Тауық қораға арналған іргетас



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

кафедрасы

___________________________________ _____________________________
___________________________________ _____ тақырыбында жазылған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: 5В120100 - Ветеринариялық медицина мамандығының
3 курс ______ топ студенті
________________________
Тексерген: ________________________

АЛМАТЫ 20 ___

Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлімі
2.1.1. Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.2. Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.2. Тауықты күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау ( микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу ) және оларды жетілдіру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Тауықты азықтандыру және тауық азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар, азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Құс шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

РЕФЕРАТ
Жұмыс: 32 беттен, 4 кестеден, 7 суреттен тұрады.
Түйінді сөздер: гигена, стандарт, тауық қора, рацион, микроклимат, гигиеналық-санитариялық талаптар т.б.

Кіріспе
Құс шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Тауықтар -- тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.
Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 - 2,2, қоразы 2,5 - 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 - 2,8 және 3,4 - 3,8; етті тұқымы 3 - 3,5 және 3,8 - 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 - 41 г. болса, 7 - 8 аптада 1,5 - 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 - 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 - 50 г, ал соңына қарай 57 - 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі - арнайы дайындалған құрама жем.
Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады

Негізгі бөлімі
2.1.1. Жоба тапсырмасын жасау. Жобалық тасырманы құстың жасы, жынысы, тобына қарай ұстауды зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтау, оларды ауруға шалдықтыруды азайтды. Кәсіпорынның, ғимараттың жобасы техникалық құжаттар жиынтығы болып табылады. Оған түсініктеме жазбалар, кескіндер мен нысанды салып және іске қосуға арналған құжаттар жатады. Құс шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттарын жобалауды жобалау мекемелері жүргізеді, ал тапсырма беруші сол құрылысты салуға құқығы бар ұйым. Жобалық тапсырма - жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы.
Онда мынандай маңызды деректер көрсетіледі:
Шаруашылықтың аты;
- Ғимарат типі, жобалық шешімнің тиімді түрін негіздеу;
- Малды күтіп-бағу технологиясы мен бағыты, құрамы және өнімділігі
- Микроклимат параметрлері, желдету жүйелері, төсеніш материалдары және оларды ұйымдастыру дұрыс бағытқа қойылғандығына көңіл аудару;
- Жобалау тапсырмасында микроклиматты қалыптастыру, жануарларды инфекциялық аурулардан сақтау шаралары, гиигеналық жағдайларды сақтау, жануарларды ұстау ережелері бойынша ұсныстыр болу керек.
Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар. Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі. Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.
Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ емесе серуен алаңы 0,5 м2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады олардың балапандары үшін 0,8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.
Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына - құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.

2.1.2. Көлемді-жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы), кеңдігі, ғимарат көлемі.
Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылық жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.
Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады. Дегенмен тауықтарды торда ұстағанда жұмыртқының жарылуы және шытынауы (10 пайыз) жоғарылайды, ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50 пайызға дейін жетеді.
Еденде ұстаудың өзінің бірнеше әдістері бар: еденде ауыстырылмайтын төсеніште ұстау, ағаш еденде және торлы еденде ұстау. Бұл жүйе көбінесе асыл тұқымды тауықтарды өсіру шаруашылықтарында қолданылады.өндірістік бағыттағы тауықтарды ағаш немесе торлы еденде ұстаған жөн. Бұл жағдайда көбірек тауық ұстауға және саңғырықты жинауды механикаландыруға болады.

Сурет 1. Тауықтарды торда және толы еденде ұстау.

