Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы


Жоспары
Кіріспе
Шошқа малының төлдерін өсірудің гигиенасы
Негізгі бөлім
- Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
- Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
- Торайды кай жасында жәй және бекондық бордақылауға қояды
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шошқа малының төлдерін өсірудің гигиенасы
Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т. б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді: аяқталған өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты өзгертпей, үш айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
Үш фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрған цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне дейін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.
- Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.
Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.
Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы - 1, 0-1, 5 м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп, енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін (стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада - 44 %, АҚШ - 25 %, Данияда - 10 %) . Шошқа қорасының аусының 16ºС дан 5ºС төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы малдың салмағы 2 % кемитіндігі дәлелденген.
Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының 70 % дан 95 % өзгеруі, шошқалардың шығынын 0, 05 %дан 17, 5 % дейін жоғарлатады.
Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура мен біріккенде, мал организмін суыққа ұрындырып резисттенттілігін төмендетеді де, әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыртады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әсіресе шошқаларды қорада сулы азықтармен көректендіргенде және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.
Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора ауасындағы зиянды газдардың, шаң-тозаңдар мен микроорганизмдердің концентрациялары жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері қалыптан жоғары 33-36 мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы 7, 7-10, 2 % төмендейді (кесте 16) .
Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі, олардың организміндегі зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін жоғарлатып, соның нәтижесінде малдың өнімділігі жақсарып, туған төлдің ширақ және сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды (кесте 17) .
Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз шамада болуы жас торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға ұшырау межесін - 24-28 % көтеріп, ал өлімін - 9-10 % жоғарлататындығы дәлелденген. Бордақылайтын шошқаларды төменгі жарықтандыру мөлшеріне ауыстыруды, оларды семіртуге қоярдың алдында 70-80 күн бұрын бастаған жөн. Ол кезде жарықтандырудың шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық мөлшерімен салыстырғанда екі есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-сағат, майландырғанда - 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы мен өнімі қораның микроклиматының барлық көрсеткіштерінің әсеріне байланысты болады. Микроклимат көрсеткіштері малдардың физиологиясына сай келмесе, оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың өсіп-жетілуін (9-28 %) кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға шалдығуы 1, 5-2 есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз болып шығады.
Ауаның қозгалыс жылдамдығы. Жылдың суың кезінде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0, 3 м/с, ал жаздың ыстық темнературасында 1 м/с-дан аспауы керек. Жаңа туған төлдер мен құстардың тұратын орындарында 0, 1-0, 2 м/с аспауы тиіс. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін анемометр және кататермометр аспаптары қолданылады.
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы. Мал мен құстар қораларында көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, көміртек тотықтары жиналуы мүмкін. Көмірсутегі газы (С0 2 ) қораларда мал мен құстардың тыныс алуы кезінде жиналады. Қоралардағы ауа газының шектеулі концентрациясы малға - 0, 25, төлдерге - 0, 20, құстарға - 0, 15-0, 18 болуы тиіс. Аммиак (^Н 3 ) мал қораларында құрамында органикалық азоты бар заттардың бұзылуы нәтижесінде пайда болады (несеп, нәжіс) . Бұл - улы газ. Күтуші адамдар мен малға аммиак теріс әсер етеді. Аммиак сумен қосылғанда сілтіге айналып, химиялық күйдіргіш қасиетіне ие болады, кілегей қабықтарды, жоғары тыныс жолдарын тітіркендіреді немесе тұяқ мүйізін қопсытып, қанға түседі. Қорадағы ауада мал үшін аммиактың шектеулі мөлшері ~ 15-20 мг/м 3 , ал телдер мен құстарға бұл көрсеткіш 1, 5-2 есе аз.
Күкіртті сутегі (Н 2 8) құрамында күкірті бар ақуызды заттардың шіруінен, сонымен қатар, малдан шығатын газдар арқылы пайда болады. Өзінің әрекетіне қарай аммиактан да улы. Малға күкіртті сутегінің көп концентрациясының мөлшерінен ісік жөне өкпенің жіті қабынуы байқалады. Мал үшін күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері - 10 мг/м 3 , ал төл және құстар үшін бұл көрсеткіш екі есе аз. Көміртек тотығы (СО) қораларда пештен немесе автокөліктер мен тракторлардың жұмыс істеу кезінде толық жанбаған жанармайлардан жөне толық желдетілмеген кезде жиналады. Қызмет көрсетушілердің жұмысы кезінде және мал тұрған аймақта газдың ең жоғарғы концентрациясы жиналады. Организмде газ жанбайды. Ол сыртқа өзгертілмеген түрде шығады, сондықтан уланған малды таза ауаға шығару керек. Қораларда көміртек тотығының шектеулі концентрациясы 2 мг/м 3 болып саналады. Концентрациясы зиянды әсер ететін газдарды әмбебап газ анықтағышпен (УГ-2) анықтайды. Бұған алдын ала әр газға арналған индикаторлы ұнтақты дайындап қою керек. Зиянды өсер ететін газдардың жиналуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізілуі тиіс. Яғни қорадан нөжіс пен несепті тез жинап шығару, едендерді ылғал жібермейтін мықты жабдықтармен жабдықтау, мал тұратын аймақта ауа алмасуын дұрыстау, едендерге газды бойына сіңіретін материалды (сабан, ағаш ұнтағы) жөне газ концентрациясын төмендететін препараттар (сөндірілген әк, суперфосфат) қолдану керек.
Шошқа шаруашылықтарында әрбәр өндірістік топтың жануарларын жеке қораларда орналастырады. Осыны ескере отырып, мұндай шаруашылықтарда қабандарға, бойдақ және ұрықтанған мегежіндерге, буаз мегежіндерге, бордақылауға арналған және каратиндік қоралар салынады. Барлық қорада топтық ұстауға арналған екі немесе төрт қатарлы орналасқан станоктар болады.
Еметін торайларды өсіретін станоктардың көлемі
Станоктардың габаритті мөлшері, м:
Ұзындығы
Ені
Биіктігі
Станоктың ауд, м 2
2, 1
1, 75
1, 2
3, 68
3, 1
2, 05
1, 1
6, 35
3
2, 55
1, 08
7, 65
Станоктардың түрі мен конструкциясы шошқаларды күтіп ұстаудың түріне байланысты болады. Гигиеналық талаптарға сай келетін станок үш бөліктен тұрады: мегежіндер ұстайтын (жылжытпай) - ортасында дем алатын және торайларды азықтандыратын - шеттерінде. Бокстың алдыңғы қабырғасында мегежінге азық беруге арналған науашық болады.
Әр түрлі жастағы шошқаларға арналған топтық станоктың көлемі, м 2
Тексерілетін шошқалар және күйіттеуіштер
Қысыр, буаздық мерзімі аз және буаздықтың бірінші жартысындағы мегежін
Енесінен ажыратылған торайлар
2, 5
1, 9
0, 35
2, 5
2, 0
0, 4
- Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
- Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион) . Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді.
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м², аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0, 8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1, 2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді болады.
- Торайды кай жасында жәй және бекондық бордақылауға қояды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz