Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласының Инновациялық Техникалық колледжі
Қазіргі заманғы кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылығы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

(Аты,жөні,тегі)
Курс: 3
Тобы: - - - 16-09 К
Мамандығы: 1302000-Автоматтандыру және басқару

Біліктілігі: 1302023 электромеханик
Оқу орыны: Алматы қаласының Инновациялық Техникалық Колледжі

Жұмыс жетекшісі:
(Аты,жөні,тегі)

Оқытушының қолы_______________

Тексерген оқытушы:


Қорғаған бағасы___________

Алматы 2018
Мазмұны
Өзг
Парак
Құжат №

Қолы
Күні
Параққ
2
Алматы қ. ИТК 1302000 Автоматтандыру және Басқару

Жетілдірг.

Жетекші

Н.бақ.


Бекітілді

Курстық жұмыс

бет.
Парақтар
16
АжБ 16-09қ-1302

1.1 Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31.2 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындарын жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
1.3 Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Пар.
Құжат №_
Қолы_
_Күні_
Пар._
3

ИТК г.Алматы 1302000 Автоматтандыру және Басқару

1.1 Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығыКәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы дегеніміз - кәсіпорынның өндірістік қыметіне қажетті энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету, энергетикалық құрал-жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасау және энергия ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ұйымдастырылатын құрылымдық бөлімшесі.
Энергетикалық шаруашылықтың қызметінің негізгі 3 бағыты бар

1. Кәсіпорынды қажетті энергия түрімен үздіксіз қамтамасыз ету;
2. Энергетикалық құрал-жабдықтардың қуаттылығын неғұрлым толық пайдалану және оларды жұмыс қабілетінде ұстап тұру;

3. Энергия шығындарын үнемдеу және азайту.

Өнеркәсіп кәсіпорынының энергетикалық балансы - кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз ету нұсқаларын құру және эксплуатация кезіндегі техника-экономикалық бақылау жағдайында қызмет атқару үшін қолданылады. Ол екіге бөлінеді: толық, жартылай, немесе отын-энергетикалық және будан бөлінген сұйықтық (пароконденсатные). Толық энергетикалық баланс - кәсіпорынды энергиямен қамсыздандыруды тұтас қарастырып, және оңтайлы шешімдер таңдауға бағытталатын болса, жартылай энергетикалық баланс - өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергетикалық қамтамасыз ету мәселесін жеке-жеке, бөлшектеп қарастыру болып табылады.
Энергетика шаруашылығының мақсаты, міндеттері мен құрамы, өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен, технологиямен толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі энергия көздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыруда электр қуатына деген қажеттілік үздіксіз артып отырады
Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатына осы қызметті атқарушы жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қажетті энергетикалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.Мына міндеттер шешілуі тиіс:
:: Жалпы өндіріске қажетті энергияны сырттан қабылдау және кәсіпорынның өз күшімен өндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру

Пар.
Құжат №_
Қолы_
_Күні_
Пар._
4

ИТК г.Алматы 1302000 Автоматтандыру және Басқару

:: Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жоспарлау:: Энергетикалық құралдарды ұтымды пайдалануды бақылау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау
:: Энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу.
Кәсіпорынның энергетика шаруашылығының құрамына жылу күштік, газ, әлсіз токты, электр жөндеу бөлімшелері жатады.

Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Ең аз шығындар кезінде бекітілген параметрлі энергияның барлық түрлерімен кәсіпорынды сенімді және тоқтаусыз қамтамасыз ету энергетикалық шаруашылықтың негізгі міндеттері болып саналады. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығына құрамына мыналар кіруі мүмкін: электр және жылу станциялары; электр жабдықтаудың орталық жүйесінен кәсіпорынды қоректендіретін жоғарывольтті подстанциялар; буқуатты цех; газгенераторлық, оттектік, компрессорлық, сунасосты станциялар және т.б. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығы екі бөлікке бөлінеді: - жалпызаводтық және цехтік. Энергетикалық шаруашылықты рационалды ұйымдастыру өндірісті жоспарлауға және баланстық әдісті пайдалана отырып энергияның барлық түрлерін тұтынуға негізделеді. Баланстың шығысдық бөлімінде энергетикалық ресурстарға деген есептік жоспарлы қажеттілік беріледі, ал кірістік бөлігінде осы қажеттілікті жабудың қайнар көздері беріледі. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын жетілдірудің негізгі бағыттары:
1) Орталықтандырылған энергияжабдықтауға көшу.
2) Өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық шаруашылықтарын нығайту.
3) Анағұрлым үнемді энергия тасымалдаушыларды пйдалану, сұйық отынды газ тәріздіге алмастыру.
4) Энергетикалық құрал-жабдықтар мен желілердің жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетулерін ұйымдастырудың рационалды әдістерін енгізу.

