Хайдеггер философиясының жалпы сипаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ОБӨЖ №4

Тақырыбы: М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Орындаған: Абышова А.
Тобы: ТКШИ 17-11
Тексерген: Бижанова М.А.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алматы 2019
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
2.1Онтология ұғымы
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.
1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде Психологизмнің тұжырым ілімі атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды.
1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1920 жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің үлкен өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа таныстырады. Ол кезде Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған Философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының VII томында өзінің Аристотель туралы көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып, біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңырқап, жас философтың идеясына тәнті болады да, дереу Гуссерльге қабылдау туралы хабар жібереді.
1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын (the Hütte) салдырып, Болмыс және уақытты жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды
Теолог Рудольф Бультманн (Rudolf Bultmann), Эрнст Фридлендер (Ernst Friedländer), Николай Гартман (Nicolai Hartmann), неокантшыл философ Пауль Наторп (Paul Natorp) қатарлылар Хайдеггермен бірге жұмыс жасады. 1925 жылы жазда Уақыт ұғымының тарихы атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл Болмыс және уақыттың алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып Уақыт ұғымының тарихы дәріс қолжазбасын Болмыс және уақыт кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда Болмыс және уақыт Феноменология жылнамасының VIII томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты. Жарты жылдан кейін Берлиннен ресми профессорлыққа бекіту мәлімдемесі келіп жетті.
1928 жылы Гуссерль зейнетке шықты. Хайдеггер Марбург университетіндегі жұмыс орнынан бас тартып, Фрайбург университетіне барып Гуссерльдің орнына философия сабағын берді. 1931 жылдан бастап Хайдеггердің Германия нацистік партиясымен байланысы қоюлады. 1933 жылы Адольф Гитлер құрған нацистік Неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясына мүше болды және Фрайбург университетінің ректоры болып тағайындалды. Оның ректорлық баяндамасында (Rektoratsrede) нацистік үгіт-нәсихат сөздері де мол болды. Ол университетте "еңбек ету міндеті, әскери міндет және білім-парасат міндеті" сынды үш міндет туралы айтты. Бір жылға жетпей 1934 жылы ректорлықтан бас тартса да нацистік партиядан тек соғыстан кейін ғана шықты.
1946 жылы Француз әскери билігі Хайдеггердің нацизммен байланысына бола оның университетте сабақ беруін шектеу бұйрығын жариялады. Нацизмнен арылту 1949 жылға дейін жалғасты. Бірақ одан нацизмдік қылмыс дерегі табылмаған соң ақыры оны жазалау күшін жойды. Сөйтіп 1951 жылы құрмет мәртебесі беріліп, сабақ беруіне мүмкіндік туды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін Фрайбург университетінде тұрақты сабақ берді және 1967 жылдарға дейін ұсыныспен сабақ өтті. Соғыстан кейін ол экзистенциализмдік мағынада көптеген шығармалар жазды. 1976 жылы 26 мамырда адамзаттың ой-парасат тарихына бірегей идеяларымен үлкен ықпал еткен ойшыл Мартин Хайдеггер өз туған жері Месскирхта 86 жасында қайтыс болды және Католик шіркеуі дәстүрі бойынша жерленді.

II.Негізгі бөлім

Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан - шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер Дүние неге жоқ емес, бар? деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.
Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз - болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста болмыс термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi болу, терминіне сәйкес келеді.
Философияда болмыс терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет болмыс деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз - Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. Болмыс - бар, биболмыс - жоқ - деді Парменид.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс - бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс - материя. Болмыс - эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты - материя деп санайды. Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше - азаймайды әрі көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi, бiр абсолют. Ол - абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:
а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;
ә) материя - барлық заттарды құрайтын бастапқы субстанция және материя мәңгi, бiрақ әрекетсiз ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;
б) бастапқы қозғаушы күш - форманың бiр сипаты, форманың материямен қосылу сәтіндегі белсенділіктің болуы,
в) мақсаттылық - бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың не үшiн, өмiр сүруiне байланысты анықталады.
Аристотель өзiнiң төрт алғашқы себеп тұжырымдамасында болмыстың жоғарғы сатысы ретiнде абсолюттiк ақыл iлiмiн қойды. Шын мәнiнде - бұл құдайлық бастама, ол өз-өзiн ойлайтын Ақыл ең жетiлген философ. Ақыл - барлық форманың формасы болмыс туралы шегiне жеткен түсiнiк, алғашқы қозғаушы күш ретiнде - бәрiн қозғайды, ал өзi болса қозғалмайды, мақсаттылық ретiнде - жалпы мақсат көзi, барлық заттар ұмтылатын жоғарғы игiлiк.
Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады.
Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады. Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.
Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен болмыс категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни нақты өзіндік қабаттың ерекше өмір сүруін ескереді.
1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).
2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).
3. Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады.
ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлерін төмендегі жаңалықтар арқылы көрсетіледі.
Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы. Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстраттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің архитектурасын бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы анықтайды деп санайды. Атап, айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ, тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық.. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады. Яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс. Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.
Бірінші тенденция.Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.
Екінші тенденция.Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.
Үшінші тенденция. Әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің тарылуы әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы
Техника философиясы қазіргі батыстық философия мен болмыстың қасиеттерін пайымдаудың бірі ретінде
Техника философиясы
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары жайлы
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
ХХ ғасырдың философиясы
М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Пәндер