Тауықтарды торда ұстаудың артықшылықтары:
* қалың төсеніште ұстаумен салыстырғанда (5-6 басм2), орналастыру тығыздығы жоғары болады - 30 басм2;
* тауықтарды аздан орналастыру және саңғырығының ( бөлек түсуі санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсартады;
* еденде ұстаумен салыстырғанда азық 10 пайызға үнемделеді;
* еңбек өнімділігінің жоғарылауы.
Бұл әдістің кемшіліктері:
* санитариялық-техникалық және технологиялық қондырғылардың қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттілігі;
* тығыз орналасудың салдарынан созылмалы стресстің дамуы және қозғалыстың әнектелушен әртүрлі технологиялық аурулардың пайда болуы.
Тауықтарды торда ұстау тиімділігін көп жағдайда торлы батареялардың түріне байланысты болады, олар көптеген функцияларды орындайды (азықтандыру, суару, жұмыртқа жинау, саңғырықты тазалау).
Тауық қора - тауық ұстап, күтілетін орын. Тауық қорасы тегіс, құрғақ сәл оңтүстікке, күн көзіне қарай қиғаш, су ағызуға ыңғайлы жерге салады. Ылғалды жерге ұсақ тас төсеп, 15-20 сантиметр биіктетеді. Оның үстін кемірушілер (тышқандар) тесе алмайтындай етіп ұсақталған әйнек қосылған балшықпен сылайды. Сөйтіп үстіне тағы да 10-15 сантиметрдей қалыңдықта ұсақ төселеді, үсті сементтеледі. Цементті ылғалдылықтан сақтандыру үшін қайнатылған сұйық битуммен жалатып жабады. Осы тәсілмен салынған тауық қорасының едені ағаш не жай балшық еденге қарағанда таза да берік келеді. Оның үстінен 40 сантиметрдей биіктікте тор немесе ұзын ағаш кесінділерінен тесіктеліп жасалған еден төсеп, құс саңғырығы одан астыңғы еденгетүсіп жиналатындай етіп ұстауға болады.
Қораға сырттан су енбес үшін қораны қоршап, ені 50 сантиметрдей арық қазады. Арық табанына алдымен ірі, содан соң орташа ең үстіне майда тас салып, құммен көмеді. Олардан ағып жиналған су арнайы қазылған құдыққа жиналатындай етіп салады.
Қора ағаштан салынса жылуды жақсы сақтау үшін қабырға ені 22-27 сантиметр болуға тиіс. Қабырғаның ішкі жағына фанер қағып, немесе балшықпен сылап тегістейді. Тегіс қабырғалар тазалап, дезинфекциялауға ыңғайлы болады. қора қабырғаларын, төбесін 20 пайыздық әк ерітіндісімен әктейді. Ерітінді дайындау үшін 5 литр суға 1 кг әк және 100 г ас тұзын ерітеді.
Қора төбесін жабу үшін ағаш үгіндісі, екі қабат қара қағаз (рубероид), фанера керек. Жылу сақтату үшін үстінен балшықпен сылауға болады. Қораның жарық болғаны жөн. Өйткені құстардың жұмыртқалау циклі тәуліктегі жарық ұзақтылығына тығыз байланысты. Қора ішін дұрыс сәулелендіру үшін терезелерінің ені еден көлеміне 1:10 ара-қатынаста болуға тиіс. Мысалы, еден көлемі 6 шаршы метр қораның терезелері 0,6 шаршы метр болуға тиіс. Құс бордақылайтын қоралардың онша жарық болмағаны дұрыс. Мұндайда терезелер көлемі екі есе азайтылады.
Сурет 2. Тауық қора

Тауық қорасының алдында көлемі оның жартысындай етіліп, ашық алаң қоршалады. Ол тауықтардың серуендеп, таза ауа жұтып, күн көзіне шомылуына қажетті серуен алаңы-солярий. Қоршауының биіктігі - 2,2 м. Ыстық аймақтарда серуен аланының ортасында суға жүзгіш тауықтар үшін кеңейтілген арықтар қазады. серуен алаңына шыға алатындай етіп қора есігінде тесік ойылады. Тесіктің көлемі - 40 х 40 см.
Тауықтарға арналған қора салу үшін, көптеген жайттарды есте ұстау қажет:
Тауық қораны екі түрлі етіп салуға болады.
Бірінші - құстардың жылы уақытта өмір сүруіне арналған.
Екіншісі - құстардың суық уақытта өмір сүруіне арналған. Құрылыс технологиясында үлкен айырмашылықтар бар.
Жылы мезгілде қоршауы мен төбесі бар жеңіл қора-қопсы да жарайды. Егер құсты қыс мезгілінде де ұстайтын болса, онда ең алдымен ауа-райындағы болатын өзгерістерді есте ұстау қажет.
Қысқы тауық қора салу барысында жұмыртқалайтын 4-5 мекиенге 1 шаршы метр жер бөлу қажет. Етті құстардың тұқымына келетін болсақ, онда олар жасы мен дене тұрқының көлеміне қарай 1 шаршы метрге 3-4-ден аспауы керек. Бұл өлшемдердің көрсетілу себебі, құрылыс онда ұсталатын құстардың санынан қарай салынуы қажет. Қысқы тауық қора салу - оңай жұмыс емес, сондықтан оған барынша көп мән беру керек. Бұл артынан қосымша жұмыс істемеу үшін де қажет. Қораны салып қана қоймай, оны жылылаудың өзі қосымша шығынды талап етеді.
Тауық қора салу үшін құрғақ, тегіс жер таңдап алыңыз. Оңтүстікке қарай еңістеу орналасқан жер болса - тіпті жақсы. Бұл судың тез ағып кетуіне, сөйтіп, құстардың суда қалып қоймауына жағдай жасайды. Оңтүстік беткей жылырақ келеді, сондай-ақ суық кезде бұл жақтан жаңбыр мен суық аса қатты ұрмайды.
Сонымен қатар, қыс кезінде тауық қораның қасында су тоқтамайтындай ылди жасап қою керек. Егер іргетасты бетоннан төсейтін болса, онда аязға қатқан су оны жарып жібереді. Сондықтан да, суды тауық қорадан алысырық бұрып жіберуге тырысу керек. Егер тауық қора үнемі су жиналатын шұңқырда салынған болса, онда суды басқа жаққа ағызып жіберетін дренаж жүйесін жасайды.
Тауық қораға арналған іргетас
Бетон іргетастан су жақсы ағып кетеді. Бұл тауық қораны тазалаған немесе басқа дай сұйықтық төгілген кезде жақсы. Ал, іргетасты жыртқыштар мен басқа
да кеміргіштер кеміріп тастамау үшін, оның арасына сынған шыны қосу қажет.
Сондай-ақ, құстардың аяғы үсіп кетпеуі үшін, оны жылы етіп жасауға тырысу қажет. Ол үшін қиыршық тас төсеп, оның үстіне шыны сынықтары бар битум жаяды. Осыдан кейін қиыршық тас немесе ірі құм төсейді. Бәрінің үстінен сұйық бетон құямыз. Бетонды тазадау өте жеңіл, битум еденді суықтан қорғаса, шыны сынықтары кеміргіштердің іргетастың астыңғы жағына қожалық етуіне мүмкіндік бермейді.
Тауық қораның қабырғасы мен төбесін салу
Одан әрі қабырғасын ағаштан не тастан жасауға болады. Ағаш пен тасты сыртынан және ішінен жылылау қажет. Жылыту материалын климат жағдайына қарай таңдап алған жөн. Төбені жылы далаға ысырап боп кетпейтіндей етіп жасау қажет. Яғни, сыртқы суық ауаның ішке кіруіне де жол бермеу керек.
Қораға бір немесе екі қатар еңіс шатыр жасаған дұрыс болады. Бұл төбедегі судан тез арылуға, соынмен қатар төбені жабу үшін қолданылған құрылыс материалының пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Тауық қораның есігі мен терезелері
Терезе блогы міндетті түрде болуы тиіс. Тауық күн сәулесін алуы керек.
Сонымен, қораның терезесі қора аумағының 110 болуы керек. Есікке келетін болсақ, бұл жерде қораға кіреберіс жасаған жөн. Сонда сыртқы және ішкі екі есік болады. Оның бәрін жем және басқа да қажетті заттарды кіргізіп-шығаруға ыңғайлы етіп жасау қажет.
Қабырғаға қатысты жайттар
Тауық қораның қабырғасы міндетті түрде жылытылуы қажет. Минералды мақтамен, жұқа тақтаймен не пенопластпен жылыту тышқандар мен көртышқандардың көбейіп кетуіне алып келеді. Соңғы зерттеулер бойынша, көртышқандар минералды мақтада да өмір сүре береді екен. Осы себеппен, қамысты да қолдануға болмайды. Бұл күрделі әрі қосымша шығынды қажет ететін тәсіл.
Қора тастан салынған болса, онда оны сырт жығынан жылылаған жөн. Сонда кеміргіштер кіре алмайды, әрі жылыту материалы мен тастың арасында зең пайда болмайды.
Құрылыс барысындағы қауіпсіздік ережесі:
Қора саларда мына құрылыс материалдарын қолданбауға тырысу керек:
* бетон,
* тас,
* кірпіш,
* шлакты блок.
Бұл материалдарды қосымша жылылату арқылы ғана қолдануға болады.
Фермаларда қажетті бөлігінен жылу жіберіліп тұратын тор пайдаланылады. Цемент төсеме бөлмені ылғалдандырып тұратындықтан, осы жағымсыз жайтты болдырмаудың барлық шарасын қарастыру қажет. Бұлар:
1. қатты желдету,
2. ағаш ұнтағын пайдалану,
3. басқа да әрекеттер.
Тауық қораларының едені тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан) немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады.
Тауықтарды торда бағып-күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке-жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем-шөп таратқыш, мөршерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар.
Тауық қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астау мен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.