Пар.
Құжат №_
Қолы_
_Күні_
Пар._
5

ИТК г.Алматы 1302000 Автоматтандыру және Басқару

5) Энергия тасымалдаушылар шығынының техникалық тұрғыдан негізделген нормаларын, энергия ресурстарының барлық түрлерін қатаң түрде үнемдеу режимін кеңінен пайдалану.1.2 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындарын жоспарлау.
Баланстық әдістің мәні өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін (шикізатқа. материалға, ақшаға және т.б.), яғни осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын ресурстар мен көздермен байланыстыру болып табылады. Материалдық, еңбек, ақша (қаржы) баланстары болып бөлінеді. Энергетикалық кәсіпорындарда олардың барлығы қолданылады. Баланстық әдіс кәсіпорын жұмысының сандық көрсеткіштерін жасаған кезде - кәсіпорын өнімін қоғамның сұранысына және өнімді өндіру көлемін сәйкестендіру; қаржылық жоспарды жасағанда; еңбек пен материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жоспарын жасау кезінде кәсіпорынның кіріс пен шығыс балансын жасаған кезде тиімді болады.
Өндірістің әртүрлі ресурстар түріне қажеттілігін нормативтік және техника-экономикалық есептеулер әдістері жиі қолданылады. Жоспарлаудың нормативтік әдісі қажеттіліктердің ғылыми негізделген нормалар мен
нормативтерді орнату арқылы жүзеге асады.Материалдық шығындарды (отын шығынының, электр энергиясының нормасы, өнім немесе жұмыс бірлігіне қажетті шикізат және материалдар), жұмыс күшін (өндіру нормасы, өндіру уақыты), қаржылық шығындардын кейбір түрлерін (айналым қаражаттарының түрлері бойынша нормативтер және т.б.) жоспарлаған кезде қолданылады.
Техника-экономикалық есептеулер әдісі жұмыстың көлемі мен сапасының бірі-біріне тәуелді болатын көрсеткіштерін жасаған кезде, көп нұсқалық шешімдерді жоспарлауларды экономикалық бағалау кезінде ыңғайлы болады.
Болжау әдісі болашаққа арналған стратегиялық жоспарларды жасау кезінде қолданады, сондай-ақ қазіргі заманғы тұрақсыз экономикалық қатынастарды өзекті және ағымдағы жылға дәстүрлі әдістермен анықтауға болмайтын көрсеткіштерді жоспарлауға болады. Оларға өнімге қажеттілік нарык құрылымына, бәсекеге, және бір қатар сыртқы факторларға тәуелді болатын кәсіпорындардың өндіріс көлемін жоспарлау мәселелерін жатқызуға болады. Бұл жағдайда жұмыстың экономикалық көрсеткіштерінің жоспар-болжамдары маркетингтік зерттеулер, өткен жылдар нәтижелерін талдау, сол
Пар.
Құжат №_
Қолы_
_Күні_
Пар._
6

ИТК г.Алматы 1302000 Автоматтандыру және Басқару

кәсіпорынның өнімін соңғы тұтынушыларын арттыру болашағын талдау ішінде жасалады. Болжау құралы ретінде ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика әдістері қолданылады. Алайда болжау эрқашан дал нэтижелерді көрсетпейді, дегенмен кең көлемде жинақталған мәліметтер мен қазіргі заманғы математикалык аппараттармен есептеу болжау нәтижелерінің дәлділігін жоғарлатады. Барлық жоспарлау әдістерінің ішінде экономикалық-математикалык модельдерді және есептеу техникаларын қолданатын есептемелерді қолдану тиімдірек деп есептеледі.
Өндірістік салаларда және олардың кәсіпорындарындағы жасалатын жоспарлар әртүрлі сипаттарына байланысты жіктеледі. Орындау мерзімі бойынша оларды төмендегідей бөлуге болады:
- стратегиялық, 5 жылдан жоғары мерзімге жасалады және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы бағыттары мен оның әртүрл і жағын даму екпінін аныктайды;
- ұзақ мерзімдік, әдеттегінше 3-5 жылға жасалады және өндірісті дамытудың негізгі бағыттарынан және осы бағыттар бойынша топтамаланған көрсеткіштерден тұрады. Ұзақ мерзімдік жоспарларда өнімді өндірудің, жұмыстың, қызметтің топтамалық көрсеткіштері, қаржылық ресурстардың көздері мен мөлшері, еңбек ресурстарын жасақтау, өндіріс шығындары, өндірісті жаңарту мен дамыту бағдарламаларының негізгі бағыттары мен қаржыландыру көздері қарастырылады;
5 орта мерзімдік жоспарлар, 3 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Стратегиялық және ұзақ мерзімдік жоспарларда орнатылған барлыкқ топтамалық көрсеткіштер мұнда әр жыл бойынша нақтыланады;
6 агымдагы немесе жылдық жоспарлар жыл ширегіне бөлінген және бір-біріне байланысқандығын көрсететін кәсіпорынның барлық қызмет түрлері бойынша жұмыстарының көрсеткіпітері кіреді. Ағымдағы жоспарда ұзақ мерзімдегі жоспарлар нақтыланады және кәсіпорын қызметінде пайда болгған өзгерістерге байланысты түзегіліп отырады;
7 оперативтік жоспарлар бір ауысымға, декадаға, айға және жыл ширегіне косіпорын жұмысын жоспарлауды қарастырады. Оперативті-күнтізбелік жоспарларды жасау қажеттілігі көп профилді өндірісі бар кәсіпорындар үшін өте манызды орын алады.

Пар.
Құжат №_
Қолы_
_Күні_
Пар._
7

ИТК г.Алматы 1302000 Автоматтандыру және Басқару

Өзінің өндірістік, функциялық белгіленуіне байланысты жоспарлар негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, кәсіпорынның коммерциялык қызметінің жоспарлары болып бөлінеді. Сонымен қатар арнайы бағыттағы жоспарларды айтуға болады: инвестициялық жоспарлар-жобалар, маркетинг жоспары, кадрлармен қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғалуы және басқалар бойынша жоспарлар.Әрбір жоспардың мазмұнында, әсіресе, орта мерзімдік және ағымдағы жоспарларда келесідегідей негізгі бөлімдер болады:
8 өндірістің көлемі мен сапасының жоспары қызмет түрлері бойынша жұмыстың негізгі көлемдік және сапалық көрсеткіштерін жасау кіреді;
9 еңбек жоспары еңбек ресурстарымен қамтылуы, еңбек ақыны ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдістерін енгізу, еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жасау жатады;
10 ағымдағы шығындар немесе шығындар сметасының жоспарына шығындардың барлық элемснттері, өнімнің, жұмыстың, қызметтің жоспарланған өзіндік құнын қалыптастыру жатады;
11 қаржылық жоспар: онда табыс және пайда сияқты қаржылық көрсеткіштер анықталады, өндірісті дамыту шығындарын жабуға қажетті көздерді, негізгі қорларды сатып алу, олардың күрделі жөндеулері, сондай-ақ жұмыскерлердің әлеуметтік қамтылуы қарастырылады.
Жоспалар жүйесінде бизнес-жоспар ерекше орын алады. Ол қайтадан құрылып жатқан немесе қызмет жасап жатқан кәсіпорында жаңа кызмет түрін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ жеке және ішкі өндірістік инвестициялық жоспар-жобаларды қалыптастыру кезінде жасалады.
Бизнес-жоспардың мазмұнына келесідегідей бөлімдер кіреді:
12 қайтадан құрылып жатқан немесе қызмет жасап жатқан кәсіпорында жаңа қызмет түрінін сипаттамалары;
13 өнімнің сипаттамасы, оның ерекшелігі және сапасы;
14 өнімді өткізу нарығын талдау;
15 бәсекелестерді бағалау;
16 маркетинг жоспары;
17 өндірістік жоспар;
- ұйымдастыру жоспары;
- қаржылык жоспар.

Пар.
Құжат №_
Қолы_
_Күні_
Пар._
8

ИТК г.Алматы 1302000 Автоматтандыру және Басқару

Бизнес-жоспарды толығымен жасап шығу жоспарлау саласында тек экономикалык білімді қажет етіп қоймай, сондай-ақ жоспарланып отырған өндірістің технологиясын және кәсіпорын жұмыс жасайтын сытқы экономикалық қатынастарды жақсы меңгеру керек. Қазіргі заманғы кәсіпорындар өзінің негізгі өндірісімен қатар қызметінің көмекші және коммерциялық әртүрлі жақтарын дамытады. Бұл энергетикалық кәсіпорындарға да тән нәрсе. Олардың құрамына өнім өндіру бойынша, халыққа немесе басқа кәсіпорындарға қосымша қызметтер көрсету бойынша коммерциялык және өндірістік құрылымдар кіреді. Сондықтан осы бөлімдер тиімді жұмыс істеу үшін олардың қызметін осы жасалған бизнес-жоспарлар негізінде реттеп отыру керек. Ол тіпті ұсақ коммерциялық құрылым құрған кезде де маңызды болып табылады.Бизнес-жоспарды жасау осы саланың мамандарымен жасалуы қажет және бұл кәсіпорынға көмекші өндірісті қалыптастырудың қажеттілігі жайлы және оның маңыздылығын, экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорының энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеті энерго ресурстардың сапасына және тиімділігіне қойылатын талаптардың орындалуын, техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып барлық энергия түрлерімен өндірісті үнемі жабдықтау энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, қатты, сұйық және газ тәріздес отын, бу және ыстық судың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында ресурстарды материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жоспарлау
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы
Менеджмент теориясы
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Ұңғымаларды жерасты жөндеу
Жоспарлау - басқарудың басты функциясы
Пәндер