Төленбеген капиталдың есебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1
Кәсіпорын қызметінің бухгалтерлік есеп жүргізілуімен танысу
5
2
Капитал есебі және оның аудиті
10
3
Негізгі құралдар есебі және аудиті
14
4
Тауарлы- материалдық қорлардың есебі және аудиті
18
5
Ақша қаражаттар есебі және аудиті
22
6
Дебиторлық берешек есебі және аудиті
27
7
Міндеттемелердің (банктік несиелер, салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу, енбекақы төлеу бойынша) есебі және аудиті
29
8
Шығындар есебі және аудиті
36
9
Табыстар есебі және аудиті
40
10
Қаржылық есеп беру: құрастыру әдістемесі және тәжірибесі, баланс бойынша негізігі көрсеткіштерді талдау
43

Қорытынды
47

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
49

Қосымша
50

Кіріспе

Теориялық білімнің бекітілуі, тексерілуі және одан әрі тереңдетілуінің ең негізгі нысандарының бірі болып өндірістік тәжірибе табылады. Нарықтық экономикаға кәсіби бағытталған жоғарғы маманданған экономист-бухгалтерлерді дайындау барысында, өндірістік тәжірибе оқу процесінің басты жүйелі бөлігінің бірі болып табылады. Оқу процесінде алынған теориялық білімді бекітудің бір түрі - өндірістік тәжірибе.
Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы өңдеу өнеркəсібіне шоғырланады. Бұл голландық ауруды жəне орта табыс тұзағына байланысты қарсы шығуды есепке алсақ, тіпті қажет болады. Мемлекеттік саясаттың міндеті -- өңдеу өнеркəсібін өндіруші өнеркəсіп жəне құрылыспен салыстырғанда табысты теңестіру арқылы инвестиция үшін жағымды нысан ету деп саналады.
Стратегия Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2020 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
Диплом алдындағы өндірістік практика КЕРЕМЕТ Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өтіліді.
Алкогольсіз сусындар өндіретін кәсіпорын КЕРЕМЕТ Қазақстан жетекшісі болуда. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 14 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.
Өндірістік тәжірибе өту барысында КЕРЕМЕТ ЖШС- нің бухгалтерлік есебінің қалай жүргізілетінін білуім қажет.

1 Кәсіпорын қызметінің бухгалтерлік есеп жүргізілуімен танысу

КЕРЕМЕТ ЖШС-і өз тарихын 2012 жылдан басталды. Қазіргі кезде Орталық Қазақстанда сусындардың кең түрлерін көтерме сауда арқылы тауарларды жеткізумен айналысатын кәсіпорындардың алдыңғы қатарларында тұр. Жыл сайын өткізілетін маркетингтік зерттеулеріне сәйкес, серіктестік 2014 жылдан бастап пайдалы және танымал сусындар жеткізушілердің арасында абсолютті жетекшісі болып табылған. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 7 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.
Бүгіні таңда КЕРЕМЕТ ЖШС-і қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудасымен айналысады.
Серіктестік Қазақстан нарығына Dellos және Enerzen сияқты саудалық маркаларды ұсынады, сонымен қатар сусындар нарығының даму тенденцияларына жауап бере отырып, тұтынушылардың кез келген қалауын қанағаттандырады.
Тиімді менеджменттің арқасында КЕРЕМЕТ ЖШС-і бірнеше жыл бойы республикадағы алкогольсіз сусындар нарығының жетекшісі болуда және өндірістік саладағы динамикалық дамитын серіктестіктің мәртебесіне ие. Қазақстандық өндірушінің көптеген жоспарларының арасына кәсіпкерліктің ілгерлемелі және белсенді дамуы, өндіріс индустриясындағы жаңа жобаларын іске асыру, сонымен қатар ішкі және таяудағы шетел нарығында позицияларды ары қарай күшейту кіреді.
КЕРЕМЕТ - бұл ғұлама, дәйекті және қойылған тапсырмаларды ерекше жолмен шеше білетін саналы мамандардың командасы. Серіктестік нарықта алдынғы қатарда орналасуға ұмтылады. Жұмыс жасап отырған мамандар жеткізетін өнімнің сапасы мен сервистің деңгейі бойынша озығы болу үшін барыг салуда.
Өндірістің алға қойған мақсаты - пайдалы және сапалы өнімдермен қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және өнімді жеткізу арқылы табыс табу. Пайда табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық - әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Серіктестік жетістігінің құпиясы. Сіздің жетістігіңіздің жалғыз ғана дұрыс өлшемі - бұл сіздің нақты потенциялыңызбен салыстырмалы істеген ісіңіз.
Сырттай қарағанда жетістіктің құпиясы - деген оңай сөйлемнің өз астарында үлкен мағынасы бар және өз күшінің сенімділігін арттырады. Табысты кәсіпкерлікті жүргізудің құпияларын және оны шебер пайдалана білу - ол оңай және нарықта жетекші болудың бірден бір кілті. Кәсіпорынның жетістігінің құпиясы - өз клиенттері (сауда желісі және бөлшек дүкендер) мен өз тұтынушыларының максималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім сапасының жоғары болуын өндірістің барлық кезеңдерінде қадағалап, өз портфелінің кеңейуіне қатал бақылау жүргізу.
КЕРЕМЕТ ЖШС-і өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодекс, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Қоғамының жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
Компания Қарағанды облысында, Қарағанды қ., Казыбек Би районы, Заводская көшесі, 192 орналасқан.
Кәсіпорынның базасы қызметінің табысты жұмыс жасауға қажетті алаңдары мен құрал-жабдықтары бар. Өнімді сақтауға арналған цехтар мен қоймаларға ие. Өндіріске пайдаланатын шикізаттары сертификатталынған және үнемі қадағаланып, бақыланып отырылады. Компания сапалы сусын өнімдерін тұрақты жеткізу бойынша келісімдер жасасқан.
Керемет ЖШС-і құрылтайшы бекiтiлген есеп саясатын қабылданған.
Қоғамның ұйымдық құрылымы мен жалпы мәліметі осы есеп саясаттының мақсаты болып табылады.
Осы есеп саясатының басты міндеті бухгалтерлік есеп әдістері мен қағидаларын орнату болып табылады. Саясатты қолдану серiктестiктiң қызметiн теңбе-тең бейнелеуге барынша мүмкiндiк бередi. Бұл қызметтi тиiмдi реттеуiнiң мақсаттары үшiн ол туралы толық, нақты және сенiмдi мәлiметтi серiктестiктердiң пайдасына құрастыру. Ол есептiк процесстiң әдiстемелiк, техникалық және ұйымдастыру тараптарын қамтиды.
Есеп саясатының құрастыру негiзіне келесi есеп принциптер салынған: есептеп шығару, үздіксіз қызмет, түсініктілік, маңыздылық, салғастырымдылық тiзбек, аяқталғандық, алды-артын байқау, ақиқаттық, шын және алаламайтын ұсыныс.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен объекттер есепке алуды жүргiзудiң әдiстерi орнатылмайтын жағдайларда, бухгалтерлiк есеп бойынша заң талаптары және нормативтiк актiлерге сүйене отырып, серiктестiк тиiстi процедуралар өз өндейдi.
Есеп саясат бағалы және инвестициялық саясатты өңдеу үшiн негiзгi қызмет көрсетедi.
Серiктестiктiң қызмет процессінде есеп саясатына экономикалық қисынды өзгерiстер енгізе алады.
Компанияның еңбек ұжымы тәжірибелі және осы салада көп жыл еңбек істеген өндірісті өз дәрежесінде білетін қызметкерлерден құрылған (сурет -1). Негізгі өндірісті ұйымдастыру жалпы қағидаларды ұстанады. Ол ұйымдастырудың ағымдық әдісі, яғни жұмыс процесі үзіліссіз қозғалыста және жиілікті қарастырады.

IT бөлімі
Маркетинг бөлімі
Кадрлар бөлімі
Жабдықтау бөлімі
Тазалау бөлімі
Көлік бөлімі
Аймақтық сату бөлімі
Үлкен қойма
Лаборотория
Юрист
Қойма
Логистика бөлімі
Коммерциялық депортамент
Бас инжинер
Бухгалтерия
Өндірістік цехы
Қаржылық бөлім
Қарағанды қаласы бойынша сату
бөлімі
Техникалық бөлім
Басқарма төрағасы
ДИРЕКТОР

Қауіпсіздік және қорғау бөлімі

Сурет 1. Кәсіпорынның басқару құрылымы

Меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, кез келген ұйым, қаржылық есебін дәл және уақытында жасау үшін, есеп сапасын арттыру мен ішкі бақылау принциптерін басшылыққа алуға тиіс.
Кез келген ұйым меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, меншігіндегі мүліктерді, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.
Кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министірлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін (әрі қарай Ереже) 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітті.
Мемлекеттік мекемелер, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржылық есебінің жүйесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы құқықтық нормативтік актілер бойынша реттеліп, бекітіледі.
Қазақстан Республикасының салық туралы заңына сәйкес, бір реттік талон мен потент негізінде қызмет жасап, арнаулы салықтық режимді қолданып, сонымен қатар, қысөартылған декларацияның негізінде қызмет көрсетіп, жұмыскерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлер.
Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады.
Біріншіден, статистика, ақпаратты жинап және өңдеудің ерекше тәсілдерін пайдаланады(топтастыру, динамикалық қатар, индекстер және басқалары).
Екіншіден, оперативтік немесе басқару есебі, сыртқа шығарылмай, ұйымның өз ішінде қолданылады. Оның қажеттілігі, оперативті басқару кезінде, кейбір жеке жұмыстар мен операцияларды жүргізу барысында, тікелей бақылауды қамтамасыз етуден туындайды.
Есептің негізгі түрі, меншік иелерін, акционерлерді, әкімшілікті, басқа да ұйымның және құрылымдық бөлімдерінің қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды пайдаланушыларды өамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп болып табылады, сонымен қатар, ол басқару шешімдерін қабылдаудың ақпараттық негізін құрайды.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары: инвесторлардың, құрылтайшылардың, берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттңк органдардың, банктердің және де өзге де мүдделі тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай - ақ пайдалану үшін қажетті; дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпараттарды қалыптастыру; шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олар мақсатқа сай болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету; шаруашылық қызметтің теріс нәтижесін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау; материалдық, нңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.
ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес жариялы мекемелер қатарына қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын қолданушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай - ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Бухгалтерлік есепте мәліметтерді жинау, тіркеу және өңдеу үшін келесі тәсілдерді қолданады: бастапқы құжаттарды деректі түрде жасау және көрсету, инвентаризациялау, ақшалай бағалау, калькуляция жасау, топтастыру, екі жақты есеп жүргізу принципін сақтау, баланс жасау.
Әдетте бухгалтерлік есеп негізін үйрену үшін, ертеден қалыптасқан әдістерді пайдаланады. Олар: баланстық топтастыру, бухгалтерлік шоттар және екі жақты есеп жүргізу.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есеп саясатын құрудан басталады.
Есеп саясаты, ұйымда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жасау үшін қолданылатын нақты приниптерден, негіздерден, ережелерден, қағидалар мен тәжірбелерден тұрады (Бухгалтертік есеп пен қаржылық есептілік туралы ҚРЗ).
Бухгалтерлік есеп жүйесі барлық қаржылық - шаруашылық операцияларын міндетті түрде құжаттаудан тұрады. Бухгалтерлік құжатты жасаған кезде жазылған кез келген жазу, немесе, оларды бухгалтерлік есеп регистірлер деп атайды, операцияның жүргізілгенін растайтын құжаттың болуын талап етеді. Оларға тауар құжаттары, төлемдік тапсырыстар, шоттар, актілер және басқалары жатады, бастапқы құжаттар деп аталады. Бұл құжаттар атқарылған операцияла мен оқиғалардың болғандығын растайды және онда құжаттың жасалған уақыты, ұйымның аты, операцияның атауы, құжатты жасаған жауапты тұлғалардың лауазымдары көрсетіліп, қолдары қойылады және т.т. Олардың бәрі құжат деректері (реквизиттер) деп аталады.
Бастапқы құжаттардың барлығы, тәртіп бойынша, операция орындалған кезде жасалады. Қаржалақ құжаттар жайлы айрықша атап айту керек. Ондай құжаттарда қаржы қозғалысы көрсетіледі. Оларға, әдетте, кассалық және банктік құжаттар жатады. Олар міндетті түрде арнаулы журналдарда тіркелуге тиісті. Кассалық және банктік құжаттарға өзгерулер енгізуге тиым салынға.
Ұйым басшысы құжаттарға қол қоюға құқысы бар тұлғаларды анықтап, бұйрығымен бекітеді.

2. Капитал есебі және аудиті

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілерді қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржалақ салымдары меналдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары мен алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің өзінің қызметі барысында тапқан таза пайдасы және сондай - ақ басқа да көздерден, тегін түскен көздер мен ақшалай қаражаттар есебінен өсіп отырады.
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары менайналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікіті капиталының көздері болып мыналар саналады:
Жарғылық капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген пайда
Жарғылық капиталдың есебі
Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ұйымның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғлық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Компанияның жарғылық капиталына салынатын салымдары ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанды бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз мың минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивиденттер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
-қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген апиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Капитал өзінше өндірістің барлық сферасын қамтитын қаражат қозғалысының толық циклын түсіндіреді.
Қандай капитал болмасын, кәсіпорынға салынса, яғни материалдық игілін шығару үшін ақша формасынан өзінің қозғалысын бастайды.
Бірінші стадиясында, ақша капиталы - товар, жұмыс күші, өндіріс қаражатын алу үшін қолданылады;
Екінші стадиясында - жұмыс күші мен өндіріс арасындағы өзара байланыс;
Үшінші стадиясында, нарықта осы тауарды сатуда кәсіпкер аванстық капитал алады.
Капитал түрлері:
1. Корпорация иелігінде бөлу бойынша;
- меншікті;
- қарызды;
2. Инвестициялық объект бойынша;
- негізгі;
- айналымды;
3. Айналым шеңбері процесі формасында бөлу бойынша;
- ақша формасындағы капитал;
- өндірістік формадағы капитал;
- тауарлы формадағы капитал;
4. Қолдану мақсаты тәуелділігіне байланысты;
- өндірістік;
- ссудалық;
- спекулятивтік.
Жарғылық капитал - корпорация құрылғанна бастап және оның құрамында әр - қашан да болады.
Серіктестіктің жарғысын тіркеу кезінде оның иесі бірнеше тұлғалардан тұрса, тіркелген жарғылық капитал сомасы төмендегі бухгалтерлік жазумен беріледі (кесте-1).

Кесте 1
Кәсіпорындағы капитал шоты бойынша шоттар корреспонденциясы


Операциялар мазмұны
Дт
Кт
1
Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына
қосқан үлесінің сомасы

5110

5020,5010
2
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы)
2710-2730
2410
1310
1320,1330,1350
1060
1030,1010

5030

3
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы

5030
2710-2730
2410
1310

5
Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды

5030

1030,1010
6
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары

5110

5020,5010
7
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі
2410

5420
8
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі

5410

2420
9
Негізгі құралдарды пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны

5410

5510

Капиталды есепке алғанда келесі құжаттың түрлері қолданылады:
- Құрылтай құжаттары,
- тіркеу туралы куәлік,
- үзінді көшірмелер,
- есеп айырысулар,
- жүкқұжаттар,
- қабылдау-тапсыру актілері,
- кіріс ордерлері
- жарғылар және т.б.
Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процеду- ралары кіреді (кесте-2):

Кесте 2
Жарғылық капитал аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары
Ақпарат көздері
1.Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру
Баланс, 5020, 5010, 5030,5110 шоттары бойынша Бас кітап
2.Жарғылық капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру
Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер және т.б.
3.Жарғылық капиталды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру
Қолданылып жүрген заңнама, құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама
4.Құрылтайшылардың жарнасын (салымдарын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру
НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүк құжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазулар және т.б.
5.Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру
Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлердің жалпы жиналысының шешім хаттамалары, эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты
6.Кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретінде салынған мүлікті және басқа мүліктік құқықтарды түгендеу
Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі салыстыру тізімдемесі (ведомость) және т.б.
7.Қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы жарғылық капитал есебінде анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу
Аудитордың тұжырымдары, есептеулері және ұсыныстары

Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдай- ларды қарастырады:
А) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын;
Ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
Б) бухгалтерлік есепте жарғылық капиталының шамасы ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған операциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төмендегідей өткізбелерге көп көңіл бөлгені жөн.

3. Негізгі құралдар есебі және аудиті

Негізгі құралдар- дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:
- жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
- үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
- ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
- машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.
- шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
КЕРЕМЕТ ЖШС-і бағалаудың бастапқы түрін қолданады.
Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Негізгі құралдарға амортизация есептелініп отырады. Есептелген амортизациялық сома негізгі құралдардың бастапқы құны сомасынан біртіндеп шегеріледі. Бастапқы құннан есептелген амортизациялық соманы азайтқандағы қалған сома, қалдық құн деп аталады. Негізгі құралдардың қызмет көрсету мерзімін, олардың жағдайына,климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік технологиямен оның өзгеру бағытына орай әрбір ұйым өз бетінше анықтай алады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің мынадай әдістері бар:
1.Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
2.Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
3. Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кәсіпорында бір қалыпты есептеу әдісі бойынша амортизация есептелінеді.
Мысалы: тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады. Мысалы, объектінің құны 100 000 теңге, қызмет мерзімі - 10 жыл. Есептік жою құны- 2000 теңге. Тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (100000-2000)10. Ал ай сайынғы тозу сомасы 817 теңге (980012).
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі 2410 Негізгі құралдар шотында жүзеге асады.
Негізгі құралдар келіп түскен сәтте бас директор тағайындайтын және бухгалтерияның, инженерлік-техникалық қызметтердің, басқа да өндірістік қызметтер мен басшылықтың өкілдерін қамтитын негізгі құралдар жөніндегі комиссия құрылады, ол келіп түскен объектілердің пайдалы қызметінің болжамды мерзімін, тарату құнын, өлшем бірлігін бағалауды жүргізеді. Бұл деректер негізгі құралдарды қабылдау-беру актісінде көрсетіледі.
Бухгалтерияға әрбір алынған негізгі құралдарды сол үшін жауап беретін адамға тіркеп, оған инвентарлық карточка ашады және инвентарлық номер береді. Инвентарлық карточка әрбір негізгі құралдарға жеке-жеке жүргізіледі. Карточкада заводтық номері, шыққан уақыты, қолдану актісінің номері мен күні, инвентарлық номері және бағасы көрсетіледі.
Инвентарлық карточкада Түсті, Шығарылды, Ішкі орын ауыстыру деген бөлімдері бар.
ЖШС КЕРЕМЕТ негізгі құралдар айналымының қортындысы негізгі құралдар карточкалар есебінде инвентарлық карточкалардағы айналым мен қалдықтар негізінде жазылады, және ол бас кітаптағы 24 Негізгі құралдар шотымен тексеріледі.
Негізгі құралды баланстан шығарда 2 дана Шығару актісін комиссия толтырып, оны бастық бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға беріледі, екіншісі негізгі құралдарға жауап беретін тұлғада болады. Шығару актісінде бастапқы бағасы, тозу сомасы, шыққан жылы, двигатель номері, мемлекеттік номері, техникалық паспорттың номері, жөнеуге жарайтыны немесе жарамайтындығы көрсетіледі, сонында комиссия қортындысы жазылады. Және шығаруға себеп болған құжат бірге тіркеледі.Төменде негізгі құралдардың қозғалысын есепке алудағы шоттар корреспонденциясы берілген (кесте-3).

Кесте 3
Негізгі құралдардың шоттар корреспонденциясы


Операция мазмұны
Шоттар корреспонденциясы

Дт
Кт
1
Өнім берушіден НҚ сатып алынды
oo сатып алу құны көрсетілген
oo ҚҚС есепке алынды
oo жеткізушіге төлем жасалды

2410
1420
3310,4110

3310,4110
3310,4110
1010,1030
2
Жеке тұлғадан НҚ сатып алынды
oo келісілген құнға
2410
3390
3
Еншілес, қауымдасқан немесе бірлескен ұйымдардан НҚ сатып алынды
oo сатып алу құнына
oo ҚҚС есепке алынды

2410
1420

3320,3330
3320,3330
4
НҚ тегін алынды
2410
6220,6230
5
НҚ бартер бойынша сатып алынды
oo сатып алу құны көрсетілген
oo ҚҚС есепке алынды
oo өзара міндеттемелер есепке алынды

2410
1420
3310-3330, 4110

3310-3330, 4110
3310-3330, 4110
1210-1230, 2110-2130
6
Шетел валютасына ОЖ сатып алынды
oo кедендік құн көрсетілген
oo НҚ сатып алынған кеден баждары мен өтелмейтін салықтар құнына жатқызылды
oo НҚ сатып алу құнына кедендік рәсімдерді төлеу сомасы жатқызылды
oo кеденде ҚҚС төленді
oo төленген ҚҚС есепке алынды
- есептелген ҚҚС сомасы ҚҚС бойынша төлемдерді азайтуға жатқызылды

2410
2410

2410

3130 Кедендегі ҚҚС
1420
3130

3310-3330, 4110
3230

3310-3330, 4110

1010, 1030
3130 Кедендегі ҚҚС
1420

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты- негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудитор алдына қойған мақсатына жету үшін аудиторлық бағдарламаны құрады (кесте - 4).

Кесте 4
Негізгі құралдар бойынша аудиторлық бағдарлама

Аудит процедурасы
Ақпарат көзі
Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру
Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б.
Негізгі құралдардың бақылаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру
Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау,негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері
Негізгі құралдарды кіріске енгізуінің дұрыстығын тексеру
Техникалық құжаттамалар, Бас кітап
Негізге құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру
Есеп саясаты жөніндегі бүйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер бойынша нормативтік құжаттар
Негізгі құралдарға қатысты салықтар есеббінің және есептелуінің дұрыстығын тексеру
Есептеу, төменгі ведомастары, салық жөніндегі есептеулер, шоттар бойынша Бас кітап

Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік- құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай- ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудиторға негізгі құралдарға жатқызылғандардың дұрыстығына көңіл аудару керек. №16 ХҚЕСНегізгі құралдар есебіне сәйкес негізгі құралдарға бір жылдан артық қолданылатын материалдар шығаратын салада, сонымен қатар өнеркәсіптік емес салада да қолданылатын еңбек құралдары жатады.

4. Тауарлы- материалдық қорлардың есебі және аудиті

Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Халықаралық қаржылық есесптің Қорлар стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
:: Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
:: Аяқталмаған өндіріс;
:: Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
ХҚЕС 2 ( халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. Тауарлы-материалдық қорлар есебі халықаралық қаржылық есеп стандарттарына (ХҚЕС 2) сәйекс алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
ХҚЕС 2 сәйкес қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте - тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар ХҚЕС тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.
ХҚЕС 2 сәйкес Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді.
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде ХҚЕС 2 Қорлар ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:
Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада Құжаттарды тапсыру реестрін жасау арқылы іске асады.
Ай соңында қоймаға Материалдар қалдығы кітабы тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
КЕРЕМЕТ мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен Құжаттарды тапсыру реестрі тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді.. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі.
Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.
Ауытқулар сомасы дегеніміз - осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық, ауытқулар проценті - ауытқулар сомасының материалдардың есептік құнына қатынасы. Ауытқу + немесе - белгісімен болуы мүмкін.
КЕРЕМЕТ компаниясы жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 3310 төлеу шоты кредит шоты бойынша №6 журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.
Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
ХҚЕС бағалау тәртібін айқындайды және оларды актив түрінде қарастырады:
1.сатуға арналған (тауарлар, дайын өнімдер)
2.өндіру процесіне (аяқталмаған өндіріс)
3.өндіріс прцесіне арналған шикізат пен материалдар түрінде сақталады.
ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде: өзіндік құн немесе мүмкін сату бағасы.
Қорлардың өзіндің құн орташа өлшенген құн бойынша анықталады.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
Мысалы:
01.04.12 - 10бірл.*30тг.=300 тг. 300
05.04.12 - 10бірл.*34тг.=340 тг. 640
Орт.құн = 640тг.20бірл. = 32 тг.
Тауарлы- материалдық қорлар бойынша келесі шоттар корреспонденциясы көрсетіледі (кесте 5).

Кесте 5
Қорлар бойынша шоттар- корреспонденциясы


Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы
Дт
Кт
1

Есеп беруге тиісті сомалар есебінен материалдар және басқа да қорлар алынды
160 000
1310
1350
1250
2
Жабдықтаушылардан материалдар мен қорлар алынды
100 000
1310
1350
3310
3
Ұйымдардар материалда тегін алынды

1310
6220
4
Материалдар қалдықтары кірістелді
20 000
1310 1350
6280

5
Материалдар әкімшілік бағытқа жұмсалды
30 000
7210
1310
1350

6
Материалдар жалпы өндірістік бағыттағы шығындарға жұмсалды
10 000
8410
1310
1350

Тауарлы- материалдық қорлар есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:
- баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтерімен салыстырып тексеру;
- тауарлы- материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақытылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
- келіп түскен материалдың уақытылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асыратындығын тексеру және т.б (кесте 6).

Кесте 6
Тауарлы- материалдық қорлардың аудиторлық бағдарламасы

Аудит процедуралары
Ақпарат көздері
Тауарлы- материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды рәсімдейдің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру
Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар және т.б.
Тауарлы- материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды рәсімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру
Бас кітап
Алынған құндылықтарды кіріске алудың неемесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақытылығын тексеру
Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот- фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, баланс және т.б.
Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру
Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары) шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.б.
Тауарлы- материалдық қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің дұрыстығын талдау
Материалдарға жауапты тұлғалар мен шарттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері.

Тауарлы- материалдық қорлардың есебнің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жаау қажет.
5. Ақша қаражатарының есебі және аудиті

Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылыкез келген операцияны жүргізуге боладыжәне міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010 - 1060 счеттарының тобы пайдаланылады.
Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттар, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады, сондықтан счеттың дебетіндегі сальдо, счеттың қалалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көреседі.
Есептесу счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың есебі туралы
Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
Кәсіпорындағы меншікті капитал
Меншiкті капитал туралы
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы
Ақша айналым құралы ретінде
Қайтарылып алынған капиталдың есебі
Меншікті капиталының есебі туралы
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі
Пәндер