Сиырларды қолдан ұрықтандыру


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Әр түлік малын қолдан ұрықтандыру әдістері
2. 2. Ұрықтандыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер
2. 3. Бедеулік, оның түрлері
2. 4. Қолдан жасалған бедеулік, себептері және алдын алу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Ұрықтандыру, қолдан - күйлеген аналық малдың қынабына аталықтың ұрығын қолдан жіберу, яғни қолдан ұрықтандыру. Ұрықтандыру мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістік болып табылады. Ұрықтандыру арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған тартқан мыңдаған төл алып, нәтижелі тұқымдық асылдаңдыру жұмысын жолға қоюға болады. Ұрықтандыруда аталық мал ұрығының сапасын алдын ала тексеріп, түрлі жыныс ауруларына жол бермеуге жол ашылады. Ұрықтандыруды жүргізу үшін қажетті құрал- жабдықтар мен ол істі жете менгерген білікті маманы болуы керек. Ол әр мал түлігінен ұрық алып, сақтап, бөліп, онымен күйлеген малды шебер ұрықтандырура білуі керек. Мал түліктерімен қоса құс мекиендері де ұрықтандырады.
Малдың қысыр қалуымен пәрменді күресу үшін әрбәр маман малдың қысыр қалу және малдың бедеулігі деген ұғымдарды дұрыс түсіне білуі керек.
Малдың бедеулігі дегеніміз оның төл беру қабілетінің әртүрлі себептерге байланысты уақытша немесе біржола бұзылуы болып табылады. Әрбір құнажын физиологиялық жетілу мерзімінен бір ай өткен соң, әрбір сиыр бұзаулағаннан кейін бір ай өткен соң ұрықтанбаса, оны бедеу мал деп есептейді.
Бедеулік ауру емес, ол аурудың немесе басқа бір құбылыстың, ұйымдастыру жұмысындағы кемшіліктердің белгісі. Бедеулік - биологиялық ұғым. Бедеулікті кез келген күні, малды тексеріп қарап жіберіп анықтай беруге болады. Әрбір сиыр 330-345 күн сайын төл беріп отырса - ол бедеу емес.
Ал қысыр қалу бедеуліктің салдары, ол тек жылдың аяғында ғана бұзаулаған сиырдың, алынған төлдің санына қарап анықтайды.
II. Негізгі бөлім
Аналық малды ұрықтандыруды таза, жарық бөлмеде жүргізеді. Қолдан ұрықтандырудың интрагениталдық тәсілмен жүргізеді. Оларға қынаптық, цервикалдық, аналық жыныс түтікшесі арқылы ұрықтандыру жатады. Қынап әдісімен ұрықтандыру сирек қолданылады, бұл жағдайда ұрық цервикалдық әдіске қарағанда көп мөлшерде жұмсалады. Ұрықты шприц-катетермен, капрон шприцпен қосылған полистирол түтігі арқылы қынапқа жібереді.
Осылай қояндарды және қынабы тар тұсақ пен тайыншаны ұрықтандырады. Несеп шығатын жолға түспеу үшін аспапты қынаптың жоғарғы eзуiнен (бұрышынан), тоқтыларға 15-18 см, ал тайыншаларға 30-35 см тереңдікте енгізеді:
1-сурет. 1 - құйымшақ, 2 - тік ішек; 3 - қынап айнасы;
4 - шприц-катетер; 5 - қынап; 6 - жатыр мойны;
7 - жатыр мүйіздері; 8 - қуық; 9 - жамбас сүйектері
Цервикалдық әдіспен ұрықтандырғанда ұрықты жатыр мойнының жолына шприц-катетермен немесе басқа аспаптармен енгізеді.
Цервикалдық мынадай түрлерге бөлінеді: а) қынап айнасы көмегімен ұрықтандыру (визоцервикальдық) ; б) жатыр мойнын тік ішек арқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикалдық) ; в) жатыр мойнын қолмен ұстап тұрып ұрықтандыру (моноцервикалдық) .
Кұстарды қолдан ұрықтандырғанда шәуетті ұрық түтікшесіне жіберу әдісі қолданылады.
Малды күйлеу феноменінің өте айқын көрінген кeзінде ұрықтандырған дұрыс, бұл кезде жатырдың тонусы өте жоғары, кілегей қабығында шырыш мол, таза спермиялардың алға қарай қозғалуына ең қолайлы жағдай туған кeзі. Еске сақтайтын бір жайт: овуляцияға дейін ұрықтандырып болу керек. Малды ұрықтандырған кезде мүмкіндігі болғанша тыныштық сақтау керек, малды ұрып-соғуға болмайды. Бөгде кісілердің жүруі, айқай-шу ұрықтандыратын малдың көңілін бөліп, алаңдатады, жатырдың тонусы төмендеп, овуляция болмай қалады. Осының бәpi ақырында қолдан ұрықтандыру жұмысының нәтижесіз калуына әкеліп соғады.
Сиырларды қолдан ұрықтандыру. Қынап айнасы көмегімен ұрықтандыру (визоцервикалдық) . Ұрық жатыр мойнының жолына шприц-катетер арқылы енгізіледі. Бұл сиырларды, саулықтарды және ешкілерді ұрықтандырғанда қолданады.
Аспаптарды даярлаған соң аналық малдың қынабына қынап айнасын кіргізеді. Содан қолдың көмегімен жатыр мойнының жолына саулыққа 0, 5 см, сиырға 4-5 см тереңдікте ұрықтың тиісті мөлшерін жібереді.
Жатыр мойнын тік ішек aрқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикалдық) . Көп мамандар малды қынап айнасынсыз пипеткамен тiк ішек арқылы жатырды ұстап ұрықтандыруды қолайлы деп санайды. Бұл бір қолмен тік ішек арқылы жатыр мойнын ұстап, ал екінші қолмен қынап арқылы пипетканы енгізеді. Бұл әдісте бір рет қолданылатын полиэтилен қолғаптар, полистирол немесе шыны пипеткалар кажет.
2-сурет. Сиырды ректоцервикальді әдіспен ұрықтандыру
(1, 2, 3 ) және ұрықтандыру аспабы: 1 - бөлшектенген
түрі; 2 - пипетка; 3 - спермасы бар қылтамырды (4)
қосатын муфта
Бұл әдісті әсіресе жұқпалы аурулары бар шаруашылықтарда қолдану пайдалы. Бұл әдіспен ұрықтандыру үшін жуылған және спиртпен сүртілген құрғақ қолмен пакеттен полистирол пипетканы алады да, оған пластмасса ампуланы немесе резеңке баллонды қосады, пипеткаға байланыстыратын муфтаға кішкентай капрон жалғайды, содан 1 мл ұрық сорады.
Сулы тампонмен не қайнатылған сулы сиырдың сыртқы ағзаларын сүрткен соң, оң қолмен пипетканы қынапқа оның жоғарғы epнеуінен (қабырғасынан) кіргізеді. Полиэтилен қолғап киілген бір қолды сабындап, тiк ішекке енгізіп жатыр мойнынан ұстайды да, пипетканың ұшын оған бағыттайды.
Пипетканы енгізгеннен кейін (бір әдіспен) оны әpi қарай жылжыту үшін жатыр мойнын қолдың барлық саусақтарымен ұстап, жеңіл айналыспен абайлап пипеткаға кигізеді. Аналық малды ұрықтандырғаннан кейін полиэтилен қолғапты және полистирол пипетканы жағып жібереді, ал шыны пипеткаларды де, стерилденгенше бөлек темip трубкада сақтайды.
Жатыр мойнын қолмен ұстап тұрып ұрықтандыру (моноцервикалдық) әдісін Ф. И. Осташко және В. А. Чирков ұсынды. Бұл әдісте стерилді бір рет қолданылатын аспаптарды: полистирол катетер мен полиэтилен қолғап қолданады. Ұрығы бар ампуланы термостан алып шығып, 70 о С-тық спирт ұрықтар араласу үшін сілкеді, содан кейін қайшымен қақпашасын ампуланың мойнына полистирол салады, сосын зат шынысының үстіне ұрықтың бір тамшысын сығып, оның белсенділігін тексереді, ұрықтың сапасын тексерген соң оны жатыр мойнына енгізеді. Ол үшін сиырдың сарпайын және құйрық түбін фурациллиннің ерітіндісімен сүртеді. Полиэтилен қолғап киілген және физиологиялық ерітіндімен суланған оң қолды абайлап қынапқа енгізеді, жатыр мойнының қынап бөлігіне массаж жасайды. Қолды қынаптан шығармай тұрып екінші қолмен дайындалған ампуланы береді, қолдың бақылауымен катетер жатыр мойнына кіргізеді, ампуланы көтеріңкірейді, сосын ампуланың ішіндегі ұрықты жатыр мойнына ол босаңсығанда баяу сығып жібереді.
