлекеттік саясаттың бірқатар ең негізгі приндиптерін белгіледі, оның
ішінде; жалпы орта білім берудің вариативтілігі, оқытылушылардың кәсіби
бағыт алуы, оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген
және кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта
білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар,
колледждер) құру.
1992 жылдан бастап Қазақстанда мектептік білім беруді реформалау
басталды, оның жетекші идеясы оқушыларды вариативтік жалпы орта білім
беруге дайындау үшін бірегей білім беру кеңістігін сақтай отырып, жағдайлар
жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.
Кеңестік мектептің біркелкілігінен алшақтай отырып, білім берудің
мазмұнын жаңарту жолдарын іздеу Қазақстан Республикасының
жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ережеде,
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебін дамыту тұжырымдамасында
және жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасында (1996ж.) көрініс
тапты. Бұл кұжаттарда мектепті гуманитарлық және жеке даралық білім
беруге бұру, оқушылардың ынталарын ескере отырып, оқытуды
жаратылыстану-математика, гуманитарлық-эстетикалық, кәсіби-техникалық
бағыттар бойынша бөлшектей отырып ұйымдастыру жарияланған, бұл барлық
міндетті пәндер бойынша білім беру стандарттарының және оқу
бағдарламаларының бірінші варианттарына (1996, 1998, 2000 ж.) жүзеге
асырылды.
Жалпы орта білім берудің Қазақстан Республикасындағы жалпыға
міндетті мемлекеттік стандартында (ҚР 2.003-2002 МЖБС) жалпы білім беру
мектебінің жоғарғы сатысындағы білім беруді ұйымдастырудың принциптері ары
қарай дамуда. Қазақстандағы мектептік білім беру реформасын жүзеге
асыру аясында ҚР МЖБС - 2002 ережелеріне сәйкес 20062007 оқу жылынан
бастап 10-11 сыныптарда қоғамтану - гуманитарлык, жаратылыстану -
математика бағыттары бойынша оқушыларды бейіндік окыту енгізілді. Стандарт
негізінде оқытудың екі бағыты бойынша пәңдік бағдарламалар әзірленген.
Стандартты енгізу тәжірибелік сынақтан өткен әрі жалпы білім беру
мектептерінің 10-сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бейіндік
оқулықтарды және УМК-ны жасаумен нығайтылған.
Мектептік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру жылдарында
республикада әртүрлі инновациялық оқу орындары құрылды, әрі мектептің
жоғарғы сатысында оқушыларды бейіндік және жеке оқытуды ұйымдастыру бойынша
белгілі бір тәжірибе жинақталды.
Сонымен бірге оқытудың жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу белгілі
проблемалардың пайда болуымен қоса жүруде. Мектептердің басым бөлігінде
бейіндік пәндердің икемді емес жиынтығынан кұралған бейіндік оқу
жоспарларының катаң варианттары бектілген. Кішігірім ауыл
мектептерінде бейіндік сыныптардың кұрылуына байланысты да
проблемалар пайда болуда. Кадрлық және материалдық техникалық ресурстардың
жетіспеушілігіне байланысты бірқатар мектептер тиімділігі аз ішінара
бейіндікті енгізуде (мысалы, бір пәнді тереңдетіп окыту). Бейіндік оқыту
принциптерін іс жүзінде жүзеге асыра алатын мұғалімдерді дайындау және
қайта даярлау мәселесі өте өткір тұр. Сонымен Қазақстан Республикасындағы
мектептік білім беруді реформалаудың бейіндік оқытуды енгізу дайындығының
қазіргі сатысында бағыттар және бейіндіктер бойынша оқытуды ұйымдастыруда
жеткілікті іс-тәжірибе жинақталды.
Сонымен қатар, оқытуды бейімдендіруді жүзеге асыратын жалпы білім беру
мекемелерінің (гимназиялар, лицейлер, мамандандырылған мектептер, ресурстық
орталықтар және басқалар) жүйесі әзірге нашар дамыған.
Білім беру жүйесін дамытудың болашақ бағыттарын анықтайтын нормативтік-
кұқықтық құжаттарда: Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 12
жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында оқушылардың кәсіби және
азаматтық тұрғыдан саналы түрде өзін-өзі тани білуі үшін жалпы орта білім
беру мектебінің жоғарғы сатысында әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-
математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік окытуды
ұйымдастыру қарастырылған. Ұсынылатын әрбір бағыттың ішінде оқушылардың
таңдауы бойынша бейіндік және элективтік пәндердің әртүрлі жинақтары
негізінде әртүрлі бейіндіктерді ұйымдастыру қарастырылған.
12-жылдық мектептің жоғарғы сатысында білім берудің кұрылымы мен
мазмұнын жаңартудың негізгі идеясы мынада; ол анағұрлым дараланған,
функционалды және тиімді болуы тиіс. Мектептің жоғарғы сатысына қатысты
алғанда білім беруді реформалау стратегиясының негізгі принциптері осыған
сүйенеді:
өзінің кұқықтары мен міндеттерін анық білетін, қолда бар мүмкіншіліктер
мен ресурстар спектрін көре білетін әрі тандап алған тұғырын кез-келген
әлеуметтік кеңістікте табысты түрде іске асыра білетін әлеуметтік тұрғыдан
көзі ашық және икемді жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған мақсатты бағыт;
білім, дағды және шеберлік жүйесін (ЗУН) көшіруден окушылардың
функционалдық сауаттылығын және тіршіліктің әртүрлі салаларындағы қоғам
өзгерістеріне байланысты туындайтын проблемаларды дербес шешуге
мүмкіндікті қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға
арналған қазіргі кезде басым болып тұрған білім беру парадигмасының
біртіндеп бағытын өзгерту;
оқушылардың білім беру траекториясын дараландыру, оқушылардың
дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді
кеңейту.
12 жылдык мектепке бейіндік білім беруді енгізудің
басты мақсаты - оқытылушылардың кәсіби бағыт алуын және өз жолын
табуын қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіптік таңдауды саналы түрде
жүзеге асыруы үшін оларға қажетті ресурстарды қалыптастыру
мүмкіншілігін беру.
Бейіндік білім беру барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында жүзеге
асырылады және коғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстары ескеріле
отырып, құрылады.
Білім беруді бейімдендіру алынған терең білімдердің және кәсіби
дағдылардың негізінде еркін қимыддауға, өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға
және тез өзгеретін өмірде өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаттарына бағытталған.
Бейіндік оқу - оқу бағытының ішінде оқушы таңдап алатын, оқушының
танымдық сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік
траекториясын іске асыруға бағытталған бейіндік гендердің және элективтік
курстардың жиынтығы.
Оқушының әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту бейіндік оқытуды
енгізудің мақсаттарының бірі болғандыктан, білім беру ұйымы белгілеген
рәсімдерге сәйкес өз таңдауын және оқу бейімін өзгертуге оқушының кұқы
болуы тиіс.
Білімнің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту міндеттері жалпы орта білім
берудің жаңа базистік оқу жоспарына (бұдан әрі - БУП) жауап береді.
Жаллы орта білім берудің жоғарғы сатысы үшін әрбір бағытқа арналған оқу
пәндерінің жиынтығы және оларды оқып-үйрену деңгейі инвариантты (базалық
және бейіндік құраушылардан тұратын), вариативтік және жеке адамға
бағытталған бөліктерден тұратын БУП-пен анықталады.
Білімді жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі - оқытуды жеке-
даралауға бағыт ұстау және нарықтық қатынастардың нақты жағдайында
окушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Бейіндік оқыту - білім беру
процесінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырылуын өзгерту есебінен білім
беруді жеке-даралау және бөлшектеу тәсілі. Бұл оқушылардың ынталарын,
бейімділіктерін және қабілеттіліктерін толық ескеруге, білімді жалғастыруға
және қазіргі заманғы мамандықты алуға ынталылықты қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Мұндай міндеттер психологиялық сүйемелдеу ұйымдастырылғанда
анағұрлым тиімді шешілуі мүмкін. Сүйемелдеу дегеніміз - өмірлік таңдаудың
әртүрлі ситуацияларында даму субъектісінің оңтайлы шешім қабылдауы үшін
жағдайлар жасауды камтамасыз ететін әдіс.
Бұл ретте әрбір накты жағдайда даму субъектісі ретінде бала да, оның ата-
аналары да, педагогтар да, ең жақын орта да болуы мүмкін. Таңдаудың әрбір
ситуациясы дамудың қайсы бір бағдарламалық өрісінен туған шешімнің көптеген
варианттарын тудырады. Сүйемелдеу даму субъектісіне бағдарлық өрісті
қалыптастыруға көмек ретінде, өз әрекетіне субъекттің жауапкершілігі
ретінде түсіндірілуі мүмкін. Бейіндік оқытуды психологиялык сүйемелдеудің
мақсаты мектеп окушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психология
принциптерін, зандылықтарын қолдану негізінде оқушылардың кәсіптік және
тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі анықтауына тиімді дайындық жүргізу әрі
қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу ұсынылады:
1. Бейіндік окытуды психологиялық сүйемелдеу бойынша бағдарламалар
мен әдістемелік кеңестерді әзірлеу әрі жузеге асыру.
2. Бейіндік окытуды психологаялық сүйемелдеу мәселесі бойынша
кәсіптік бағыттау курстарын әзірлеу және жүзеге асыру (білім беру
мекемелерінің педагогтары үшін).
3. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеудің тиімділік критерийлерін
анықтау.
4. Оқу бейімін таңдауда оқушылардың өз орнын табуын табысты жүргізу
үшін қажет әдістерді іріктеп алу, олардың жеке ерекшеліктеріне, біліміне,
дағдыларына, себептерге диагностикалауды жүргізу және нәтижелерді талдау.
5. Оқу бейімін таңдауда оқушыларға олардың жеке ерекшеліктеріне,
қабілеттеріне, бейімділіктеріне және мүдделеріне сәйкес көмек көрсету
6. Окушылардың өзінің кәсіптік және тұлғалық жолын табуы жөніндегі
жұмысының табыстылығына бақылау жасау формасын анықтау (Оқытушылардың
әдістсмелік есептері, тәжірибені қорытындылау бойынша педагогикалық
конференциялар, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне-өзі есеп беруі т.т.).
7. Мектептің оқушы және педагогикалык ұжымдарында оқушының өз
жолын табуы және дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық қолайлы
климатты қалыптастыру.
8. Оқу бейімін тандауда және кәсіптік тұлғалық тұрғыдан өз жолын
табуда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Жалпы ғылыми танымның әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Аналитикалық химияның талдау әдістері
Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі
Психодиагностика туралы
Тәрбие құралдары
Баскетбол ойынның сипаты
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Радиография әдісі. Жарқыншақты (осколочная) f – радиография әдісімен минерал құрамындағы элементті және оның таралуын анықтау
Пәндер