Балапандарды өсіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
Жалпы құс шаруашылығы
II. Негізгі бөлім
1. Балапан қораларына қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Балапандарды бағып - күту әдістері.
3. Балапанды өсіру гигиенасы.
III. Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің де зор маңызы бар. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға (күтіп-бағуға, азықтандыруға т.б.) сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптен орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан - жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал -- жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталган құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.
Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.

1. Балапан қораларына қойылатын гигиеналық талаптар.

Құс шаруашылығында қора -- жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен манызы бар.
Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне карай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып - күтетін цех, жаз айларында бағып - күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшікті және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа - райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.
Құс қоралардың жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материалдардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай және құрылыстың тиісті алаңдарының мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.
Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45 - 60 күн болған балапандарға күн шуақ немесе серуен алаңы 0,5 м2 есебімен жасалады,ал туғанына 25күн болған үйрек балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек үйректер мен тауықтарға 2 м2 есебімен, ересек күрке тауыққа 3 м2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнаулы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған торлы қоршаумен қоршалды, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады, ал күркетауықтар үшін 2,2 - 2,5 м, қаздар мен олардың балапандары үшін 0,8 - 1 м, үйректер және олардың балапандары үшін 0,5 -- 0,6 м, ал балапандарға 1,5 -1,6 м, күркетауықтар балапандарына 1,6 - 1,8 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.
Балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік -- шығысқа қаратылады: суда жүзетін құстарға арнап салынған қоралардың алдыңғы жақтағы үлкен қақпасы оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қаратылады, су қоймасына құс осы жақтан шығады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге кабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай тандап алынады.
3.5. Балапан қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру.
Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалык қосталардың ықпалы аркылы байкалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болу үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшандығының, ауа құрамының зоогагаеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бір қалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.
Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмір-қышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауга әкеліп соғады.
Құс организміне аммиак пен күкірттісутек әсерінен, құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек.

Балапан қоралардағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
Құс, түрі жыныстық топтары, инкубаторлардың жайлары Асау температурасы, 0С Салыстыр-малы ылғалдығы, % Жылдың суық кезеңінде ауа қозғалысы, мс Ауаның шаңдауы-ның шекті мөлшері, мгм3 Газдардың шекті мөлшері
Көмір-қыш-қыл газы, пайыз Аммиак, мгм3 Күкіртті сутегі, мгм3
Еденде ұстағанда Торда ұстаған-да
Еден-де Локаль-ды жылы-ту орын-дары
Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биолопіялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды.
Қазіргі кезде ауадағы шанды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ; ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану, химиялық зарарсыздандыру (құстың барында). Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольды тәсілмен) қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидтік шамды да (ДБ-30) қолданған тиімді (0,5 - 0,6 Втм2 ).

Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің құс өнімділігі мен сапасына әсері

Бағу әдістері
Ауа темпера-турасы,0С
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мгм3
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі
Өлім-жітім, пайыз
Жұмырт-қа сынығы, пайыз

NH3
шаң

Қалың төсеніште
16
72
35
8
240
14
8
Бір ярусты бата-реяларда (АПЛ)
17
70
8
4
260
6
2,2

Құс қораларындағы жарықтылық нормасы

Қоралар
Табиғи жарықтылық нормасы
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк

табиғи жарықты-лық коэффициенті (КЕО), пайыз
жарықтылық коэффициенті (ЖК)
газозарядты лампалар кезінде
қыздырылатын лампалар кезінде
Ересек құстар үшін

Еденде ұстағанда (еден деңгейі бойынша)
0,7
1:10-1:12
75
30
Торда ұстап бақ-қанда (азықтанды-ру бойынша)
0,7
1:10
70
30
Бройлерді баққан-да (еденде және торда)
0,35
1:20
20
75
Балапандарды бағу үшін
1,0
1:8-1:10
диапазонда

Инкубаторлық залдар
0,8-1,0
1:15-1:20
75
30

Құс қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Құс түрі, жыныстық топтары, инкубаторлық жайлары

Ауа температурасы, 0С
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, %
Жылдың суық кезе-ңінде ауа қозғалысы, мс
Ауаның шаңдауы-ның шекті мөлшері, мгм3
Газдардың шекті мөлшері

еденде ұстағанда
торда ұстағанда

көмір-қышқыл газы, пайыз
аммиак, мм3
күкіртті-сутегі, мм3

еденде
локалды жылыту орындары

Тауық балапандары жасы аптамен
14
28-24
35-22
33-24
60-70
0,2-0,5
2-5
0,2
10
5
5-11
18-16
-
18
60-70
0,2-0,5
2-5
0,2
10
5
12-22 (26)
16
-
16
60-70
0,2-0,5
2-5
0,2
10
5
Бройлер-балапандар аптамен
1
28-26
35-30
35-30
65-70
0,3-0,6
2-5
0,2
10
5
2-3
22
29-26
29-26
65-70
0,3-0,6
2-5
0,2
10
5
4-6
20
-
-
65-70
0,3-0,6
2-5
0,2
10
5
7-9
18
-
-
65-70
0,3-0,6
2-5
0,2
10
5

2. Балапандарды бағып - күту әдістері.

Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуда, Ірі мамандандырылған құс шаруашылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп - бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға (бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280 - 290 дана жұмыртқа, 50 - 60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800 - 2000 г мөлшерде алуға мүмкіндік туады. Немесе жақсы күтіп - бағуға нәтижесінде қаз балапандарының 60 -70 күндегі салмағы 3,5 - 4,5 кг дейін болуына толық жағдай бар.
Жоғарыда келтірілген мәселелерді дұрыс шешу үшін құс шаруашылығында түрлі малдәрігерлік - санитарлық жұмыстарды жақсарту, аталынған шараларды дер кезінде өткізу, құс фирмаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру, нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезінде зоогигеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы құс шаруашылығы
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Құс өсіру шарттары
Бройлер балапандарын өсіру
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Балапандарды бағып – күту әдістері
Тауықтарды және балапандарды азықтандыру және күту ерекшеліктері
Күркетауықтарды бағып күту
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Пәндер