Қойды қолдан ұрықтандыру. Күйлеген қойды арнайы станокка бекітіп ұстап тұрады, оның құйрығын жоғары көтеріп, сарпайын жуып сүртеді. Ұрықтандырушы техник станоктың арт жағында қазылған шұңқырға түсіп отырып жұмыс істейді. Ұрықтандыру үшін жаңа алынған шәует (дозасы 0, 05 мл) немесе сұйылтылған шәует (0, 1-0, 2 мл) қолданылуы мүмкін. Қандай шәует болғанда да олардың қозғалу белсенділігі 8 баллдан төмен болмауы керек. Ұрықты визоцервикалдық әдіспен жібереді. Ол үшін жартылай автоматты шприц немесе микрошприц қолданылады.
Күйлеген саулықтың арасына 10-12 сағат салып eкi рет - таңертең және кешке ұрықтандырады.
Мегежінді қолдан ұрықтандыру. Күйлеген шошқаны eкi рет ұрықтандырады: бірінші рет күйлегені анықталған кезде, екінші рет ұрықтандырғаннан кейін 18-20 сағаттан кейін. Шаруашылықта негізінен күйлегені таңертең анықталған шошқаны бірінші рет кешке ұрықтандырады да, ертеңіне қайталайды, ал күйлегені кешке қарай анықталған шошқаларды келесі күні таңертең бірінші рет ұрықтандырып, кешке қарай екінші рет ұрықтандырады.
Шошқаларды негізінен eкi әдіспен ұрықтандырады.
Сұйылтылған шәуетпен ВИЖ әдісі бойынша. Бұл әдісті акдемик В. К. Миловановтың тобы ұсынған. Шәуеттің дозасы шошқаның 1 кг тipi салмағына 1 мл, сұйылтылған шәует жалпы көлемі 150 мл-ден асуға тиісті емес. Қазіргі кезде бұл әдіс бойынша ПОС-5 деген аспаппен тікелей жатырға жібереді.
Фракциялық әдіс бойынша. Бұл әдісті Полтава шошқа шаруашылығы институтының академигі А. В. Квасницкийдің тобы ұсынған. Бұл әдістің мәнici мынада: жатырға шәуетті бірнеше фракциямен жібереді. Бірінші фракция аздап сұйылтылған 50 мл шәует, оның артынан таза 100 мл сұйылтқыш жібереді. Бұл - екінші фракция. Оның қызметі - бірінші фракцияны тереңірек жатыр тармақтарының ұшына дейін итеріп апару. Бұл әдіспен шәуетті үнемдеуге болады. Ұрық жіберетін аспап УЗК-5 деп аталынады.
Биені қолдан ұрықандыру. Биені ұрықтандырғанда көбінece И. И. Ивановтың қалың резеңке түтікшесін не болмаса Растяпиннің ампуласын қолданады. Биенің артқы eкi аяғына шідер салып мойнына тартып байлап қояды. Көмекші кici биенің жүгенінен ұстап, алдыңғы бір аяғын тұрады. Ұрықтандырғыш техник полиэтиленді қолғап киіп, сыртын сабындап, резенке түтікшенің үшкір ұшынан ұстап, қынап арқылы акырындап жатыр мойнына жеткен соң оның арасына резеңке түтікшені 12-15 см тереңдікте енгізеді. Содан кейін шприцтің поршенін басып немесе Растяпин ампуласын жоғары көтеріп шәуетті жатырға жібереді.
Күйлеген биені күнінe бір рет немесе күнара овуляция болғанға дейін 2-3 рет, кейде 4 рет ұрықтандырады. Ұрықтандырылған биелерді 1, 5 ай еткен соң тiк ішек аркылы буаздыққа тексереді.
Қолдан ұрықтандыруды жүргізуге қажетті құрал-саймандар:
1. Дьюар ыдысы - ауыл шаруашылық малдарының ұрықтарын ұзақ уақыт бойы сұйық азотта сақтауға арналған.
2. Қысқыш (пинцет) - пайеттерді ыдыстан алып шығуға арналған.
3. Пайеттерді еріткіш - пайеттердегі ұрықтарды ерітуге арналған.
4. Салфеткалар - пайеттерді сүртуге арналған.
5. Пайеттерді кескіш немесе қайшылар - пайеттің жабық шетін кесуге арналған.
6. Шприц - катетер - пайеттерді ұрықпен толықтыруға және жатырдың денесіне ұрықты еңгізуге арналған.
7. Чехолдар - сиырдың жыныс жүйесінің кілегей қабығын темір шприц-катетермен зақымдаудан сақтап қалуға арналған.
8. Бір рет пайдаланылатын қолқаптар - малдарды ұрықтандыру кезінде гигиеналық-қорғауыш құрал ретінде пайдаланылады.
9. Майлауыш-гель - бір рет пайдаланылатын қолқаптарды майлауға арналған.
Ұрықтандыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер:
1. Катетерді жатырға көлденең немесе аздап жоғарырақ қаратып енгізгенде катетердің ұшы соқыр ішекке кіріп кетуі мүмкін бұндай жағдайда жатыр мойынын қолмен құрсақ қуысына көтеріп, катетердің ұшын аздап төмен түсіріп, содан соң ғана катетерді жатыр мойынына жылжыту қажет.
2. Қынапқа катетерді төмен қаратып кіргізгенде, ол қуықтың саңылауына кіріп кетуі мүмкін ондай жағдайды болдырмау үшін катетерді қынапқа 45 0-қа жоғары қаратып сұғып, содан соң ғана алдыға қарай итеру қажет.
3. Жатыр мойынын қынап жағынан немесе жатыр денесінің артынан өте алыс ұстаған жағдайда, жатыр мойынының артқы бөлігі төмен түсіп тұрады, бұндай жағдайда жатыр мойынына катетерді еңгізуге мүмкіндік болмайды, катетерді еңгізу үшін жатыр мойының алақанмен толығымен қысып ұстап, кішкене саусақтың көмегімен катетерді жатыр мойынына бағыттау қажет
4. Буаз сиырды ұрықтандыру . Сиырларда буаздығының 4 - 4, 5 айлығында кейбір физиологиялық қасиеттеріне байланысты жыныстық күйіттің белгілеріне ұқсас белгілер байқалады (жалған күйіт) . Егер сиырлардың буаздығын анықтау бойынша зерттеу уақытылы жүргізілмесе, онда жалған күйітті табиғи күйітпен шатастырып, буаз сиырды қайта ұрықтандырып қоюға болады, бұндай жағдайда сиыр түсік тастайды.
Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай, төл бере алмай қалуы, бағып-күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс. Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі. А. Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған:
1. Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы, инвазиялық және індетті аурулар.
2. Интрогениталды - аналық безінің күлдіреуігі, персистенттік сары дене, эндометриттер, анофродезия, нимфомания, ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.
3. Экзогендік - алиментарлық факторлар: моционның болмауы, күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.
Ветеринариялық андрология«androz» - грек сөзінде еркек, аталық, «loqos» - ілім - бұл аталық жыныс мүшелерінде патологиялық өзгерістерді қарастыратын және сонын әсерінен аталықтарда бедеулік байқалып, оны зерттейтін клиникалық ветеринариялық бөлім саласы.
Ветеринариялық геникология - бұл аналық жыныс мүшелерінде төлдеуден кейін байқалатын патологиялық құбылыстардың әсерінен бедеуліктің дамуын зерттейтін ветеринариялық бөлім саласы.
Осы ветеринариялық андрология және геникология бір бірімен тығыз байланысты, неге десе, яғни малдарды көбейту құбылысында аналықтармен аталықтар жыныстық қатынасына байланысты. Мал шаруашылығына малдың бедеулігі өте көп экономикалық зиян келтіреді. Бұл зиян құралады:
a) Төл алу аздығынан
b) Сүт өнімі төмендеуінен
c) Бедеу малдарды күтіп - азықтандыру шығыны әсіресе көп болып, нәтижесі жоқ
d) Бедеу малдарды емдеу немесе қайтадан ұрықтандыруға шығын жұмсалуы
Мал шаруашылығында бедеуліктен келген зиян әр түрлі аурулардың зиянынан артық келеді.
Бедеулік пен қысыр қалу ұғымында ажырататын 4 белгі бар:
- Бедеулік- аналықтар мен аталықтарды дұрыс күтпеуіне ұрпақ беру қасиеті бұзылады;
Қысыр қалу - бұл барлық аналықтардан өткен жылда төл алмау.
- Бедеу мал- бұл төлдегеннен бір ай соң ұрықтанбаған, ал жас аналықтар физиологиялық жетілгеннен соң бір айдың ішінде ұрықтанады;
Қысыр мал - бұл шаруашылықтың жыл бойы төл бермеген.
- Бедеулік- бұл биологиялық құбылыс, оны өшіп жатқан жылдың әр күніне зерттеліп есепке алады;
Қысырлық - бұл экономикалық көрсеткіш.
- Бедеулікті жою- бұл әр аналықтан буаз және төлдеу мерзімде төл алу;
Қысырлықты жою - әр 100 аналықтан 100 төл алу.
Малдың бедеулігін жіктеу
1. Туа біткен бедеулік
2. Кәріліктен болған бедеулік
3. Симптомдық бедеулік
4. Алиментарлық бедеулік
5. Эксплуатациялық бедеулік
6. Климатық бедеулік
7. Қолдан жасалған бедеулік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz