Ауру ағымы және клиникалық белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
11 сабақ
Тақырыбы: Ньюкасл ауруының зертханалық диагностикасы

Сабақтың мақсаты: Ньюкасл ауруын балау әдістерін меңгеру, вирусологиялық зерттеулер үшін зардапты материалдар дайындау

Бақылау сұрақтары:
1. Вирусты материалдарды қалау алуға болады?
2. Биосынамалар үшін жұқтырудың қандай әдістері қолданыла-ды?
3. Ньюкасл ауруының вирустық бөлінуі үшін ТЭ жұқтырудың әдістері
4. ГАР-ны орнату. ГАР арқылы нені анықтаймыз?

Материалдар мен құралдар: зардапты материал, құрал-жабдықтар жиынтығы, фарфор табақша, стерильденген құм, стерильденген пробиркалар, физ.ерітінділер, антибиотиктер қоспасы, тауық эмбрионалары, диагностикумдер жиынтығы, ГАР-сын қоюға қажетті жабдықтар
Студенттердің өзіндік жұмысы. Студенттер ұзақ зерттеулер үшін зардапты материалдан вирусты материалды өз бетінше алады.
Қысқаша реферат. Қарапайым құс тұмауынан айырмашылығы бар, бұл ауру алғаш рет Ява 1926ж Краневельд аралында тіркелді. 1927 ж бастап бұл ауру Азия, Америка, Еуропаның біршама қалаларында тіркеле бастады. Англия ғалымы Дойль 1927ж бұл ауруды Ньюкасл қаласының маңынан анықтады да ауруға осы аймақтың атын берді. 1935ж АҚШ-та бұл ауруды балапан пневмоэнцефалиті деп те атады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл жұқпа Еуропа қалаларына тарап, КСРО аймағына да енді. Қазіргі таңда бұл ауру құс шаруашылықтарында инфекциялық қатаң бақылауда. Аурудың өте жоғары эпизоотологиялық қаупі инфекцияның әртүрлі аймаққа құс шаруашылығының өнімдері арқылы таралуымен байланысты болып отыр. Сондықтан да Ньюкасл ауруы- ХЭБ-дағы А-тобына тіркелген құс ауруларының ішіндегі жалғыз ауру. НА-нан (Ньюкасл ауруынан) келетін экономикалық шығынды құстардың ауруы (балапандар арасында 100%) мен қырылуынан (60-90%) байқаймыз. Ауру балапандар баяу өседі. Көп шығын қатаң карантиндік шаралар мен ауруға күмән туғызатын құстарды жоюға жұмсалады.
Ауруды қоздырушысы. Қоздырушысы - Paramixoviridae тұқымдастығының Paramixovirus тұқымының РНҚ-лы вирусы. Вирион көлемі 120-380нм. Вирус гемагглютиндеуші қасиетке ие, 9-12 күндік тауық эмбриондарында, ЦПӘ-рін тигізе отырып көптеген алғашқы және себілмелі клетка өсінділерінде көбейеді. Қоздырушысының 9 серологиялық нұсқасы бар. Шаруашылықта айналып жүрген Ньюкасл ауруы вирусын зардаптылық деңгейіне байланысты келесі топтарға бөледі: велогенді - зардаптылығы жоғары, мезогенді - зардаптылығы орташа, лентогенді немесе авирулентті - төмен деңгейде зардапты. Сондай-ақ вирустың далалық штамдары талғампаздығымен (тропизм) (жеке бір ағза мен ағзалар жүйесін талғауы) ерекшеленеді. Осыған байланысты індеттік штамдардың висцеротропты, энтеротропты, пневмотропты және пантропты түрлері бар.