Сурет 3. Тауық қораларының ішкі құрылысы.

Тауық қоралары тұрақты жинап алатын, немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонақтайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек тауықтар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80 см, балапандар үшін 50 см аспауы керек.
Тері паразиттері (қауырсын және мамық жеушілер) жабыспау үшін жәшік түрінде күл-құм ваннасы қолданылады. Оның көлемі ересек тауықтар үшін 0,7 х 0,2 х 1 м болады, әрі 180-200 құсқа бір ваннадан келеді. Тауық қорада тауық жұмыртқалайтын ұялар салу көзделіп, олар 10-12 тауыққа бір ұядан есептеліп салынады. Тауықтар ұяны еденнен 0,5-0,7 м биіктікте салынады. Бұл ұялар гигиена ережесіне сай таза ұсталынуы қажет.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп тауық қораға арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың (Ресейлік немесе шетелдік) комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді шөпті таратыпберетін құрал, науалы суат, түбі көтермелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдары ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар. Тауық қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болып, тауықтарды еден жағдайына қолайлы орналастыру тығыздығы белгіленген. Етті бағыттағы ересек тауықтарды 1 м2-қа 4-5; ал балапанын 18 бастан орналастырады.

2.2. Тауықты күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу ) және оларды жетілдіру шаралары
Қорада өсірілетін тауықтың денсаулығы, өсіп-жетіліп, өнім беру қабілеттілігі қора ішінің микроклиматына тығыз байланысты да тәуелді болып келеді. Микроклимат көрсеткіштеріне бөлме ішіндегі жылулық деңгейі, жарықтығы, ылғалдылығы, ауа алмасуы жатады. Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-18о С, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз, бұл кезеңде құс қорасының ау температурасы 40 С-тан төмен болмауы, ал жазда ысып кетпеуі керек.
Бөлме температурасы өсірілетін құстың жасына байланысты өзгертіледі. 1 тәуліктен 2 тәулікке дейінгі балапандар үшін 21 градус, 21 тәуліктен 49 тәулікке дейінгі балапандарға 16 градус маңайында болып, сақа тауықтар үшін 8 градустан төмен болмауға тиіс. Қора ішінің салқын болуы құс энегиясының денені жылытуға көбірек жұмсалуына мәжбүр етіп, өнімділігін төмендетеді. Сондай-ақ мөлшерден тыс ыстықта да тауықтың азықтану деңгейі төмендеп, жұмыртқалағыштығы күрт кемиді. Салған жұмыртқалары ұсақ, қабығы жарылғыш келеді.
Кесте 1. Температураның тауық өсімталдығына әсері

Көрсеткіш
Ауа температурасы, [0]С

4,4
15,6
21,1
27
38
Ішілген судың желінген азыққа қатынасы
Пайдаланылған азық пен судың бөлінген қиға қатынасы
Қидың ылғалдылығы, пайыз
4,4

1,9

74
1,8

2,0

75
2,0

2,1

77
2,8

2,2

79
4,5

2,3

81

Тауық организміне биологиялық әсер ететін факторлар - тәліктегі жарық уақыттың ұзақтығы. Сондықтан тауық қорасының жарықтығына мұқият көңіл бөлу қажет. Қора ішінде жеткілікті жарық болу үшін табиғи жарықпен (күн саулесі) қатар қолдан қосымша жасанды жарық енгізу керек.
Тауық өнімділігі үшін қызыл сәулелі жарықты қолдану тиімді, сонымен қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды. Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жүргендей болады, сондықтанда оны тауықтарды ұстау үшін қолданады.
Қосымша жарық көзі ретінде люминиценттік немесе электр шамдардан қолданады. Қора аумағының әр 6 шаршы метріне 6 ваттан келетіндей етіп қуаттылығы 40-60 ватт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Күркетауықтарды бағып күту
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Бұзауларды өсіру гигиенасы
Орал құс фабрикасындаңы бройлерді азықтандыру
Бройлер балапандарын азықтандыру
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы
Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Пәндер