Вирустың төзімділігі. НА вирусының физикалық және химиялық фактоларға төзімділігі белоктары мен ортаның pH-ына байланысты. Вирус ортаның рН-ы 2,0-ден-10,0 аралығына төзімді, кептірілген ағзаларда 17-18°С температурада - 2 жыл, тауық қораларда қысқы уақыттарда - 140 күн, жазда -7 күн белсенділігін сақтайды. Шіріген өлекседе 3 аптадан кейін жойылады. Қатырылған тауық ұшасында 800 сақталады. Ұшаларды 40-60 минут қайнатқан соң ғана вирустар өледі. Биотермиялық процесстер вирусты 20 күннен кейін жояды. Вирус дезинфекциялаушы заттардың әдеттегі концентрацияларына сезімтал (формалиннің 1-2% , хлорлы әктың 3%, натрий гидроксидінің 2%, ксилонафтың- 4-5%-дық ерітінділері).
Патогенез. Ньюкасл ауруының вирусы сезімтал құс ағзасына қорекпен, сумен, ауамен арқылы түскен соң (96 сағаттың ішінде) бірден қанға өтеді. Вирустың әсерінен гематоэнцефалиттік кедергілердің өткізгіштігі бұзылады да вирусемия дамиды, сондықтан аурудың басты белгісі әр түрлі жүйелер мен ағзаларда жайылмалы және жергілікті қанталау орын алады. Қан арнасы бойынша вирус әр түрлі ағзалар мен ұлпаларға өтеді, соның нәтижесінде жүйке жүйесі, тыныс және ас қорыту жолдарының жұмысы нашарлайды да аурудың клиникалық белгілері спектрінің кеңдігін қамтамасыз етеді.
Ауру ағымы және клиникалық белгілері. Қысқа жасырын кезеңінен кейін (2-4 күн) келесідей клиникалық белгілер байқалады: тез күйзелу, ұйқышылдық, тыныс алудың қиындауы, ентігу, дауысының қарқылдап шығуы (ауыз және мұрын қуыстарында шырыштың көптеп жиналуы нәтижесінде), іш өту, тырысу, аяқтардың, қанат және мойын салдануы.
Шаруашылықтағы құстар организмінің сезімталдығына және айналымдағы штамдардың зардаптылығына байланысты аурудың 4 түрін ажыратады: 1) Велогенді (жіті) түрі қысқа уақыттық жасырын кезеңімен, күйзелумен, әлсіздікпен, тремормен, ас қорыту жолдары қызметінің бұзылуымен және құстың өлімімен сипатталады. 2) Вирустың мезогенді штамдарымен зақымдалған құстарда келесі ауру белгілерін көруге болады: жөтел, тұншығу, жүйке жүйесінің бұзылуы; 3) Лентогенді (созылмалы) - көбею ағзалары (энтериттер және овариосальпингиттер) мен ішектің жұмысының бұзылуымен сипатталады 4) Асимптоматикалық (мөлшерден ауытқу) түрінде көрінетін клиникалық белгілері жоқ, дегенмен құс ағзасында антиденелерді түзу арқылы жүреді, сонымен қатар лентогенді штамдардың да әсері осыған саяды, нәтижесінде иммундеуші субинфекция пайда болады, яғни аурудың жасырын түрде өтіп, қанда антиденелердің түзілуімен сипатталады.
Таралу жолдары - алиментарлы, аэрогенді және жанасу арқылы. Берілу факторлары: жұмыртқа, төсеніш, жем, құс жүні мен мамықтары және т.б. болып табылады. Вирус ауру құс организмінен ауыз және мұрын қуыстарынан аққан сұйықтықтар, саңғырықтары арқылы бөлінеді.
Патологанатомиялық зерттеулер кезінде қан кету сөлдің кетуі түрінде безді және бұлшықетті іштің белдеуінде, сөлді аймақтарда сөлдің шамадан тыс бөлінуі, айдар мен құлақастының қарауытуы.
Диагностика әдістері. Эпизоотологиялық , клиникалық және патологоанатомдық міндеттелген зертханалық зерттеулер мен вирустың бөлінуіне қарай диагноз қойылады.
Эпизоотологиялық белгілерге сай қоздырғы шектен тыс салынады, әрі белгілері тек тауық өкілдеріне келеді, жоғары дәрежелі жұққыш және өлімге алып келеді.
Сабақты өтудің әдістемесі
Зертханалық зерттеуге максималды сақтық шараларымен қамтылған жаңа өлген адам мәйіті керек.
Биоталдау. 10%-дық тұнбаға ми тінін, трахея, бауыр мен селезенканы дайындайды. 5 мың бірлмл пенициллин мен стрептомицинді 0,5мл дозаға бұлшықетасты немесе теріасты саламыз.Тауық эмбрионының жұқпасы. Суспензия сұйықтығымен 10-12 күндік тауық эмбрионының 0,2мл дозалық сөлімен вирусты жұқтырады, әр материалға 10 ТЭ-нан кем емес аллантоистік қуыста қалыптасқан әдіспен 72 сағ 37,5°С температурада инкубациялайды (алғашқы 24 сағ өлген эмбриондар ескерілмейді). Егер 72 сағ ТЭ өлгендері жоқ болса, онда партиядан 5еуін түнге 4°С температурада қалдырып өлтіреді. Қалған 5 ТЭ 120сағ дейін инкубациялап өлтіреді. Тірі және өлген ТЭ нан бөлінген аллонтоистік сұйықтықтарды тауық эритроциттерімен РГАда тексереді.Әдетте вирустың велогенді штаммдары 32-60 сағаттың өзінде жұқтырылған ТЭ өлуіне алып келеді, мезогенді болса- 60-90 сағ, ал лентогенді болса- 100 не одан да көп уақытта жойылады.
Өлген эмбриондардың шарана сұйықтығы РНГА, РН және РЗГА вирустарының бар екенін көрсетеді.Дифференциалды диагностикада құс тұмауы, пастереллез, инфекционды ларинготрахеит, инфекционды бронхит және спирохетоз ауруларын шығару керек.
Дәрісті қорытындылау. Студенттер БН вирустарды тауықтардағы биосынамаларда анықтаған соң, тауық эмбриондарын жұқтырған соң тәжірибе бойынша схемалар тұрғызып, жазбаларды өз дәптерлеріне жазып алады.

12 САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Инфекционды анемиядағы жылқылардың зертханалық диагностикасы
Сабақтың мақсаты: Инфекционды анемия кезіндегі эпизоотологияға қарсы жүйелік шаралар мен диагностиканың әдістерін меңгеру
Материалдар мен қондырғылар: Инфекционды анемиямен ауыратын және сау жылқылардың салыстырмалы гематологиялық деректері кестесі, жылқы қанының дайын жағындары, диагностикум, вирустық материал, ыстық агар, Петр шынысы, майсыздандырылған шынылай заттар, дымқыл мақта тампон, трафарет, штамп-ойғыш, Пастер тамшуырлары, 5-10 мл-лік тамшуырлар
Студенттердің өзіндік жұмысы. Студенттер ауру жылқылардың қандарындағы гемотологиялық көрсеткіштерін зерттеп, жылқының ИНАН диагностикумы арқылы ДПР қояды.
Бақылау сұрақтары:
1. Жылқыларының ИНАН-сын анықтау үшін ДПР қоюды сипаттап бер
2. Жылқылардың ИНАН-сы кезінде вирусологиялық зерттеу үшін жасушалар өсірінділерінің қай түрлері қолданылады?
3. Жылқының ИНАН-сы кезіндегі гематологиялық зерттеулердің маңызын анықтау
Қысқаша мазмұндама
Инфекциялық анемия (ИНАН) - Retroviridae тұқымдастығына жататын лентивирустар тудыратын, дара тұяқты жануарларда болатын, негізінен созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Тұрақты және созылмалы безгекпен, геморрагиялық диатездің септицематикалық белгілермен, гемоглабин пайызының азаюы мен эритроциттердің санының азаюынан болатын анемиямен, тұнудың тез жүруі, жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы мен әлсіреумен сипатталады.
Тарихи анықтама. 1869ж Францияда бұл аурудың жұқпасы дәлелденді. Карре мен Валле 1904ж Инфекциялық анемияның қоздырушысыы ашылды. Ресейде 1910ж М.Потудин ауруды сипаттап берді.
Инфекциялық анемия көбіне әлемнің Солтүстік және Оңтүстік Африка, АҚШ, Азия, Австралия және Еуропаның кейбір елдерінде тіркеледі. ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында ТМД елдерінде көп кездесіп жүрді. Қазірде бұл ауру сирек кездеседі. Инфекциялық анемиямен тіркелген жылқышылықтар үлкен экономикалық шығынды көтереді. Бұл ауру белгісі пайда болғанда 20 дан 80 % дейін көбейеді. Әсіресе көп шығынды аурудың ликвидациясы мен ауыр профилактикалық шаралар көрсетеді.
Ауру қоздырушысыы- вирус көбіне 90-200нм тікенелері бар шар тәрізді түрде ауру жануарлардың барлық ағзалары мен тіндерінде қан құрамында болады.
Вирустың жылуда тұрақтылығы жойылады және 60° та өз уыттылығын жояды қайнатқанда 1-2 мин, күн көзінде (20-28°) 1-3 сағ көлемінде зарарсыздандырылады. 0-2° суықта 2 жылға дейін сақталады. Көңді биотермиялық өңдеуде 30 күн ішінде өледі, зәр мен көңде 2,5 айға дейін сақталады. Қанды бөлме температурасында құрғатқанда вирус 7 айға дейін тұрады. 2% натрийдің улы ерітіндісі вирусты 20 минутта, 3% креолин ерітіндісі- 30 минутта, 20%-дық әктастан (құрамында 29,5% активтендірілген хлоры бар) жасалған жүзгін ағын суда вирус 3 күнде зарарсызданады.
Диагностика әдістемесі. Диагнозды эпизоотологиялық белгілер, клиникалық белгілер, патолог-анатомдық өзгерулер мен зертханалық зерттеулер нәтижесінде қойылады.
Эпизоотологиялық белгілерге сай Инфекциялық анемияның белгілері бойынша әр түрлі жастағы жылқылар, есек пен қашырлар ауыра алады. Құлындар ауырғанда әдетте өліммен аяқталады. Есектер жылқыларға қарағанда ауруға төзімдірек болып келеді. Төлдерінің науқастануы ылғи да өлумен аяқталады.
Инфекцияның қоздыру көзі вирустасымалдаушылар мен ауру жануарлар болып табылады. Ауру жануардың ағзасынан нәжіс, үлкен дәрет, мұрын шырышы, конъюнктивтілік және сүт арқылы бөлінеді. Аурудың қозған кездегі жағдай жануарлардың өткір қабынуы, вирустың ағзадағы концентрациясы көп болғандықтан өте қауіпті. Инфекцияның қоздырушысыы ретінде аурудың латентті түрімен ауыратын жылқылар да болуы мүмкін, олардың вирусжұқтырғыш қасиеті 7-10 тіпті 18 жылға дейін созылуы мүмкін.
Жануарлар ағзасына вирус тері, шырышты қабық, асқорыту жолдары арқылы енеді. Қашыру кезінде де жұғуы мүмкін. Инфекцияның жаппай жұқтыру көздері қансорғыш жәндіктер, әсіресе соналар, көкшыбындар сілекейінде вирус 3-4 сағ сақталады.
Берілу факторлары- жем, су, төсемелері мен жәндіктер. ИНАНға келесілер тән: белгіленген стационар, мезгіл (жаз, күз), белгілі тұрақты орын, эпизоотияның 3-5 айдан 1-2 жылға дейін созылуы сияқты белгілер тән. Жануарларға ішіне тері арқылы, шырышты қабық, ішекті жол сонымен қатар конгенитальдығы арқылы енеді.
Клиникалық белгілер инкубационды периодтан кейін, орта есеппен 10-30 күн, кейде 3 айда пайда болады. Аурудың негізгі белгілері: қайталамалы ауру, әлсіздік, азу, жүрек жұмысының бұзылуы, ентікпе, қаназдық, теріасты ісінулер. Жылқылардың жүрек жұмысын жақсарту үшін, жылқылардың тамыр соғысын 1 мин қалыпты жағдайға келтіріп, сосын 100 м қашықтықпен, әр 10 с сайын жануар желісімен өткізеді. Ауру жылқылардың жүрек қағысының шамадан тыс артуына алып келеді. Жүрек қағысын тыңдау кезінде жүрек соққысы мен функционалды шуды тыңдайды.
Патолоанатомдық зерттеу кезінде септикалық құбылыстар, геморрагиялық диатез, бауырдың ісінуі, лимфатикалық түйіндер жануарларға түскен белгілер болып табылады. Көкбауыр да үлкейіп, қанға толады. Жүрек бұлшықеттері болбыр қалыпқа түседі. Созылмалы қабыну кезінде өлі дене өзгеріске көп ұшырай бермейді. Жүрек ұлғайып, анемияға ұшырауға алып келеді.
Сабақтың өту барысы.
Материалдарды дайындау. Серологиялық зерттеулерге жылқы қанының 5-6 мл сарысуымен антибиотиктерді (пенициллин мен стрептомицинді 1000 бірлмл) қосып 4-8°С температурада сақтайды. Сарысуды консервантсыз мұздатылған күйде сақтайды. Гематологиялық зерттеуге 10-12мл қан, 20%-дық тұрақтандырылған лимонқышқылды натрийді қосады. Қанды жануарды тамақтандырғанға дейін алады. ДМ гистологиялық зерттеулер үшін диагностикалық мақсатта ауру немесе өлген жылқлардың бауыр, көкбауыр, жүрек, өкпе, бүйрек пен лимфоталшықтарының бөлшектерін аламыз. Материалды 10%-дық формалиннің құрамына енгізеді. Бөлшек қалыңдығы 2см ден аспауы керек. Биосынамалар үшін ИНАН ауруына күдікті құлындардан 300-500 мл қаннан алады.
Зертханалық зерттеулер вирусологиялық, серологиялық, гематологиялық және гистологиялық әдістер арқылы жүзеге асырылады.

31-сурет. ИНАН кезіндегі жылқылардың температуралық реакциясы: А-өткір ағын, Б-жіті ағын

Вирустың индикациясы мен идентификациясы. Биосынама. Күмәнді жағдайларда зерттеу үшін қымбат жылқылар болса, олардың құлындарына биосынамаларды салып тексереді. Сарысуды анықтау кезінде жылқы өнімін топтық сынамаларға қосады. Осы мақсатпен сәтті шаруашылықта жүрген 6-12 айлық 2 құлынды алып, 4 рет, 7 күндік аралықпен клинико-гематологиялық және серологиялық түрде зерттейді. Сосын құлындарды ауру жылқылардан алынған қан мен сұйықтық арқылы жұқтырып, зарарсыздығы мен зиянсыздығын (3 ақ тышқанға теріасты және тамырішілік түрде 1 мл ден салады) тексереді. Сарысуды құлындарға теріасты немесе тамырішілік түрде 100-200 мл ден саламыз, фибринсізденген қанды сол дозада тек теріасты саламыз. Науқас жылқыларға әр 10-15 күн сайын гемотологиялық және серологиялық (ДПРда) зерттеулер жүргізіп, 90 күн бақылауда ұстайды. Биологиялық сынамаларды жұқтырылған құлындардан клиникалық симптомдар байқалған кезде оң деп қабылдайды, қайталамалы ауру, әлсіздік, бозарыңқылық және шырышты қабаттың сарғаюы, азу, серологиялық және гематологиялық зерттеулер нәтижесінде байқалады.
Вирусологиялық әдіс цитопатиялық әрекет нәтижесінде лейкоциттер мен сүйек кемігінің жасушаларынан алынған ИНАН вирусының көшірмесін алуға негізделген. Вирустың басқа жасушалар жүйесіне моноқабаттар еш ауытқусыз жиналады.
Серологиялық диагностиканың негізгі әдісі- ДПР
ДПР-сы жылқылардың ИНАН-сын зерттеудегі халықаралық стандарттарға сай келетін негізгі эталондық әдіс. Инфекцияның жіті, созылмалы, латентті ағыны кезінде қанның сарысуының АТ сипатының вирусқа қабілетін анықтайды. Ауру жылқылардың көкбауырынан басқа АГ ретінде жылқы лейкоциттері өсіндісінде өсірілген және твин-80-мен және эфирмен өлтірілген ИНАН вирусын қолдануға болады, ДПР үшін биоөнеркәсіптер диагностикумдер шығарады. диагностикум. В настоящее время разработан энзимосвязанный иммуносорбентный метод (ИФА), чувствительность которого намного выше, чем чувствительность РДП.
Қазіргі таңда ДПР-ға қарағанда сезімталдығы жоғары энзиммен (ферментпен) байланысқан иммуносорбентті әдіс (ИФТ) жасалынған.
Студенттің өзіндік жұмысы.
ДПР үшін шыны заттар жасау үшін таза, мұқият майсыздандырылған шынылар керек. Оны горизонтальды бетке (үстелге) қояды. (40-45°) температурада жаймен қыздырылған тамшуырға (3-5 мл) (50-60°) балқытылған 1% агар гелін шыны бетіне жағамыз. Агар қабатының қалыңдығы 1-1,5мм аралығында болуы керек. Агар кепкеннен кейін әр шынының бетінен стандартты штамптармен шұңқырларды алып, олардан агарларды бөліп аламыз. Тәжірибенің мақсатына байланысты штамптардың көлемдері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін. Сосын шұңқырларды Пастер тамшуырлармен немесе микротамшуырлармен антигендер мен антисарысуларды (макроәдіс бойынша) қосады. Шұңқыршаларды реагенттермен толтырғаннан кейін шыныларды дымқыл камераларға орналастырып (фильтр қағазымен Петр табақшасын суға батырады) бөлме температурасында немесе термостатта (37 °С) қалдырады. ДПР нәтижелері 8-10 сағат ішінде шығады, негізгісі- 24 сағат, саңғысы - 48-72 сағатта. Антигендер (АГ) мен антиденелер қатысында диффузия аяқталғаннан кейін шөгінділер шамамен шұңқыршалардың арасына, оське перпендикуляр болып орналасады. Реакция антигендер мен антиденелері бар, шұңқыршалардың арасындағы кез-келген интенсивтіктегі бір немесе екі-үш шөгінді пайда болғанда оң деп табылады.
Гематологиялық зерттеу нәтижесінде эритроциттер мен гемоглобиннің 2 есеге дейін азаюы, Эритроциттің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) мен лейкоцитарлы формуладағы лимфоциттердің пайызының 2 есе артуы байқалады. Ауру жануарларда ЭШЖ, лейкоцитарлы формулада лимфоцитоз болады, әсіресе жіті және созылмалы ауруда алғашқы (15минутында) (60-70 бөлігі) ЭШЖ күрт өсіп кетеді. Қан талдауын әр 3 күн сайын ауру талмасы кезінде , ремиссия кезінде 10 күнге 1реттен кем емес алады.Эритроциттер мен лейкоциттер санын қарапайым әдіспен Горяев камерасында (немесе электронды санауышта) есептейді. Гемоглобинді Сали гемометрінде анықтап, нәтижелерді процент күйінде көрсетеді. Анализ кезінде лейкоцитарлы формулаға 4-6 айға дейін сау құлындардың өзінде кейде лимфоциттердің көп болуы (60% ға дейін) байқалуы мүмкін екенін ескеру қажет. Аурудың бас кезіндегі температураның кенеттен артуынан, эритроциттер саны мен гемоглобин пайызының нормалық көлемі болмайтынын айта кету керек.

Сау және ауру жылқылардың қан көрсеткіштері

Зерттеу түрі
Қалыпты күйдегі сау жылқылар
ИНАН ауыратындар
Эритроциттер, млнмм3
5-9
4,5 және одан аз
Гемоглобин, г%
7,6
5,0 және одан аз
СОЭ, 1сағ бөлгенде
45-60
66 және одан көп
Лейкоциттер, мыңмм3
7-10
Өзгеріссіз
Лимфоциттер, %
25-35
60-75

Гистологиялық әдіс бойынша бауыр мен көкбауырда ретикулоэндотелиалды жүйенің жасушаларының ,гистиоцитарлы-лимфоиддық түрдің диффуздық пролифератының бөрітуі байқалады.
Ағзалардың дайын бөлінділерін гематоксилді-эозинмен қарапайым әдіспен бояйды. Зерттеуде бөлінділерді гемосидеринде Перлс бойынша бояйды. Аурудың стадиясына, ремиссия мен рецивидтер саны және тұқрақтылығы бойынша сипаты мен деңгейі анықталады. Айтарлықтай өзгерістер бауыр мен көкбауырда орын алады. Аурудың жіті қабынуы кезінде бауырдың капиллярларында гистиоцит, макрофаг және лимфоидтың жасушалары жиналуы байқалады. Купфер жасушалары мен макрофагта- гемосидерин болады. Бауыр жасушалары май немесе түйірлі дистрофия күйінде болады. Көкбауырда қызыл пульпа қанға толып, гемосидерин саны күрт түседі, немесе керісінше қан құйылу әлсіз, ал фолликулалар гиперплазирленген, гемосидерин саны қалыпты немесе біршама жоғары болады. Бауыр мен жүректе - гиперемия, қан құйылу, ұйыма сұйық интерстиция,гистиоцитарлы лимфоидты жасушалардың әлсіз пролифераттары, майлы немесе түйіршік дистрофия, эндотелиалды жасушалар мен гистиоциттардағы гемосидериндердің аздаған ауытқуы байқалады. Қан құйылулармен лимфо талшықтар гиперемирленген
Сабақті қорытындылау. Студенттер ауру жылқылардың қанының гемотологиялық көрсеткіштерін зерттеген соң, ДПР қондырғысымен жылқыларды ИНАН диагностикалауды өз дәптеріне жазып алады.

Сабақ 13.
Тақырыбы: мүйізді ірі қара малдың Парагрипп-3 ауруын зертханалық балау
Сабақтың мақсаты: Мүйізді ірі қара малдың парагрипп-3 ауруы кезінде балау әдістерін үйрену
Материалдар және жабдықтар: плексигласты планшет, түрлі көлемдегі өлшеуіш пипеткалары - 1, 2, 5 см3, тұйықталған грушалар,0,9% физ.ерітінді, диагностикум жиынтығы, антиген ПГ-3, зерттелетін қанның сарысуы, 1% - ті теңіз шошқаларының эритроциді, дезрастворлы құтылар.
Студенттің өзіндік жұмыс. Студенттер ІҚМ-дың парагриппа-3 диагнгостикумын қолдана отырып ГАТР-сын қояды.
Бақылау сұрақтары: 1. Парагрипп-3 ірі қара малының вирус бөлшегі құрылымының ерекшеліктерін тізбектеу.
2. Парагрипп-3 диагностикасының экспресс-әдісі неге негізделген?
3. ГАТР қойылымының принципі.
4. ГАТР жүргізілу кезеңдерін атаңыз және түйінін айқындаңыз?
5. ГАТР есебін қалай жүргізеді?
6. Парагрипп - 3 диагнозын қай кезде бекітеді?
Қысқаша реферат.
Парагрипп - 3 (лат. - Paragrippus bovum; ағыл. -- Parainfluenza-3-virus; мүйізді ірі қара малдың көліктік безгегі, параинфлюэнца-3) - ауыр өтпелі жұқпалы ауру, ауру белгілерінің негізгі сипаттамалары, жоғарғы тыныс жолдарының қабынбалы ауруы, ал ауыр жағдайда тыныс жолдарының бұзылуы.
Ауруды алғаш АҚШ - та 1932 ж. сипатталған. Скот және Фарлей, ауру этиологиясында пастерелл ролін көрсеткен. Ауру қоздырушысы туралы тұжырымдар 1959 ж, науқастанған бұқаларды вирустық оқшауланғанда, антигенді құрылым бойынша тұлғалық (ПГ-3) парагрипп - 3 вирусына ұқсастығы анықталғанда өзгерген. ТМД-да ПГ-3, 1968 ж. анықталған. Ағымдағы уақытта ауру барлық мал шаруашылығы кәсібі дамыған елдерде анықталып тіркелген. ПГ-3 барысындағы экономикалық залал тұқымын түгендемегендіктен және ветеренарлы және емдеу - профилактикалық шараларының шығыны жинақталады.
Ауру қоздырушысы. Ауру қоздырушысы ПГ-3 - вирусты РНК, парамиксовирус тобына жатады. Вирус бөлшегінің өлшемі 120 - 150 нм. Вирус айрықша антигенді белсендірілген және антигеннің екі типін игерген, яғни құрылымы және бірнеше ерекшеліктерімен ажыратылады: рибонуклеопротеидтті, немесе S-антиген, және жоғарғы V-антиген. Одан да бөлек, вирус ПГ-3 гемагглютинидттендіретін, гемадсорбирбтендіретін қасиеттерін игерген және ауруды зертханалық диагностика кезінде гемолитикалық іс - әрекетті қолданады.
Вирус жоғарғы тұрақтылықта игермеген. Ол жоғарғы температурада және УК - сәулеленуі кезінде тез күйрейді. 56 0 С дейін қыздыру 30 мин ішінде Инфекциялық және гемагглютиндіретін белсенділікті жояды. Вирус 60 "С - та 30мин, 50 °С - та 120 мин; формалин ерітіндісі және р-пропиолактонамен өңдеуде әсерсіздендіріледі. Вирусқа рН төменгі мағынасы жоятын әсер береді.
Патогенез. Вирус тыныс жолдарының шырышты қабығына түскенде, нейраминидаз ферментімен гемагглютинин есебінен белсендіріледі, эпителиалды жасушада сіңіп, жылдам көбейеді. Онан соң вирус бөлшектерінің көп бөлігі шырышты қабықтың жоғарғы бөлігіне бөлінеді және шырышқа түседі, осылайша шырышты қабықтың маңызды бөгеуін бұзады, қосалқы микрофлораларға қолайлы жағдай жасайды. Шырышты бөгеуді бұзу арқылы, вирус мукопротеидтті жасуша рецепторымен өзара әрекеттеседі және жасуша цитоплазмасына сіңеді. Жасушадағы вирус репродукциясы оларлың сыдырылуына әкеледі, соның әсерінен шырышты қабықтың тереңірек бөліктері зақымданады. Соңында зақымданған бөліктерге еніп және тыныс жолдарынан табылатын, түрлі микробтар көбейеді. Шырыштың және ауаның қозғалысы вирус бөлшектерінің бүкіл тыныс жүйесіне таралып, өзге де эпителиалды жасушаларға тарап, зақымдайды.
Ауру барысы және клиникалық белгілері. Аурудың инкубациялық мерзімі 1 ... .5 күн. Ауру барысы өте ауыр, ауыр, жеңіл, созылмалы түрде және түрлі симптомдар байқалады: тыныс жолдарының риниті немесе бронхит жоғарғы дәрежеге дейін бронхопневмония.
Ауруға айналасындағы ауру барысында күрделенетін вирус штаммасы және факторлар уыттылығы әсер етеді. Көбінесе бұл қорытынды бір уақытта ПГ - 3 вирусы және пасререлламен зақымданғанда және күйзеліс салдарынан болады. Сондай - ақ әрбір фактор жекеленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы
Микотоксиздер
Жалпы пневмония белгілері
Микотоксикоздар туралы
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Аралық миокардит
Қызылша бөртпелері
Күшік рахитының рентгенодиагностикасы
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Пәндер